Сабақ Сабақтың тақырыбы: «Үй құстары» тақырыбына дидактикалық ойындарды енгізу арқылы жүргізілетін сабақтың жоспары. Білімдік



бет1/3
Дата08.09.2017
өлшемі0,79 Mb.
#30120
түріСабақ
  1   2   3
2 сабақ

Сабақтың тақырыбы: «Үй құстары» тақырыбына дидактикалық ойындарды енгізу арқылы жүргізілетін сабақтың жоспары.

Білімдік мақсаты: үй құстары, олардың ерекшеліктері, басты белгілері , түрлері туралы балалардың түсініктерін қалыптастыру. Қажетті білік-дағдыларын тереңдете отырып, еңбек әрекеттері мен танымдық қызығушылықтарын дамыту.

Дамытушылық: Сөйлесе білуге, ойын жеткізе білуге үйрету, тіл байлығын дамыту. Ойларын ұштау, сөздік қорларын жетілдіру. Сол сияқты балалардың:

1. Зердесін дамыту

2. Эмоциясы мен сезімдерін арттыру.

3. Танымдық үрдісін дамыту

4. Тілдерін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатты, қоршаған ортаны, үй құстарын сүйе, қастерлей білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ- жауап.

Сабақтың көрнекілігі: «Үй құстары» туралы балаларға жан-жақты түсінік беру, ән-күй, .

Сабактың барысы

1. Ұйымдастыру кезені. Сабақ мұғалімнің интерактивті тақта бойынша жұмыс жасауынан басталады. Мақсаты: дайындық тобының балаларының зейіндерін сабаққа шоғырландыру.

Тәрбиеші:

- Балалар, құстар – біздің досымыз. Олар қамқорлық, мейірімділік сияқты қасиеттердің ұшталуына жәрдем береді, сол себепті оларды күту - әр адамның парызы болуы шарт, сонда ғана қамқоршы қоғамда өмір сүруімізге көз жетеді. Екіншіден, табиғатпен және құстармен қалыпты қарым-қатынасқа жетелеу, тәлім-тәрбие беру – жоғарыда аталып өткен жақсы қасиеттердің дамуына алғышарт болатыны сөзсіз.

«Қайтала» дидактикалық ойынын мектепке дейінгі балалар ұйымдастыру.

Мақсаты: қимыл-қозғалысты, бақылағыштықты, шапшаңдықты дамыту.


Барысы: Тәрбиеші балаларға бірнеше қимыл-қозғалыстарды көрсетеді, балалар оларды қайталайды, осыдан кейін топтан бір бала шығып, өз қимылдарын көрсетеді, ал басқа балалар оны қайталайды, көрген жаттығуларын жүзеге асырады.


Кесте 1. Мектепке дейінгі балаларды үй құстарымен қарым-қатынасқа тәрбиелеу жұмысы.

Тәрбиеші:

- Балалар, қане барлығымыз мынадай суреттерге назар аударалық. Интерактивті тақтадан «Үй құстары» туралы шағын суреттер көрсетіледі, балаларға тәрбиеші мынадай сұрақтар қояды:

1-ші суреттен қандай үй құсын көріп тұрсыңдар?

2-ші суреттен қандай үй құсын көріп отырмыз?

3-ші суреттен қандай үй құсын байқап отырсыңдар?

Балалар суреттерге қарап отырып өз ойларын білдіреді. Суреттен көрген қаз, үйрек, тауық, әтеш, күркетауық туралы өздерінің ойларын баяндайды. Әр құстың ерекшелігін, олардың қайсылары күнделікті үйлерінде бар екендігін және үй құстарынан қандай өнімдер алатындығын баяндайды.

Тәрбиеші балаларға үй құстарының кейбір жағымды қасиеттерін түсіндіріп өтеді: Балалар, үй құстарының көп пайдасы зор. Олар балаларға дос бола алады, өте сезімтал, балалардың өздігінен әрекет жасау қабілеттерін шыңдайды. Сол сияқты көп балалар өздерінің үй құстарына қатысты барлық әңгімесін, басындағы ұсақ-түйек мәселелерін баяндайды.



3. Сабаққа «Тапқышбек атай» келеді. Балалармен сәлемдесіп, өзінің осы сабаққа көптеген тапсырмалар алып келгенін айтады. Балалар, мен сендерге бірнеше тақпақтар оқиын, сендер үйдің қандай құсы туралы екендігін баяндаңдар:

Тапқышбек атай:

-Балалар, мен бүгін өздеріңмен кездесіп отырғаныма көптен қуаныштымын. Сабақтарыңның тақырыбы да өте қызықты екен, мен де өздеріңе қызғылықты тапсырмалар әкелдім. Бірлесіп шешіп көрейік. Алдымен, атауын айтпай тақпақтар оқимын, сендер қандай үй құсы екенін айтасыңдар.



«Ақ тауық»

Ақ тауық – ау, ақ тауық,

Ақ тауық неден қақсауық

Ертеменен қыт – қыттайды,

Ауламыздан шықпайды

Шеп – шеп десем келмейді,

Берген жемді жемейді.

Ауруы қандай қауіпті,

Деп аяймын тауықты.

Деп жүрсем тауығым,



Ақ жұмыртқа тауыпты.



2.
Каталог: files -> loader
loader -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
loader -> №23 орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі
loader -> Шығыс Қазақстан облысы Аягөз ауданы Сандықтас қонысы көрнекті ақын. Өлеңдері ел ішінде көп тараған. Дулат шығармалары негізінен дидактикалық негізде жазылған
loader -> Сабақтың тақырыбы: Абай шаңырағы Сабақтың мақсаты
loader -> Рассказ. Б. Комеков, С. Утениязов. «Шокан Уалиханов». Рассказ. Ж. Касымбаев. «Абылай хан»
loader -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларды ақын өмірбаянымен
loader -> Ануарбек Дуйсенбиев «Зима в лесу»
loader -> Қарағанды тарландары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет