Сабақ Сабақтың тақырыбы: Компьютерлiк сыныпта тәртiптi сақтау ережелерi. Қайталау. Сабақтың мақсаты



Дата28.09.2022
өлшемі15,49 Kb.
#151000
түріСабақ
Байланысты:
2 сынып 2 тақырып
metodich. rekomendacii samost. raboty studntov, Ер адамны уы ын катетерлеу. Ма саты, финучет 3, Условия набора 2023 год, петроглифтер, Exam questions

1-сабақ
 
Сабақтың тақырыбы: Компьютерлiк сыныпта тәртiптi сақтау ережелерi. Қайталау.
Сабақтың мақсаты: — компьютермен тереңiрек таныстыру.
— ақпарат туралы бiлiмдерiн кеңейту.
Әдiстемелiк нұсқаулар:
Оқушылар демалыстан кейiн компьютерлiк сыныпқа келедi. Техника қауiпсiздiгi ережелерi мен компьютерлiк сыныпта тәртiптi сақтау ережелерiн қайталау арқылы оқушылардың бiлiм, бiлiк, дағдысы жетiлдiрiледi. Әңгiмелесу барысында мұғалiм оқушыларға “Ақпараттық мәдениет негiздерi” пәнiн одан әрi жалғастырады. Оқушылармен тапсырмаларды орындау барысында мұғалiм компьютер құрылғысы, меңзер, меню ұғымдарын қайталайды.
 
ЖАТТЫҒУ. Тапсырманы оқып, ИӘ немесе ЖОҚ деп жауап бер.
Компьютер сыныбында:
1.Жүгіруге болады – ЖОҚ
2.Компьютерде жұмыс жасауға болады – ИӘ
3.Ылғал киіммен жұмыс жасауға болады – ЖОҚ
4.Ылғал қолмен жұмыс жасауға болмайды – ИӘ
5.Сым мен токқа тиісуге болмайды – ИӘ
6.Тышқанмен ойнауға болады – ЖОҚ
7.Жүйелік блоктың жанына сөмке қоюға болады – ЖОҚ
8.Пернетақтаға кітап қоюға болмайды — ИӘ
9.Монитор экранына жақын отыруға болмайды — ИӘ
ТАПСЫРМАЛАР:

  1. Не артық? Кiтап.

  2. Сөздерді сәйкес нысандармен сызықтар арқылы қос.

  3. Берiлген әрiптерден басталатын сөздердi ойлап тап.

  4. Әрiптердiң орнын алмастырып, сөздер құра. Меню, меңзер, экран, тышқан

  5. Моншақтарды әр түрлi сандармен белгіле. Моншақтар тізбегін соларға сәйкес сандар арқылы жазып шық.

  6. Сөздердегi әрiптердi алфавиттiк ретпен орналастыр.

БЛОК
ТЫШҚАН
КОМПЬЮТЕР

  1. Суреттердi боя және ПЕРНЕТАҚТА сөзiнің әріптерінен жаңа сөздер құрастыр. Арна, ақпан, ата, қант, парта, ет және т.б.

Сергiту сәтi

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет