Сабақ. Сабақтың тақырыбы: «Менің ауылымның тарихы»



Дата25.12.2016
өлшемі50,51 Kb.
#4870
түріСабақ
1) 3 сынып. Ана тілі

«Туған жерім, өскен елім» тарауын қайталауға арналған қорытынды сабақ.



Сабақтың тақырыбы: «Менің ауылымның тарихы»

Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларға ауыл өмірі, ауыл тарихы,

ауылдың белгілі адамдары жайлы кең түрде

мағұлмат беру.Тарау бойынша алған

білімдерін бекіту.

2. Тарау бойынша оқушылардың сөздік қорын,

тіл тазалығын сақтауға, шығармашылық

қабілеттерін ізденісті жұмыстар арқылы

дамыту.


3. Туған жерін, өскен елін сүйе білуге, еліне,

туған ауылына деген сүйіспеншіліктерін

арттыра отырып, қазақ елінің ертеңі

ұлтжанды азамат етіп тәрбиелеу.


Сабақтың типі: Аймақтық білім беру компонентіне арналған

танымдық ізденісті сабақ.

Сабақтың әдісі: Проблемалық , ізденушілік.

Сабақтың барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушылар назарын сабаққа аудару.

2. Сабаққа қажетті құралдарын тексеру.

3. Психологиялық тренинг.

Шаттық шеңберінде тұрып, оқушылардың бір-біріне сәлемдесуі.


II. Үй тапсырмасын тексеру: Танымдық тапсырмалар.

«Асусай » ауылының тарихын іздестіріп, ізденісті жұмыстарға дайындалу.



III. Танымдық ізденісті сабақ мынандай формада жүреді:

а/ Ойлау, ой шақыру. Сөзжұмбақ шешу.

1. Қыстың алғашқы айы. /Желтоқсан/

2. Адамның басты байлығы. / Денсаулық/

3. Жазба жұмысын жүргізуші адам. / Хатшы/

4. Елбасының туған жері / Шамалған/


Ж

е

л

т

о

қ

с

а

н







д

е

н

с

а

у

л

ы

қ




х

а

т

ш

ы







Ш

а

м

а

л

ғ

а

н

Олай болса, балалар сабағымызды ақиық ақынымыз Мұқағалидың

өлеңімен бастайық.

«Адай» күйін тыңдай отырып , өлең оқылады.


«Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы,

Бұдан артық рақат табылмайды.

Бұлдырасын өткен күн сағымдай бір,

Бір әңгіме қозғашы ауыл жайлы».

( М. Мақатаев.)

Ендеше, «Менің ауылымның тарихы» атты танымдық, ізденісті сабағымызды бастаймыз.



IY. «Пікір алысу» стратегиясы:

Біздің ауылымыз қалай аталады?

Облысымыз картаның қай тұсында орналасқан?

Ауылымыздан шыққан қандай белгілі адамдарды білесіңдер?



Y. «Жұптасу» шығармашылықта саяхаттау.

1. «Менің ауылым» шығармалар топтамасы.

2. Ауылды бейнелейтін суреттерден көрме.

3. Бес жол өлең. «Ауыл айшықтары»

4. Ауыл картасын сызу.
Миға шабуыл» немесе дебат.

«Ауылда тұрған тиімді ме, әлде қалада тұрған тиімді ме?»

Оқушылар пікірін тыңдау, талдату, ой қосу.



YII. «Ауыл тарихына саяхаттау» .

Оқушылардың ізденісті ауыл жайлы жинаған жұмыстарын қорғату

1/ Асусайлықтар Ұлы Отан соғысы жылдарында .

2/ Тылда еңбек етушілер.

3/ Ауылдағы белгілі жерлер.

4/ Асусайдың флорасы мен фаунасы.



YIII «Болашаққа болжам» стратегиясы:

1. Өзіңнің алдағы өміріңе осы сабақтан не түйдің?

Дәптермен жұмыс: «Егер мен әкім болсам...» шағын эссе жазу

2. Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Иә, балалар ауыл-қазақтың алтын бесігі, күре тамыры. Сөз өрнегін айшықтап, жырдан кесте төккен ақын- жазушыларымызда, көкірегіне ән қондырған әнші-сазгерлеріміз, аты аңызға айналған даналарымыз да сол қарапайым ауылдың дара шаңырағынан шыққан.Ендеше ауыл-тамыр, ауыл-қан.

Сабақты Е Хасанғалиев атамыздың «Ауылым» әнімен жабайық.



IХ. Үйге тапсырма: 1 Ауыл тарихынан кітапша жасау.

2. Бес жол өлең шығару.



.



Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет