Сабақ Сабақтың тақырыбы: Паскаль -программалау тілі 9 сынып Сабақтың мақсаты: Программалау тілі бойынша жалпы түсінік беру



Дата13.02.2017
өлшемі6,18 Kb.
#9055
түріСабақ
  • 5 сабақ
  • Сабақтың тақырыбы:
  • 9 сынып

Сабақтың мақсаты:

  • Программалау тілі бойынша жалпы түсінік беру;
  • Паскаль – программалау тілі не үшін керек;
  • Паскаль тілінің негізгі элементтерімен таныстыру;
  • Паскаль тілінің алфавитімен таныстыру.

Паскаль - программалау тілі

  • Программалау тіліалгоритмдерді және алгоритмдік тілде құрылған амалдар тізбегін компьютерге түсінікті командалар мәтіні түрінде жазуға арналған жасанды тіл. (Фортран, Паскаль, Си, Дельфи, Пролог т,б.)
  • Паскаль тілін 1968-1970 жылдары швейцаралық ғалым Никалус Вирт оқып-үйренуге қолайлы программалау тілі ретінде ұсынған болатын. Паскаль тілі өзінің қарапайымдылығының және тиімділігінің арқасында дүние жүзіне тез таралды. Қазіргі кезде барлық ДК-лер осы тілде жұмыс істей алады. Паскаль тілінде жазылған программаның дұрыстығын компьютерде тексеру және жіберілген қатені түзету оңай.
  • Паскаль тілінде жазылған программа компьютерде орындалу барысында алдымен трансляцияланады (машина тіліне аударылады), объектік программаға түрлендіріледі де, содан сон кейін ғана орындалады.

Паскаль тілінің негізгі элементтері

  • . Басқа жоғары деңгейлі программалау тілдері сияқты, Паскаль тілінің өз алфавиті, синтаксисі, семантикасы (жазу түсіңдірмелерінің ережелері) бар.
  • Алфавит — программада пайдаланылатын түрлі символдар (әріптер, цифрлар, таңбалар және басқа белгілер), синтаксис ~ машинаның іс-әрекетін анықтайтын нүсқауларды (команда-ларды, операторларды), функцияларды, деректер мен өрнектерді жазу ережелері.
  • Олар — машинаға түсінікті шартты белгілерді пайдалана отырып жазьшатын үлгілер

Паскаль алфавитінің символдары:

  • Латын алфавитінің бас және кіші әріптері.
  • Араб цифрлары.
  • Өрнек таңбалары: + — * / . DIV, MOD
  • Қатынас таңбалары: = — ><<><= >=
  • Арнайы символдар:
  • : ; ! ? # ; ' ' ' (Бос орын - бір позициялық ашық жер), () (ашу, жабу жақшалары), жөне т.б.

Есінде сақта

  • Санның бүтін және бөлшек бөліктерін бөлетін үтірдің орнына нүкте қойылады.
  • Меншіктеу белгісі := түрінде жазылады;
  • Санды дөрежелеу белгісі жоқ. Дөрежелеу санды озіне өзін көбейту арқылы беріледі;
  • Мәтіндер мен символдар дәйекшелерге (‘ ’) алынып жазылады;
  • Қызметші создер, операторлар жөне функцияларды жазуда латын алфавитінің әріптері пайдаланылатыны. Оларды бас не кіші оріптермен жазудың айырмашылығы жоқ.

Программалау тілдірінің негізгі ұғымдары

  • Өрнек –арифметикалық немесе логикалық амалдар таңбасымен біріктірілген айнымалылар, атаулар, функциялар, жиымдар т.б. мағынасы бар сөздер тізбегі.
  • Оператор – программалау тілдің белгілі бір іс-әрекетті орындай алатын тиянақты мағынасы бар ең қарапайым сөйлем.
  • Программа – кез келген есептің шешіміне жетуге арналған реттелген амалдар тізбегі.

Каталог: files -> lesson
lesson -> ДӘріс №21 интернет туралы жалпы ұҒЫМ. Жергілікті және ауқымды желілер жоспар
lesson -> Сабақтың тақырыбы: Адам ақпаратты қалай алады. Ақпаратты кодтау. Ascii коды. Бағдарламалық Оқулық
lesson -> Пән: информатика Сынып: 6 Күні: Тақырыбы: Ақпаратты сығу. Мұрағаттау программалары. Мақсаты
lesson -> ДӘріс №1 АҚпарат және информатика ұҒымдары
lesson -> Сабақтың тақырыбы: Жобамен жұмыс
lesson -> Сабақтың тақырыбы: Тармақталу операторлары. Сабақтың мақсаттары: Білімділік
lesson -> Сабақтың тақырыбы: Сараптама жүйесі. Жасанды интеллект. Сабақтың мақсаты: а Білімділігі
lesson -> ДӘріс №15 microsoft excel электрондық кестесі туралы жалпы түсініктер жоспар
lesson -> Сабақ жабдықтары: электрондық оқулық. Сабақтың түрі: жаңа білім беру
lesson -> ДӘріс №17 негізгі деректер қорына түсінік жоспар


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет