Сабақ Сабақтың тақырыбы: Тұңғыш ғалым Сабақтың мақсаты: 3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау



Дата07.04.2020
өлшемі26.03 Kb.
түріСабақ
3-САБАҚ
Сабақтың тақырыбы: Тұңғыш ғалым
Сабақтың мақсаты:

3.3 Мәтіннің жанрлары мен түрлерін анықтау

3.​3.​3.​1* мәтіннің жанрын (әңгіме, тұрмыс-салт жырлары, бата, мақал-мәтелдер) ажырату, баяндау/сипаттау мәтіндерін анықтау.



4.4 Каллиграфиялық дағдыларды дамыту

3.​4.​4.​1 кең жолды дәптерге бас әріптер мен кіші әріптердің биіктігін, енін, көлбеулігін және олардың байланысын сақтап жазу, каллиграфиялық дағдыларын дамыту.



5.1 Грамматикалық нормаларды сақтау (лингвистикалық терминдерді қолданбау)

3.​5.​1.​2 өз бетінше шағын мәтіннен көптік/ тәуелдік/септік/жіктік жалғаулы сөздерді ауызша/жазбаша тілде қолдану.


Сабаққа қажетті ресурстар: интербелсенді тақта, таныстырылым, үлестірме смайлик суреттері, түрлі түсті қарындаштар немесе фломастерлер.
Сабақтың соңында оқушылар нені үйренеді:

  • Мәтіннің жанрын және түрін ажыратады.

  • Жазу барысында каллиграфиялық нормаларды сақтайды.

  • Сөйлеу және жазу барысында септік жалғаулы сөздерді дұрыс қолданады.


Сабақтың басы

Үй тапсырмасын тексеру. «Ашық микрофон» әдісі арқылы оқушылар кезекпен-кезек қолына микрофон ұстап, жаттап келген өлең жолдарын мәнерлеп оқиды, оны қалай түсінгендерін айтады.

Ой қозғау. Интербелсенді тақтада «ғылым», «білім», «ғалым» туралы нақыл сөздер беру арқылы оқушыларға сабақ тақырыбын болжатыңыз, коммуникативтік қатынасқа тартыңыз. Берілген нақыл сөздерді (Өнер – ағып жатқан бұлақ, // Ғылым – жанып тұрған шырақ; Ғылым – теңіз, // Білім – қайық; Өзiң бiр жақсы ғалым болсаң, // Елге мәшһүр, мәлiм боларсың) оқушыларға дауыстап оқытқызыңыз. «Сабақтың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар? Бүгін кім және не туралы айтамыз?», деп сұрап, оқушыларға сабақтың тақырыбын болжатыңыз.
Сабақтың мақсатымен таныстыру. Оқушыларды сабақтың мақсатымен таныстырасыз. Сабақ мақсатын интербелсенді тақтадаға шығарып қоясыз:

Оқыған мәтіннің жанры мен түрін ажырату.

Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.

Септік жалғауларын дұрыс қолдану.



Оқылым. Оқушыларға мәтінді оқытқызып, берілген тапсырмаларды орындатасыз. Бұл тапсырманы орындау барысында оқушылар, бір жағынан, тақырыпқа қатысты қажетті ақпарат алса, екінші жағынан, мәтіннің жанры мен түрін ажыратуды үйренеді.

Тапсырманы орындап болған соң, оқушылар өз-өздерін смайликтер арқылы бағаласын.


Жаңа сөздерді меңгерту. «Сөйлеу қабырғасында» «ғалым», «тұңғыш» сөздерінің синонимдерін (ғалым – оқымысты, білгір адам; тұңғыш – бірінші, алғашқы) беру арқылы жаңа сөздерді меңгертіңіз. «Тұңғыш» сөзінің жазылуы мен айтылуындағы ерекшелікке назар аудартыңыз. Балаларға бірнеше рет айтқызыңыз. Интербелсенді тақтада жазылуы мен айтылу транскрипциясын көрсетіп қойыңыз:

Дұрыс айт!

Жазылады: тұңғыш Айтылады: [тұңғұш]


Оқылым. Айтылым. Интербелсенді тақтадағы «тұңғыш ғалым», «дарынды зерттеуші», «зерттеу жасау» сөз тіркестерін бір оқушыға дауыстап оқытып, басқа балаларға қайталатқызасыз. Сөздердің орфоэпиялық нормаға сай оқылуын қадағалаңыз.
Жазылым. Оқушыларға көп нүктенің орнына білімді, Ресейде, тұңғыш ғалымы, зерттеу жасауды деген сөздерді тиісті жеріне қойып, берілген мәтінді қатесіз көшіріп жазуды тапсырыңыз.
Сергіту сәтін ұйымдастырыңыз. Тақтаға берілген өлең шұмағын көрсетіп қойыңыз. Оқушыларға өлеңді оқытып тұрып, қимылдарды жасатыңыз.

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға қарай бұрылып,

Солға қарай бұрылып,

Бір отырып, бір тұрып,

Бой сергітіп алайық.
Тілдік дағды. Оқушыларға берілген мәтіннен Кімнің? Ненің? Кімді? Нені? Кімнен? Неден? деген сұрақтарға жауап беретін сөздерді теріп жазғызыңыз. Тапсырманың мақсаты – ілік, табыс, шығыс септіктерін еске түсіру, мәтін ішінен септеулі сөздерді таба білу, қолданысын байқау.
Грамматикалық қоржын. Таныстырылым сызбасы бойынша грамматикаға қысқаша түсінік беріңіз.


ҚАЛАЙ?



Бала Шоқан қалай оқыды?

Бала Шоқан өте жақсы оқыды.




Ұстаздары Шоқанды қалай бағалады?

Ұстаздары Шоқанды дарынды, білімді бала ретінде бағалады.





Айтылым. Оқушыларды бірнеше жұпқа бөліңіз. Үлгі бойынша диалогті жалғастыруды тапсырыңыз. Жауаптары «сабақ барысында берілген ақпараттарды қамти отырып, диалог құрастыра білу; сұхбаттасына сұрақтар қоя білу; сұхбаттасының сұрақтарына жауап бере білу; сөйлеуде тілдік нормаларды сақтау» критерийлері бойынша бағаланатындарын ескертіңіз. Уақытқа қарай 3-4 жұптың жауаптарын тыңдап, оларды «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы бағалатыңыз.

Үй тапсырмасы. Абайдың төрт жол өлеңін жаттап келуді тапсырыңыз. Өлең мазмұнын түсіндіру қажеттілігі туралы айтыңыз. Ол үшін қосымша ақпаратпен танысу керектігін ескертіңіз.



Құйрықты жұлдыз секілді

Туды да көп тұрмады.

Көрген, білген өкінді,

Мін тағар жан болмады.
Рефлексия. Оқушылардан сабақтан алған әсері туралы сұраңыз. Балаларға желкені бар кеменің суретін беріп, желкенді жасыл, сары немесе қызыл түске бояуды тапсырыңыз. Сабақ ұнаса және тапсырманың барлығын сәтті орындаған болса, желкенді жасыл түске боясын. Сабақта белгілі бір қиындықты кездестірген болса, желкенді сары түске боясын. Сабақ барысында тапсырмаларды орындау қиын болып, мұғалімнің көмегі қажет болса, желкенді қызыл түске боясын.

Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет