Сабақ саны Модульдің мазмұны Уақыты, мин кіріспе 1-сабақ



бет1/3
Дата22.05.2017
өлшемі488,32 Kb.
#16560
түріСабақ
  1   2   3
І МОДУЛЬ

Лексикалық тақырыбы: ТАНЫСУ

Грамматикалық тақырыбы: ФОНЕТИКА

(6 сағат)

Қазақ әліпбиін қайталау. Буын. Екпін.

Бөлімдері

Сабақ саны

Модульдің мазмұны

Уақыты, мин

КІРІСПЕ


1-сабақ

1. Модульдің құрамын түсіндіру.

2. Грамматикалық тақырыпты түсіндіру.

3. Сөздік жұмысы.

4. Лексикалық тақырып.

5. Бекіту.


5 мин

10 мин
8 мин

12 мин

10 мин



СӨЙЛЕСУ

2-сабақ

1. Сөздік диктант.

2. «Танысу». Жұптық жұмыс.

3. «Әдепті балалар» мәтіні бойынша жұмыс.


15 мин

15 мин


15 мин


3-сабақ

1. Аударма диктант.

2. «Өзім туралы». Үш деңгейлік тапсырмалар.



15 мин

30 мин


4-сабақ

1. «Ертегілер елінде» ойыны. Бақылау сұрақтары бойынша дайындалу.

2. Еркін диктант.



25 мин

20 мин


5-сабақ

1. Түсіндірме диктант.

2. «Аялдамада» деген тақырып бойынша жұмыс.



15 мин

30 мин

ҚОРЫТЫНДЫ


6-сабақ

1. Тест

2. Диктант. «Өзім туралы».



10 мин

35 мин


Оқушы нені білуі тиіс:

1. «Танысу» тақырыбы бойынша бір-бірімен ауызекі тілде сөйлесе білу.

2. Осы тақырып бойынша сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдана білу.

3. Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтып, дұрыс жаза білу, буынды, екпінді, дауысты, дауыссыз жыбыстарды ажырата білу.



Оқушы нені үйренуі қажет:

1. Қазақ тілінде сауатты жазуға үйрену.

2. Буын, оның түрлерін, дауысты, дауыссыз дыбыстарды, олардың түрлерін ажырата білуге үйрену.

1-сабақ

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Модульдің құрамын айту.

ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІV. Грамматикалық тақырып.

Тақтада тіректі сызба ілулі тұрады. Мұғалім осы сызба арқылы грамматикалық тақырыпты түсіндіреді. Түсіндіріп болған соң, оқушылар оқулықтарын ашып, осы тірек сызбаны қарап, ережелерді оқып шығады.

1) Мұғалім фонетика туралы ережені айтып, түсіндіреді.

ФОНЕТИКА тіл дыбыстарын үйретеді.

2) Дауысты дыбыстар мен әріптер туралы сызба бойынша жұмыс өткізу (оқулықтың 5-беті).



Дауысты дыбыстар мен әріптер

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыстар мен әріптер саны әр түрлі.

Қазақ тілінде дауысты дыбыстар саны – 12, олар жуан және жіңішке болып екіге бөлінеді.

И, у дыбыстары әрі жіңішке, әрі жуан болады. Ал э дыбысы басқа тілден енген сөздерде кездеседі.

Қазақ тіліндегі дауысты дыбыс болатын әріптер саны – 15. Себебі, үш әріп айтылуына қарай дауысты дыбыстардың ішінде кездеседі. Олар:

я а

ю у


ә о

3) Дауыссыз дыбыстар туралы сызба бойынша жұмыс өткізу.



Дауыссыз дыбыстар мен әріптер

Қазақ тілінде дауыссыз дыбыстар – 26. Олар үш топқа бөлінеді: ұяң, қатаң, үнді.

Ұяң дауыссыздар саны – жеті. Олар: б, в, г, ғ, д, ж, з.

Үнді дауыссыздар саны – жеті. Олар: р, л, й, м, н, ң [у].

Қатаң дауыссыздар саны – он екі. Олар: п, ф, к, қ, т, с, ш, щ, х, ц, ч, ү.

Ал дауыссыз дыбыс болатын әріптер – 25. У әрпі әрі дауысты, әрі дауыссыздар тобына жатады.

Қазақ тілінде айтылуы қиын дыбыстар саны – 10. Олардың айтылуына қарай алтауы дауысты, төртеуі дауыссыз болады.

4) Қазақ тіліне тән дыбыстар туралы сызба мен ереже бойынша жұмыс өткізу (оқулықтың 4-беті).



V. Сөздікпен жұмыс.

1. Оқушыларды жаңа сөздермен таныстырып, аудару.

2. Сөздерді дұрыс айтуға, сауатты жазуға дағдыландыру.

а) Мұғалім мәнерлеп оқиды.

ә) Оқушылар дауыстап қайталайды.

б) Жаңа сөздерден сөз тіркестерін құрайды.

в) Оқушылар сөз тіркестерін тізбекпен оқиды.

г) Сөз тіркестерімен сөйлем құрастырады.

Мысалы: Менің сенімен танысқым келеді.

VІ. Лексикалық тақырып.

Тақтада лексикалық тақырып бойынша тірек сызба берілген. Осы сызбаға қарап, мұғалім оқушыларға «Танысу» тақырыбы жайында мәлімет береді.



ТАНЫСУ


Аты-жөні

Туған жылы, айы, күні

Туған жері

Мекен-жайы

Ұлты

Оқитын мектебі, сыныбы

Бос уақыты

Ермегі


VІІ. Бекіту.

Сыныптағы оқушылар екі-екіден отырады. Әр оқушы тапсырмасын алады. Дайындыққа 5 минут уақыт беріледі. Содан соң әр оқушы өз тапсырмасын жауап үлгісі бойынша тексереді.

Тапсырмалар:

1



1. Сұрақтарға жауап бер.

а) Фонетика деген не?

ә) Қазақ тілінде дыбыстар айтылуына қарай неше түрге бөлінеді?

б) Дауыссыз дыбыстар неше түрге бөлінеді? Оларды ата.

в) Буынның неше түрі бар?

2. Анкетаны толтыр.

АНКЕТА


(аты-жөні)

(туған жылы, айы, күні)

(туған жері)

(мекенжайы)

(ұлты)

(оқитын мектебі, сыныбы)

(бос уақыты)

(ермегі)


2



1. Сұрақтарға жауап бер.

а) Қазақ әліпбиінде неше әріп бар?

ә) Дауысты дыбыстар неше түрге бөлінеді? Оларды ата.

б) Қазақ тіліне тән неше дыбыс бар? Оларды ата.

в) Екпін туралы айт.

2. Анкетаны толтыр.

АНКЕТА


(аты-жөні)

(туған жылы, айы, күні)

(туған жері)

(мекенжайы)

(ұлты)

(оқитын мектебі, сыныбы)

(бос уақыты)

(ермегі)


Жауап үлгісі:

1

а) Фонетика тіл дыбыстарын үйретеді.

ә) Қазақ тілінде дыбыстар айтылуына қарай екі түрге бөлінеді.

б) Дауыссыз дыбыстар үш түрге бөлінеді. Олар: ұяң, үнді, қатаң.

в) Буынның үш түрі бар: ашық, тұйық, бітеу.

Мысалы: а-та, ә-же, ат, тон, көк.

2

а) Қазақ әліпбиінде 42 әріп бар.

ә) Дауысты дыбыстар екі түрге бөлінеді. Олар: жуан, жіңішке.

б) Қазақ тіліне тән 10 дыбыс бар Олар: ә, ө, і, ы, ү, ұ, қ, ғ, қ, ү.

в) Қазақ тілінде екпін тұрақты болады. Екпін сөздің соңғы буынына түседі.

Мысалы: оқушы, етікші, барады.

VІІІ. Үйге тапсырма беру.

Жаңа сөздерді жаттау.



2-сабақ

Сабақтың тақырыбы:Әдепті балалар

Мақсаты: Әдептілік бойынша мағлұмат беру.Тақырып бойынша тапсырмаларды орындау

1)Білімділік: Сұхбат құрастыруға дағдыландыру..

2)Тәрбиелік: Оқушыларды әдептілікке баулу: әдепті сөйлеуге;үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.

3)Дамытушылық: ауыз-екі сөйлеу тілін дамыту; сөздік қорын молайту.



І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Сөздік диктант.

Мұғалім сөздерді оқиды, ал оқушылар бұл сөздерді жұмыс дәптерлеріне жазады.



Сәлеметсің бе! Қайырлы таң! Сәлеметсіз бе! Қайырлы күн! Жағдайың қалай! Танысу, оқу, жақсы, жас, қуаныштымын, аты-жөні.

Жазып бітірген соң, сөздікті ашып, қарындаштармен өзін-өзі тексеріп, бағаларын қояды.



ІІІ. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

ІV. Жұптық жұмыс.

1. Мұғалім оқулықта берілген сұхбатты мәнерлеп оқиды.

2. Екі оқушы рөлмен осы сұхбатты оқып шығады.

3. Оқушылар оқулықта берілген сұхбатты негізге ала отырып, өз сұхбаттарын құрастырады. Дайындыққа 10 минут уақыт беріледі.

4. Бір-бірінің сұхбаттарын тыңдап, бағалау парағына тиісті бағаны қояды.

5. Мұғалім бірнеше сұхбатты тыңдайды.

_____________ модуль, ________________сынып



Оқушының аты - жөні

Бағасы

1







2







3







4







5







V. Жаттығулар. Мұғалім оқушыларға 2-тапсырманы орындауға 10 минут береді. 10 минуттан кейін балалардан сұрайды.

Жауап үлгісі:

«Әдепті балалар» мәтіні бойынша жұмыс жүргізу.

1. Мұғалім мәтінді мәнерлеп оқиды, жаңа сөздермен таныстырады.

2. Оқушылар мәтінді оқиды, жаңа сөздердің аудармасын пайдаланып, мәтінді аударады.

3. 3,4-тапсырмаларды орындайды.

2-тапсрыма. Жауап үлгісі:


1. Менің атым – ... .

2. Менің фамилиям – ... .

3. Әкемнің аты – ... . Ол ... жаста.

4. Шешемнің аты – ... .

5. Менің үйім ... қаласында, ... көшесінде.

6. Менің жолдасым ... мектепте, ... сыныпта оқиды.

Ме-нің – 2 буынды сөз. Ме – ашық, -нің – бітеу буын.

А-тым – 2 буынды сөз. А – ашық, -тым – бітеу буын.

Фа-ми-ли-ям – 4 буынды сөз. Фа, -ми, -ли – ашық буындар, -ям – тұйық буын.

Ә-кем-нің – 3 буынды сөз. Ә – ашық, -кем, -нің – бтеу буындар.


3-тапсырма. жауап үлгісі:




ПРИМЕРНЫЕ (ВОСПИТАННЫЕ) ДЕТИ.

В нашей стране умных, воспитанных детей очень много. Когда взрослые разговаривают между собой, они не шумят, не вмешиваются в их разговор. В автобусе, трамвае, троллейбусе взрослым уступают место.




VІ. 5-тапсырма. Оқушылар үлгі бойынша сөйлем құрайды.

VІІ. Үйге тапсырма беру.

Бірінші сабақта берілген дауысты, дауыссыз дыбыстар мен әріптер туралы ережелерді сызбалар бойынша есте сақтау, жаңа сөздерді жаттау.



3-сабақ

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Аударма диктант.

Мұғалім сөздерді орысша оқиды, ал оқушылар бұл сөздерді дәптерлеріне қазақшаға іштей аударып жазады.



Который, свободное время, сидишь, адрес, у вас, проспект, хобби, место рождения, не вмешиваться, не шуметь, разговаривать, примерный, умный, знакомство, учиться, хорошо, я рад.

Оқушылар жазып бітіргеннен кейін дәптерлерін бір-бірімен алмастырып, оқулықтарына қарап, қарындаштарымен тексереді

6 сынып

I МОДУЛЬ

Лексикалық тақырыбы: МЕНІҢ ОТБАСЫМ

Грамматикалық тақырыбы: ФОНЕТИКА. ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ


Бөлімі

Сабақ саны

Модуль мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1-сабақ

1. Модульге кіру

2. Грамматикалық тақырып

3. Сөздік жұмысы

4. Лексикалық тақырып

5. Бекіту

2 минут

10 минут

8 минут

15 минут

10 минут

Сөйлесу

2-сабақ

1. Сөздік диктант

2. «Байлық пен ақыл» мәтінімен жұмыс

3. Жаттығуларды орындау

5 минут

20 минут
20 минут

3-сабақ

1. Фонетикалық талдау

2. «Жазғы демалыста» (сөйлесу құру)

3. Сурет бойынша жұмыс

10 минут

20 минут
20 минут

4-сабақ

1. Сөздік диктант

2. «Шие тергенде» мәтінімен жұмыс

3. Аударма жұмысы

4. «Анара сәлем» өнімен жұмыс

8 минут

12 минут
15 минут

10 минут

5-сабақ

«Көшеде» мәтінімен жұмыс

Бекіту (үш деңгейлі кеспелермен жұмыс)



45 минут

Қоры-тынды

6-сабақ

1. Тест

2. Шығарма

10 минут

35 минут

7-сабақ

Қатемен жұмыс

45 минут

Оқушы нені білуі тиіс:

• «Менің отбасым» тақырыбы бойынша әңгімелей білу;

• «Менің отбасым» тақырыбы бойынша өтетін сөздерді, сөз тіркестерін сөйлемдерде дұрыс қолдана білу.

Оқушы нені үйренуі қажет:

• «Менің отбасым» тақырыбы бойынша өтетін сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс айтуға, сауатты жазуға үйрену;



• дауысты, дауыссыз дыбыстарды айырып, дұрыс қолдануға үйрену.


Кіріспе бөлімі

Біздің отбасымыз

1-сабақ

I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Модульдің құрылымы мен мақсатын таныстыру

III. Сабақтың мақсатын, барысын айту.

IV. Грамматикалық тақырып. Мұғалім тақтада берілген сызбалар бойынша грамматикалық тақырыпты түсіндіреді. Оқушылар осы сызбаларды дәптерлеріне көшіріп жазады. Мұғалім грамматикалық тақырып бойынша сұрақтар қояды, оқушылар сұрақтарға жауап береді.



Дауысты дыбыстардың жіктелуі

Еріннің қызметіне қарай

Жақтың қызметіне қарай

Тілдің қызметіне қарай

еріндік

езулік

Ашық

қысаң

жуан

жіңішке

о, ө, у,

ұ, ү


а, ә, ө, э,

ы, і, и


а, ө, е,

э, о, ө

ы, і, ұ,

ү, у, и


а, о, ы, ұ, (у), (и), э

ә, ө, і, ү, (и), (у), е


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет