Сабақ№ Сыныбы Күні Тақырыбы: Кіріспе Мақсаты



бет1/29
Дата11.01.2017
өлшемі2,74 Mb.
#6881
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Кіріспе

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Д.ж. аймақтық шолу географиясы пәні, мақсаттары, міндеттері, мазмұны жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Д.ж. аймақтық шолу географиясы пәнімен танысқан тұлға
Сабақтың типі: Кіріспе сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап.

2. Әңгіме-дәріс



Сабақтың көрнекілігі: Д.ж. әлеуметтік-экономикалық картасы, оқулық, кескін карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақты өту

ІІІ. Қорытындылау.

IV. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақты өту.

«Д.ж. аймақтық шолу» географиясы мазмұны мен құрылымы жағынан елтану бағытында қарастырылады. Оның бірнеше себептері бар: біріншіден, ХХ ғ/ң 2-ші жартысынан бастап д.ж. көптеген елдерінде табиғат ресурстарының шаруашылық бағытта шамадан тыс пайдаланылуы салдарынан табиғи орта күшті өзгеріске ұшырады. Ал қазіргі кезде экологиялық тепе-теңдікті сақтау мәселелері адамзат қоғамының басты назарында болып отыр. Екіншіден, жекелеген аймақтар, елдер туралы жүйелі географиялық білім қалыптастыруда түрлі ғылым салалары туралы материалдар мен деректерді пайдаланудың маңызы зор.

Оқулық құрылымында 10-сыныпта жалпы шолу ретінде оқып-танысқан тарихи-географиялық аймақтар алынған. Бұл аймақтардың шекаралары физикалық-географиялық аймақтардың шекараларына сәйкес келе бермейді. Оқулықта, алдымен тарихи-географиялық аймақтардың экономикалық-географиялық, геосаяси жағдайларына жалпы шолу жасалады, ал елдерді оқып-үйрену реті олардың әлеуметтік-экономикалық даму деңгейлеріне байланысты топтастырылған.

География саласының құрылымдық және мазмұндық ерекшелітеріне орай, көптеген басқа ғылымдармен (қоғамдық, жаратылыстану, техникалық, т.б.) де байланысы зор. Соның нәтижесінде географиялық жаңа пәндер қалыптасуда. Мұндай өзара байланыстар ауқымының кеңдігі географияның ғылым ретіндегі маңызын арттыра түседі. Мысалы, географияның экологиямен, геологиямен, жалпы биологиямен байланысы геоэкологияның, ал экономикамен байланысы экономикалық географияның қалыптасуына негіз болған.

ІІІ. Қорытындылау.

IV. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Кіріспе.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Еуропаның саяси картасы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Еуропаның саяси картасы мен құрылымы, табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Еуропаның саяси картасымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.



3. Б.Ү.Ү. кестесі.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

3. Кестемен жұмыс.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Д.ж. әлуеметтік-экономикалық географиясы нені зерттейді?

2. Ғ.Т.Р. географияға қатысы?

3. Географияның өзгеріске ұшырауы?

4. Қазіргі дәуірдегі география?

5. Қоғам мен табиғат арасындағы байланыс?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Еуропаның экономикалық-географиялық жағдайы түсіндіріледі.

Еуропаның экономикалық-географиялық жағдайы.

Елдер өзара тығыз көршілік қарым-қатынаста.

Елдердің басым көпшілігі теңіз жағалауында шоғырланған.

Жағалық сызығы өте күшті тілімденген, ол теңіз жолын барынша дамытуға мүмкіндік береді.


Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Еуропаның табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарын түсіндіру.


Пайдалы қазбалары

Балтық қалқанында рудалы пайдалы қазбалар, ежелгі платформаның қалың шөгінділерінде жанғыш тақтатастар, тас көмір кен орындары Донец, Рур, Жоғарғы Силезия, Саар, Йоркшир, Уэльс. Қоңыр көмір Орта Еуропа жазығының шөгінді жыныстары мен Мәскеу маңы алабында кездеседі. Мұнай мен табиғи газ Солтүстік теңіз бен Каспий теңізі қайраңдары мен Карпат, Пиреней алды шеткі иіндерінен өндіріледі.


Агроклиматтық ресурстар

Еуропаның қиыр солтүстіктегі аралдардан басқа бөлігіндегі агроклиматтық ресурстар аыл шаруашылығының барлық салаларын дамытуға мүмкіндік береді.

Су ресурстары

Тұщы су қоры аз елдерге Бельгия мен Нидерланд жатады, Скандинавияның батысында гидроэнергетикалық қор жеткілікті.


Жер ресурсы

Жер қорының 30%-дан астамы жыртылған жерлер, 18%-ы жайылымдар мен шабындықтар, 33%-ға жуығы ормандар, 19%-ы елді-мекендер, көлік жолдары, кеніштер мен жарамсыз жерлер үлесіне тиеді.

Рекреациялық ресурстар

Климаты қолайлы жағажайлар мен әсем табиғатты тау баурайларында дамытылған.


Қорытындылау.
IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.


Білгенім

Үйренгенім

Үйренгім келеді










V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Еуропаның саяси картасы.

Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Еуропаның халқы, еңбек ресурстары.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Еуропаның халқы, тілдік, діни, ұлттық, жастық, жыныстық құрамдары, еңбек ресурсы жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Еуропаның халқымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс.



3. Топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

3. Топтастыру.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Еуропаның экономикалық-географиялық жағдайы?

2. Еуропаның саяси картасы?

3. Еуропаның табиғат жағдайлары?

4. Еуропаның табиғат ресурстары?

5. Еуропаның экологиялық жағдайы?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Тірек-сызбамен жұмыс.

Тірек-сызба арқылы Еуропа халқының ұлттық құрамы түсіндіріледі.

Еуропа халқының ұлттық құрамы

Славян тобы

Орыстар, украиндар, белорусьтар, поляктар, чехтар, словактар, болгарлар, сербтер, хорваттар, македондықтар, словендер т.б.

Герман тобы

Немістер, ағылшындар, голландықтар, шведтер, даниялықтар, норвегтер, исландықтар т.б.

Кельт тобы

Ирландықтар, шотландықтар, уэльстіктер.

Роман тобы

Француздар, италиялықтар, испандар, португалдар, каталондар, румындар т.б.

Балтық тобы

Латыштар, литвалықтар.

Фин-угор тобы

Венгр, фин, эстон, карел, саам, удмурт, коми-пермяк.

Түрік тобы

Татар, башқұрт, түрік, қазақ, гагауз.

Семит тобы

Мальталықтар, арабтар.


3. Топтастыру.

Топтастыру арқылы Еуропа халқының діни құрамын түсіндіру.



Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Сұрақ-жауап.

1. Еуропа халқының еңбек ресурсы?

2. Еуропа халқының ұлттық құрамы?

3. Еуропа халқының діни құрамы?

4. Еуропа халқының орналасуы?

5. Еуропа халқының тығыздығы?

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Үйге: Еуропа халқы, еңбек ресурсы.


Сабақ№________ Сыныбы_________ Күні_________
Тақырыбы: Еуропаның шаруашылығы.

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Еуропаның өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы, көлігі, ішкі айырмашылықтары жөнінде түсіндіру.

Дамыту: Өз бетінше ізденіспен шығармашылық тұрғыда жұмыс істеуге дағдыландыру. Өз ойларын еркін де сауатты, нақты жеткізу қабілеттерін арттыру.

Тәрбиелік: Жан-жақтылыққа, ізденімпаздыққа баулу, тыңдай және сөйлей білу мәдениетін арттыру.
Болжамдап отырған нәтиже: Еуропаның шаруашылығымен танысқан тұлға.
Сабақтың типі: Жаңа білім беру сабағы

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі: 1. Сұрақ-жауап. 4. Тірек-сызбамен жұмыс.

2. Әңгіме-дәріс. 5. Кестемен жұмыс.



3. Б.Ү.Ү. кестесі. 6. Топтастыру.

Сабақтың көрнекілігі: Қосымша деректер, оқулық, кескін карта, карта т.б.

Сабақтың жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

2. Кестемен жұмыс.

3. Тірек-сызбамен жұмыс.

4. Топтастыру.

Қорытындылау.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1. Б.Ү.Ү. кестесі.

V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын дайындатып, зейіндерін сабаққа аударту.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Сұрақ-жауап.

1. Еуропа халқының еңбек ресурсы?

2. Еуропа халқының ұлттық құрамы?

3. Еуропа халқының діни құрамы?

4. Еуропа халқының орналасуы?

5. Еуропа халқының тығыздығы?

Қорытындылау.

ІІІ. Жаңа сабақ.

1. Әңгіме-дәріс.

Жаңа сабақ әңгіме-дәріс беруден басталады.

2. Кестемен жұмыс.

Кесте арқылы Еуропаның өнеркәсібін түсіндіру.



Машина жасау

Бүкіл өнеркәсіп өнімінің 30%-дан және оның экспортының 70%-дан астамы тиесілі.

Химия өнеркәсібі

Германия-химияландырылған ел, көмірсутекті шикізаттарға негізделген.

Отын-энегетика

Еуропаның көп елдерінде мұнай мен газға ауысуда, көмір өндіру күрт азайған.

Қара металлургия

Германия, Ұлыбритания, Франция, Бельгия, Польша, Чехия т.б. жақсы дамыған.

Түсті металлургия

Жетекші елдер: Германия, норвегия, Франция, Ұлыбритания, Италия, Испания т.б.

Ағаш өнеркәсібі

Швеция мен Финляндияның халықаралық маманданған саласы.

Жеңіл өнеркәсіп

Еуропа-ежелден жеңіл өнеркәсіп қарқынды дамыған аймақ.

Каталог: uploads -> doc -> 0ca5
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0ca5 -> Сабақ Тақырып: Таным белестері. Құндылық:Ішкі тыныштық
0ca5 -> Сабақтың түрі: Аралас сабақ Әдісі: түсіндіру,әңгімелеу,сұрақ-жауап
0ca5 -> Сабақтың тақырыбы: § 25 Жасушадағы энергетикалық алмасудың негізгі кезеңдері
0ca5 -> Сабақтың мақсаты: Қазақстан туралы толық түсінік беру. Білімділік
0ca5 -> Сабақ негізделген оқу мақсаттары: Буынаяқтылар типіне жататын жәндіктердің негізгі ерекшеліктері туралы түсінік беру
0ca5 -> Бағдарламаның мақсаты
0ca5 -> Жалпы қолданыстағы сөздер Қолдану аясы шектеулі сөздер


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет