Сабақ. СӨз мәдениеті. Адам өміріндегі сөз мәдениетінің ролі. Жоспары: Сөз мәдениеті. Сөйлеу мәдениеті



бет1/4
Дата17.10.2019
өлшемі366,2 Kb.
#50160
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
1 лекция Сөз мәдениеті Кешен 2015 (1)
1 лекция Сөз мәдениеті Кешен 2015 (1)
1-САБАҚ. СӨЗ МӘДЕНИЕТІ. АДАМ ӨМІРІНДЕГІ СӨЗ МӘДЕНИЕТІНІҢ РОЛІ.

ЖОСПАРЫ:

  1. Сөз мәдениеті.

  2. Сөйлеу мәдениеті.

Тіл – адамдардың түсінісу, сөйлесудегі басты құралы. Адамдар тіл арқылы бір‑бірімен пікір алысып, өзара ұғынысып қана қоймай, бірігіп еңбек етуге, сыйластықпен өмір сүруге ұмтылады.

Адамның өз көзқарасын, пікірін жеткізуі және жазбаша сауатты жаза білуді игеруі сөз мәдениеті деп аталады. Сөз мәдениеті сөйлеу әдебі деген сөзбен тығыз байланысты.



Сөз мәдениеті – адам мен қоғамның рухани мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігінің бірі. Себебі әрбір адам (әсіресе білімді) дұрыс және әдемі сөйлей білуі қажет. Атақты сөз зергері Ғабит Мүсірепов: «Адам мәдениетінің алғышарты – дұрыс сөйлей білу. Түсіне білгенге сөйлей білу де өнер. Тілін білмеген – түбін білмейді», – деп бекер айтпаған.

«Сөз мәдениеті» тіркесі қазіргі лингвистикада екі мағынада қолданылады:



  1. Сөз мәдениеті – тілдік нормаларды, оның ішінде әдеби тіл нормаларын дұрыс сақтау әрекеті болып табылады. Кейбір зерттеушілер тілдің көріктеу құралдарын, яғни стилистикалық заңдылықтарды дұрыс пайдалануды сөз мәдениетінің объектісі деп таниды.

  2. Сөз мәдениеті –тілді нормалау мәселелерін жетілдіру мақсатында зерттейтін тіл білімінің саласы.

Сөз мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс, орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау (лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру. Осылардың бәрін қосып, сөз мәдениеті деген ғылым-таным саласын «ортология» деп атаушылық бар, яғни ортология – сөздің дұрыстығы туралы ілім» (Р.Сыздық). Сөз мәдениеті дегеніміз, қарапайым тілмен айтқанда, ең алдымен ана тіліміздің иелігіндегі барша дүниеліктерді – тілдің дыбыс жүйесін, оның ырғақ, әуездерін; сөзді оның мағыналық қырларын; сөздің тұлғалық құрылымдарын, оның жұрнақ, жалғауларын; сөз тіркесі мен сөйлем жүйелерін; тілдің стильдік құралдарын т.б. әдеби тілдің нормасына сай қолдана білу, дұрыс әрі бедерлі жұмсай білу деген ұғымды білдіреді.

Сөз мәдениеті – ұлттық сананы дамытуға қызмет ететін пән. Ұлттық сана – рухани мәдениет ғылым мен білім, материалдық мәдениет және дене тәрбиесі мәдениетімен байланысты аса күрделі құрылым. Ұлтты, отанды, тілді мақтаныш тұтатын сезім де ұлттық сананың құрылымына кіреді.



Мәдениет. Қазақ тіліне бұл термин арабтың «маданият» –«қала, қалалық» деген сөзінен енген. В.Дальдің сөздігінде «культура» ұғымы: өсіру, өңдеу, күту, білім, ақыл-ой, ізгілік деген мағынада берілген.

Көне заманда «культура» деген ұғым «жерді өңдеу» деген мағына білдірген. Кейінірек бұл сөздің мағынасы тереңдеп, «жанды жетілдіру» деген ұғымда жұмсалған. Уақыт өте келе еуропалық тілдерде «мәдениет» сөзі «білім беру», «даму», «қабілеттілік», «құрметтеу» сияқты мағыналарға ие болады.

Рухани мәдениет. Рухани мәдениет адамның, өзіне және басқа адамдарға, дүниеге қатысын реттейтін дәстүрлер мен құндылықтардың жиынтығы.

Сөз мәдениеті орыс. культура речи – әдеби тілдің ауызша түрлеріне тән нормаларын игеру, тілдік амал-тәсілдерді айтылатын ойдың мақсатына сай орнымен қолдана білу, сөйлеуде мәдениеттілік, әдептілік таныту.

Сөйлеу мәдиенеті деп — қазақ тілін дұрыс және орынды қолдану. Ата — анаң, мұғалім мен құрбыларынмен сөйлескенде сөзі дұрыс, орынды қолдану керек. Өз ана тілінде де басқа тілде де дұрыс сөйлесу адамның қаншалықты мәдиенетті екенін көрсететінін жадымыздан шығармайық.

Әдеби тіл — дұрыс сөйлеудің үлгісі. Енді есімізге түсірсек мына суреттерге назар аударайық.
Ситуациялық жағдаяттар
1 — жағдаят. Көлікте орын жоқ, бір қария мінді, ол кезде сен отырғансың. Не істейсің? (Мен орнымнан тұрып, «Ата мына жерге отырыңыз» — деп, орнымды ұсынамын. )
2 — жағдаят. Көшеде бір әже ауыр сөмке көтеріп келе жатыр екен. Сен аулада ойнап жүргенсің. Не істейсің? («Әже маған беріңіз, сізге көмектесейін»- деп ауыр сөмкесін алып, үйіне апарып саламын.)
3 — жағдаят. Жақын досың ауырып жатыр. Сен не істейсің?

(Досымның үйіне барып оның жақсы көретін кітабын апарып үйіне жағдайын білуге барам.)
Дәптермен жұмыс.

СӨЗДІК

сөз мәдениеті – культура речи

құрамдас бөлігінің бірі – один из важнейших компонентов

адам мен қоғам рухани мәдениеті –духовная культура человека и общество

алғышарт – первичное условие; первое условие;

түсіне білу – понимать

сөйлей білу – разговаривать

жұмсай білу – использовать

түбін – основу

бекер айтпаған – не зря сказано

әдеби тіл нормалары – нормы литературного языка

зерттеушілер – исследователи

тілдің көріктеу құралдары – выразительные средства языка

стилистикалық заңдылықтар

жетілдіру – совершенствование

орнымен қолдану – правильно употреблять

дыбыстау – произношение

құрастыру – составление

қиюластыру – входить в паз;

сауатты – грамотный

ұстану – придерживать,

бедерлі – образный


Есте сақтаңыз!

Сөз мәдениеті дегеніміз – сөздерді дұрыс, орнымен қолдану (лексикалық), дұрыс құрастыру (синтаксистік), дұрыс қиюластыру (морфологиялық), дұрыс дыбыстау (орфоэпиялық), сауатты жазу (орфографиялық), тілді әсерлі етіп жұмсау (лингвостилистикалық) нормаларын ұстану, орнықтыру, жетілдіру.



Бекіту сұрақтары:

1. Сөз мәдениеті қандай тіркеспен тығыз байланысты?

2. Неге сөз мәдениеті адам мен қоғамның рухани мәдениетінің негізгі құрамдас бөлігі болып табылады?

3. Сіз «Тілін білмеген – түбін білмейді» деген аталы сөзді қалай түсінесіз?

4. Сөз мәдениеті қандай мағынада қолданылады?

5. Сөз мәдениеті дегеніміз не?

6. Cөз мәдениетін зерттейтін ғылым қалай аталады?

7. Оны айтқан ғалым кім?

8. Ұлттық сана дегенді қалай түсінесің?

2-сабақ

СӨЗ МӘДЕНИЕТІНІҢ НЕГІЗІ – ТІЛДІК НОРМА
Тіл мәдениетінің тірегі – әдеби тілдің нормалары мен стильдік жүйелері. Бұлар әдеби тілдің қоғамдық қызметімен байланысты болғандықтан, тіл мәдениетінің ұғымы кең.

Әдеби норма дегеніміз – тілдің таңдамалы, қолайлы, ой‑пікірді дәл беруге жарамды, жалпыға ортақ жүйелері.

«Әдеби тіл ­– белгілі нормалары бар жүйелі тіл. Тілдің әдебилігі сол тілде сөйлейтін адамдардың баршасына түсінікті және олардың бір-бірімен ортақ қарым-қатынас құралының ең жоғарғы түрі болуы оның (сол тілде) орныққан жүйелі нормалар негізінде ғана жүзеге аспақ» (С.Исаев). Демек, әдеби тіл болуы үшін оның жалпыға ортақ тілдік нормалары болуы сөз мәдениетінің басты белгілерінің бірі.

Тілдік норма – ауызекі және әдеби тілдің қалыптасқан үлгісі, халықтың бәріне түсінікті тілдік амалдардың жиынтығы. Әдеби тілдің әр түрлі даму кезеңдерінде тілдік құралдарды дұрыс қолдану тәртібі, ережесі. Әдеби тілдің нормасы: өзінің біршама тұрақтылығымен(устойчивость) (қоғам талабына қарай норма өзгеруі мүмкін), жалпыға ортақтығымен (общеупотребительность), түсініктілігімен (понятность), міндеттілігімен (общеобязательность), тілдік жүйеге, тілдік модельдерге сәйкестігімен(соответствие) ерекшеленеді.

Норма әдеби тілдің ауызша, жазбаша түріне міндетті бола отырып, тілдің барлық жақтарын (салаларын) қамтиды.


Әдеби тілдің нормалары

пунктуациялық

лексикалық

орфоэпиялық орфографиялық

лингвостилистикалық

сөзжасамдық морфологиялық

синтаксистік

Под языковой нормой понимается совокупность устойчивых, традиционных реализаций языковой системы в результате социально-исторического отбора языковых элементов из числа сосуществующих, образуемых вновь или извлекаемых из пассивного запаса прошлого и возводимых в процессе общественной коммуникации в ранг правильных, пригодных и общеупотребительных.

Норма литературного языка в сознании говорящих обладает качествами особой правильности, общеобязательности, она культивируется в определенных передачах радио и телевидения, в массовой печати, академических театрах и является предметом и целью обучения родному языку.

Норма – это шкала переходов от того, что за пределами данной формы, к тому, что допустимо, но нежелательно (не рекомендовано), и далее к тому, что единственно возможно. Это показатель формы языка и характеристика говорящего как носителя диалекта, просторечия, жаргона, литературной речи, и это системное явление, проявляющееся на всех речевых и языковых уровнях и отраженное в своих графических экспликациях.

Соответственно можно говорить об орфоэпической, словообразовательной, лексической, морфологической, синтаксической, орфографической, лингвостилистической, пунктуационной норме.
Лексикалық норма – тілдегі түрлі мағынадағы сөздерді таңдап, талғаммен қолдану.
Мысалы, мұғалім, оқытушы, ұстаз

Фразеологизм: маңдайы тасқа тиді (испытать трудность).
Әселдің маңдайы жарқырап жарыстан жүлделі қайтты.

Қаншама жұмыс орнына түйіндемесін тастап кетсе де, маңдайы тасқа тиіп, жолы болмай‑ақ қойды.
Орфоэпиялық және орфографиялық норма

Айтылуы Жазылуы

Тәжрійбе тәжірибе

тәкәппәр тәкаппар

тәңертең таңертең

шегара шекара

кәзір қазір

байандама баяндама

әдет-ғұрұп әдет-ғұрып

мәмле мәміле

дөңгөлөк дөңгелек

дүйсөмбі дүйсенбі

зыйалығауұм зиялы қауым

көйлөк, көйлөгү көйлек, көйлегі

көзбойау көз бояу

көзғарас көзқарас

күндүз күндіз

үлкөн үлкен

үкмет үкімет

уақыйға уақиға
Орфографиялық норма орфоэпиялық норма
ақ жүзді ағжүздү

алма-кезек алма-гезек

әліпби әліппій

әртүрлі әртүрлү

бөлме бөлмө

бөлек бөлөк

ғұмыр ғұмұр

дүниежүзі дүнйөжүзү

жиһаз жійхаз

жиналыс жыйналыс

алдыңғы күні алдыңғыгүнү

абырой аброй

ауызша ауұшша

бақылаушы бақлаушы

басқосу басқосұу

баяндама байандама

бесжылдық бешшылдық

бескүндік бескүндүк

жатақхана жатаққана

рақмет айту рахметайтұу

бастауыш бастауұш

ақиқат ақыйқат

әділет әдлет

әрқашан әрғашан

әрқайсысы әрғайсысы

бұйрық бұйрұқ

бейжай бейжәй

бейқам бейғам

кәусар кәусәр

қолөнер қолөнөр

қолма-қол қолма-ғол
Пунктуациялық норма – тыныс белгілері ережелерін сақтау, орынды қолдану. Пунктуациялық норманы сақтау – адамның жалпы сауаттылығының айғағы.
Мысалы,

Білімдіге дүние жарық білімсіздің күні кәріп

Әдептің басы байқап сөйлеу А Йүгінеки

Ойың дұрыс болса сөзің дұрыс Олай болса ісіңнің иесі де дұрыс Д И Писарев



Стилистикалық норма – сөйлеушінің тілдік сөйлеу тәртібі.

Көпсөзділік, біріңғай немесе мағыналық жағынан жақын сөздердің орынсыз қолданысы, сөздердің қайталануы бұл нормаға жатпайды.

Мысалы, кәрі қарт, шынайы шындық, балғын сәби
ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫ


Қосымшалардың жіңішке түрде жалғануы

Рк, рг, нк, нг, кс, кт, ск, лк, нкт, кль, брь, бль дауыссыздар тіркесіне аяқталған сөздерге

Ог, уг дыбыстарына біткен сөздерге

Соңғы буынында не бір буынды сөздің өзінде и дыбысы келгенде

Соңғы буынында ю, э, ē дауыстылары келетін сөздерге

Жіңішкелік белгісіне аяқталатын бір буынды сөздерге

полктер

округке

кассирге

дуэльге

оське




Қосымшалардың жуан түрде жалғануы

Соңғы буынында не бір буынды сөзде у дыбысы бар орыс тілінен енген сөздерге

Орыс тілінен енген сөздердің соңғы буынында я әрпі болса

Х дыбысына аяқталған сөздерге

автобусқа, курстың

поляктар, разрядшы

цехқа, тарихшы



1-жаттығу. Төмендегі сөздерге барыс септік жалғауын қосып, дұрыс жалғануын есте сақтаңыздар.

І. Акварель, коллоквиум, диск, актив, заряд, гастроль, гонг, алкалоид, грамм, коттедж, гладиолус, дефольт, инфаркт, аллерголог, колледж, алоэ, аммоний, антибиотик, антрополог, дивиденд, журналист, инстинкт, артикль, археолог, дифтонг, астероид, контакт, аффикс, бактериолог, бенефис, бифштекс, бокс, актер, имидж, киоск, консерв, конспект, конфликт.

ІІ. Акваланг, дирижабль, аквариум, бронхит, аккорд, бронетанк, катафалк, акт, вальс, альпинист, гидролог, антракт, аншлаг, аспект, ведомость, аспирант, кабель, аффект, баланс, бандероль, банк, акцепт, бланк, блок, букинист, бумеранг, бутерброт, бульдог, дебют, диалог, дизель, дуэль, дуэт, иероглиф, интервью.
2-жаттығу. Орфоэпия заңдылығына сәйкестендіріліп берілген мәтінді орфография заңы бойынша жазыңыздар.

Сәукөлө – әйелдің бас кійімі, онұ ұзатылған ғыздар және онұң жанына еріб жүрөтүн ғұрбұлар гійген. Сәукөлөнүң негізгі бөлүктөрі – тәж, төбө, құлақ пау және артқы бойұ. Сәукөлөнүң төбөсү қыйық конус тәрізді болұп келеді. Онұ асыл тас, алтын, күмүс, меруерт, маржанмен өрнөктөйдү.


3-жаттығу. Мақалдың екінші жартысын cәйкестендіріп, мағынасын ашыңыз.
1. Жақсы байқап сөйлер, …

2. Сөз қадірін білмеген, …

3. Сәлемі жараспағанның, …

4. Ойнап сөйлесең де, ....

5. Cуды сіңген жеріне құяды, ...

6. Алтыннан қымбат сөз айтсаң, ...


ақымақ құлақ салмайды

ойлап сөйле

жаман шайқап сөйлер

өз қадірін білмейді

сөзі де жараспайды

сөзді түсінген адамға айтады







2-Апта материалдары

ҚАЗАҚ СӨЗ МӘДЕНИЕТІ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1-тапсырма. Мәтінді оқып шығыңыз.
Қазақ сөз мәдениеті туралы түсінік

Қазақ сөз мәдениеті туралы түсінік, ұғым, пайымдаулар өздігінен, пайда болған жоқ және оның ғылыми пән ретінде өмірге кездейсоқ келмегені белгілі. Тілдің қасиеті, сөз құдіреті жөніндегі халықтың өмірден түйген түйінді ойларын (тіл туралы мақал-мәтел, фразеологиялық сөз орамдарын т.б.) соның нәтижесі деуге болады. Әсіресе мақал-мәтелдердердегі терең пайымдаулардан сөз мәдениетінің қоғамдық-әлеуметтік тіршілікпен байланысты екені айқын аңғарылады.

Сөз мәдениеті жөнінде ғылыми ұғым, пайымдаулардың дүниеге келуі сөз мәдениетінің жеке пән ретіндегі объектісі, көтеретін мәселелері, терминологиясы, зерттеу әдістері қазақ тіл біліміндегі лингвистикалық ойдың өрістеуімен байланысты. Сондықтан сөз мәдениетімен байланысты, оған қатысты ғылыми пайымдауларды, тұжырымдарды тілдің қоғамдық тіршілігімен байланысты қарау тиімді болмақ.

Ал енді ұлттық тілге келетін болсақ, тілдің болмысын шынайы тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның түпкі тамыры сол тілде сөйлеуші этностың ғасырлар бойғы тарихымен, тұрмыс-салтымен, мәдениетімен, дәстүрлі менталитетімен тікелей байланысты екені сөзсіз.

Кез келген халықтың этномәдени тұрмысын ұлттық тілдің жетегінде, әлеуметтік мәдениеттің ауқымында, дүниетанымын қоғамдық ғылымдар аясында сөз ету мәселесін этнолингвистика ғылымы қарастырады. Ал осы құбылыстың қоғамдағы әлеуметтік-мәдени өрісін – лингвомәдениеттану қарастырады. Нәтижесінде тіл мен мәдениеттің шекарасында халық тілі мен ұлт мәдениеті қызметі анықталады. Әр мәдениетте дүние, қоршаған ортаға деген сан қилы көзқарас, түсінік қалыптасады.  Себебі әр мәдениет заманына, діліне моральдік нормаларына қарай адамға, өмір-өлімге, адамның іс-әрекетіне, сұлулыққа тағы да басқа әр халықтың басында бар негізгі құндылықтарға байланысты өзінің көзқарас жүйесін қалыптастырады. Міне, осы көзқарастың көрінетін, таралатын, сақталатын құралы – тіл.

Қазақ сөз мәдениеті жоспарлы түрде, арнайы бағдарлама бойынша Тіл білімі институтында М.Балақаевтың ұйымдастыруымен және басшылығымен 60-жылдардың аяғы, 70-жылдың басынан зерттеле бастады. Бұл кезең қазақ сөз мәдениетін жеке пән ретінде қалыптастыруды ұйымдастырудың бастамасы болды.

Проф. Р.Сыздықованың зерттеулерінде сөз мәдениетінің іргелі мәселелерінің бірі ретінде орфоэпиялық нормалар айқындалып, әдеби тілдегі жеке сөздердің, біріккен сөздердің, ритмикалық топтардың дыбысталу нормалары көрсетіліп, орфоэпиялық ережелері түзілді. Сөйтіп, кодификациялау жұмыстары іске асырылды.

Cөздік

түсінік – понятие; представление; разумение

ұғым – понятие; смысл; суть

пайымдау – разумение; рассуждение; соображение

тұжырым – вывод; заключение; формулировка

кездейсоқ – случайно

дүниетаным – мировоззрение

түйінді ойлар – глубокая, основная мысль

тілдің болмысы – натура языка

ауқымы – объем

сан қилы көзқарас – различные взгляды
2. Cұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Қазақ сөз мәдениеті дегенді қалай түсінесіз?

  2. Тілдің болмысын білу үшін тілдің заңдылығын білу жеткілікті ме?

  3. Этнолингвистика ғылымы деген не? Оның сөз мәдениетімен байланысы қандай?

  4. Тіл мәдениеті әр елдің мәдениетімен тығыз байланысты деген ұғымды қалай түсінесіз?

  5. Қазақ сөз мәдениеті қашан, кімнің басшылығымен зерттеле бастады?

  6. Қазақ сөз мәдениетін жеке пән ретінде қалыптастыруды ұйымдастырудың бастамасы қай кезеңнен басталды?

  7. Проф. Р.Сыздықова нені зерттеді?


3. Сөйлемді мәтін бойынша аяқтаңыз.

1. Қазақ сөз мәдениеті туралы түсінік, ұғым, пайымдаулар ... . 2. Тілдің болмысын шынайы тану үшін тілдің өзіндік заңдылықтарын білу жеткіліксіз, оның түпкі тамыры сол тілде сөйлеуші этностың ғасырлар бойғы тарихымен, … . 3. Әр мәдениетте дүние, қоршаған ортаға деген сан қилы … .  4. Қазақ сөз мәдениеті жоспарлы түрде, арнайы бағдарлама бойынша Тіл білімі институтында ... . 5. Проф. Р.Сыздықованың зерттеулерінде сөз мәдениетінің іргелі мәселелерінің бірі ретінде орфоэпиялық нормалар айқындалып, … .



ЖАЗУ-СЫЗУДЫ ДЕМОКРАТИЯЛАНДЫРУ
4. Сіз не дейсіз?

1. «Тіземнен сүріндірсең сүріндір, тілімнен сүріндірме» деген қазақ едік. Сөз қадірі кетсе, қазақта қандай құндылық қалмақ? «Ойланбай тұрып, ойлан» деген нақыл бар Шығыста. Біз тым болмаса, сөйлемей тұрып ойлануды үйренсек, аз олжа болмас еді.

2. Тілде рух бар. Сол рух сөйлеу арқылы сақталады. Себебі сөйлеу жоғалса, тіл жоғалады, тілмен бірге рух кетеді. Қазақ тіліндегі көптеген шұрайлы қолданыстардың өзге тілге аударылмайтынын біз жиі айтып жүрміз. Бұл кәсіби сөздерге ғана емес, рухани құндылықтарды білдіретін ұғымдарға да қатысты. Мысалы, «обал» деген сөзді орыс тіліне қалай аударасыз? Жанама ұғымдар табылуы мүмкін, бірақ осы ұғымды бар бояуымен, қолданылу ерекшеліктерімен бере білетін сөзді өзге тілден табу қиын. Сол секілді орыстың «предвзятое отношение» деген сөзін қазақшаға аудару өте қиын. Өйткені бұл – менталитеттің ерекшелігін көрсететін ұғым, ал қазақ менталитетіне байыбына бармай, алдын ала шешім қабылдап алып, соған сәйкес іс-әрекет жасау тән емес.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет