Сабақ. СӨз мәдениеті. Адам өміріндегі сөз мәдениетінің ролі. Жоспары: Сөз мәдениеті. Сөйлеу мәдениеті


-тапсырма. Төменде берілген мәтінді оқып мазмұндаңыз, оларға тақырып қойыңыз



бет3/4
Дата17.10.2019
өлшемі366,2 Kb.
#50160
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
1 лекция Сөз мәдениеті Кешен 2015 (1)
1 лекция Сөз мәдениеті Кешен 2015 (1)

5-тапсырма. Төменде берілген мәтінді оқып мазмұндаңыз, оларға тақырып қойыңыз.


1. Сөз мәдениетінің ғылыми пән ретінде қарастыратын негізгі объектісі, біріншіден, тілдік норма. Тілдік норма негізінен екі нәрсе арқылы айқындалады: пайда болған жаңа құрылым жүйеге сәйкес пе, жоқ па? Дағдыға айналды ма, жоқ па?

Бұл – сөз мәдениетінің құрылымдық-жүйелік аспектісі. Сөз мәдениетінің қарастыратын объектісі, екіншіден, сөйлеген (жазылған) сөздің коммуникативтік сапасы: дұрыс/бұрыс, бай/жұтаң; бедерлі/бедерсіз; дәл/дәл емес т.б. Бұлай деп баға беру сөз мәдениетінің коммуникативтік аспектісіне жатады.

Әдетте коммуникативтік сапасы жоғары, я болмаса төмен сөздің тілдік құрылымының өзіне тән белгілері мен сипаты болады. Бұл белгілер мен сипат «жақсы», я болмаса «жаман» деп бағаланатын сөздің бәріне ортақ, бәріне қатысты болып келеді. Сондықтан белгілі бір тілдік ұжым мүшесінің тілдік практикасында «жақсы сөйледі», «сөзі жатық екен», «тілге (сөзге) бай екен» тәрізді тұрмыстық деңгейде кездесетін таным-түсінігі болады. Әрине, баға беру субъективті болғанмен, сөз құрылымындағы «жақсы» я болмаса «жаманның» тілдік көрсеткіштері объективті болуы ықтимал.
Тақырыбы: _______________________________________





2. Сөйлеушінің алдына қойған мақсатына жетуі, оның коммуникативтік ойын тыңдаушының дұрыс зерделеуі (интерпретациялауы), ой елегінен дұрыс өткізуі тілдесудің ойдағыдай өтуінің негізгі критерийі болып саналады

Әсіресе қазақтың тілдік дәстүрінде этикалық, әлеуметтік, мәдени ерекшеліктермен байланысты тура мағынасында ұғынылмайтын айтылым түрлері бар. Мысалы, сөз этикетінде амансыз ба деген сөзге аманмын деп жауап бермейді. Тілдік дәстүрдегі бұл сұрауға тура мағынасында аманмын деп жауап беру сөз этикеті нормасының бұзылуы деп танылады.

Жекеленген сөз топтарына тән таңбалардың айтылымдағы прагматикалық мәнділігін ашу сөз мәдениеті үшін ерекше маңызды болып табылады. Сен де барамысың деген айтылымда де-нің мағынасы айрықша: «Саған не жоқ» деген семантиканың, Сен, немене, тыныш отырмайсың ба дегендегі «немене, не нәрсе» деген сөзбе-сөз мағынасында ұғынылмайды. «Қомсыну», «олқысыну», «жеку» тәрізді мағынаны білдіреді. Бұлар – сөз семантикасының тасада тұрған мағынасы. Әйтеуір, шындыққа көзін жеткіздім-ау, «Шындыққа көзін жеткізу көп күшке түскені», «қиынға соққаны» - тасада тұрған семантикалық компонент.

Тақырыбы: _____________________________________

Идеясы: _______________________________________





3. Сана, ойлау, таным, білім, тілдік білім, ақпарат, концепт, мәнділік, мағына т.б. іргелі ұғымдар негізінен когнитивтік лингвистиканың нысаналары болып табылады.

Когнитивтік лингвистика – когнитология деп аталатын ғылымның бір саласы. Когнитивтік лингвистиканың зерттеу нысаны, теориялық ұстанымдары, іргелі ұғымдары, зерттеудің өзіне тән әдіс-тәсілдері бар. Когнитивтік лингвистика сана, ойлау, білім және білімнің табиғаты мен мәнін, ақиқат дүниенің санада қабылдануының нәтижесін, адамдардың танымдық қызметін, белгілі бір білімнің адам санасында жинақталып, ой елегінен өтіп, байыпталып, ақпараттық жүйеге түскен білімін қалыптастырады.

Когнитивтік лингвистикада білім ұғымымен бірге таным, ақпарат, сана, ойлау тәрізді ұғымдық категориялар жиі қолданылады.

Адамзаттың шынайы ойлауы, абстракті ойлауы тек тіл арқылы жүзеге асады. Бұл жерде ойлау дегеніміз не, сана дегеніміз не? Аражігін ашып алу қажет. С.Д.Кацнельсонның айтуынша, ойлау мен сана сөз бен тіл тәрізді. Сөздің тілге қатысы қандай болса, ойлаудың санаға қатысы да сондай


Тақырыбы: _____________________________________

Идеясы: _______________________________________







4. Таным – ақиқаттың санада бейнелену процесі мен қайта жаңғыруының барысында жинақталған білім; қабылдау, түсіну, түсініктің пайда болуы сияқты жүйелердің өзара әрекеттестігі мен ақпарат тудыру.

Ақпарат – факт, уақиға, процесс жөнінде хабарлар; адамның күнделікті санада әртүрлі каналдар арқылы алатын және кодқа салатын, өңдейтін, қайыра өңдейтін мәлімет, білім, деректер.

Білім – адамдар санасында ақиқат дүниенің белгілері мен қасиетінің бейнеленуінің нәтижесі. Білім адамдардың өмірі мен қызметін реттеуші маңызды фактор болып табылады.

Білім – есте ұстаудың немесе естің бір бөлігі.

Білім – қоршаған дүние объектілерінің санада бейнеленуінің нәтижесі, олар туралы мәліметтер, сол нәтиженің, мәліметтердің, деректердің белгілі бір тәртіпке келтірілген жүйесі.

Бұлар – индукция, дедукция, ой қорыту, пайымдау, ассоциация тәрізді ойлау процесі барысында және салыстыру, бірегейлендіру, танып білу, категорияға топтастыру, объектілерді классификациялау операциялары арқылы алынатын деректер.


Тақырыбы: ____________________________________

Идеясы: _________________________________





6-тапсырма. Жоғарыда берілген төрт мәтіннен негізгі ойды білдіретін

8 сөйлем жазыңыз.

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________



4-АПТА МАТЕРИАЛДАРЫ
ТІЛ МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ӨЗАРА БАЙЛАНЫСЫ


  1. Мәтінді зерттей оқып шығыңыз.

Кез келген халықтың мәдениетінде тілдің алатын орны орасан зор. Мәдениеттану ғылымында тілдің мәнін зерттеушілер өз қырынан танып, өз тұрғысынан баға береді. Мұндай баға негізінен мына пайымдауларға саяды:

- тіл – мәдениеттің айнасы. Ол айнада адамның ақиқат өмірдегі айналасы ғана емес, халықтың менталитеті, ұлттық ерекшелігі, дәстүрі, салт-санасы, моралі, құндылықтар нормасы мен жүйесі, дүниенің бейнесі (суреті) айқын көрінеді;

- тіл – мәдениетті жинақтаушы, сақтаушы. Халықтың білімі, танымы, материалдық және рухани байлығы тілдік жүйеде сақталады. Олар негізінен фольклорлық шығармаларда, көркем туындыларда, әртүрлі жазба мұраларда сақталады;

- жинақталған, сақталған дүниеліктер тіл арқылы ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырады. Жас бала ана тілін үйрену барысында мәдениетті, бұрынғы ата-бабалардың тәжірибе, білімін қоса игереді;

- тіл – жеке адамды қалыптастырудың мәдени құралы. Жас ұрпақ ана тілі арқылы халықтың менталитетін, дәстүрін, салт-санасын қабылдайды.

Тіл мәдениеттен тыс тұрмайды. Мәдениет дегеніміз тіл болса, тіл дегеніміз мәдениет. ХХ ғ. тілші ғалымдар, тіл ғылымының негізін салушылар тіл, ойлау, мәдениет атты үштіктің өзара бір-бірімен байланысын ашты.

Мысалы, Қадамыңа гүл бітсін деген тұрақты тіркестің фразеологиялық мағынасы «жүрген жерің құт, берекелі болсын» дегенді білдіреді. Бұл фразеологизмдердің әуелдегі түпкі мағынасы жүрген жерің көгорай шалғын болсын деген мәнде болу керек. Өйткені қазақтың жері көбіне шөлейт, шөл болып келеді де орманды алқап аз кездеседі. Жақсы тілек мәнді аталмыш фразеологизм қазаққа тән дүниенің тілдік бейнесі арқылы қалыптасқан.

Сондай-ақ қарғыс мәнді жүрген жеріңе шөп шықпасын деген фразеологизмнің ұлттық семантикасы орманды алқапты мекендейтін халықтар үшін, олардағы дүниенің тілдік бейнесі басқа болғандықтан, мүлде қисынға келмейтіндей көрінеді.

Ақиқат өзгереді, ұлттық мәдени стереотиптер де өзгереді, ал бұл өзгерістердің бәрі де тілде бейнеленеді, сондай-ақ тілдің өзі де өзгеріп, түлеп, қайта жаңғырып отырады.

Адам баласы сәби кезінен-ақ ана сүтімен тілді, тілмен бірге мәдениетті де қоса игереді. Мәдениеттің небір нәзік қырлары тілде бейнеленеді. Әр тіл дүниені, адамды өзінше көрсетеді, өзінше бейнелейді.

Белгілі бір ақиқатты әр тіл өзіндік тәсілмен бейнелейді. Мысалы, қазақша қою шай, орысша крепкий чай, ағылшынша strond tea «күшті шай»; қазақша қатты жаңбыр, орысша сильный дождь, ағылшынша heavy rain («тяжелый дождь») «ауыр жаңбыр». Осындағы анықтауыштарды сөзбе-сөз аударса, үш халық бірін-бірі түсінбес еді.

Материалдық мәдениет те, рухани мәдениет те тілден көрініс тауып отырады. Мәдениеттің қай-қайсы болмасын, ұлттық мәнділікке жатады. Оның ұлттық сипаты әр халықтың ақиқат дүниені тілі арқылы өзіндік көзбен көруіне байланысты болады. Тіл – адам мен ақиқат дүниені жалғастырушы буын (Н. Уәли).


2. Төменде берілген тіркестердің мағынасын контекс (мәнмәтін) бойынша түсіндіріңіз.
өз қырынан танып, өз тұрғысынан баға беру –
мүлде қисынға келмеу –
тілдің өзгеріп, түлеуі –
ұлттық мәдени стереотиптер –
3. Мәтін бойынша 5 сұрақ құрастырыңыз.
4. Тіл мен мәдениеттің байланысына бірнеше мысал келтіріңіз.


Есте сақтаңыз!

Семиотика (гр. semeion - белгі, танба) (семиология) – таңбалық белгілер жүйесі туралы ғылым, адамзат қоғамына қызмет ететін салалардағы (тіл, мәдениет, салт-дәстүр, кино т.б.), табиғаттағы (жануарлар дүниесіндегі коммуникация) немесе адамның өз қызмет-қабілетіндегі (заттарды көру, есту арқылы қабылдау, логикалық пайымдау) ақпараттың сақталуы мен қабылдануына қатысты әр түрлі таңбалық жүйелердің құрылымы мен қызметінің жалпы мәселелерін зерттейтін ғылыми пән.

Семиотика - (от греч. semeion - знак, признак) наука, исследующая способы передачи информации, свойства знаков и знаковых систем в человеческом обществе (главным образом естественные и искусственные языки, а также некоторые явления культуры, системы мифа, ритуала), природе (коммуникация в мире животных) или в самом человеке (зрительное и слуховое восприятие и др.).



ТІЛ ДЕ, МӘДЕНИЕТ ТЕ СЕМИОТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕ
Тіл де, мәдениет те семиотикалық жүйеге жатады. Бірақ олар әр басқа семиотикалық жүйе болып табылады. Тілдік семиотика, мәдени семиотика әр басқа болғанмен, олардың ортақ белгілері болады:

- мәдениет те тіл сияқты, адамның дүниетанымын бейнелейтін сананың формасы болып табылады;

- мәдениет пен тіл өзара қарым-қатынаста (диалогте) болады; тілсіз мәдениет жоқ, мәдениетсіз тіл жоқ;

- мәдениет пен тілдің субъектісі – индивид, социум, жеке тұлға, қоғам;

- мәдениетке де, тілге де нормалық тән;

- тарихилық – мәдениет пен тілдің мәнді қасиеттерінің бірі.

Жоғарыда аталған бағыттардың қай-қайсысының да келіспеуге болмайтын дәлелдері мен негіздері және бірін-бірі терістейтін тұжырымдары да бар. Бірақ ақиқат нәрсе – «тіл» мен «мәдениеттің» өзара байланысы. Сондықтан тілдік тұлғаны, сөз тұлғасын тек тілдің, сөздің субъектісі деп қарамай, ұлттық мәдениеттің де субъектісі деп танудың сөз мәдениеті үшін принципті мәні бар. Өйткені мәдени семантиканың тілдік таңбалар арқылы жүзеге асатынын ескермеу тілдік қарым-қатынаста сөздің коммуникативтік сапасын төмендететін қауіпті аймаққа айналар еді.

Адамның тілде орталық тұлға екені, ақиқаттағы дүниеге адам өз өлшемі, өз тұрғысынан қарайтыны, әсіресе лексика-фразеологиялық жүйеден айқын байқалады. Сонымен бірге ақиқат дүниенің тілдік бейнесін көрсететін семиотикалық таңбалардың ұлттық-мәдени семантикасы прототиптер, архетиптер арқылы ашылады.



Бас – ақиқат дүниенің позитивті-логикалық танымға қатысты бейнесін жасауға қатысады, бас интеллектуалдық орталық: қолбасы, керуенбасы, елбасы, басшы, бастық, басқарма; бұлақ бастан тұнады, балық бастан шіриді.

Бас ақиқат дүниенің мифологиялық танымға байланысты моделін жасауға қатысады: бас жоғары әлеммен байланысты; бас төменгі әлемді басқаруға тиіс.



Бел – күш-қуаттың орталығы: белі жуан, бел ағаш, белкүрек; беломыртқа;:

Қабырға – қорғаныштың белгісі: үйдің қабырғасы, қабырғасын сындырды.

Жүрек, іш – сезім-күйдің, эмоциялық күйдің орталығы: жүрегі сыздады, жаны ауырды, жүрегі атша тулады, іші қазандай қайнады, іші толды, іші ашыды, ішінен күлді т.б.

Аяқ-қол – іс-әрекеттің орталығы: қол ұшын берді, қол ұшын қимылдатпады, аяғын аттап баспады, аяқжетер (жер), қолсозым (жер), қолы қалтырады т.б.

Мұрын – жағымсыз әрекеттің бейнесі: мұрнын шүйірді, мұрнын көкке көтерді, мұрнына иіс бармайды т.б.

Мұрын – бейақиқат дүниенің мифологиялық танымға байланысты картинасын жасауға қатысады. Мифологиялық таным бойынша мұрын жанның денеге кіретін жолы, «жанның денеден шығатын жолы» мысалы, жаны мұрнының ұшына келді, жаны мұрнының ұшына таялды.

Көз – ақпарат алудың орталығы: құлақпен естігеннен, көзбен көрген артық; мың рет естігенше, бір рет көр;

Көз – сезім күйді сыртқа білдірудің тәсілі: көзі бал-бұл жанды, көзі шарасынан шықты, көзі күлім қақты;

Көз – тылсым күшпен байланыстырушы: көз тиді, тіл-көзден аман бол т.б.

Тіл – ақпарат алысу-берісудің орталығы: тілі байланды, бас кессе де тіл кеспек жоқ; тіземнен сүріндірсең де, тілімнен сүріндірме.

Тіл – тылсым күшпен байланыстырушы: тіл тиді, тіл-аузым тасқа, тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

Тілдік тұлғаның (тұлғалардың) бейнелі ойлауы ақиқат дүниенің тілдік бейнесін (картинасын) қалыптастыруға әсер етіп, әр басқа тілде, әр басқа этномәдениетте белгілі бір тілдік таңбаның мағынасына қосымша ерекше мағына, яғни коннотациялық мағына қабаттасады. Мұндай құбылысты «тіл» мен «мәдениеттің» ортасында пайда болған аралық деуге болады. Осы аралық элемент «тіл» мен «мәдениетті» байланыстырады және ол «мағына» түрінде пайда болады. Аралық элемент (мағына) сөз арқылы заттанады. Мысалы, дастарқан екі түрлі семиотикалық жүйеге саяды:

1. Тілдік семиотикалық бірлік дастарқан з а т. 1. Үстіне тағам және тағамдар салынған ыдыс-аяқ қою үшін жайылған асжаулық. 2. Ішіп-жем, ризық.

2. Мәдени-семиотикалық бірлік: дастарқан белгілі бір қоғамдастықтағы мәдениетке тән үй мүлкі.

3. Лингвомәдени семиотикада дастарқан қасиетті мүлік. Мысалы, дастарқан аттамайды; дастарқанға бата береді.

Тапсырма. Мәтін мазмұнын жүйелі түрде айтып шығыңыз.


Есте сақтаңыз!

Концепт индивид санасында сәулеленген сезімдік-заттық образдың (перцептивті модус) негізінде пайда болады. Концеп негізінде сезімдік тәжірибе жатады.

Сезімдік-заттық образ (код) концептің ядросы болып табылады. Осы заттық код белгілі бір объектіні терең, жан-жақты білген сайын жаңа мәндік белгілермен байи түседі. Осының нәтижесінде концептің мазмұны ұлғаяды әрі кеңи түседі. Әлгі белгілердің қайсыбірінің мәнділігінің күшейе түсуі, қайсыбірінің көмескіленуі ықтимал.



Эмперикалық таным – ақиқаттың санада бейнелену процесі мен қайта жаңғыруының барысында жинақталған білімді бақылау, эксперимент жасау, өлшеу.



ДҮНИЕНІҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІ ЖӘНЕ ЭМПИРИКАЛЫҚ ТАНЫМ
Әрбір тіл дүниені өзінше жүйелеп бөледі. Ақиқат дүниедегі заттарды, құбылыстарды, уақиғаларды белгілі бір концептіге топтастырады. Бұдан шығатын қорытынды: әрбір тілдің өзіне тән дүниенің бейнесі болады. Тілдік тұлға өзінің сөзінің мазмұнын осы тілдік бейнеге сәйкес ұйымдастыруы керек.

Тіл – адамның дүние туралы білімін қалыптастырудың және сол білімнің өмір сүруінің аса маңызды тәсілі. Адам өз танымын, нәтижесін сөз арқылы «тіркеп» отырады. Тілдік формаға түскен осы дәстүрлі білімдердің жиынтығы бірде «аралық тіл», «дүниенің тілдік репрезентациясы», «дүниенің тілдік моделі», «дүниенің тілдік бейнесі» деп аталады.

Дүниенің бейнесі деген ұғым адамның дүние туралы түсінігін зерттеу, қарастыру дегенге саяды. Бұл жерде дүние дегеніміз адам және оның өзара қарым-қатынастағы қоршаған ортасы. Ал дүниенің бейнесі дегеніміз сол орта мен адам туралы ақпараттарды «өңдеудің», реттеудің нәтижесі.

Дүниенің бейнесі кеңістік: жоғары-төмен, оң-сол, алдыңғы жақ-артқы жақ (маңдай тұс-арқа тұс), алыс-жақын, оңтүстік-солтүстік, шығыс-батыс, оңтүстік шығыс-солтүстік шығыс, солтүстік батыс-оңтүстік батыс; уақыт: күн-түн, жаз-қыс, көктем-күз т.б.; сандық, сапалық өлшемдер, мөлшерлер т.б. арқылы беріледі. Санадағы дүние бейнесінің қалыптасуына тіл, дәстүр, мәдени дәстүр, т.б. әлеуметтік факторлар әсер етеді.

Дүниенің тілдік бейнесі бар да, дүниенің концептуалды бейнесі бар. Дүниенің концептуалды бейнесі өзгеріп отырады: мысалы Ай, Күн т.б. жөнінде ұғымдар өзгерді, ал дүниенің тілдік бейнесі өзгермей қалып қойды: күн ұясына батты, ай туды т.б. Бұлардың архетип, прототипі мифологиялық таныммен байланысты: Ай өледі, қайта туады; күннің ұясы болады, ұясына кіреді, ұясынан шығады т.б.

Дүниенің тілдік бейнесі адамның дүниемен (табиғат, жан-жануар), дүниенің элементі ретінде адамның өзімен де, қарым-қатынастың типтерін қалыптастырады.

Әрбір табиғи тіл дүниені қабылдаудың және ұйымдастырудың концептуализациялаудың тәсілін бейнелейді. Ондағы мағыналар сол тілде сөйлеушілердің бәріне ортақ ұжымдық философиясы тәрізді көзқарастар жүйесін жасайды. Мысалы, қамшының сабындай қысқа өмір; дүниедегі ең жаман нәрсе – жалғыздық пен жаяулық; бала – бақыт, ер қанаты – ат, т.б.

Осылайша тілдік ұжымның когнитивтік санасында мағыналар кеңістігі, яғни дүние туралы тілде бекітілген дәстүрлі білімдер типі пайда болады.

Әр халық дүние алуандығын өз таным-түсінігінше таптастырып, топтастырады, дүниенің үзіктерін өздерінше атайды. Дүниенің өзіндік конструкцияланған бейнесінде индивидуалды, топтық және ұлттық тәжірибенің табы жатады. Дүниеде ең жаман – жаяулық деген тұжырым, қазаққа түсінікті, ал жер көлемі атшаптырым ғана шағын ел (тілдік ұжым) оны түсінбес еді. Неогумбольдшылардың айтуынша, дүниенің тілдік бейнесіндегі ұлттық өзгешелік ұзақ тарихи дамудың нәтижесі емес, тілдің әуел бастағы қасиетіне байланысты болады.

Дүниенің объективті бейнесі мен объективті дүниенің субъективті бейнесінің айырмасы бар. Тілдің көмегімен адамдар өзін қоршаған ортадан ерекше дүние жасайды. Қайың – дүниенің санадағы объективті бейнесі, сонымен бірге санада қайың – «қаттылық»; қатты нәрсені қайыңның безіндей дейді. Есіктің алдына, терезенің тұсына ертеректе қайың ектірмейді: қайың еккеннің қайғысы көп деген түсінік бар. Дене тұрқы ірілеу, ұзындау атты есік пен төрдей екен дейді. Есік, төр лексемалары өлшем, мөлшерді білдіретін парадигмалық қатарға кіреді. Дүниенің концептуалды бейнесінде жалпыадамзаттық, ұлттық және жекетұлғалық нәрселер өзара бір-бірімен байланыста, өзара әрекетте болады.

Бұл айтылғандардың сөз мәдениетіне қатысты екенін түсіну үшін алдымен бастапқы номинация мен қосалқы номинацияның мәнін айқындап алуға тура келеді. Мысалы, үлкен сөзі бір заттың екіншісінен көлемдік айырмасын көрсетеді. Егер дене тұрқы бірдей емес екі ат тұрса, ірілеуін үлкен ат дейміз. Бұл – бастапқы номинация. Ал осы атты есік пен төрдей ат десек, қосалқы номинация. Бастапқы номинатив те, қосалқы номинатив те ақиқат дүние үзігін бейнелейтін таңбалар. Бірақ бастапқы номинативтер субъектінің ақиқат дүние үзігіне салғырт қатынасын, бейтараптығын білдірсе, қосалқы номинатив субъектінің (сөз субъектісінің) белгілі бір объектіге белсенді қатынасын білдіреді. Субъектінің белсенділігі тілдік таңбадағы коннотатив мағына арқылы айқын аңғарылып тұрады.

Мысалы, «еш уақытта жүзеге аспайтын нәрсе» деген дүниенің тілдік бейнесі барлық халықта болуы ықтимал. Дүниенің логикалық осы бейнесі көптеген халықта сәйкес келеді, бірақ образдары әртүрлі болуы мүмкін. Бұл ситуацияның қазақ тіліндегі бейнесі «ешкінің құйрығы көкке жеткенде» (аларсың) деген образбен беріледі. Ақиқат дүниедегі «тізеге дейінгі биіктік» қамшы бойы деген образбен беріледі. Басқа тілдерде ақиқат дүниенің бұл үзігі басқаша образбен берілуі ықтимал.


Мәтін бойынша қос жазба күнделігін толтырыңыз.



Мәтіннен үзінді


Түсіндірме/Комментарий

Мәтінде Сіздің назарыңыз­ды ерекше аударған бір мә­лі­мет (ой, идея, тұжырым, ақпарат, т.б.)
Мәтіннің әр бөлігінен 2-3 сөз, сөз тіркесі немесе фраза келтіру керек (толық сөйлем формасында жазу міндет емес).


Неліктен назарыңызды аударды? Не себепті оларды жазып алдыңыз?
Мүмкін, келісесіз/ келіспейсіз, жақтайсыз/ қарсысыз, әбден түсінікті/ түсініксіз, толғандырды/ толғандырмайды; немесе ол мәліметтер бойынша Сізде қандай да бір ойлар, идеялар, тұжырымдар туындады.




Сол жақта жазылған әрбір сөз немесе сөз тіркесіне түсіндірмені сөйлем түрінде жазыңыз.


5 Апта материалдары

Сөздерді дұрыс айту және дұрыс жазу нормалары. Сөз әдебі. Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті.

Жоспары:

  1. Ауызша сөйлеу және оның ерекшеліктері.

  2. Сөздің жазылуы мен айтылуы, ритмикалық топтар.

  3. Сөйлеудің көмекші құралдары.

  4. Дыбыстарды болатын сапалық өзгерістер, еріндік, ілгерінді, кейінді ықпал заңдылықтары.

  5. Сөйлеу стиліне тән ерекшеліктері.

Ауызша сөйлеу мәдениеті сөйлеген кезде орфоэпиялық қағидаларын сақтап, мәнерлеп сөйлеумен байланысты. Ауызша сөйлеу тілі: 1. Әдеби тілде сөйлеу. 2. Ауыз-екі сөйлеу тілі болып бөлінеді. Әдеби сөйлеу тілінің де сан алуан түрлері бар. Олар: лекторлардың, үгітшілер мен баяндамашылардың, актерлардың т.б. тілі болып бөлінеді. Әрқайсысының сөз қолдану ерекшелігі, айтайын деген ой-пікірін тыңдаушыларына жеткізу әдіс-тәсілдері әр түрлі болғанымен, бәріне ортақ заңдылық –орфоэпия нормаларын сақтау. Орфоэпия дегеніміз – сөздердің жалпыға бірдей қалыпты айтылу нормасын айтамыз. Сөздердің әдеби тілдегі жалпыға ортақ қағидада сөйлеу-кісінің тіл мәдениетінің жоғары екендігінің белгісі. Сөздердің айтылу нормасы былай болу керек дейді М.Балақаев: «Құлаққа жағымды, көңілге қонымды атылғанның бәрі –норма, бәрі-дұрыс. Құлаққа жат не тосаң естілетін, көңілге қонбайтын, дөрекі айтылғанның бәрі-нормаға жатпайды» /М.Балақаев Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. А, 1965, 37-38-беттер/

Сөз қалай жазылса, солай оқуды тіліміз көтере бермейді. Олай дейтініміз қазақ тілі – болмысында, табиғатында үнді, әуезді тіл. Оның айтылуында өзіндік әсем үн бар, қалыптасқан жатық әуен бар. Оның негізі мынада: сөздердің құрамындағы дыбыстар өзара үндесіп, біріне- бірі ықпалын тигізе айтылады. Мысалы, қазақ тіліндегі жуан, жіңішке,еріндік, езулік дауыстылардың сөз ішінде өзара үндесіп айтылуы сөз сазына келтіріп сөйлеуге жатады. Сөз сазы дегеніміз сөйлеу процесінде сөз ішіндегі немесе сөз аралығындағы дыбыстардың бір-біріне әсер етіп, бірін-бірі өз ыңғайына иіп алады. Мұның өзі бір жағынан сөйлеу мүшелерінің жұмысын жеңілдету көзделсе, екіншіден тыңдаушы адамның құлағына жұмсақ тиіп, сөзге әуенді үн береді. Мысалы, «төрде төртеу отыр төремін деп» дегеннің айтылуы: төрдө төртөу отұр төрөмін деп.Бұл сөздердіңқұрамындағы дауыстылар былайша үндескен: төр, төртеу, төре сөздерінің басқа буындарында жіңішке еріндік болғандықтан, олардан кейінгі буындарда да жіңішке еріндік болып айтылады: төрдө, төртөу, төрө; ал отыр сөзінің бірінші буыны жуан еріндік о болғандықтан, одан кейінгі буындағы ы дыбысы жуан ұ болып айтылады, алайда жазуда бұлардың бәрі «Төрде төртеу отыр төремін деп» деген қалпында жазылады.

Мәнерлеп сөйлеу, дыбыстардың қырын сындырып айту ежелгі ауыз әдебиеті үлгілерінен, шешендік сөздерден келе жатқан заңдылық. Сөзді қандай қатесіз жазу қажет болса, оны құлаққа жағымды, әуезді, мәнерлі етіп айту да сондай қажет. Дыбыстардың «қырын сындырып» айту (құрғол – құр қол ем ес, енгерек – не керек емес), қатар тұрған дауысты дыбыстың бірін түсіріп қолдану (дәметкен – дәме еткен емес, Сарағаш – Сарыағаш емес), ерін үндестігін сақтау (күрөк – күрек емес, жұлдұз – жұлдыз емес) сияқты орфоэпия заңдылықтарына көңіл бөлу міндетті. Сөйлеген кезде сөйлемдегі сөздердің бір-бірімен қиюласып ритмикалық бір топ құрып, бір ырғақпен (торалат – торы ала ат емес) айтылуын да қадағалап отыру қажет.

Сөйлеу процесінде сөздер екі-үштен топтасып бір ырғақпен айтылуын ритмикалық топ деп атаймыз. Мысалы, айтылуда: келалмады – келе алмады емес, баралмады – бара алмады емес.

Қазіргі қазақ тілінде ерін дауыстылардың үндесуі – орфоэпия заңдылығының бірі. Бұл заңдылық бойынша еріндік дауысты бірінші буында ғана қолданылады. Бірақ сөздің бірінші буынындағы еріндік дауысты дыбыс келесі буындардағы езулік дауыстыға әсер етіп, оны айтылуда еріндік дауыстыға айналдырады.

Мәлелен еріндік үндесу төмендегі жағдайларда кездеседі.Алғашқы буында «о» дыбысы болса, келесі буындағы қысаң «ы» дыбысы «ұ» болыпе айтылады да, жазылуда «ы» әрпі сақталады.

Жазылуы Айтылуы

орын орұн

қорық қорұқ

отыз отұз

болды болдұ

Бірінші буында «ө» дыбысы болса, келесі буындағы «і» дыбысы болып айтылады да, жазуда «і» әрпі жазылады. Жазылуы Айтылуы



көмір көмүр

өмір өмүр

өрім өрүм

бөлім бөлүм

Алдыңғы буында «ұ» дыбысы болса, келесі буындағы «ұ» дыбысы айтылып, жазуда «ы» әрпімен белгіленеді. Жазылуы Айтылуы



ұзын ұзұн

құзғын құзғұн

ұшқын ұшқұн

мұрын мұрұн

Алдыңғы буында «ү» дыбысы болғанда, келесі буындағы «і» дыбысы айтылуда «ү» болып, жазуда «і» әрпі сақталады. Жазылуы Айтылуы



үзік үзүк

үзіліс үзүлүс

бүлік бүлүк

бүтін бүтүн

Қазақ тіліндегі іргелес дыбыстардың бір-біріне әсері өте күшті. Алайда қазақ орфографиясының негізгі морфологиялық принцип болғандықтан, жазуда ол ескерілмей, сөздің орфоэпиясында ғана сақталады. Іргелес дыбыстардың бір-біріне әсер етуіне байланысты ілгерінді, кейінді ықпал заңдылықтары бар.



Ілгерінді ықпал деп түбір мен қосымшаның немесе сөз аралығындағы көршілес дыбыстардың алдыңғысы соңғысына әсер етіп өзгеруін айтамыз. Қазақ тілінде қолданылатын ілгерінді ықпал бойынша, бірсыпыра дыбыстар сөзде басқа дыбыстармен алмасып айтылады, бірақ түбірі сақталып жазылады.

1. Қатаң дыбыстардың әсерімен өзінен кейінгі ұяң «б, г, ғ, ж» дыбыстар қатаң «к, қ,ш» дыбыстармен алмасып айтылады, алайда түбірі сақталып жазылады. Мысалы,



Айтылуы Жазылуы

Жақыппек Жақыпбек

Көрікпай Көрікбай

көк пауыр көк бауыр

көк күл көк гүл

қаш жау қас жау

2. Түбір «ш» дыбысына аяқталып, қосымша «с» дыбысынан басталса, ол «ш» болып айтылады, «с» - мен жазылады. Мысалы,



Айтылуы Жазылуы

ашша ашса

ішше ішсе

шашша шашса

өшшің өшсің

3. Сөз дауыстыға, ұяңға, үндіге аяқталып, оған жалғанатын қосымша қатаң «қ,к» дыбыстарынан басталса, ол ұяң «ғ, г» дыбыстарына айналып естіледі, жазуда сөздің түбірі сақталады. Мысалы,



Айтылуы Жазылуы

малғора мал қора



алағол ала қол

қара гөк қара көк

ала гөз ала көз

Кейінді ықпал деп түбір мен қосымшаның немесе сөз аралығындағы іргелес дыбыстардың соңғысы алдыңғысына әсер етіп өзгертуін айтамыз. Қазақ тілінде қолданылатын кейінді ықпал бойынша да бірсыпыра дыбыстар өзгеріп естіледі.

1. Түбір «н» дыбысына аяқталып, қосымша «б, п» дыбыстарынан басталса, онда «н» дыбысы «м» дыбысымен алмасып айтылады да, «н» әріпімен жазылады. Мысалы,



Айтылуы Жазылуы

Жамбай Жанбай

Жампейіс Жанпейіс

Егімбай Егінбай

Тоғамбек Тоғанбек

2. Алғашқы морфема «з» дыбысына аяқталып, екінші морфема «с»дыбысынан басталса, «з» дыбысы «с» -мен алмасады. Мысалы,



Айтылуы Жазылуы

көссіз көзсіз

қасса қазса

бессе безсе

жассын жазсын

3 . Алғашқы морфема «з» дыбысына аяқталып, соңғы морфема «ж» дыбысымен алмасып айтылады да, «з» -мен жазылады. Мысалы,



Айтылуы Жазылуы

Божжан Бозжан

бож жирен боз жирен

көж жақсы көз жақсы

саж жол саз жол

Сөйлеген кезде қазақ тілінің мынадай ерекшеліктерін де естен шығармау қажет.

1. Сөздің алдына дауысты «ы, і» дыбыстарын қосып айту жазуда ескерілмейді. Мысалы,

Айтылуы Жазылуы

ырас рас

ылай лай

ырақмет рақмет

ылақ лақ

2. Қазақтың байырғы сөздерінде қатар айтылған екі сөздің алғашқысы дауысты дыбысқа аяқталып, соңғысы дауыстыдан басталғанда, екі дауыстының бірі түсіп қалып айтылады, жазғанда сөздердің түбірі сақталып жазылады. Мысалы,



Айтылуы Жазылуы

қарала қара ала

қарағаш қара ағаш

келе мекен келе ме екен

қаралтын қара ағаш

Түбір мен қосымшаның, екі сөз аралығында дыбыстардың бір-біріне тигізетін әсерінен пайда болған өзгерістерді жазуды ескермей, тілдің морфемалардың барлық жерде бір қалыпта олардың графикалық бейнесін қалыптастырады.



Сөйлеу стиліне тән ерекшеліктер.

1. Сөйлеу стилінде эмоцианалды сөздер жиі қолданылады. Мысалы, тәлпіш, зымия, ақымақ , мес қарын,таз.

2. Сөйлеу стилінде кейбір сөздер айтылуы бойынша жазылмайды. Мысалы, құлын, жұлдыз, жүрек т.б.

3. Сөйлеу стилінде диалектизм сөздер де айтыла береді. Мысалы, падашы-бақташы, келімдәрі-бұрыш т.б.

4. Сөйлеу тілінде кісі аттары қысқартылып айтылуы жиі кездеседі. Мысалы, Гүлмира-Гуля, Ақтолқын-Толқын, Мағауия-Мағаш т.б.

5. Сөйлеу тілінде сөздердің орын тәртібі еркін түрде болады. Мысалы, Дәл осылай айтса,сал Біржан сенің сыңарың дағы!-деді де тұрып кетті орнынан ол.

6. Сөлеу тілінде одағай сөздер жиі айтылады. Мысалы, Әй, байғұсым-ай, балаң келіп көзайым болдың ба?

7. Сөйлеу тілінде көп мағыналы сөздер пайдаланылады. Мысалы, өмірдің гүлі.

8. Сөйлеу тілінде синоним сөздер жиі қолданылады. Мысалы, Біздің ауылдың қыздары әрі көрікті, әрі сұлу, әрі әсем.

9. Сөйлеу тілінде сөздер қайталанып айтыла береді. Мысалы, Көке, көкежан, көке-ай, аға, ағажан, аға-ай.

10. Сөйлеу процесіне қосымша құралдар: мимика, понтомимика, мәнерлі қимыл- қозғалыстар қатысады.

11. Сөйлеу тілінде ой автоматты түрде дайындықсыз айтылады. Мысалы, қымыз ішесіз бе, көже ішесіз бе? қымыз, көже.

12. Сөйлеу тілінде қазақша сөзге орысша қосымша қосып айту кездеседі. Мысалы, Айнура, балашка.

13. Сөйлеу тілінде кейбір жағымды мағыналы сөздер жағымсыз мағына береді. Мысалы, батыр, данышпан т.б.

Баяу дауыспен жайбарақат сөйлеп отырған кісінің әрбір сөзі үйреншікті дәстүр бойынша айтылуға тиіс. Сөздердің сондай жалпыға бірдей, қалыпты айтылу нормасын - о р ф о э п и я дейміз. Мұндай норма әдеби тілде сөйлейтін кісілердің сөзінде болады. Әдеби тілде сөйлемейтін қарапайым кісілердің сөздерді айтуда өзіндік ерекшеліктері бола береді

Қазақ сөздерінің айтылуы мен жазылуы арасында үлкен айырмашылық жоқ. Тілдік нормалар қоғам мүддесіне негізделетіндіктен олар жалпы халыққа бірдей түсінікті, тілге жатық, айтуға ыңғайлы болуға тиіс.




6- Апта материалдары

Сөз қолдану мәдениеті

Жоспары:

  1. Сөзді дұрыс жазу мәдениеті.

  2. Жазбаша сөйлеудің адамзат дамуындағы рөлі.

  3. Жазудың тарихи дамуы.

  4. Жазудың түрлері.

  5. Жазбаша сөйлеудің ерекшеліктері.

  6. Орфографиялық норманың жалпыға ортақтығы.

Тіл коммуникативтік қызметін ауызша да, жазбаша да атқара алады. Тіл дыбыстары әріп арқылы таңбаланады. Нәтижеде оның қатынас құралы ретінде пайдалану өрісі кеңейеді. Жазу- адамзаттың, материяның өмір сүру формасы болып табылатын кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай қарым- қатынас жасауына мүмкіндік туғызатын аса бағалы құрал. Олай дейтініміз, ауызекі қарым- қатынас жасаудың мүмкіндігі сөйлеуші мен тыңдаушының арасындағы кеңістігіне байланысты болады да, оның шеңберінен ұзап кете алмайтыны белгілі. Ал кеңістіктің шеңбері құлаққа естілудің мүмкіндігімен ғана өлшенеді де, адамдар ауызша тілдескенде, көзбе- көз жүздескенде ғана бір- бірімен санасып пікір алыса алады. Алайда мұндай салыстыру ауызекі тілдің қызметіне нұқсан келтірмесе керек. Ауызекі пікір алысу күнделікті өмірде аса құнды қызмет атқаратынын ешкім жоққа шығара алмайды.

Жазбаша тілдің ауызекі тілден кейін пайда болған, оның таңбалайтын белгілердің жасауымен байланысты екендігі белгілі. Жазудың пайда болып, соған сай жазбаша тілдің дүниеге келуінің адамзат мәдениетінің тарихында орасан зор маңызы болды. Жазу- сызусыз мәдениет атаулыны, техника прогресін, цивилизация дамуын көзге елестетудің өзі мүмкін емес. Орыстың көрнекті жазушысы Леонид Леонов жазудың адамзат өміріндегі маңызы жайында былай дейді: «Адамдардың тегін қорлық жағдайдан бөліп алып шыққан, өткен замандарда ашылған ұлы жаңалықтардың ішінде жазу өте- мөте үлкен қызмет атқарады. Әліпбидің пайда болған күнін адамның өзін- өзі біліп ұғынудың дәуірі деп есептеуге болады. Осыдан кітап басу станогының пайда болуына тура жол ашылды. Адам өзінің қазіргі биігіне нақ кітап арқылы баспалдақпен көтерілгендей көтерілді» /Л. Леонов. Литература и время. М., 1964, стр.252/.

Адам, қоршаған орта, табиғат, қоғам жайындағы білімді негізінен жазба тіл арқылы хатқа түсірілген, «балталасаң кетпейтіндерді» оқу арқылы меңгереді.Адамзаттың сонау көне дәуірінен бастап, біздің күні бүгінімізге дейінгі сан ғасырлар бойына ғылым мен техника, әдебиет пен өнер саласында жасаған күллі мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген де – жазба тіл.Алдыңғы ұрпақ жасаған және бүгінгі таңда жасалынып жатқан мол рухани дүниені бізден кейінгі ұрпақтарға, дәуірден- дәуірге жеткізетін де – жазба тіл.

Жазудың тарихы өте ерте дәуірден басталады. Көне жазуды да, қазіргі жазуды да зерттеп білудің әрі теориялық, әрі практикалық үлкен мәні бар.

Көне жазу нұсқаларын талдап зерттеудің орасан зор мағынасы бар. Жазудың тарихын зерттеп білу тіл білімі үшін ғана емес, сонымен бірге тарих ғылымы үшін де, археология мен этнография үшін де маңызы айрықша.

Қазіргі біз пайдаланып жүрген жазу көп кейін туған. Оны тапқан ежелгі финикийліктер деседі. Ол алфабетикалық жазу деп аталады және ауыз екі сөйлеумен тығыз байланысты: графемамен (әріппен) фонема (сөйлеген сөздің дыбысы) белгіленеді. Әр тілде фонеманың саны шектеулі болады, сондықтан да шағын мөлшердегі графамен кез келген ойды білдіруге болады.

Жазудың тарихына көз жіберсек, әріптен таңбалаудың кейінірек болғанын білеміз. Жазу өте ерте заманда жасалып, мыңдаған жылдар бойы өзгеріп, дамып келді. Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралады. Ол таңбалар бүтіндей сөзді, не буынды, не дыбысты білдіреді. Жазу жүйесіндегі таңбаларды не бүтіндей хабарды, не жеке сөзді, не буынды, не дыбысты белгілеуіне қарай, жазу мынадай түрлерге бөлініп қарастырылады:


  1. пиктографиялық жазу

  2. идеографиялық немесе логографиялық

  3. морфемографиялық

  4. силлабографиялық. 5.фонелографиялық

Пиктографиялық жазу – жазудың ең алғашқы түрі. Бұл – суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп атайды. Пиктографиялық жазудың таңбалары пиктограммалар деп аталады. Бұл жазу әр түрлі суреттердің жиынтығынан құралған. Әрбір сурет (пиктограмма) өздігінен бүтіндей хабарды білдіре алады. Хабар графикалық жағынан жеке сөздерге бөлшектенбейді. Осыған орай пиктограмма тілдік формаларды емес, оның мазмұнын бейнелейді.

Логографиялық жазу. Пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу пайда болады. Логографиялық таңба не жеке сөзді немесе атаушы бөлігін белгілейді.

Морфемографиялық жазу. Морфемалармен жазу, жазу белгісі морфемаграмма.

Силлабография – «буынды жазу», жазу бірлігі силлабограммалар.

Фонелография – «фонемалармен жазу» яғни тіл дыбыстарын белгілі таңбалармен белгілеу. Тіл дыбыстары жазуда графикалық таңба - әріптермен таңбаланады. Бірінен кейін бірі рет ретімен орналасқан әріптердің жиынтығын әліпби деп аталады. Міне, осылайша адамзат бүгінгі жазу үлгісіне жетті.

Орфографиялық норма

Орфография гректің orfos – түзу, дұрыс, grapho – жазамын деген сөзінен алынған. Орфография деп белгілі бір тілдегі сөздердің дұрыс жазылуы туралы ережелердің жиынтығын айтамыз.

Орфография тілдегі сөздердің, олардың грамматикалық формаларынан бір келкі жазылу нормасын белгілейді. Әдеби тілдің лексикалық, орфоэпиялық грамматикалық нормасы әрбір сауатты адамға қандай міндетті болса, сөздердің жазылу нормасы да сондай міндетті. Тілдің орфографиялық үкіметтің бекітуі де оның жалпы халыққа ортақ, міндетті екенін аңғартады. Бұл - сөздердің біркелкі жазылуын қалыптастыруға көмектеседі. Біркелкі жазу қалыптасқан тілде сөздің жазылу бейнесі сауатты адамға белгілі сөзді білдіретін біртұтас жазу таңбасына айналады. Сөздің графикалық бейнесінің адам санасында әбден бекуі сөздерді дағды бойынша дұрыс жазып, тез оқуға көмектеседі.

Қазақ жазуының ең бірінші орфографиялық ережелер жинағы 1914 жылы ғана жарық көрген. Бұған дейін қазақ халқы араб әліпбиін пайдаланып жүргенімен, қазақ тіліндегі сөздің қалай білдіретін сөздер жиынтығы болмаған. 1911 жылдан бастап, баспа бетінде қазақ жазуын жүйеге келтіру, сөздердің дұрыс жазылуын айқындау жайында пікір-талас болып, ол қазақ тілі орфографиясын жасауға әкелді. Сөйтіп, 1914 жылғы қазақ тілі орфографиясы пайда болды. Бұл орфография ережелері 1924 жылы толықтырылды, кейбір ережелер өзгеріссіз қалды. Бұл ережелер 1926 жылға дейін қолданылды, 1929 жылдан 1940 жылға дейін латын әліпбиіне көшумен байланысты қабылданған қазақ тілі орфографиясы қолданылды.

Қазақ тілінің қазіргі орфографиясының алғашқы нұсқасы 1940 жылы орыс графикасына көшумен байланысты: дәлірек айтсақ 1940 жылы 10 қазанда ҚазССР жоғарғы советінің Ү сессиясы қазіргі қазақ орфографиясын бекітті.

Қазіргі қазақ орфографиясы қабылданғаннан бері екі рет 1957, 1983 жылы ресми өзгерністер енгізілді. Атап айтқанда:

1. «ый» дыбыстарының тіркестері сөз ішінде кездескенде, олар «и» әрпімен ғана белгіленеді. Мысалы, қыйын – қиын, жыйын – жиын, тоқыйды – тоқиды.

Бұл ережелерге бағынбайтын тый, сый деген екі сөз және бұл екі түбірден тараған басқа түбірлес басқа сөздер. Мысалы, тый, сый, тыйылу, сыймау т.б.

2. Сөздердің соңында я, ю әріптерінің алдынан и әрпі жазылатын болды. Мысалы, тақия, дария, жария, Рахия, Ғалия т.б.

3. И дыбысына бітетін етістіктерге жалғанатын, тұйық райдың у жұрнағы я, ю түрінде жазылады. Мысалы , қи-у – қию, и-у – ию, жи-у – жию, қи-а – қия, жи-а – жия, ақси-у – ақсию,жыми-а – жымия т.б.

4. «ый», «ій» дыбыстарының тізбегіне сөз аяқталғанда, оған көсемшенің «и» жұрнағы жалғанғанда, «ый», «ій» әріптерінің тіркесі «и» әріпімен алмастырылады, ондай сөздер былайша жазылады. Мысалы, байы-и-ды – байиды (байды емес), кейі-и-ді –кейиді (кейді емес).

5. Орыс тілінен енген қосарлы дауыссыз дыбысқа аяқталған термин сөздерге қосымша жалғанғанда, бір дауыссыз түсіп қалады. Мысалы, металл – металды, бір грамм – бір грамдай т.б.

6. Орыс тілінен енген термин сөздер рк, нк, ск, кс,кт, фт,нг дауыссыз әріптерінің тізбектеріне аяқталғанда, соңғы буыны жуан-жіңішкелігіне қарамай, қосымшаүнеме жіңішке болып жалғанатын болды. Мысалы, Омск – Омскіде, банк – банкіге, дифтонг – дифтонгісі т.б. Жоғарыдағы қазақ тілі ережелеріне енгізілген өзгерістер мен толықтырулардың орфографиялық норманың бір жүйеге түсуінің маңызы зор болды. Әсіресе терминдік мәні бар сөздердің жазылуы басқа тілден енген сөздерге қосымшаның жалғану заңдылықтары тәртіпке келтірілді. Алайда қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне келгеннен соң орфографиялық заңдылықтарды қайта қарап, тұжырымдау – уақыт талабы.

Жазбаша сөйлеудің ерекшеліктері

1. Жазбаша сөзде сөйлемге байланысты қойылатын тыныс белгілерден басқа оны қабылдауға әсер етудің қосымша құралдары болмайды.

2. Жазбаша сөйлеудің логикалық жағына аса қатаң талап қойылады. Алайда қойылатын басты шарт: жазбаша сөз бастан аяқ түсінікті болуы тиіс.

3. Жазуда орфографиялық норма қатаң ескеріледі.

4. Автордың көңіл-күйі (сүйсінуі, күйінуі т.б.) орын тауып қойылған сөздер мен сөз тіркестері арқылы берілді. Сондықтан әр сөздің ой елегінен өткізіп айтайын деген пікірге дәл беретін сөздерді таңдап, талғап құрастыру тиіс.

Жазудың өмiрде атқаратын рөлi зор. Оның да шығy, даму тарихы бар. Жазу адамдардың кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкiндiк бередi. Ал ауызекi сөйлеу тiлi туралы мұны айта алмайсың. Өйткенi сөйлесу жүзбе- жүз кездескенде ғaнa болатын нәрсе. Жазу арқылы алыста жатып та, жақын тұрып та «сөйлесе» беруге болады. Жазусыз мәдениет атаулыны, өркениет атаулынф көзге елестету қиын. Олай болса, жазудың шығyын көне замандарда ашылған ұлы жаңалықтардың бiрi деп есептеу керек.


7- Апта материалдары

Ауызекі және жазбаша сөз қолданудағы қателіктер
Жоспары:

  1. Фонетикалық қателер.

  2. Лексикалық қателер.

  3. Морфологиялық қателер.

  4. Синтаксистік қателер.

  5. Логикалық қателер.

Бір-бірімен қарым-қатынас барысында адамдардың тілінде көптеген қателерді кездестіруге болады. Тілдерінде икемсіз, орашолақ құрылған сөйлемдер, бір –бірімен байланыспайтын ұғымдар кездеседі.Белгілі бір ұғымды аша алмайтын сөздер пайдаланады. Сондықтан айтылмақшы пікір түсініксіз шығады.Бұл олардың орфоэпиялық, орфографиялық, граматикалық нормаларыды білу қатар стилистикалық талаптарды сақтамайтындығын аңғартады.

Адамдардың ауызша және жазбаша тілдеріндегі стильдік қателерді анықтауда, топтастыру мен жіктеуде қазақ тілінің маман ғылымдары мен әдіскерлері әр түрлі пікірлер айтқан.

Балақаев М. жазбаша және ауызекі сөйлеу мәдениеті жайында күрделі проблемаға байланысты стильдік қателіктерді, атап атқанда, тіл мәдениетіне нұқсан келтіретін орфографияға, орфоэпияға байланысты стильдік қателердің «сөздерді орынсыз қолдану, дұрыс тіркестермеу, сөйлемдерді мінсіз құрастыра алмау сяқты және сөздегі ала- құлалық, жергілікті жерлер де ғана қолданылатын (диалект, говор) сөздерді жиі қолданудан болады»,- деген сияқты түрлерін атап өтеді. / Балақаев М. Қазақ тілі мәдениетінің мәселелері. А., 1965,96-108-беттер/

Көптеген тіл мамандары мен ғалымдардың ой –пікірлерін қорытындылай келіп стильдік қателердің мына сияқты түрлері кездесетіндігі байқалады.



1) Фонетикалық қате. Мұндай қателер адамдардың ауызекі сөйлеу барысында көптеп ұшырасады.

а) Сөздегі кейбір дыбысты алмастырып қолдану. Мысалы, бітірді-пітірді, жүз- дүз, ұқсап-құсап т.б.

ә) Сөздегі кейбір дыбыстарды түсіріп қолдану. Мысалы, алыпты- апты, қалыпты-қапты, атағанбыз-атағамыз, көргенбіз- көргеміз т.б.

б) Кейбір екі сөзден тұратын тіркестердегі бірінші сөздің соңындағы дыбыстарды түсіріп, қысқартып, екі сөзді біріктіріп қолдану. Мысалы, барған соң - барғасын, келген соң – келгесін, алып барды - апарды, алып келді - әкелді т.б.

в)Кейбір сөздерге артық дыбыстар қосып қолдану. Мысалы, тағы - тағын, барасыз - барасыңыз т.б.

2. Лексикалық қате. Адамдардың тілінде ең көп кездесетін қателердің бірі-лексикалық қате. Оның мына сияқты түрлері кездеседі.

а) Бір сөзді қайталап қолдана беру. Мысалы, Динара ерте тұрды. Динара дене қимылдарын жасап, беті- қолын жуды. Динара тамақтанып, мектепке кетті.

Мұндай қателерді адам мына себептерден жіберетіндігі байқалады.біріншіден, оның ой-өрісі тар, екіншіден, сөздік қоры тапшы, сол қолданылатын сөздердің синонимімен немесе басқа сөздермен ауыстырып қолдануға дағдыланбаған.

ә) Сөздің беретін мағынасын түсінбегендіктен орынды қолданбайды.Мысалы, Махамбеттің Исатай мақты жолдасы болды. Бұл сөйлемдегі «мықты» деген сөзді ауыс мағынада қолданғысы келгенмен, бұл сөйлемде ойды тиімді де көркем беруді септігін тигізіп тұрған жоқ..

б) Фразалық тіркестердің мәнін білмей қолдану. Мысалы, Аблайхан жас кезінде Төле бидің қол баласы болды.

Бұл сөйлемде жазушы «қол бала» деген фразалық тіркестің «жәрдемші» мағынасын ескермей, оны «жалшы» деген мағынада қолданған.

в) Кейбір сөздерді қолдануда кісілер сол сөздің экспрессивті-эмоционалды мәні мен стильдік реңін білмейтіндігі байқалды. Мысалы, Біржан Сараны күшті ақын екендігінен жеңген жоқ.

Мұндай қателерді сөздердің ауыспалы мағынасы мен стильдік реңін жете түсінбегендіктен жібереді.

г) Кейде адамдар тілінде жергілікті диалект сөздер қолданады. Мысалы, Ер Төстік сосын жер астына түсіп кетті. Азанда ауқатын ішіп, мектепке кетті.

ғ) Ойға қатыссыз артық немесе даяр «штамп» сөздерді пайдалану. Мысалы: 1. Бала атасымен жолға шықты. 2. Содан соң бала сынған тағаны көрді. 3. Сөйтіп оны алмады.

Кейбір адамдар ауызекі сөздерін де ғана емес, жазба жұмыстарында да басқа тілден енген сөздерді қалай болса солай қолданатындығы байқалады. Әсіресе, орыс тілінен енген сөздердің аудармасы бола тұра, орынсыз, бей-берекет қолдана береді. Мысалы, дежурный болдым, остановкада тұр, светті жақ т.б.

3. Морфологиялық қате. Сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғай білмеуден, олардың стильдік реңін дұрыс түсінбеуден жіберіледі.Адамдардың ауызекі сөздері мен жазба жұмыстарында оның мынадай түрлері кездеседі:

а) Адамдардың тілінде кейде өзінше «сөз жасау» практикасы кездесіп қалады. Мысалы, Мектеп құрылысына балташылар мен сылаушылар, ағаш ұсталары мен ісшілер келді. Бұл сияқты қателер адамның қосымшалардың сөз тудыру, жалғану аясын білмегендігінен болады.

ә) Кейбір септік жалғауларынан мағыналық реңдерін түсінбей ауыстырып қолдана береді. Мысалы: Абай жас кезінде молдаға оқыды.

б) Көптік жалғауларды кейбір көптік мәні бар сөздерге жалғау немесе көптік жалғаудың көптік мәнінен басқа рең беру ерекшеліктерін білмей қолданады. Мысалы: Егістіктерде малдар жайылып жүр. Биылғы көктемде жауындар көп болды.

в) Бір түрлі жалғауларды сөйлемде қат-қабат қолдану арқылы сөйлемнің көркемдігіне нұсқан келтіреді. Мысалы, Көктемде, күзде орманның ағаштарының түсі сарғаяды.

г) Сөз таптарының жұрнақтарын сөйлем мен сөйлемді байланыстыру мақсатында немесе негізгі сөздер мен көмекші сөздерді пайдалануда қатар қолданып, ойды түсінуді қиындатады. Мысалы, Төстік жоғалып кеткен ағаларын іздеп шығып, ағаларын тауып алып, еліне қайтпақшы болып, ертіп шықты. Мұнда етістіктің қосымша түрінің жұрнағын қайталау үсті-үстіне қолдану жай сөйлемдерді тиянақсыз айтайын деген ойын түсінуді қиындатады.



4. Синтаксистік қателер. Бұндай қателерге сөз бен сөздің баланысу тәсілдерінен, сөз тіркестерінен, сөйлем түзуінен жіберілген кемшіліктер жатады. Бұл қателердің мына түрлері кездеседі.

а)Сөйлемдегі сөздердің байланысу тәсілдерінен қате жібереді.Мысал:Алыстан ағаш басы қарауытып көрінеді.

ә) Сөйлемдені сөздердің орын тәртібінен қате жібереді, сөздердің әдеттегі орнын ауыстырып қолданудағы стильдік мәні ескермейді. Содан адамдар инверциядан қате жібереді. Мысалы: Ұзақ сапардан арып-ашып келді Ер Төстік.Бұл сөлемде бастауыш (Ер Төстік) өз орнында тұрған жоқ.

б) Құрмалас сөйлемдегі жай сөйлемдердің ара жігі ажыратылмай араластырып, бір-бірімен байланыстырмай, айтайын деген ойы шашыраңқы берулі кездеседі.Мысалы: Интернатқа Борштың апасы келіп, анасы оны көріп, сүйтіп, айқайлап жылап, құшақтады.

в) Сөйлемде екі бастауыш қатар қолдану кездеседі. Мысалы: Ғабит Мүсірепов ол «Қос шалқар» әңгімесін жазды.

5. Логикалық қате. Ойды көркемдеп әдеби тілдің нормасында жеткізуде әр сөз, сөз тіркесін және сөйлемді сұрыптап, оның құрылысына, сөйлем мүшелерінің орын тәртібіне, сөздің лексикалық мағынасына қарап әсерлі де нақты пайдалану тілімізде жеткіліксіз.

Кей адамдардың ауызекі сөздері мен жазбаша жұмыстарында атайын деген ойын шашыратып, сөйлемдеріндегі ой бір-бірімен байланыспай, тұжырымды пікір айту мен қорытынды жасауда кемшіліктерге жол береді. Бір ой аяқталмай-ақ екінші ойдыбастайды немесе араластырып қолдана бареді. . Логикалық қателерге негізінде мынадай қателер жатады.

а) Сөйлемдегі айтылатын ойдың иесі белгісіз болып қалады.Мысалы: Амангелді сарбаздарына мылтық пен қылыш таратып берді.

Бұл сөйлемдегі Амангелдінің сарбаздарына мылтық пен қылыш таратып берген өзі ме, әлде басқа ме екендігі белгісіз.

ә) Сөлемдегі ой бір-бірімен байланысқа түспей түсініксіз берілуі. Мысалы: 1. Әкесі мен баласының қоштасар сәті келді. 2. Екеуі құшақтасып ұзақ уақыт тұрды. 3.Оның көзінен жас шықпады. Бұл сөйлемде кімнің шықпағаны белгісіз күйде қалған.

Қорыта айтқанда, адамдардың сөйлеуінде осындай қателер кездеседі. Әрбір мәдениетті адам қарым-қатынас үрдісінде осынау қателерге жол бермеуі тиіс.

Өз бетінше дайындық үшін бақылау сұрақтары :

- Газет-журналдарда кеткен қателерді жинау.

- Радио, телеарналарда кеткен қателерді жинау

- Тіл мәдениеті және шешендік өнер.

- Тіл мәдениетін дамытудағы көркем әдебиеттің ролі.

- Тіл мәдениеті – қоғамдық-әлеуметтік мәселелермен байланысы.



2-модуль.

8 – апта материалдары

Сөйлеу мәдениеті және фонетикалық норма
Лексикалық норма. Халық тілінде бар сөздердің көпшілігі көркем әдебиетте жиі қолданылып жалпы халықтық нормаға айналады да, бір қатары қолданудан қалып қояды немесе өте сирек пайдаланылады. Ауызекі тілде бар біраз сөздер әдебиетте кездескенімен, әдеби нормаға жатпайды. Мысалы: шаһар, кент, әм, әтеш, бойлай, жүде сөздері кейбір сөз зергерлерінің туындыларында кездескенімен, бірақ олар әдеби тіл нормасына жатпайды. Олардың орнына қала, және, қораз, өте сөздері әдеби болып табылады.

Қазақ әдеби тілінің сөз байлығы жалпы халықтың қасиеті бар байырғы және өзге тілдерден енген сөздерден, ғылымның, өнер-білімнің, техниканың, саясаттың, мәдениеттің т.б. әр алуан терминдерінен құралады.

Қазақ тіліндегі сөздік қордағы сан алуан сөздердің әдеби тілге жататындары бар, әдеби тілге тән емес, одан тыс, сөйлеу тіліне ғана жататындары бар.

Әдеби тілдің лексикалық нормасына жатпайтын сөздер мыналар:

1. Диалектизмдер. Диалект деген термин тілде жалпы халықтық сиапт алмаған белгілі бір жерде ғана қолданылатын өзіне ғана тән тілдік ерекшеліктері бар жекелеген аймақ, территорияны білдіреді.Мысалы:

Әдеби Диалектизм

салдары зарпы

беймаза бейана

кебек буызді

үкімі бойлай

әрең шаққа

2. Профессионализм.

Бұған белгілі бір кәсіппен айналысатын адамдардың пайдаланатын сөздері жатады. Мәселен бау-бақша, мақта, күріш шаруашылықтарымен кәсіп ететін оңтүстік аймақтарда сүдігер, көшет, әңгелек, масақ, құлақ, қауашақ, собық, қарық, атыз сияқты сөздер бар.

Кейбір кәсіби сөздердің әдеби тілде баламасы болмаса, оларды әдеби нормаға айналдырып тілдің лексикалық байлығын арттыруға болады.


  1. Дөрекі, былапыт және жаргон сөздер.

Кейбір кісілердің тілінде өздері әбден қалыптасып кеткен «бұралқы» сөздер кездеседі. Мысалы « Ол кеше нені нетіп келді», «Олар, жаңағы, енді, тап тартысы, жаңағы, күшейтті». Міне осындай «нені», «жаңағы», «сосын», «сонан соң», «иә», «яки», «тағы» т.б. сөздерді жиі қолданады. Әрбір адам мұндай қоңырсық, былапыт сөздерден аулақ болуы тиіс.

  1. Лексикада бірізділікті көбірек тілейтіндер – терминдер. Термин дегеніміз - өндірістің, ғылымның, техниканың, өнердің, мәдениеттің даму нәтижесінде пайда болған ұғымдарды білдіретін арнаулы сөздер. Қазақ тіліне термин сөздер орыс тілінен немесе орыс тілі арқылы басқа тілден енеді. Терминология қай салада болса да, тек жаңа ұғымның пайда болуымен бай- ланысты дамып отырады. Терминдер тілде бар байырғы сөздерге қазақ тілінің қосымшаларын жалғап, жаңа мағынаға ие етіп те пайда болады. Мұндай жаңа атаулар баспасөз бетінде сыналып, мемлекеттік терминология комиссиясының ұйғаруымен әдеби тілдің нормасына айналып отырады.

Тіліміздегі фразеологиялық тіркестер – лексиканың ең бір айшықты бай саласы. Бұлар өзінің экспрессивтік-эмоциялық әсерлілігімен көзге түседі. Фразеологиялық тіркестер көркемдік қасиетіне орай көркем шығармада молынан қолданылады.

Фразеологиялық тіркестерді қолдана білу – тіл білудің үлкен белгісі. Халық қазынасы болып табылатын фразеологизмдерді жақсы білетін кісі ой өрнегін түрлендіріп, ұтымды, түсінікті, ықшамды етіп береді. Сондықтан әрбір мәдениетті, сауатты кісі, тілге шешен болғысы келетін студент халық тіліндегі тұрақты тіркестерді көңілге тоқи жүріп пайдалануы тиіс.

Сонда фразеологиздер дегеніміз не? Кемінде екі сөздің тіркесуінен жасалған, мағынасы бір тұтас, құрамы мен құрлымы тұрақты, даяр қалпында қолданылатын тілдік бірлік, әдетте, фразеологиялық тіркес деп аталады. Мысалы, қас қаққанша, көзді ашып жұмғанша, қас пен көздің арасында, ит арқасы қияда, тайға таңба басқандай, үріп ауызға салғандай, ат үсті қарау, ата мекен, ата жау, су ми, су жүрек т.б. сияқты сөз тіркестері фразеологизмге енеді. Мысалы, Басқарма маған мына бір сөзді мірдің оғындай қадап айтып еді. Салым суға кеткендей жабырқау тартып үйге келсем, жастығымның үстінде Шегеннен келген хат жатыр екен (Ғ.Мұст.).

9 Апта материалдары

Тілдің лексика-фразеологиялық тіркестерінің сөйлеудегі (жазудағы) қолданысы Лексикалық норма, оның шарттары. Тілдің лексика-фразеологиялық тіркестерінің сөйлеудегі қолданысы.
Өз бетінше дайындық үшін бақылау сұрақтары:

- Көркем әдебиетте кездесетін диалект сөздерге шолу жасау, қолданылу ерекшелігіне тоқталу.

- Дөрекі, былапыт және жаргон сөздерге мысаодар келтір.

- Тіл мәдениетінің орфографиялық және орфоэпиялық нормасы.

- Тіл мәдениетінің лексикалық нормасы.

Әдебиет: 1. Айтбаев Ө. Мақал-мәтелдердің жазуымыз бен сөйлеуіміздегі қызметі. Жинақ. Сөз өнері. А., 1978, 90-98-беттер.

2. Айтбаев Ө., Есенқұлов А. Көркем әдебиетке – көркем тіл. Жинақ: Жазушы және сөз мәдениеті. А., 1989, 43-56-беттер.

3. Қарағұлов Ө. Шығарма көркі – шұрайлы тіл. жинақ: Жазушы және сөз мәдениеті. А., 1988, 115-135- беттер.

4. Қайдаров Ә. Шығарма тілі – көркем әдебиет өзегі. Жинақ: Өнер алды – қызыл тіл. А., 1986, 42-65- беттер.

5. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті А, 2004.

6. Серғалиев М. Келісті сөз – көркемдік кепілі. «Жұлдыз», 1975, № 11, 195-200 беттер.

7. Төреқұлов Н. Нақыл сөз – тілдің нәрі. Жинақ: Өрелі өнер, А., 1976, 126-128 беттер.
Фразеологизм мен күрделі сөздерді салыстыру. Мысалы, бас тарту. 1. Байсал ақсақалға қой сойып , бас тартты. 2. Бауыржан оларды қоштаудан бас тартты. Жағасын ұстау. 1. Марат келіп Мұқанның жағасынан ұстай алды. 2. Шұбар соны естіп жағасын ұстап келді (М.Әуезов).

Қазақ тілінде фразеологиялық тіркестер үшке бөлінеді: идиома, фраза және мақал-мәтелдер. Идиомалардың білдіретін мағыналарына олардың құрамындағы сөздердің мағыналары қатыспайды, мүлде басқа мағынада, сол тұрақты қалпында оды әсерлі, образды етіп айту үшін жұмсалады. Мысалы, қара қылды қақ жару, қой үстінде боз торғай жұмыртқалау, қас пен көздің арасында, қой аузынан шөп алмау, аузымен орақ ору т.б. бұл идиомалардың білдіретін мағыналары осы тіркестерді құрастырушы сөздердің мағыналарынан келіп шықпады. Мысалы, аузы-мұрны қисаймастан деген идиоманың білдіретін бір бүтін мағынасы (ұялмастан, шімірікпестен) осы тіркестің құрамындағы аузы-мұрны қисаймастан деген сөздердің білдіретін мағыналарына мүлдем сәйкеспейді.

Фраза ерікті мағынасындағы сөз бен фразеологиялық байлаулы мағынасындағы сөздің тіркесінен жасалып, өзінің даяр қалпында жұмсалады. Мысалы, мидай дала, асқар тау, шалқар көл, ата мекен, ата жау, аталы сөз, су жаңа қыпша бел т.б. осы сияқты тұрақты сөз тіркестер енеді. Идиоманың құрамындағы ерікті мағынасындағы сөз алуан түрлі сөздермен тіркесіп жұмсалуға икемді болса, фразелогиялық байлаулы мағынасындағы сөз бір не бірен-саран сөзбен ғана тіркеседі. Мысалы, мидай дала, шалқар көл деген сөздер әр түрлі сөздермен тіркесіп жұмсала берсе (жазық дала, кең дала, ұлан-ғайыр дала, терең көл, үлкен көл, кішкене көл т.б.) фразелогиялық байлаулы мағынасында мидай сөзі дала сөзімен, шалқар сөзі көл сөзімен ғана тіркеседі.

Тіліміздегі тұрақты тіркестердің бір түрі – мақал-мәтелдер. Олар халық данышпандығының айнасы. Сонау ата заманнан, сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасасып, екшеліп, ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып қалып жатқан ауыз әдебиетінің бай саласының бірі мақал-мәтелдердің ерекше қасиеті көлемінің шағындығы, мазмұнының кеңдігі, тілдің өткірлігі, мағынасының тереңдігі. Әрі ол барлық халыққа бірдей әсерлі, жалпы адамзатқа ортақ, көңілге қонымды, ұтымды келеді.

Мақал-мәтелдердің көбі өмір шындығының қорытындысы, іс-әрекеттің ережесі болып келеді. Мысалы, «Бөтен елде сұлтан болғанша, өз еліңде ұлтан бол!», «Елінен безген ер оңбас, көлінен безген қаз оңбас!»- десе ата-бабамыз, қазіргі солардың ұрпағы біз оны қалай мансұқ етіп, бекер деміз?! МСақал-мәтел аз сөзді, терең мағыналы, әрі ұтымды болғандықтан, сөйлеген сөзде пайдалана білу жоғары мәдениеттілікті, ойлылықты байқатады. Өйткені «Сөздің көркі –мақал, жүздің көркі – сақал» дегендей мақал-мәтел айтылайын деген ойға мазмұндылық дарытады. Мысалы, «Шегірткеден қорыққан егін екпес», «Еңбек түбі – береке», «Еңбексіз егін бітпес, оқусыз білім бітпес» сияқты мақалдар еңбекті ұйымдастыру барысында әңгімеде пайдалану сөз мазмұнын жандандыра түседі. Осындай орынды қолданған мақал-мәтелдер ауызекі сөзді де, жазбаша сөйлеуде де шешендік, көркемдік элементтерінің бірі болғандықтан халықтың тіл байлығын қадір тұтып, тіл өнерін үйренемін деушілер оларды көп біліп, дұрыс пайдалануы қажет. Мақал-мәтел адамды образды ойлатуға үйретеді.

Қанатты сөздер. Қанатты сөздерді айтылатын оймен орайластырып дұрыс қолдана білген адамның сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге бірден ұлай қалатын, дәл, әрі көркем болады. Бұлар бұрын-соңды шешендер мен көркем ақын-жазушылардың аузынан, қаламынан шығып жұртшылыққа тарайды да, олар бүкіл халықтың қасиетіне ие болып жалпылық сипат алады. Мысалы,, «Кімнің тарысы піссе, соның тауығы», «Соқыр тауыққа бәрі бида», «Сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды», «ит үреді, керуен көшеді», «Сырдың суы сирағынан келмейді» сияқты қанатты сөздерді о баста қашан? кім? айтқаны белгісіз, сондықтан олар халықтың нақыл сөздері деп айтылады. Бірқатар қанатты-нақыл сөздердің авторы белгілі. Мысалы, «Баяғы жартас бір жартас», «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ» (Абай), «Достың сыры досына паш» (С.Торайғыров), «Жаңылмайтын – жан, сүрінбейтін тұяқ жоқ» (Ғ.Мүсірепов).

Қанатты сөздер – ұшқыр ойдың қанаты. Айтылатын ой-пікірдің көркем бейнелеудің құралы. Оны көп біліп, сөйлеуде, жазуда сөйле алу – үлкен өнер. Қазақ халқының айқын ойлы данышпан ұлдары мен классиктері сөз шығармаларында қанатты-нақыл сөздерді мол пайдаланған. Мысалы,

Әсемпаз болма әрнеге,

Өнерпаз болсаң, арқалан.

Сен де бір кірпіш дүниеге,

Кетігін тап та, бар қалан. (Абай)

Дүниенің қазіргі кетігі көп, кез келген жерде барып қалана беруге болмайды, бірақ ұлы ақынның қалауы ол емес, халқыңа керекті кетікті толтыр дегенді білдіреді.

М.Әуезов «Абай жолы» романында Абайдың болашақтан үлкен үміт күтетін жаңашыл адам екенін көрсету үшін оған мына сөздерді айттырады:

- Арыстан айға шауып мерт болғанмен, артында жортқан баласы арыстандық етпей ме? Ақ сұңқар ауға шырмалғанмен, ұясынан ұшқан балапаны сұңқарлық етпей қоймас! – деген қазақ неткен дана! Ғ.Мұстафин «Миллионерде» Игіліктің ерте-кеші жоқ, жоспарыңызды қалдырып кетіңіз,-дейді. І.Есенберлиннің «Алтын ордасында». «Бүгінгі шаруаны ертеңге қалдырма», Сұлу әйел - өмірдің көркі, ақылды әйел – үйдің көркі, опалы әйел – төсектің көркі», «Адамның катесін, білместігін кешуге болады, ал опасыздығын кешуге болмайды», «Жылан шаққан адам ала жіпті аттауға қорқады», «Антын бұзған оңбайды», «Көкті сүюге жаратылған қыран жерде жатып өлгісі келмейді», «Тарихты халық жасайды, бірақ сол тарихтың барысын жылдамдататын, не кібіртіктететін де жеке ұлы адамдар», «Жалғанда құлап қалған дәреженің биігі жаман, жаныңдай жақсы көрген әйелдің күйігі жаман» т.б.

Қорыта айтқанда, көркем тілмен бейнелеген кестелі сөздерді жазған (сөйлеген) кезде өз сөзінде пайдалану- тыңдаушының құлақ құрышын қандырып, ойына о қосып, қиялына қанат бітіреді. Сөйлеуші тіліндегі қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, ұшқыр да ұтымды афоризмдер айтылатын ойдың ажарын ашып, көркемдігін арттырады. Тыңдаушының (оқушының) зейінін өзіне еріксіз аударады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет