Сабақ. СӨз мәдениеті. Адам өміріндегі сөз мәдениетінің ролі. Жоспары: Сөз мәдениеті. Сөйлеу мәдениеті



бет4/4
Дата17.10.2019
өлшемі366,2 Kb.
#50160
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
1 лекция Сөз мәдениеті Кешен 2015 (1)
1 лекция Сөз мәдениеті Кешен 2015 (1)

10 Апта материалдары

Өзара сөйлесу принциптері (термин, диалект, кәсіби сөздер, жаргон) қолдану аясы, әдеби тіл нормасындағы жаңа сөздер.Сөйлеуде көркемдегіш және бейнелегіш құралдарды пайдалану.

Өз бетінше дайындық үшін бақылау сұрақтары :

- Көркем әдебиеттерден көркемдегіш және бейнелегіштік құралдарға мысалдар жинау.

- Сөз зергерлерінің тіл мәдениетін дамытуға қосқан үлесі.

- Шешендік сөз мәдениеті.

- «Сізге сөз беріледі...» шағын шығарма.



Әдебиет:

  1. Аханов К. Тіл білімінің негіздері. А., 1973ж.

  2. Айтбаев Ө., Есенқұлов А. Көркем әдебиетке – көркем тіл. Жинақ: Жазушы және сөздің мәдениеті.

  3. Жапбаров А. Оқушылардың тіліндегі лексика-стилистикалық қате және олармен жұмыс. «Қазақстан мектебі», 1975, №11 36-38-беттер.

  4. Жарықбаев Қ Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту жайында. «Қазақстан мектебі», 1961, №2,83-84 –беттер.

5. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті А, 2004.

Жоспары:

  1. Сөзді мәнерлеп айтудың элементтері: екпін, интонация, дауыс күші т.б.

  2. Тілдің бейнелеу тәсілдері.

  3. Сөйлеуде көркемдегіш құралдарды пайдалану.

  4. Суреткер тіліндегі образдылық.

Сөз әсерлілігі тыңдаушыны ұйытып өзіне тартуы екі нәрсеге қатысты болып келеді: біріншісі, сөзді сөйлеген кезде құлаққа жағымды, лебізді, үнді етіп, дауыс кідірісі мен дауыс күшін дұрыс қойып айтуға байланысты болса, екіншісі, сөзді өз мағынасынан сәл өзгертіп, келтірінді мағынада жұмсаумен ұштасады.

Мәдениетті адам сөйлеу мәнері құлаққа жағымды әрбір ойын лайықты әуенмен, әрбір сөйлемді өзінің сазымен сөйлейді. Ән сияқты дұрыс айтылған сөз де құлақтан кіріп бойды алады. Міне, сондықтан сөзді қалай болса солай айта салмай, сөйлеу мазмұнына үйлесімді ырғақ, екпін, әуен тауып, дауысты түрлендіріп сөйлеудің үлкен мәні бар. Сөйлеуде дауыс ырғағының құбылмалы қасиеті, логикалық екпінді, интонациялық ерекшелігі бар құбылыстарды ескеріп отырғанда ғана тыңдаушыға әсер етпек. Қазақ халқы келістіріп сөйлей алатын кісіні «сөзі мірдің оғындай екен», «сөздің майын тамызып, кісінің айызын қандырып сөйлейді екен» деп дәріптейді. Ондай қабілеті жоқ адамды «ынжық, аузынан сөзі қойнынан бөзі түсіп тұр» деп сынайды. Кейбіреулер маңғазданып, қатымырланып сөйлеуді сән көреді, оны артықшылық, мәдениеттілік деп біледі. Ал шын мәдениеттілік- шынайылықта, айтатын ойына сай келетін үн, әуен, ырғақ, екпін тауып сөйлей білуде. Сөйлеушінің сөйлеу дағдысы, дауысы тыңдаушыға жағымды болса, онда зер сала тыңдайды. Ал оның үстіне айтайын деген ойын мазмұнды болса, тыңдаушының көкейіне қонып, жүрегіне ұялайды.

Тыңдаушыларды еліктіре білу, олардың назарын сөйлеп тұрған ой-пікіріне аудара алу – сөйлеушіге (мұғалімге, баяндамашыға, үгіттеушіге) жүктелген міндеттің нәтижелі болуының басты шарты.

Сонымен бірге жұрт алдында сөйлеуші мына қағидаларды ескеруі тиіс.

1.Жұрттың бәріне белгілі жайларды тәптіштеп айтып беру жөнсіз. Нәрсіз, дәмсіз сөзді сөйлемеген жақсы. Нәрсіз сөз көбінесе өзі жақсы білмеген жайды баяндаудан анық байқалады. Міне, сондықтан көп қателеседі.

2. Өзін өзгеден артық санап, дауласып, мақтана сөйлеген адамның айтқаны далаға кетеді. Тыңдаушылар ондайды қабылдамайды, сөзіне күле қарайды. Мен білгенді тыңдаушыларым білмейді, олар білімсіз дегендей пиғыл білдіріп, білгішсініп, мақтана сөйлеу жұртты теріс қаратады.

3. Сөйлегенде, әрбір сөз анық, дәл, айқын естілетін болсын. Сөйлеушінің даусы құбылмалы әрі жайлы болуы тиіс. Сөз әуенінен байсалдылық, сенім, табандылық, қайрат сезілетін болсын.

4. Ойды жеткізудің тілден тыс элементтерін, атап айтқанда, ым, ишара, мимика, понтомимика, дауыс күші, дауыс темпі т.б. жақсы меңгеруі қажет.

5. Жұрт алдында сөйлеуші қағаздан көзін алмай қатып қалма, тыңдаушылардың жеке тобына, жеке кісілерге көз жіберіп отырғаны мақұл. Сонда тыңдаушы да соған қарайды, сөзіне назар аударады.

6. Сөзді әбден жауыр болған сөздерден бастаған болмайды. Ой-пікірді әдеби тілге тән сөздермен, әсерлі де қызықты етіп жеткізуге тырысу қажет. Сөз арасында мақал-мәтелді, нақыл сөздер мен қанатты сөздерді келтіре отырып сөйлеу нәтижелі болмақ.

7. Айтылатын ой қысқа да нұсқа, тұжырымды болсын. «Аз сөз алтын, көп сөз көмір» деген мақалды басшылыққа алған мақұл.

8. Сөйлеу жүйелі болуы тиіс. Жүйелі сөздің арқауы, өзара тығыз байланысты желісі болады. Сөйлем мен сөйлем арасында, ой мен оййдың арасында табиғи байланыс болмаса, тыңдаушы ондай сөзден қанағат ала алмайды.

Жұрт алдында жақсы сөйлеудің ең негізгі шарты – дайындық. Алдымен жоспар түзіледі. Жоспарда қамтылуға тиісті мәселелер реттелген тақырып күйінде жазылады. Одан кейін сол жоспар бойынша баяндаманың тезисі жасалады. Онда айтылуға тиісті жайлардың негізгі қағидалары, мазмұны тұжырымдалады.

Жоспар бойынша баяндауға керекті материалдарды толықтыру, ретке келтіріп қағазға түсіру үшін конспект жасалуы қажет. Конспект – болашақ баяндаманың ықшам түрі.

Сөз қолдану мәдениеті сөздің мағынасына орай дұрыс қолдану мен қатар оны әсем де, әсерлі, көркем образды етіп айту (жазу) мен бейнелеу тәсілдеріне тікелей байланысты екені белгілі. Ал бейнелеу тәсілдері тілімізде сан алуан. Тіліміздің көркемдегіш тәсілдері негізінен көркем әдебиет тіліне тән. Көркем шығарма тілінде сөз өзінің барлық баяу – нышанымен, сыр-сипатымен, құпия астарымен, құдірет-қасиетімен көрінеді. Метафора, метонимия, синекдоха, теңеу, эпитет, поэтикалық тіркестер, мақал-мәтелдер және тұрақты тіркестер айтылайын деген ойды анық беру, баяндап отырған әлеуметтік шындықтың шынайы көрінісін ашық көрсету сөйлеушінің негізгі қаруы.

Мәселен, «Жел соқты, қар жауып, боран болды» деп айтуда ешбір әсер жоқ. Ал сөз зергерлерінің қолдануында сөз әдеттегі қызметінен басқа күйге көшіп, тосын құбылысқа тап болады. Мұндай қолданыстың әсері айрықша болып, шығарма тіліне шырай беріп отырады. «Боран үскіріп соғып тұр. Асау жел ащы күйінен жаңылған жоқ, ойнақ салып ысқырып тұр. Аң, дала меңіреу болып түкіруде. Қайғысы сары бел борап әкеліп тұрған ақ киімін қымтай түсіп, жата берді». (М.Әуезов)

Мұнда асау сөзінің ерекше сипат алғандығын бірден аңғаруға болады. Сондай-ақ сөз арасында бір бірімізге сары бел киімін қымтады десек, жансызға жан бітіріп болмысы нақты, дәл бейнелеудің айрықша тәсілі.

Сөз мағыналарының ауысуы, келтірінді мағынада жұмсалуы әр түрлі тәсілдер арқылы жүзеге асады. Сөздің ауыспалы мағынада қолдануы метафора, метонимия және сенекдоха тәсілдері арқылы жасалады. Енді осы тәсілдерге қысқаша тоқталайық.


  1. Метафора тәсілі арқылы атаудың ауысу белгіленген заттардың тұлға, түс, қимыл ерекшелігінің ұқсастығына негізделеді. Метафора – грек тілінде metaphora «ауысу» деген мағынаны білдіреді. Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың басқа бір заттың не құбылыстың атауымен атауының негізінде сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады. Метафора құбылысының сөздің мағынасынан орын тепкені және әбден үйреншікті болып кеткені соншалық, метафораның негізінде туған қосымша мағынасының көп жағдайында туынды, келтірінді мағына екені бірден аңғарыла бермейді. Мысалы, істің төркіні, мәселенің төркіні, сөздің төркіні дегендердің төркін мен қыздың төркіні дегендегі төркін сөзін салыстырсақ, соңғы мысалда бұл сөз «қыздың ата-анасы, туған-туыстары» дегенді білдіреді де, алдыңғы мысалда «түп негізгі, тегі, мәнісі, сыры» дегенді білдіреді.

  2. Метонимия. Бір заттың немесе құбылыстың атауының екінші затқа не құбылысқа олардың өзара іргелестігі, шектестігі негізінде атау болып ауысуы, осыған орай, сөздің ауыспалы мағынада жұмсалуы метонимия деп аталады. Метонимия – грек тілінде metanymia «атын өзгерту, қайта ат қою» деген мағынаны білдіреді. Мысалы, үйі мәз боп, қой сойды, шүйіншіге шапқанға (Абай) деген сөйлемдегі үй деген сөз өзінің негізгі мағынасы «баспана» дегенді емес, бір үйдің адамдары, үй іші, отбасы дегенді білдіреді. Дәрі қосқан аяқты ішкеннен соң, Әзім барып жығылды шалқасынан... (Абай) Бұл сөйлемде аяқ сөзі «ыдыс» дегенді емес, «сусын» деген мағынаны білдіреді.

  3. Синекдоха. Бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні қолданудың негізінде сөз мағынасының ауысуы синекдоха деп аталады. Мысалы, кейде, отбасыңда неше жан бар? – деудің орнына басың нешеу? дейміз. Бұл арада бас сөзі бөлшек ретінде (адамның дене мүшесі) бүтіннің орнына қолданып тұр. Синекдоха грек тілінің synecdoche «бірге жобалап түсіну» деген сөзден жасалған термин. Кейде мал дегеннің орнына тұяқ «бөлшек ретінде» сөзі қолданылады. Мысалы, төрт-бес тұяғымыз бар дегендегі тұяқ сөзі малдың тұяғы деген тіркестегі өзінің негізгі мағынасынан алшақтап, басқа бір мағынаны – «мал» дегенді білдіреді.

  4. Теңеу де зат пен құбылыстың біріне бірінің ұқсастығына қарай сөздер алмасады. Мысалы,

Ажарың ашық екен атқан таңдай,

Нұрлы екен екі көзің жаққан шамдай,

Апаңнан сені туған айналайын,

Күлімкөз, оймақ ауыз, жазық маңдай. (Сегізсері)

5. Эпитет. Бір заттың, не бір құбылыстың айырықша сипатын, сапасын анықтау

үшін қолданылатын бейнелі сөзді эпитет деп атайды. Мысалы,

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан. (Абай)

Күздің күні көк әлемін торлаған бұлт жазғы бұлттан өзгеше сұр бұлт жай сұр

бұлт емес, түсі суық сұр бұлт. Күздің айнымас тағы бір серігі – тұман, бұл

жай тұман емес, дымқыл тұман. Ұлы ақын күздің басқа жыл мезгілінен

айырмашылығын ашық, айқын таныту үшін осындай анықтауыш сөздерді

әдейі қолданып отыр.

Қорыта айтқанда, сөз ауыспалы, келтірінді мағынады қолданылуы арқылы мағыналық жақтан түрленіп, өзгеріп отырады. Айтайын деген ойды образды да әсерлі беруге икемді болады. Міне, сондықтан сөйлеуші (жазушы) өз сөзінде тілдің лексикасындағы көптеген сөздердің келтірінді, образды мағыналарды суреттеудің ең ұтымды құралы ретінде пайдаланады.
11 Апта материалдары

Тіл мәдениеті және грамматика.

Өз бетінше дайындық үшін бақылау сұрақтары :

- Көркем әдебиеттен грамматикалық нормаға жатпайтын тілдік бірліктерге мысалдар жинау.

- Морфологиялық тұлғаларды талғай біл


Әдебиет:

  1. Болғанбаев Ә. Тіл және шеберлік. Жинақ: Өнер алды – қызыл тіл. А.,1986, 153-170.

  2. Нұрханов С. Тіркес және оның түрлері. «Қазақстан мектебі» № 12, 1965ж.

  3. Нұрханов С. Тіл арқылы қатынас және тың тіркестер. Жинақ: Сөз өнері. А., 1978, 104-116-беттер.

  4. Әшіров р. Газет тілінде ұшырасатын кейбір сөз тіркестері жөнінде. Жинақ: Тіл мәдениеті және баспасөз. А., 1972, 114-124-беттер.

  5. Исаев С.М. Қазақтың баспасөз тілінің дамуы. А., 1983, 160-164-беттер.

6. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті А, 2004.

Жоспары:

  1. Сөз тіркесімділігі, оның мәні мен қасиеті.

  2. Лексикалық түйдек.

  3. Грамматикалық тіркестер.

  4. «Жаңа» тіркестер.

  5. Сөйлем-ойды тиянақты етіп тұратын тұлға.

Ойды білдіру, қарым-қатынас жасау себепші болатын басты синтаксистік амал, ең кіші тілдің единица сөйлем болса, сөз тіркесі-сол сөйлем жасаудың материалы.

Сөйлем құрауға негіз болатын сөздер бір-бірімен белгілі бір амал-тәсілдер арқылы байланысакды. Балық өмірі суда болатындай, сөз бен сөз тіркесінің өмірі сөйлем құрамында көрінеді. Сөз сөз тіркесінің құрамында, сөз тіркестері сөйлемнің құрамына еніп, ой-пікір тұтастығын құрастыра қатысады.

Егер сөйлем адам ойын білдірудің негізгі формасы болса, сөз тіркесі, сөз-сөйлем құраудың материалдары.

Сөз, негізінде, дараланған ұғымды білдіреді. Олар қажеттігіне қарай өзара тіркеседі, тіркесу арқылы сөйлемге енеді. Осыдан келіп сөздердің өзара тіркесе алу қабілеттігі олардың ең басты грамматикалық қасиетінің бірі болып есептеледі.

Сөздердің өзара тіркесу қабілеттілігі әрбір грамматикалық топтағы сөздердің мағыналық және грамматикалық ерекшеліктеріне негізделеді. Оның үстіне тіркескен сөздер тобының санасы әр алуан болады. Мысалы, екі кейде одан да көп сөздер тіркесіп бір лексикалық түйдек жасалады ( ақ қайың, боз торғай, кетіп бара жатыр); кейде екі не одан да көп сөз тіркесі синтаксистік тізбек жасайды ( қарлы тау, желсіз түн, жыл сайын көріну, соған бола келу т.б.).

Лексикалы және басқа түйдекті тіркестер «сөз тіркесі» деген категорияға жатпайды. Лексика – грамматикалық мағыналары айқын сөздердің біріне-бірі сабақтаса байланысып барып жасалған синтаксистік тобы ғана сөз тіркесі деп есептелінеді. Сөз тіркесінің өзіне тән мынадай белгілері бар.

1. Сөз тіркесінің құрамында кемінде толық мағыналы екі сөз болады.

2. Ол сөздердің бірі екіншісімен сабақтаса байланысады.

3. Тіркескен сөздер анықтауыштық, толықтауыштық, пысықтауыштық қатынаста болады. Осындай, синтаксистік қатынас тек толық мағыналы сөздердің сабақтаса байланысы нәтижесінде пайда болады. Басқаша айтқанда, лексика-грамматикалық дербестігі бар сөздерден басыңқы-бағыныңқы сөз тіркесі жасалғанда, ол сөздердің бұрынғы мағыналары өзгеріп, жаңа лексикалық мағына пайда болмайды. Мүшелік қарым-қатынасты білдіретін қосымша грамматикалық (мысалы: анықтауыштық, пысықтауыштық, толықтауыштық) мағына пайда болады.

Сонымен, кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз. Мысалы, Кең үйдің үлкен екі терезесі ашық тұр деген сөйлем мынандай сөз тіркестерінен түзілген; кең үй, екі терезе, үлкен терезе, үйдің терезесі.

Өзара тіркескен сөздің бірі екіншісін өзіне бағындырып тұрады. Сондықтан сөз тіркестері сабақтаса байланысқан екі сыңардан құралады: бірі басыңқы сыңары, екіншісі бағыныңқы сыңары. Мысалы: Жаздың көркі енеді жыл құсымен (Абай) дегенде екі сөз тіркесі бар: 1. Жаздың (бағыныңқы) көркі (басыңқы)



2. Жыл құсымен (бағыныңқы) енеді (басыңқы)

Сөйлеген сөз айтылатын ой түсінікті де айшықты болу үшін сөйлемдегі әрбір сөз, әрбір сөз тіркесі мінсіз құрылуы тиіс. Олай болмаса ой күңгірттеніп, оқу оқырманды (тыңдаушыны) жалықтырып жібереді. Сөзіміз дәлелді болу үшін Әбіш Кекілбаевтің «Елең-алаң» романынан сәтсіз құрылған сөз тіркестерін мысал келтірейік. Ақыл ит қашақ аттай шығынып кеткен. Бұл сөйлемдегі ақыл ит деп қолдану еш қисынға келмейді. Ат қашақ емес, қашаған аттай болуы керек еді, қашақ деген сөз бұқаға жанасқанымен, бұзауламайтын қысыр сиырға айтылатын сөз.

Сөз тіркестерінің құрамына өзара тіркесу қабілеті бар сөздер енеді. Кейбір кісілердің ауызекі тілінде немесе көркем әдебиетте де « терең бұрғы», « аналық қой», « аудан нүктесі», « жеңіліс тапты» сияқты тіркестер кездеседі. Мұндайлар өз сыңарын таппай тіркескен сөздер болғандықтан, стильдік қате деп есептеледі.

Жоғарыда келтірген романда өзінің қалыпты орнын таппай, адасып жүрген сөздер де ұшырасады. Мәселен, бүгінгі әдеби норма бойынша, қыс қақшаңдаған емес, қақаған болса керек еді, аула айнадай жылтырамайды-жалтырайды, жалпы дала емес- адам, бұл еркек емес, әйел деп айтылады. Сол сияқты тазыны сүйреп салмайды-қосады, қол-аяққа кісен кигізбейді-салады т.б.

Соңғы кезде тілге шорқақ , дүмбілез баяндамашылар, тіпті жазушылар жарымжан сөз тіркестерін одан құрап, оқырманның (тыңдарманның) көңілін қалдыруда. Олар өз туындыларында; « қойлар ұйықтап жатыр», «нәресте күшіктер», «ата қысқыр», «екі аузы екі құлағында» т.б. деп жататынды шығарды.

12 Апта материалдары

Тақырыбы: Тіл мәдениеті және синтаксис

- Сөлекет тіркестер – сөз ұсқынын қашырады.

- Тіл мәдениетінің грамматикалық нормасы.

Әдебиет:


  1. Болғанбаев Ә. Тіл және шеберлік. Жинақ: Өнер алды – қызыл тіл. А.,1986, 153-170.

  2. Нұрханов С. Тіркес және оның түрлері. «Қазақстан мектебі» № 12, 1965ж.

  3. Нұрханов С. Тіл арқылы қатынас және тың тіркестер. Жинақ: Сөз өнері. А., 1978, 104-116-беттер.

  4. Әшіров р. Газет тілінде ұшырасатын кейбір сөз тіркестері жөнінде. Жинақ: Тіл мәдениеті және баспасөз. А., 1972, 114-124-беттер.

  5. Исаев С.М. Қазақтың баспасөз тілінің дамуы. А., 1983, 160-164-беттер.

6. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті А, 2004.
Көркем әдебиетте бір затқа тән қасиетті басқа затқа телу арқылы сөз кестелерін көркемдеуге болады. Ондайда әдеттегіден өзгеше ойнақы тіркестер жасалады. Мысалы, Асау Терек долданып, буырқанып... дегенде ұлы Абай асау өзен Терек (өзеннің аты) сөзімен тіркестерін айту ол өзеннің көркем бейнесін көз алдына елестете қояды. Сондай-ақ асау әдетте, асау ат, асау тай, асау бел сияқты сөз тіркестерінде кездесетін болса, көркем әдебиетте асау жел (Иса), асау қиял ( Жамбыл) , асау жүрек ( Абай) , тәтті қылықтарын, есалаң тілек (М. Жұмабаев ) тәрізді тіркестерде де кездеседі. Мұндайды метафоралық тіркес дейміз.

Метафоралық тіркесті де таңдап талғап пайдаланбаса айтылатын ой бейнелі шықпай керісінше құлаққа түрпідей тиуі мүмкін. Мысалы, буаз ешкі деуге болса, буаз бұлт деу қисынға келмейді .

Әңгіме барысында сөйлеушінің, тіпті жазушы- журналистердің сөйлем құрауында әттеген-айлар кездесіп қалады. «Оңтүстік Қазақстан»(1.04.1981) газетінен байқалған тілдегі түйткілдерден мысалдар келтірейік:

1. Сүтті ұлғайтудың үш жолы бар. 2. Малшылардың үстерінде стандартты үй, алдарында жиюлы шөп. 3. Жыл бойына ешқандай шара өткізілмепті. 4. Осы өңірдегі астықшылардың алды.

Осы сөйлемдердегі әдеби тілдің нормасына мүлдем сай келмейтін сөздер бар. Мәселен, сұйық зат ұлғаймайды, көбейеді, молаяды. Олай болса, «сүтті ұлғайту» деп қолдану жауапсыздықтан туған деп білу керек.

Әдетте, қазақ алдындағы малы, басындағы үйі, деп қолданады, «үстінде стандартты үй» деп қолдану олқылық , үстінде үй емес, киім болуы тиіс. «Жиюлы шөп» емес, тіл білетін қазақ үюлі шөп деп атса керек, «шара өткізу» деп әдеби тілде айтылмады, тек «шара қолдану» деп жұмсалады. Қазақ тілінде күні бүгінге дейін «астықшы» деген сөз барын жұрт біле бермейді. Оның «диқан» деген дап-дайын баламасы бар екенін автор білсе керек.

Кейбір газеттерде (Оңтүстік Қазақстан) көптік жалғауын жөн-жосықсыз қолданушылық бар. Мысалы,өзендер суы молая түсті, көздерімізбен жер сүзіп отырмыз, ол кірпіктерін айқастырды, осау қиял алыстарға самғады, мазасыз маусымдар басталды, бетіндегі әжімдерге қарады, жыртықтарын жамай алмай жүр т.б. Міне осылардың барлығы да ана тілінің қалыптасқан құрылымына нұқсан келтіріп, тіл бұзарлыққа жол беру болып табылады. Сөйлеуші немесе жазушы сөздері бір-бірімен тіркестіргенде олардың арасындағы мағыналық жақындықтарына,қолдану ерекшеліктеріне, граматикалық сипатының сәйкестігіне сүйенеміз. Қазіргі тіл тәжірибесінде солғын тіркестер өте көп. Олардың дені орыс тіліндегі сөздерге балама жасаудан, тікелей аударудан пайда болғандар. Мысалы: алтын кітап, дөңгелек стол, ауалық клуб т.б. Ал көргенді шығарма, тиянақты табыс, үрдіс келбат, толғай табыстар сияқты тіркестер тіліміздің көркін келтіріп тұрмағаны белгілі. Бұл сөздерді еріксіз тіркестіргенмен, олардың арасында жатықтық , мағыналық үйлесімдігі жоқ . Бұндай қолданыс синтаксистік нормадан ауытқу болып табылады.

Сөздің де, сөз тіркестің де басын біріктіріп, ойды тиянақты етіп тұратын тұлға – сөйлем. Сөздерді өзара тіркестіріп мүшелік қатынастаайту арқылы сөйлем құралады. Әр сөйлемнің айтылу интонациясы болады, әр сөйлемнің кісінің тиянақты ойын хабарлайды. Сондықтан сөйлемді – адамның ойын білдірудің басты амалы деп танылады.

Қазақ тілінің синтаксистік мүмкіншіліктерін дұрыс пайдаланып, әр түрлі ойға сәйкес етіп алуан түрлі сөйлемдер құрай білу тіл шеберлігін қажет етеді. Адамның басқаға хабарлайтын пікіріміз жеке сөздермен шектелмей, ұласа айтылған көптеген сөйлемдер қатарымен тиянақталып тұрады. Сондықтан мінсіз түзілген сөйлемдер арасы өзара дұрыс болуы тиіс. Мысалы: басқаларынан оқшау қала бастаған жаралы киік оқ тигеніне қарамастан, шоқақтап келеді. Құс сияқты қанаты болмаса да, жас киік әлі ширақ көрінеді. Бірақ киік пен шапқан аттар арасында қашықтық бірте-бірте қысқара түсті.(С.Бақбергенов)

Міне, осындай өзара ішкі логикалық, әрі синтаксистік байланыстағы сөйлемдерден кісі ой дәлдігін, сөз арқылы салынған сурет болса, оның эстетикалық әсерін бірден түсініп, тез сезеді. Ал өзара байланыстары айқын емес сөйлемдер білдірейін деген ой-пікірдің түсінігін ауырлатады, не мүлде түсініксіз етеді. Сөйлемдер әрі мағыналық, әрі синтаксистік байланысқа түспесе, ол ой жұтаңдығын да аңғартады. Мысалы, «Құтты қадам» әңгімеден үзінді. «Шұбатыла шөккен Қаратаудың керуен жолдарын да буылдыр белестің боз мұнар пердесі шымқап, қалың көрпесін қымтана түскен төрткүл төңіректің ұлан ұшынан сұлбалана сағым сызғандай. Қара жонданған күре жол үрдінге жасырынып, күртік қара қос жолаң қалдырған соны сүрлеу бізді де жаяу борасып жүгірген айқара атыраптың тура төріне бастап бара жатты». Еш нәрсе түсінуге болмайды.

Түсініксіз бұлдыр ойлар, бейтаныс жергілікті сөздермен қазақтың қара шаңырағы болған есіл Қаратауды қор қылған. Әрі қарай оқиық: «Еңсесін етектеген ен жайлау төрінде жамырасқан ұсақ шоқылар үстінен төнген бұл заңғар төбе кәдімгі көп таулардан болекше». Ен жайлаудың есігі мен төрі болушы ма еді? «Жамырасқан ұсақ шоқылардың үстінен төнген», «заңғар төбе» болушы ма еді? Әдетте төбе болған соң, ол заңғар болмаса керек еді, сонымен бірге, төбе шоқыдан аласа болатын еді, бұл қалай? – деген ойға түстік.

«Жазба сөз бір өңкей әскер легі де емес, қой-сиыр аралас шұбалған көш те емес, жайнап тұрған бақша да емес, өмірге түгел ортақ ой-сезімді дәлірек те толығырақ бере алатын тіл байлығы. Бұл байлықты қалай болса солай пайдалану болашақ үшін қиянат» - дейді Ғ.Мүсірепов. Бұл өте орынды пікір. Сондықтан тілді әдеби тіл нормасын сактап пайдалану қоғамның әр азаматынан талап етіледі.

13 Апта материалдары

Тіл мәдениеті және стилистиканың ара қатынасы
Өз бетінше дайындық үшін бақылау сұрақтары :

- Аударма тілінің тіл мәдениетіне қатысы.

- Тіл мәдениеті және пуризм.
Әдебиет: 1. Жапбаров А.Тіл дамыту. А,1959

2. Жапбаров А., Мусина М. Қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту. А, 1989

3. Жарықбаев Қ. Оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту жайында. «Қазақстан мектебі», 1967, № 1

4. Ысқақ Б. Тіл дамытудың психолингвистикалық негіздері. А.,1996ж.

5. Балақаев М., Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті А, 2004.

Жоспары:


  1. Мәтін жайында түсінік.

  2. Мәтіннің түрлері.

  3. Мәтіннің құрылысы.

  4. Тұтас мәтін синтаксисін білу – ойды жүйелі жеткізудің негізі.

Тіл ғылымында негізігі зерттеу объектісі болған сөз, сөз тіркесі, сөйлем, морфологиялық, лексикалық және фонетикалық нысандар тұтас мәтін синтаксисінің құрамына енеді. Яғни, мәтін - бөгде біреудің ойын танудың негізі.

Әрбір адам қарым-қатынас үрдісінде ой-пікір бөгде біреуге жүйелі жеткізуде және сөздерден сөз тіркестерін, сөз тіркестерінен сөйлем, ал сөйлемдерден мәтін түзейді.

Тіл мәдениеті мәтінді дұрыс құраумен тікелей байланысты. Айтылатын пікір жеке сөздермен, сөйлемдермен берілмейді, тұтас мәтін арқылы жеткізіледі. Міне, сондықтан әрбір мәдениетті адам оның түрлері мен құрылысын, ерекшеліктері мен белгілерін т.б. білуі тиіс.

Мәтіннің өзіндік белгілері, жүйесі, сипаты, формасы, мазмұны, өлшемдері мен құрылысы бар өте күрделі тілдік категория. Оны басқа категориялардан ажыратып тұратын мынадай белгілері бар: тақырыбының болуы, белгілі бір оқиғаны жүйелі баяндауы, нақтылы ой қортындының жасалуы, оның құрамына енетін барлық компоненттердің жалпы бір ортақ идеяға бағынуы, логикалық жүйеде құрылуы және стильдік бірлікте болуы.

Мәтіннің негізгі категорияларына И.Р.Тальперин хабар (информативность), тұтастық (интеграция), уақыт бірлігі (ретроспекция), модальдың, подтекст категорияларын жатқызады. Ал бұл категориялардың мазмұны, түрлері, берілу жолдары мен формалары түрлі мәтінде әркелкі келеді. Мысалы, хабар көркем мәтінде бір түрлі берілсе, ғылыми мәтінде екінші түрде, ал көркем әдебиетте стиль мәтінінде басқаша түрде беріледі. Мысалы,



Ғылыми стиль

Жауындату – ауыл шаруашылық дақылдарды суарудың бір әдісі. Су арнайы жауындатқан машина арқылы өсімдікке, топырақ бетіне жауындатып бүркеледі. Жердің кәдімгі арық ойыс арқылы суарумен салыстырғанда жауындату топырақпен қатар жер бетіндегі ауа қабатын ылғалдандырып, температураны төмендетеді, өсімдік топырақтарының шаңын жуып, тыныс алуын жақсартады. Жауындатуда ылғал топыраққа біркелкі жайылады.



Көркем әдебиет стилі

Бұлт көлеңкесімен түтеген дала үнсіз бағынып, жаңбыр күтуде еді. Жел ұйытқып, қара жолдың күлгін шаңын көкке көтерді. Желден ылғалдың исі аңқиды. Біс сәт өткен кезде тамызықтап, сіркіреп жаңбыр жауа бастады. Жауынның бытырадай салқын тамшылары жолда түйір-түйір тамшыға айналды. Сарышұнақтар үрейлене шиқылдайды. (М. Шолохов)



Мәтіннің үш түрі бар: хабарлау, сипаттау және пікірлеу.

Мәтіннің хабарлау түрі белгілі бір уақыт пен кеңістікте болған, себеп-салдарлық байланысқа түскен оқиғалар жөнінде баяндалады. Бұл көркем - әдеби жанырына жататын әңгіме сияқты сюжеттер жиынынан тұрады. Хабарлау мәтінінде персонаждардың (кейіпкер) іс-әрекеттері, тұрмыс-тіршілігі т.б. келтіріледі. Тағы бір ерекшелігі: онда ең басты оқиғалар мен фактілерге айырықша көңіл бөлінеді. Сондықтан бұл мәтін түрінде зат есімдер мен етістіктер молынан кездеседі. Хабарлау мәтінінде сипаттау мен пікір айту элементтері кездеседі. Мәселен кейіпкердің кейпі, түр-тұлғасы, табиғат суреттері сипаттауға жатса, септік негіздері, ой қорытындылары пікірлеуге жатады.



Сипаттау мәтінінде кейіпкерлер болмайды. Табиғат көріністері, қоршаған ортаға заттар мен құбылыстар суреттеледі, сондықтан бұл мәтінде сын есімдер молынан пайдаланылады. Мысалы: Күн батарда

Сәулесі шашыраған қызыл күн қып-қызыл алтын табиғат болып аспан мен жердің арасына қыстырылды. Ол жер дүниеге шашылған алтын нұрын асығып жинай бастады. Қызыл күннің алтын нұрымен айырылыса бастаған жасыл жердің сұлу жүзі құбылып, демде мың түрге түсті. Ойды, қырды, даланы теп-тегіс қаптаған қою жасыл қалың шөп дүниені қаптаған жасыл теңіз тәрізді. Алтын нұрының ақырғы ұшықтарын аспанға шашыратып, тартылған қызыл табақ қыстырылған екі араға ақырын ғана жылжып жоқ болды.

Ойы, қыры, даласы жап-жасыл болып тұтасқан жердің жүзі енді жасыл емес, қара көк тәрізденді. Қара көк теңіз құбылып, бірте-бірте қошқыл тарта бастады. (С.Сейфуллин)

Пікірлеу мәтін деп - бір нәрсені дәлелдеу, бекіту мақсатында дәлелдер, мысалдар, салыстырулар арқылы жаңа ой қорытындыларын жасайтын мәтіннің түрі. Пікір айту – мәтіннің қиын формасы. Өйткені ең алғаш болжам айтылады. Алынған көзқарастың зерттеулер, дәлелдену барысы баяндалады. Соңында ұсынылған болжам тәжірибеде дәлелденеді ме, жоқ па сол туралы о қорытындысын жасайды. Мысалы,

Бақша ағаштары.

Жаздың әдемі бір күнінде, таңертең бір төре өзінің баласымен бақшаға барып, екеуі де егілген ағаштар мен гүлдерді көріп жүреді.



  • Мынау ағаш неге тіп-тік, ал ана біреуі неге қисық біткен? – деп сұрады баласы.

  • Оның себебі, балам, анау ағашта қисық бұтақтар болса, кесіп, бағу қағидасымен өсірген. Мынау ағаш бағусыз, өз шығу қалпымен өскен, - деді атасы.

  • Олай болса, бағу-қағуда көп мән бар екен ғой, - деді баласы.

  • Бағу-қағуда көп мағына барында шек жоқ, шырағым, мұнан сен де әбірет алсаң іштеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсең, сен менің айтқанымды ұғып, орнына келтірсең, жақсы, түзу кісі болып өсерсің. Бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің, - дейді.(Ы.Алтынсарин)

Ы.Алтынсариннің бұл әңгімесінде пікірлеу элементтері бар. (Сен жас ағашсың, саған да күтім керек. Мен сенің кате істеріңді түзеп, пайдалы іске үйретсем,.. жақсы кісі болып өсерсің.) Ой қорытындысы жасалынған (бағусыз бетіңмен кетсең, сен де мынау қисық біткен ағаштай қисық өсерсің.)

Мәтінді қай жататынын білу үшін сөйлем мүшелері сияқты оған да сұрақ қоя білу керек. Егер мәтінге қанша? қайда? кім? не істеді? не болды? деген сұрақтарға жауап берсе, онда мәтін хабарлауға жатады. Ал қандай? қалай? қайтіп? сұрақтарына жауап берсе, мәтін сипаттауға жатады, ал кім үшін? не үшін? неліктен? деген сұрақтарға жауап берсе, пікір айту мәтіні болады.

Мәтін көлбеулік (линейный) және көлемдік (объемный) өлшемдер тұрғысынан құралады. Мәтіннің көлбеулік құрылымы – оның логикалық, грамматикалық заңдылықтар тұрғысынан, әңгімелесу немесе хабарлау формасы тұрғысынан құрылды. Мұнда мәтінде баяндалатын сюжеттер мен эпизодтардың белгісі орналасу реті де ескеріледі. Басқаша айтқанда көлбеулік құрылым мәтіннің лексикалық, грамматикалық және композициялық, синтаксистік деңгейлерінде қалыптасуы, ол деңгейлерге өзара байланыстылығы, бір-біріне кірігуі.

Ал мәтіннің көркемдік құрылымы – тіл құралдарын пайдалана отырып оның дара және универсал мағыналарының бейнеленуі, сол мағыналарының қайталанбас өзіндік көрінісі. Мәтіннің универсал мағыналарына кеңістік пен уақыт жатады. Кеңістікті бейнелеу үшін мәтінде белгілі бір мекенді білдіретін не нұсқайтын атауыш сөздер тобы қолданылады. Олар: топонимдер, географиялық терминдер, этнонимдер (тайпа, ру аттары), табиғаттың не үй-жайдың белгілерін бейнелейтін сөздер және кісі есімдері. Сөздікте бұлардың кейбіреулері мекендік мағынаны білдірсе, мәтінде олардың мекендік көрсеткіштерінің аясы кеңейді. Уақыт та материяның өмір сүру формасы болғандықтан, ол мәтіннің негізгі мағынасының бірі болып табылады. Мәтін мазмұнының белгілі бір шынайы уақытқа қатынасы ерекше тілдік құралдар көрініс табады. Ең алдымен оларға уақытты білдіретін сөздер тобы жатады. (жыл, ай, апта, күн т.б. аттарын білдіретін сөздер) Олар уақыттың тура көрсеткіші болса, уақытты жанама түрде мегзейтін көрсеткіштер де болады. Оларға жататындар: тарихи тұлғалардың есімдері, тарихи болмыс, қызмет (хан, сұлтан, болыс, әкім т.б.) адамдардың әлеуметтік жағдайларының атаулары, мекеме- ұйым, саяси партиялардың т.б. аттары. Мәтінде суреттелетін немесе аталып қана өтетін тарихи оқиғалар да уақыт көрсеткіштері болып табылады.

Енді мәтіннің құрылымына келсек, ол үш бөліктен тұрады: кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдері. Мәтіннің кіріспесінде зат не құбылыс атауы, не оқиға болатын кеңістік пен уақыт сөз болады. Өйткені уақыт пен кеңістік үнемі қозғалыста болып отынатын материяның өмір сүруінің объективтік формасы.

Мәтіннің негізгі бөлшегінде баяндаушы не жазушы, болымды не болымсыз сөйлемдерді пайдалана отырып субъект пен предикаттың қатынасын баяндайды, хабарлайды, суреттейді. Бұл әрекеттің нәтижесінде адам әр түрлі пікірлерді салыстыра, талдай отырып жеке не жалпы ой қорытындысын жасайды.

Мәтіннің соңғы бөлімінде үш түрлі ой қорытындысының бірін тұжырымдай келтіреді. Олар индуктивті, дедуктивті және аналогиялық.

Индуктивті ой қорытындысы деп жеке фактілер мен құбылыстарды зерттеп оның нәтижесіне сүйене отырып жалпы заңдылықтар, ережелер жасау жолын айтады.

Дедукция дегеніміз – жалпы заңдылықтары мен қағидалардан жекеге қарай жасалынатын ой қорытындысы.

Ал аналогия дегеніміз- ұқсастық бойынша ой қорытындысын жасауды айтамыз.

Кісі тіл мәдениетін көтергісі келсе, мәтін жайында, атап айтқанда,оның негізгі белгілері, құрылысы, жасалу түрлері, құрамындағы сөйлемдер мен қайырымдардың өзара байланысы т.б. жайында мағлұмат болуы тиіс. Өйткені мәтін сөйлеушінің не жазушының бөгде адамдар
14 Апта материалдары

Тіл мәдениетінің негізгі сапалары.
Өз бетінше дайындық үшін бақылау сұрақтары :

- «Жақсы сөз - жарым ырыс» тақырыбына шағын шығарма

- Тіл мәдениеті және норма.

- Белгілі қоғам қайраткерлерінің, саясаткерлердің, тілші ғалымдардың сөйлеу мәдениеті.

- Жарнама тілінің мәдениеті.
Әдебиет: 1. Балақаев М. Серғалиев М. Қазақ тілінің мәдениеті. А., 2004. 114-137-беттер.

2. Головин Б.Н. Основы культуры речи. М., Высшая школа. 1980. – С.40-254.

3. Уәлиев Н. Сөз мәдениеті. А., Мектеп. – 1984. 10-102-беттер.
Жоспары:


  1. Тіл мәдениетінің негізгі сапалары.

  2. Сөздің дәлдігі.

  3. Сөздің логикалығы.

  4. Сөздің тазалығы.

  5. Сөздің мәнерлілігі.

  6. Сөздің байлығы.

  7. Сөздің қисындылығы.

Тіл мәдениетінің басты мәселесі – тілдік құралдардың көмегімен қарым-қатынас жасау барысында адамға ықпал ету. Әрине, мұндайда тілдің эстетикалық, әдемілік жағынан әсер етуі басты назарға алынады.

Тіл мәдениетінің ерекшелігін айқындайтын негізгі белгілер мен сапалар болады. Олардың бастылары мыналар: дұрыстық, дәлдік, логикалық, тазалық, мәнерлілік, сөздің байлығы және қисындылық.

Орыс тіліндегі материал бойынша болсын, қазақ тілінің материалында болсын, тіл мәдениетінің сапалары туралы сөз болып та жүр.



Сөздің дәлдігі. Сөздің дәлдігі немесе айқындығы дегеніміз – сөздің реальды шындықтағы заттар мен құбылыстардың атауларына барынша дәлме-дәл келуі. Сөздің дәлдігі, бір қарағанда, сөздің дұрыстығына ұқсас көрінеді. Дегенмен, олардың арасындағы айырмашылықты білудің елеулі мәні бар. Айталық, бір адам екіншісінің қал-жағдайын сұрағанда, «жаман емес» деген жауап алуы әбден мүмкін. Бұл жауап – сөз дұрыстығы тұрғысынан талапқа сай келеді, өйткені олар - әдеби тіл нормасына сәйкес айтылып тұр және дағдыда оны айтуға үйреніп қалғанбыз. Демек, жауап берушінің халінің жағымды екеніне көзіміз жетеді. Ал, сөздің нақтылығы талабынан келетін болсақ, бұл жауап қанағаттанджырмайды, өйткені сол «жаман емес»-тің мағынасы көп: оған «орташа», «жақсы», тіпті «өте жақсы» деген ұғымдар да сияды. Объективті баға беру ыңғайында әлгі «жаман емес»-тің не орташа, не жақсы, не өте жақсы екендіктерінің біреуін дәлелдесек, сөйлеу мәдениетіндегі дәлдікті, айқындықты падаланғанымыз болып шығады.

Сол сияқты, терезе алдында ағаш өсіп тұр дегенде де, сөйлеудегі дұрыстыққа нұқсан келтіріп отырғанымыз жоқ, ал дәлдік жағынан келген де (терек пе, қайың ба, емен бе) жетімсіз жағдай байқалады.

Әлбетте, тұрмыста, көпшілік алдында сөйлеуде, ресми құжатта орын алатын сөз қолданудағы дәлдік пен көркем әдебиеттегі дәлдікті қатар қоюға бола бермейді. Әрине, бұл ретте де сөз шеберлері жалпы халық тілінде бар сөздерді орнымен жұмсайды. Дегенмен, көркем шығарманың эстетикалық қуатын, бейнеліліктің дағдылы дәлдіктен біршама өзгешелігі барын ескермеске болмайды. Мәселен, Абайдың «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат. Екі түрлі нәрсе ғой сыр мен сымбат» деген өлең жолдарын сауатты қазақтардың бәрі біледі деуге болар. Осындағы сыр мен сымбат сөздерінің дәл орнында пайдаланылып тұрғанына ешкім күмәнданбайды. Демек, сөзді нақтылы қолдану дегеніміз, сайып келгенде, синонимдік қатардың ішіндегі автор ойын дәл бере алатын сөзді таңдау болып табылады. Сонда ұлы ақынның айтқалы отырғаны адамның ішкі дүниесі мен сыртқы бітімі жайында екенін ескерсек, сырға да, сымбатқа да синоним болатын сөздер жеткілікті. Ал, ол сөздерді данышпан ойшыл білмеді деуге ешкімнің аузы бармайды.

Сөздің айқындығы көп реттерде жаңа сөз жасау айналасында байқалып отырады. Әрине, жаңалықтың қай-қайсысы сияқты сөздердің жаңа түрлері де бірден көпшіліктің бірауызды қолдауын туғыза қоймауы әбден мүмкін. Қазіргі тілімізге сіңісті болып кеткен аялдама, көрермен, балмұздақ сөздерін де кезінде күмәндана, тосырқай қабылдағандар болған.

Сөздің дәлдігі кей реттерде халықтың, ұлттың қалыптасқан дағдысынан да шығып жатады. Тек атаулар мен қимыл-әрекетке байланысты ғана емес, сын, белгіні білдіруде де нақтылықтың мысалдарын қазақ сөздерінен табуға болады. Мәселен, қызыл сиыр деген ұғым бар, бірақ осы түстес биені жирен бие дейді; сол сияқты, қоңыр сиыр дегенге ешкім таңданбас еді, ал осы жылқыға қатысты болғанда торы сөзі айтылады, екеуі де ақ түстес болса, сиырға (қойға, түйеге т.б.) қатысты сол сын есім сақталады да, жылқыға келгенде, мәселен, көк бие дейді.

Сөз мағынасындағы осындай айқындықты, нақтылықты сақтаудың маңызы, әсіресе, ғылыми-зерттеу жұмыстарында, көпшілік алдында сөйлегенде зор маңызға ие болады, тыңдармандардың назарын аударуда барынша арта түседі.



Сөздің логикалығы. Логикалылық деп ойдың қайшылыққа ұрынбауын айтамыз. Бұл сапа ойлауға қатысты бола отырып, тілдік категориялармен тығыз байланысты болып келеді. Сөз арқылы қарым-қатынас жасағанда, фармальдық логика заңдарының сақталуы талап етіледі. Ал, мұндай қателер көп реттерде ауызекі сөйлеу тілінде кездеседі. Жазба тілде де логикалық қателердің ұшырасып отыратыны бар. Ол қателіктердің орын алуының бір себебі логикалық екпінді қай сөзге немесе қай сөз тіркесіне түсіп тұрғанына тиісінше мән бермееушіліктен болып жатады. Айталық, бір таныс екінші біреуден Қаладан келдіңіз бе? Деп сұрағанда, келдім деген жауап алса, ол жауапқа қанағаттанбауы мүмкін, өйткені сұраушы адам жауап берушінің келгенін біліп, көріп сұрап тұр; оған керегі - алдындағы адамның келгені, демек, қимыл-әрекеті емес, қайдан келгенін жауап берушінің түсінуі қажет еді . Сол тәрізді Сен менің кітабымды алдың ба? дегенде де, ой екпінінің қай сөзге түскенін білген жөн. Айталық, бір жағдайда әңгімеге орай басқа нәрсені емес, кітапты алған не алмағанын білу керек болар, екінші жағдайда орнында жоқ кітапты әңгімелесушінің не басқа біреудің алғанына не алмағанына екпін түсері рас.

Сөздің логикалылығының сақталмауына көптеген себептер болады. Былайша айтқанда, жекелеген сөзге немесе сөз тіркесіне логикалық екпінің түсіре айтылуы - сол себептердің бірі ғана. Логикалылықтың сақталмауы көп жағдайда синтаксистік құрылымға да баланысты болып келеді. Сөйлем ішінде есімдіктердің орнымен қолданылмауы ойдың түсініксіздігін туғызады: Көп адам соңғы жылдары кітап дүкендерінен қажетті кітаптарын таба алмай жүреді. Олардың қажеттігін сауда орындары тиісті есепке ала бермейтін сияқты (газеттен). Бір қарағанда, түсінуге қиындық келтірері рас: кітап дүкендерінің қажеттігін бе, әлде кітаптардың қажеттігін бе – қасысын есепке алу керектігін күңгірттеу сезіледі.



Сөздің тазалығы. Сөздің тазалығы дегеніміз – сөйлеушінің немесе жазушының әдеби тіл нормасын сақтаумен бірге, ана тілінің мүмкіндігін пайдалана білу.

Тіл тазалығының да тілдің дұрыстығына ұқсас жерлері кездеседі. Тіл мәдениетінің ең басты коммуникативтік сапаларының бірі болғандықтан, сөздің тазалығына ерекше мән беріледі. Дәлірек айтқанда, сөзді қолданғанда, баламасы бар сөздердің әдеби тілге қатысты бірден-бір ұғынықты ана тілінің тазалығын танытатын сөзді таңдай білу керек. Былайша айтқанда, тілді шұбарлауға бармаған жөн. Ал, тілдің тазалығын бұзатын, оған нұқсан келтіретін факторлар аз емес. Оларға, мәселен, ана тіліндегі баламасы бола тұра, басқа тілдерден енген сөздерді қалай болса солай жұмсау (варваризмдер), жергілікті мәні бар сөздерді (диалектизмдер) талғамсыз қолдану, мамандыққа байланысты шағын ортада кездесетін сөздер (профессионализмдер), сондай-ақ құрбы-құрдастардың, әзіл-қалжыңы аралас адамдардың арасында сөзге кірістірілетін тілдік құралдар (жаргонизмдер) сияқты жайлар жатады.

Тіл тазалығына кедергі келтіретін ілгеріде айтылған жайлардың бірі – варваризмдер. Қазақ тілінің қазіргі қолданылуы жағдайында басқа шет ел тілдерінен тілімізді шұбарлап жатқан құбылысты байқау қиын. Айталық, өткен ғасырларда орыс тілін француз тілі шұбарлағаны белгілі. Біздегі кемшіліктердің біріне кейбір қазақ қыздары мен жігіттерінің орыс сөздерін оңды-солды жұмсай беретіндігін жатқызуға болар еді. Бұдан, қазіргі, әсіресе, соңғы жылдары мерзімді немесе кәсіби баспасөздерде жиі атылып жүргеніндей, орыс тілін жат тіл немесе зиянды тіл деп атауға негіз жоқ.

Тіліміздің байлығының көрінісі бола тұра, диалектизмдердің қолданылуында белгілі заңдылықтың сақталғаны дұрыс. Атап айтқанда, жергілікті ерекшелігі бар сөздерді бірден әдеби тіл ретінде қолданудың біршама қиындығы бар, себебі тыңдарманға немесе оқырманға бірден түсінікті бола бермейді. Тіпті әңгіме диалектизмнің түсінікті немесе түсініксіздігінде ғана емес, дағдыдағы қолданыста болмаған соң, тіл шұбарлаушылық көзге ұрып тұрады. Кейбір жағдайда күлкі туғызуы әбден мүмкін.

Тіл мәдениетіне біршама нұқсан келтіретін тағы бір жай ілгеріде айтылғандай, жаргонизмдер. Бұлар жолдас-жораның, қатар-құрбының арасында немесе үлкен-кіші болса да, әзілдері жарасқан адамдардың бір-бірімен тіл қатысқанда айтатын қалжың-оспақ сөздері болып табылады. Бір-бірін түсінетін мұндай адамдар ондай сырт көзге байқалатын оспадар, дөрекі сөздерге мән бере қоймауы мүмкін, бірақ ондай сөздерді қалың қауымға, көпшілік ортасына арнап айтудың қисыны жоқ. Демек, жаргонизмдер шағын ортада пайдаланылады, сондықтан да оларды көпшілік орындарда қолданудың әдепсіздігі өзінен-өзі белгілі болып отырады.

Сөздің мәнерлілігі. Мәнерлілік сөздің эмоциональдық және экспрессивтік қасиеттеріне, екінші сөзбен айтқанда, сөздің стилистикалық бояуына тікелей байланысты.

Сөздің мәнерлілігі дегеніміз – сөйлеушінің немесе жазушының тыңдарманын немесе оқырманын қызықтыра білуі, сөзін ұғындыра алу қабілеті.

Мұндай жағымды қасиет көпшілік алдында лекция оқитын оқытушылардың, баяндамашылардың, жазушының, қоғам қайраткерлерінің сөздерінде, баспасөз беттеріндегі материалдарда міндетті түрде болуы керек. Сөздің мәнерлілік қасиетін бойына сіңіре білген адам шешендік өнердің өкілі деп саналуға лайық. Таптаурын болған, баршаға талайдан таныс сөз оралымдарын орынсыз қайталап, мезі етпей, сөйлеуші немесе жазушы әр сөздің жаңа қырын, соны тіркесті таба білсе, мақсатына жетері анық. Классиктер мен көрнекті жазушылардың шығармаларын оқығанда эстетикалық ләззат алуымыздың бір себебі сөз мәнерлілігін авторлардың қисынды пайдалануында жатыр.

Сөздің байлығы. Сөздің байлығы дегеніміз - әркімнің өз ана тілінің бар мүмкіндіктерін еркін пайдалана білуі.

Сөздің байлығы туралы сөз болғанда екі жайды ескеру қажет болады: біріншіден, қай-қайсысымыздың да ана тіліміздің байлығын игеріп, пайдалана білуіміздің маңыздылығы; екіншіден, сол байлықты игере отырып, өз тарапыңнан ана тілінің баюына үлес қосудың қажеттігі туралы мәселе.

Біріншісі – қиын да болса, сол тілді білетін, ана тілім деп есептейтін барша азаматтың борышы мен парызы. Ал, екіншісін екінің бірінен талап ету мүмкін емес, өйткені ол – дарындар мен таланттардың ғана қолынан келетін іс.

Сөздің қисындылығы. Сөздің қисындылығы деп жеке сөздің, сөз тіркесінің грамматикалық тұлғалардың өз орнында қолданылуын айтады.

Сөздің қисындылығын функциональдық стильдерден бөлек қарауға болмайды. Әсіресе, функциональдық стильдерде сөздердің қалай жұмсалу керектігі білініп тұрады. Мәселен, ауызекі сөйлеуде ресми стильдегі сияқты стандарт тілімен қарым-қатынас жасау күлкі туғызар еді. Сатиралық немесе юморлық мақсатта олай етудің де керектігі болар, бірақ тура мағынасындағы сөздің пайдалану табиғатына қарағанда, әр стильдің өзіне лайық синтаксистік құрылымның болғаны жөн. Сондай-ақ, іс қағаздарын толтыру кезінде көркем әдебиет тіліндегіде сөздің стилистикалық бояу қолданудың еш қисыны болмайды.

Сөздің қисындылығы көп жағдайда әңгіме мазмұнының кімге, қандай аудиторияға арналғанына да тікелей байланысты болып келеді. Айталық, бір лекцияның студенттерге арналған ғылыми пән бойынша оқылуы мүмкін. Мұндағы қолданатын сөздерді, әлбетте, балабақша тәрбиеленушілерге лайықсыз екені өзінен-өзі түсінікті. Енді бір баяндама ғылыми жұмыстың жылдық есебі туралы болса, оны жұмысшылар арасында жасау да ақылға қонымсыз болар еді.

Тіл мәдениеті пәні

Глоссарий.

Тақырыбы : Тіл мәдениеті пәнінің мақсаты мен міндеті.

1.Лингвистика-ғылым атауы, тіл білімі.

2.Әдеби тіл – орныққан, тұрақты нормалары бар, жалпыға бірдей түсінікті, ортақ, қоғамдық қызметі әр алуан, жалпы халықтық тілдің екшеленген, сұрыпталған жүйелі түрі.

3. Тілдік норма – қоғамда байланыс жасау барысында іріктеліп тұрақталған тілдік жүйе.

4. Тіл саясаты – қоғамда, мемлекетте тіл мәселелерін шешуде қолданылатын идеологиялық принциптер мен шаралардың жиынтығы.

Тақырыбы: Адам өміріндегі тілдің ролі мен сөйлеу мәдениетінің маңызы.

1. Тіл және қоғам – қазіргі тіл білімінің өзекті мәселесі. Тілдің пайда болуы, дамуы мен қызметі, әлеуметтік топтарға қатысы, тілдің қолданылуы мен басқа тілдермен арақатынасы, қоғамның тілге деген саналы көзқарасы – бәрі де тілдің қоғамдық табиғатынан туындайды.

2. Тілдің қызметі – 1. қоғамдағы тілдің ролі(қолданылуы); 2. бірліктердің бір біріне тәуелді болуы (мыс. түбір мен аффикс). Т.Қ. тілдің табиғатынан, оның қажеттілігі мен қоғамдағы орнынан туындады. Ең негізгілері: байланыс жасау (комуникация) және танымдық (когнитивті, гносеологиялық), экспрессивті қызмет.

3. Сөйлеу – бір мезгілде болатын нақтылы сөйлеу. Сөйлеуге сөйлеу қызметі және сөйлеу нәтижесі (жадта сақталған және жазылған шығармалар) жатады.

4. Сөйлеу актісі – қоғамда қалыптасқан сөйлеу принциптері мен ережелеріне сай, белгілі бір мақсатта жүзеге асырылатын сөйлеу әрекеті.

5. Сөйлеудің түрлері - дыбыстық және жазба түрлері бар

6. Сөздің мазмұндылығы дегеніміз – сөз болып отырған айналадағы зат не құбылыстың немесе іс-әрекеттің мәнді белгілерін сөз етуді айтамыз.

7. Сөздің мәнерлілігі дегеніміз – адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы.

8. Диалог деп - екі немесе одан да көп адамдардың кезектесіп пікір алысуын айтсақ, монолог деп - бір адамның өз ойын, пікірін ұзақ уақыт жүйелей, сабақтап баяндауы.

Тақырыбы: Тіл мен сөйлеу. Ауызекі сөйлеу оның ерекшеліктері.

1. Сөйлеу этикеті – қоғамда қабылданған ресми не бейресми жағдайда әңгіме құраушылардың әлеуметтік роліне сай болатын сұхбаттасу ережелерінің тұрақты жүйесі.

2. Орфоэпия – сөздердің жалпыға бірдей қалыпты айтылу нормасы.

3. Ілгерінді ықпал – түбір мен қосымшаның немесе сөз аралығындағы көршілес дыбыстардың алдыңғысы соңғысына әсер етіп өзгеруі.

4. Кейінді ықпал – түбір мен қосымшаның немесе сөз аралығындағы іргелес дыбыстардың соңғысы алдыңғысына әсер етіп өзгеруі.

5. Эмоционалды сөздер – бояуы қаныққан сөзқдер.

6. Интонация – ( лат. Intonation –қатты айтылатын) мелодия, интенсивтілік, ұзақтық, сөз темпі, айту тембрі сияқты бір-бірімен байланысты сыңарлардың бірлігі.

Тақырыбы: Сөз қолдану мәдениеті. Жазудың тарихи дамуы. Жазудың түрлері

1.Пиктографиялық жазу-жазудың ең алғашқы түрі.Пиктография латынның сөзі суретті жазамын деген сөзінен алынған.

2. Логографиялық жазу - пиктографиялық жазудың біртіндеп даму барысында идеографиялық жазу пайда болады. Логографиялық таңба не жеке сөзді немесе атаушы бөлігін белгілейді.

3. Морфемографиялық жазу- морфемалармен жазу, жазу белгісі морфемаграмма.

4. Силлабография – «буынды жазу», жазу бірлігі силлабограммалар.

5.Фонелография – «фонемалармен жазу» яғни тіл дыбыстарын белгілі таңбалармен белгілеу. Тіл дыбыстары жазуда графикалық таңба - әріптермен таңбаланады.

6. Әліпби - бірінен кейін бірі рет ретімен орналасқан әріптердің жиынтығын.

7. Орфография - белгілі бір тілдегі сөздердің дұрыс жазылуы туралы ережелердің жиынтығын айтамыз.

8. Транскрипция- латынның қайта жазу деген сөзінен алынған.

9. Транслитерация- латын тілінің бір жазудағы әріптерді екінші бір жазудағы әріптермен беру дегенді білдіреді.



Тақырыбы: Ауызекі және жазбаша сөз қолданудағы қателіктер

1.Фонема-гректің phone (дыбыс) деген сөзінен алынған термин.

2.Анлаут-неміс сөзі,сөз басындағы дыбыстық өзгерістер

3.Инлаут –неміс сөзі, сөз ортасында болатын дыбыстық өзгерістер

4.Ауслаут-сөз соңындағы дыбыстық элементтердің өзгеріске түсуі

5.Ассимиляция- латын тілінен алынған термин қазақша мағынасы үйлесу, үндесу.

6.Сингармонизм- гректің sun-harmonia сөздерінен алынған термин қазақша мағынасы бірге үндесу, үйлесу.

7.Диссимиляция- біркелкі дыбыстардың немесе өзара ұқсас дыбыстардың әр басқа немесе сәл ғана ұқсас дыбыстар болып өзгеру құбылысы.

8.Протеза- сөз ішіндегі дыбыстар құрамына жаңадан бір дыбыстың сөз басына белгілі бір дауысты дыбыстың қосылып айтылуы.

9.Эпентеза -грек сөзі, қосу, кіріктіру деген сөз.

10.Аферезис- өзінен кейінгі белгілі бір дыбыс әсерімен сөздің алғашқы бір дыбысының түсіп қалуы.

11.Гоплология- гректің гаплос (жай) және логос (ілім) сөздерінен шыққан термин.



Тақырыбы: Лексикалық норма, оның шарттары. Тілдің лексика-фразеологиялық тіркестерінің сөйлеудегі қолданысы

1 Лексикография-гректің lexikon (сөздік) және logos (ілім)мағыналы сөздерінен алынған термин.

2 Дактиология-мылқаулар тілі (гректің dartlis-саусақ,латынның logos) ұғым деген сөздерінен алынған.

3.Коммуникативтік-латынның «қатынас,байланыс» деген сөздерінен алынған.

4.Полисемия -гректің көп мағына деген сөзі.

5.Ономастика-жалқы есімдерді зерттейді.

6.Антропонимика- грек тілінің кісі, адам деген сөзінен алынған термин.

7.Синоним-грек тілінің қатар атау деген сөзі бойынша жасалған термин.

8.Антоним – грек тілінің қарсы ат, атау деген сөздерінен жасалған термин.

9.Омофон- грек тілінің біркелкі, бірдей дыбыс деген сөзінен жасалған термин.

10.Омограф- грек тілінің жазу деген сөздерінен жасалған термин.

11. Термин дегеніміз - өндірістің, ғылымның, техниканың, өнердің, мәдениеттің даму нәтижесінде пайда болған ұғымдарды білдіретін арнаулы сөздер.



Тақырыбы: Сөйлеуде көркемдегіш және бейнелегіш құралдарды пайдалану.

1. Метафора – грек тілінде metaphora «ауысу» деген мағынаны білдіреді. Белгілерінің ұқсастығына қарай бір заттың не құбылыстың басқа бір заттың не құбылыстың атауымен атауының негізінде сөз мағынасының ауысуы метафора деп аталады

2. Метонимия – грек тілінде metanymia «атын өзгерту, қайта ат қою» деген мағынаны білдіреді. Бір заттың немесе құбылыстың атауының екінші затқа не құбылысқа олардың өзара іргелестігі, шектестігі негізінде атау болып ауысуы, осыған орай, сөздің ауыспалы мағынада жұмсалуы метонимия деп аталады.

3.Синекдоха- грек тілінің synecdoche «бірге жобалап түсіну» деген сөзден жасалған термин.. Бүтіннің орнына бөлшекті, жалпының орнына жалқыны, үлкеннің орнына кішіні қолданудың негізінде сөз мағынасының ауысуы синекдоха деп аталады.

4.Теңеу- зат пен құбылыстың біріне бірінің ұқсастығына қарай сөздер алмасады.

5. Эпитет - бір заттың, не бір құбылыстың айырықша сипатын, сапасын анықтау

үшін қолданылатын бейнелі сөзді эпитет деп атайды.

6. Табу –индонезия тілінен алынған термин, тыйым салу деген сөз.

7. Эвфемизм-гректің euphemismos –жақсылап,сыпайылап айтамын деген сөзінен алынған термин.

8. Каламбур-француздың calembour (сөз әзілі) деген сөзінен алынған термин.



Тақырыбы: Грамматика және тіл мәдениеті. Тілдің морфологиялық және синтаксистік құрылымын ұтымды пайдалану.

1.Морфема-тілдің ары қарай бөлшектеуге келмейтін ең кіші мағыналық единицасы.

2.Реляциялық-сөз түрлендіруші аффикстер.

3.Деривациялық –сөз тудырушы аффикстердің мағынасы.

4.Диффузия құбылысы- сөз морфемаларының мүшеленуі.

5.Аффиксация тәсілі- түбірге аффикстер жалғау арқылы грамматикалық мағынаның берілуі.

6.Ішкі флексия-түбірдің дыбыстық құрамының өзгеруі арқылы грамматикалық мағынаны білдіру тәсілі.

7.Синтетикалық -әртүрлі аффикстердің жалғануы арқылы.

8.Аналитикалық –негізгі сөз бен көмекші сөздің тіркесуінен жасалады.

Тақырыбы: Тіл мәдениетінің негізгі сапалары.

1. Сөздің дәлдігі немесе айқындығы дегеніміз – сөздің реальды шындықтағы заттар мен құбылыстардың атауларына барынша дәлме-дәл келуі

2.Грамматикалық норма – қазақ тілінің грамматикалық амал-тәсілдері, тұлғалары, құралу тәртібі белгілі қалыпқа түсіп, жұртқа әбден дағдылы болған: сөз таптарының, сөз түлғаларының, сөйлем құрылысының алуан түрлі бөлшектері қиюын тауып қалыптасып кетті.Грамматикалық сол қалпын атаймыз.

3. Сөздің тазалығы дегеніміз – сөйлеушінің немесе жазушының әдеби тіл нормасын сақтаумен бірге, ана тілінің мүмкіндігін пайдалана білу.

4.Сөздің мәнерлілігі дегеніміз – сөйлеушінің немесе жазушының тыңдарманын немесе оқырманын қызықтыра білуі, сөзін ұғындыра алу қабілеті.

5.Жөнімен ауытқу – мағыналық, стильдік қызметі бар ерекшеліктерді дұрыс пайдалануды айтамыз.

6.Логикалылық деп ойдың қайшылыққа ұрынбауын айтамыз

7.Сөздің байлығы дегеніміз - әркімнің өз ана тілінің бар мүмкіндіктерін еркін пайдалана білуі.

8.Сөздің қисындылығы деп жеке сөздің, сөз тіркесінің грамматикалық тұлғалардың өз орнында қолданылуын айтады.

Тақырыбы: Мәтін – тіл мәдениетінің көрсеткіші.

1. Хабарлау мәтіні - белгілі бір уақыт пен кеңістікте болған, себеп-салдарлық байланысқа түскен оқиғалар жөнінде баяндалады

2.Сипаттау мәтіні - кейіпкерлер болмайды. Табиғат көріністері, қоршаған ортаға заттар мен құбылыстар суреттеледі, сондықтан бұл мәтінде сын есімдер молынан пайдаланылады.

3. Пікірлеу мәтін деп - бір нәрсені дәлелдеу, бекіту мақсатында дәлелдер, мысалдар, салыстырулар арқылы жаңа ой қорытындыларын жасайтын мәтіннің түрі.

4. Пуризм- (лат. purus таза) ана тілін әр түрлі келеңсіз жағдайлардан тазалау және жол бермеу.
Негізгі әдебиеттер

1. Н.М.Уәли. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері. Филология ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін дайындаған диссертациясы. – Алматы, 2007 ж. – 326 бет.

2. Д. Әлкебаева. Сөз мәдениеті. – Алматы «Қазақ университеті», 2014 ж. – 212 бет.

3. Оқытушының univer.kaznu.kz жүйесіне салып отыратын әдістемелік материалдары


Қосымша әдебиет:

1. М.Б. Балақаев. Қазақ әдеби тілі. Алматы: Ғылым, 1987, – 272 б.

2. Р. Сыздық. Тілдік норма және оның қалыптануы. Астана: Елорда, 2001. –230 б.

1) Көршінің сұрағына жауап.

Сабақ аяғында студенттер параққа бір сұрақ жазып, парақты оң жағында отырған серігіне береді, бұл сұраққа жазбаша жауапты серігі береді. Жазып болған соң, студенттердің өз сұрақтары мен жауаптарын жұптасып талқылағаны тиімді.
2) Сұрақтан басталып, сұрақпен аяқталатын эссе.

Эссе студенттің тақырып бойынша бір сұрағымен басталып, басқа сұрағымен аяқталуы мүмкін. Бұл жерде сұрақтардың адресаттары сан-алуан болу мүмкіндігін ескертіп кеткен жөн: сұрақтарды өзіңе, көршіңе, бүкіл аудиторияға, жеке адамға, оқытушыға, авторға, т.б. қоюға болады. Сұрақтар тіпті ешкімге де бағышталмауы мүмкін (риторикалық сұрақтар).


3) «Үшбу хат».

Эссенің сабақта қарастырған шығарма (идея, теорема, формула, кітап, т.б.) авторына хат формасында жазылуы да орынды. Хатты бүгінгі сабақ тақырыбы төңірегінде оқытушыға немесе аудиториядағы басқа бір студентке де жазуға болады.


Рефератқа қойылатын талаптар:
1. Рефераттың көлемі (бастауыш, 3-5 бет) орта деңгей бойынша талап етілетін көлем 5-6 беттен аспауы тиіс.
2. Жұмыс барысында құрған жоспары бойынша студент өз ойын сілтемелер арқылы бере отырып, жүйелі түрде жазып шығуы қажет.
3. Титулдық бетінде реферат тақырыбының аты, орындалған жері көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ орындаған және тексерген адамдардың аты-жөні жазылатын орын қалдырылуы керек.
4.1-бетінде рефераттың жоспары тұруы керек.
5.Соңғы бетінде пайдаланылған әдебиеттер тізімі берілуі тиіс. Пайдаланылған материалдар 3 дереккөзінен кем болмауы қажет.
Рефератты тексеру барысында материалдың мазмұны, стильдік сауаттылығы ескеріледі.
Жобалық /презентация/жұмыстарға қойылатын талаптар
Презентация өткізу жоспары:

/Презентациялар силлабус тақырыптары негізінде болуы қажет/


Кіріспе/өзін таныстыру, тақырыбын атау, бұл тақырыпты алу себебі/.

Банк тарихы

1.Негізгі бөлімде:

Банк қызметтері: несие, депозиттері, төлем карточкалары, нарықтағы алатын орны.


Қорытынды бөлімде: жетістіктері, марапаттаулары/наградалары/.

/Осымен менің/біздің/ презентациям/мыз/ аяқталды. Зейін қойып тыңдағандарыңызға рахмет! деп аяқтау/.


Талаптар:

-қызықты өткізуге аса мән беру;

-презентация барысында \қолды шамадан тыс көп сермемеу;

-аудиторияның назарын өзіне қарата алу, аудиториямен байланыс орната алу;

- киім киісіне назар аудару;

-өзін салмақты ұстау;

-сұрақтарды қашан қою керектігін ескертіп кету;

-үлестірме материалдардың болуы/қажет болса/;

- орыс тілін араластырмау;

- Презентацияға қойылатын ерекше талаптың бірі - сандық мәліметтерден басқа материалдарды баяндау барысында қағазға көп қарауға болмайды.



Презентацияға берілетін уақыт: бір студентке 5-7 минут.

Жұмыс мазмұнына қойылатын талаптар

тақырып бойынша Бұқаралық ақпарат құралдары мен Интернеттен т.б. ақпарат көздерінен материалдар іздеу;

жиналған материалдарды өңдеу, сұрыптау;

мәтінді баяндау жоспары.



** Акад. Ә.Т.Қайдаровтың айтуынша, шамамен, қазақтардың 15 % өз ана тілін білмейді [105].


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет