Сабақ ұстаздың көп ізденуінен, көп еңбектенуінен туатын педагогикалық шығарма. Ал осы


Теорема : Келтірілген квадраттық теңдеу түбірлерінің қосындысы қарсы таңбасымен алынған екінші коэффициентке, ал көбейтіндісі бос мүшеге тең болады



бет5/5
Дата18.02.2017
өлшемі0,57 Mb.
#9967
түріСабақ
1   2   3   4   5
Теорема : Келтірілген квадраттық теңдеу түбірлерінің қосындысы қарсы таңбасымен алынған екінші коэффициентке, ал көбейтіндісі бос мүшеге тең болады:

Виет теоремасы тұжырымдалғаннан кейін оқушылар келесі кестелермен жұмыс жасайды, мұнда олар түбірлерінің қосындысы мен көбейтіндісін табу керек. Ал енді оқушыларға келесі сұрақ қойылады:

Келтірілген квадрат теңдеулердің түбірлерінің қосындысы мен көбейтіндісін таптық, енді түбірлерін бірден айтып бере аласыңдар ма?

Алғыр оқушылар теңдеудің түбірлерін бірден атап шығады, бұл деген сөз келешекте Ұлттық Бірыңғай Тестте мұндай оқушылар квадрат теңдеуді шешпей-ақ түбірлерін тауып отырады, яғни басқа есептерді шығаруға уақыт үнемдейді.




Виет теоремасына кері теореманы қолданып есептер шығаруда келесі кестені пайдаланамыз:



Кері теоремаға берілген есептерді оқушылар көбінесе дұрыс түсінбей, осы тақырыпта ойқылықтар кетіп жатады, ал мен ұсынып отырған кестені оқушы толтыра білсе, онда ол кері теоремаға келген есептерді шығара алады деп сенемін.

Міне, квадрат теңдеулерді шешуде осындай тәсілдер қолдан жөн. Ал енді осы квадрат теңдеулерді шешуде графиктік тәсілді қолдану жөнінде тоқтап кетейін.

Графиктік тәсілмен квадрат теңдеулерді шығаруда қазіргі техникалық мүмкіндіктерді қолданған дұрыс. Қазіргі заманда өте көп жаңадан компютерлік бағдарламалар бар, солардың көмегімен оқушыларға тақырыпты әдемі және қызықты етіп көрсетуге мүмкіндік бар.



Сондай мүмкіндіктердің біреу «График салушы» компютерлік бағдарлама. Осы бағдарлама көмегімен бірнеше квадрат теңдеулердің шешулерін көрсетіп кетейін.


Мысалы, теңдеуінің екі түбірі бар, өйткені оның графигі Ох осімен екі нүктеде қиылысады.


теңдеуінің бір түбірі бар, өйткені оның графигі Ох осімен жанасады.


теңдеуінің түбірі жоқ, өйткені оның графигінің Ох осімен қиылысу нүктесі жоқ.

Графиктік тәсіл арқылы осылай шешудің осы тақарапқа берілген есептер тез және сапалы нәтижемен түсіндіріп, есептерді бір-екі сабақ көлемінде шығарып, басқа тақырыптарға көбірек тоқтауға мүмкіндік береді.

Қорытынды:

Оқушыларға квадрат теңдеулерді шешудің әр түрлі тәсілдері бар екендігін толық көрсете отырып, оның тиімді тәсілдерін өздеріне таңдату қажет. Оқушының есепті дұрыс, тез, тиімді тәсілмен шеше білуі қазіргі заман талабына сай Ұлттық Бірыңғай Тестілеуді тапсыруда да атқаратын ролі зор. Бұл тақырыпты меңгерген оқушы осы квадрат теңдеуді шешуге келіп тірелетін барлық есептерді шеше біледі деуге болады. Квадрат теңдеуді шешудің бірнеше әдісі бар. Квадрат теңдеу түбірлерінің жалпы түрдегі формуласы, b - жұп сан болғандағы формуласы арқылы шешу, Виет теоремасын, кері теореманы пайдалану, а ± b + с=0 жағдайы, көбейткіштерге жіктеу арқылы, толық квадратқа келтіру, «асыра лақтыру», геометриялық тәсілмен шешу т.б. Біз тек ғана төрт тәсілмен шектелдік, алған қалған тәсілдерін оқушылармен шығармашылық және ғылыми жұмыс ретінде қарастыруға болады.



Пайдаланған әдебиет:


  1. А. Әбілқасымова, И. Бекбоев, А. Абдиев, З. Жұмағұлова

Алгебра. Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. Алматы «Мектеп» баспасы 2008 ж.

  1. Шыныбеков Ә. Алгебра. 8 сынып «Атамұра» 2007 ж.

  2. «Ашық сабақтар» сайты

  3. «Фестиваль педагогических идей» сайты

  4. ҰБТ-ға дайындық тест жинағы. 2009 жыл. Тестілеу центрі. Астана

Каталог: uploads -> doc -> 010c
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
010c -> Сабақ тақырыбы Мақсаты Күтілетін нәтиже Оқытуда қолданылатын модуль
010c -> Тақырыбы: «Кемел ойлы, көркем сөзді шежіре» Әбіш Кекілбаевтың «Автомобиль» повесіндегі тарихи тұлға. Орындаған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет