Сабақ тақырыбы : Мектеп асханасы



Дата07.05.2017
өлшемі365.49 Kb.
түріСабақ
Пән: Қазақ тілі

Сынып: 8

Сабақ тақырыбы: Мектеп асханасы

Сабақтың мақсаты: Тіл үйрену қабілеттерін арттыру, қазақ тілінде айтылған сөздерді тыңдай білу, ұғыну, түсіну.

Білімділік: Асхана туралы оқушыларға жан-жақты мәлімет беру, түрлі тапсырмалар арқылы білімдерін бекіту, өзара сөйлесу негізінде оқушылардың шығармашылық қызметін ұйымдастыру;

Дамытушылық: оқушыларды қазақ тілінде жатық сөйлеуге дағдыландыру. Жеке тұлғаны дамыту, жалпы қабілеттілікті, еріктілікті дамыту;

Тәрбиелілік: Адамгершілік тәрбиесін беру, еңбекке баулу, этикеттік орамдарды арттырып, сыпайылыққа тәрбиелеу. Бірлесе ынтымақтаса жумыс істеуге бағыттау.
Сабақ түрі:жаңа сабақ
Әдіс-тәсілдер: жеке, жұппен, топпен;

Көрнекіліктер:суреттер, оқулық, интерактивті тақта, сызбалар, ватман, түрлі-түсті фломастер;

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

А) Оқушылармен амандасу, түгендеу.

Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен,

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық.

Б) Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

Б) Дәптер, оқулықтарын тексеру.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Мәтінді мазмұндау.



2. Диалогті досыңмен оқы.
ІІІ.Жаңа сабақ.

Асхана жайында түрлі суреттер жинағы көрсетіледі.Оқушылар суреттер бойынша сөз тіркестерін, сөйлемдер арқылы сабақтың тақырыбын ашады.

- Мектеп асханасы қандай?

- Асханада нені сатады?

- Балалар таңертеңгі асқа не алады?

- Түскі асқа не жейді?

- Асханадан кімдер тамақтанады?

- Асхана қалай қызмет етеді?



Ас- тағам туралы мақал –мәтелдер оқу.

Дәмнан үлкен ат жоқ, наннан үлкен ас жоқ.


Ас атасы - нан.
Ас - адамның арқауы.

- Бүгінгі тақырыбымыз «Мектеп асханасы» деп аталады.

(сабақтың мақсаты мен міндеттерімен таныстыру).

1.Сөздікпен жұмыс.

-берілген сөздердің оқылуымен, аудармасымен, қолданылу аясымен таныстыру


- сөздерді хормен, жекелеп оқытып шығу
- осы сөздерді қатыстырып диалог құрастырту
- дәптерге жазу.
Асхана – столовая тамақ – пища

өскелең – вырастающий дәмді – вкусно

таза - чисто ұрпақ – поколение

дәрумен – витамин сүйсіне – с любовью
2. Мәтінмен жұмыс:
-берілген мәтіннің оқылуын үнтаспадан тыңдату ;
-оқушыларға жекелеп, кезекпе-кезек оқытып шығу;
-мәтінді аударту;

Мектеп асханасы

Мектеп асханасы – мектеп өміріндегі ең қажет факторлардың бірі. Мектеп асханасына ең жақсы мамандар алынады. Өйткені, өсіп келе жатқан өскелең ұрпақтың жетіліп, білім алуға дайын болуы, ең басты дәрумендендірілген тамақ ішуіне байланысты болып келеді.

Асхананың тазалығы кіргеннен шыққанға дейін толығымен сақталуы қажет. Асханада – өсіп келе жатқан жас ұрпаққа қажеттінің бәрі сатылады. Ұсынылатын әр тағамның түрі балалардың өсіп жетілуіне көмегін тигізуі керек. Мектеп асханасы жарық, әрі таза, әрі дәмді тамақтармен қамтамасыз етіледі.

-Мәтін бойынша сұрақтар дайындаңдар


  1. Асхана мектеп өміріне қажет пе?

  2. Білім алуға дайын болу үшін, оқушыға ең басты не керек?

  3. Асхананың тазалығы неден басталады?

  4. Асханада не сатылады және жалпы асхана қандай болу керек?

- Мәтінге жоспар құрып, мазмұнын айтып беріңдар.

- Мәтіннен бірнеше сөз тіркестерін теріп жазып, құрамына қарай талдаңдар.

- Өздік жұмысы. Мәтіннің мазмұны бойынша сөйлемдерді толықтырыңдар.

Асхананың ...............кіргеннен шыққанға дейін толығымен сақталуы қажет. Асханада – ...........................................қажеттінің бәрі сатылады. Ұсынылатын әр тағамның түрі .................................. көмегін тигізуі керек. Мектеп асханасы ..........., әрі ......., әрі ................................. қамтамасыз етіледі.



V. Жазба жұмысы.

3-тапсырма.Түбірлес сөздерді теріп жазыңдар.

Таза, түрлері, ұрпақ, аспазшы, тазалау, ұрпақтары, тазалық, ұрпағы, тазартқыш.


4- тапсырма. Синтаксистік талдау жасаңдар.

Асханада тағам дәмді болуы, аспазшының қолында. Қаланың көрікті жерінде зәулім үй тұр. Балалар мұнда сурет салады, би үйренеді, шахмат ойнайды.



ІV.Бекіту кезеңі.

Шығармашылық жұмыс.(Оқушылар екі топқа бөлінеді)

Топтық жұмыс:



  1. Асханадағы жағдаят (мәзірді қолдану).

  2. «Болашақ асханасының » жобасын ватманға салу, тендер ұтып алу, жобаларды қорғау.

VІ.Қорытынды.

Не білдік? Неге үйрендік? Мақсатқа жеттік пе?

-Мектептегі асхана қай қабатта?

-Сендер мектепте қайдан тамақтанасыңдар?
-Біздің асхана нешінші қабатта?
-Асханада кімдермен бірге тамақтанасыңдар?

-Аспазшылар тамақты қалай пісіреді?

- Асхана мектеп өміріне қажет пе?

- Білім алуға дайын болу үшін, оқушыға ең басты не керек?

- Асхананың тазалығы неден басталады?

- Асханада не сатылады және жалпы асхана қандай болу керек?

- «Ас-тағам» туралы мақал мәтелдерді есімізге түсіріп айтайық.
VІІ.Үйге тапсырма.

«Мектеп асханасы» тақырыбына шағын шығарма жазу.



VІІІ.Бағалау.


Каталог: uploads -> doc -> 0f7e
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0f7e -> Сабақ Сабақтың мақсаты: Білімділік
0f7e -> Сабақ Пәні: Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы. Тақырыбы:Қазақстанның дүниежүзі картасындағы геосаяси орны


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет