Сабақ тақырыбы : Мухтар Әуезов «Жетім» әңгімесі



бет1/2
Дата25.12.2016
өлшемі249,06 Kb.
#4516
түріСабақ
  1   2
М. Әуезов. "Жетім" 4 сынып

Сабақ тақырыбы: Мухтар Әуезов «Жетім» әңгімесі
Мақсаты: Мәтін мазмұнын талдай отырып, оқушылардың интеллектуалдық және эмоцианалдық қабілеттерін шыңдау. «Жетім» сөзінің мағынасын ашу, мәтіннің мазмұны мен идеясын талқылап, жаңа білімді меңгерту. Ұжымда және өздігінен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру.

Міндеттері:

Сын тұрғысынан ойлаудың стратегияларын қолданып, әңгіменің негізгі идеясын ашқызып, өз ойларын жинақтап, қорытынды жасату.

Болжам жасай отырып, қорытынды шығаруға дағдыландыру.

Оқушылардың өз ойларын еркін жеткізу қабілеттерін дамыту.

Топпен, өздігінен өзара әрекеттестік атмосферасын сақтауға үйрету;

Ұжымдасып ынтымақтастықта жұмыс жасауға баулу.

Өзін- өзі, топты әділ, шыншыл бағалау.

Мәтін тақырыбына өз көзқарастарын эссе түрінде жазу барысында дарындылық таныту.

Топ ішінде жұмысты реттеу барысында көшбасшылыққа шығу.

Қолданылатын модульдер:

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, сын тұрғысынан ойлауды үйрету, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау, оқыту мен оқуда АКТ пайдалану, талантты және дарынды балаларды оқыту, оқытуды басқару және көшбасшылық.



Көрнекіліктер: М. Әуезовтің портреті,ноутбуктар,түрлі-түсті А-4 қағаз.
Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру кезеңі

Шаттық шеңбер (3 тілде қазақша,орысша,ағылшынша оқушылыр бір-біріне сәттілік тілейді)
I. Ұйымдастыру кезеңі

ІІ. Топтарға бөлу: «Сиқырлы қап» (сиқырлы қаптан ішіне топ аттары жазылған қар кесектерін таңдап алып 4 топқа бөліну, қызыл түспен жазылған қар кескінін алған оқушы топ басшысы болады)

Топ ережесін еске түсіру



Бағалау парағымен таныстыру

1) Ғылыми тобы
2) Тілшілер тобы (жазу)
3) Бейнелеушілер тобы


4) Әдебиетшілер тобы
IІI. Үй тапсырмасын тексеру.
Сұрақтар:
Үйге қандай тапсырма берілді?
- Асқар Дулатовтың «Аяулы Жақан» әңгімесін оқып келу және осы әңгіме бойынша сұақтар дайындау.

І топ: 1.Естелікті кім жазған?

2.Мәтіннен Міржақыпты сипаттайтын жерін тауып оқы.


ІІ топ: 1.Мәтіннен анасының сөзін тауып оқы. Қалай ойлайсың,анасының үміті мен сенімі ақталды ма?

ІІІ топ: 1. «Қуанышы қойнына сыймай» деген тіркесті сөздерді пайдаланып,сөйлем құрап жаз.

2. М.Дулатып нені армандады?



ІҮ топ: 1. Мәтін неліктен «Аяулы Жақаң» деп аталған? (- Міржақов Дулатовқа деген сыйдың бір құрметі.)
2. «Кәмпескелеу» дегенді қалай түсінесің?

Сергіту сәті (ағылшын тілінде)

Жаңа тақырыпқа бағытталу.

Ой қозғау.

Тақырыпты ашу барысында «Жетім» атты бейне фильмнен үзінді көрсету.

Балалар осы бейне фильм кім туралы, балалар неліктен жылап отыр, қалай ойлайсыңдар?

Ендеше балалар бүгінгі біздің жаңа сабағымыздың тақырыбы да осылай аталмақ М.Әуезовтың «Жетім» атты әңгімесі.



Сабақтың мақсатымен таныстыру

М. Әуезовтің шығармалары бойынша түсірілген «Көксерек», «Қараш - қараш оқиғасы» атты фильмдер бар, және бүгін танысатын «Жетім» әңгімесі - халықтың қалын, ортасынан шыққан, қарапайым адамдардың өмірін сипаттайтын әңгіме.


Ендеше балалар осы «Жетім» әңгімесінің авторы М.Әуезов туралы біз не білеміз.Соны ортаға салайық.


прозаик

драматург

профессор

ағартушы

академик

ақын

жазушы


ҮІ. Оқулықпен жұмыс: (Мәтінді төртке бөлу)

/әр топ өздеріне бөлінген бөлікті топ ішінде мәнерлеп оқиды/



I. Ғылыми топ.

1. Әңгіме қалай басталады?


2. Жападан жалғыз келе жатқан бала кім?
3. Әжесінің демі үзілгенге дейінгі алладан Қасымның тілеуін тілеуін өмірде немен байланыстыруға болады?

4. Қасымның әжесінен айырылған кезде жоқтау айтып жылаған сөзін тауып оқы.


ІІ. Тілшілер тобы

1. Әңгіме неліктен жетім деп аталған?

2. «Жетімнің малына қиянат қылма! Өзін адам ет, күт, асыра, жылатпа!» деп кімге тапсырды?
3.Қасымның ойы неден шатасты?

4.Қасым жетімдіктің қорлығын қалай көрген?(сол тұсты тауып оқы)



ІІІ. Бейнелеушілер тобы.
1. Тау ішіндегі түнгі қорқыныш.

2. Қасымның көңіл күйін табиғатпен байланыстыруға бола ма? Қалай байланыстыруға болады? Кестеге толықтырып жазыңдар.



ІҮ. Әдебиетшілер тобы.

1. Бала неліктен ағашқа суйеніп қатып қалды?

2. Осы мәтінді оқығанда қандай күйде болдыңдар? Өздеріңді қалай

сезіндіңдер?


3. Осындай қатыгездік ақыр аяғы неге әкеліп соқты?(Қасымның өліміне)

4. Егер сен автор болсаң әңгімені өз ойыңмен қалай аяқтар едің?


VІІ. «Ойлау» стратегиясы.
«Жетім» — деп кімдерді айтамыз? Көз алдарына кімдер елестейді?
Жетім

Дәптермен жұмыс:

Сандықтан шыққан сөз: Қиянат – әділетсіздік,зорлық,өктемдік.

Қаға беріс – шеттеу,бұрылыс,тасалау жер.

VIIІ. Жаңа сабақты бекіту:
Оқиға желісі Немен аяқталды? Шығарманың идеясы және құндылығы
Қасымның өмірден көрген қиыншылығымен басталды. Қорқыныштан жүрегі жарылды. Мәтіннің соңы қалай аяқталды? (Қасымның өлімі. )

Сабақты бекіту барысында әр топқа постер таратылады.

Ғылыми топ: Венн диаграммасы

Тілшілер тобы: Осы тақырыпқа сәйкес мақал –мәтел.

Бейнелеушілер тобы: Осы мәтін бойынша «Табиғат көрінісін» бейнелеу

Әдебиетшілер тобы: Балаларға қандай тілек айтар едіңдер?

Салыстыру. Қазіргі заманмен салыстырғанда жетімдер бар, бірақ олар Үкімет үйінде /балалар үйінде тәрбиеленеді/
Дегенмен, балалар үйінде қаншама жағдай жасалынса да ата - ананың мейірім шуағына ешнәрсе жетпейді.
Анасының қасында қара су ішкенге не жетсін!
Ана мейірімін көрмеген бала осы өмірге риза бола ма екен? — деп Елімізде жетімдер саны азаю үшін қандай тілек айтасыңдар?
Балалардың тілектерін жүрекшелермен білдіру




Бала




ІХ. Қорытынды сөз:
Әке – шешенің қамқорына зар болған, Қасым секілді құрбы - құрдастарыңа оң көзбен қарап, жанашырлық танытсаңдар нұр үстіне нұр болатынын, өз мәртебелерің артатынын естеріңнен шығармаңдар.
Жетімін жылатпаған ел болайық

Рефлексия (Кері байланыс)

Әрқашан күн сөнбесін әні ( 3 тілде қазақ,орыс, ағылшын тілдерінде орындалады.)
Х. Бағалау парағы бойынша,оқушыларды бағалау.
ХІ. Үйге тапсырма
. «Жетім» әңгімесін оқып, мазмұнын біліп келу.Қазақстандағы балалар үйі туралы мәліметтер жинақтау.



Каталог: uploads -> doc -> 0b4a
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0b4a -> Тақырыбы: 2-4 сыныптар арасында өткен «Үздік бастауыш сынып оқушысы» байқауы Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет