Сабақ тақырыбы : Табиғи сұрыпталу эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші Сабақ мақсаты



Дата23.08.2017
өлшемі0,49 Mb.
#25282
түріСабақ
Шеримбетова Ақбаян Серикбайқызы

«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің биология пәні оқытушысы.



Сабақ тақырыбы: Табиғи сұрыпталу – эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші

Сабақ мақсаты:

Білімділік: тіршілік үшін күрес, түрішілік күрес, түраралық күрес, өлі табиғатпен күрес нәтижесінде табиғи сұрыпталудың жүретіндігін түсіндіру.

Дамытушылық: студенттердің логикалық-абстракциялық ойлауын дамыту.Топтық жұмыс жасауға дағдыландыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту және салыстыру, қорытынды жасай білуге баулу.

Тәрбиелік: студенттердің эстетикалық талғамын тәрбиелеу, шығармашылық ізденісін қалыптастыру. Дүниетанымын, көзқарасын қалыптастыру, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.

Сабақтың түрі: теориялық

Сабақ барысында қолданылатын педагогикалық технологиялар: - IT технологиясы - TBL технологиясы

Берілген технологияны іске асыру әдістері: - сабақта топшалармен жұмыс істеу, «шыңға шығу», «ой қозғау», «миға шабуыл» әдістері,интерактивті тақтамен жұмыс т.б

Пәнішілік байланыс: Микроэволюция түр популяциясының ішінде жүретін және оның гендік қорын өзгертіп, жаңа түр түзілумен аяқталатын эволюциялық әрекеттердің жиынтығы. Пәнаралық байланыс: Жағрафия.Популяция (лат. рориlиs — тұрғындар деген мағынаны білдіреді) — бір кеңістікте тіршілік етіп, бір-бірімен еркін шағылысып ұрпақ беретін, дербес генетикалык жүйе құрайтын, бір түрге жататын даралардың жиынтьғы. Популяция терминін ғылымға алғаш 1903 жылы дат биологі В. Иогансен (1857—1927) енгізген.

Сабақтың жабдықталуы: Плакаттар, миниплакаттар,кестелер, видеороликтер.

Техникалық оқу құралдары: интерактивті тақта, компьютер

1. Ұйымдастыру кезеңі : Сәлемдесу, түгелдеу, аудитория тазалығы мен студенттердің формасына көңіл бөлу. Бүгінгі өтілетін тақырыппен таныстырып, студенттердің назарын сабаққа аудару. Топты 3 топшаға бөлу.

Үй тапсырмасын тексеру мақсатында тапсырмалар орындау.



1-тапсырма

2-тапсырма: ( түр, Иогансен,микроэволюция, популяция, ареал т.б)





2. Жаңа сабақтың мақсатын, жоспарын хабарлау, танымдық қызығушылықты ояту Табиғи сұрыпталудың алғы шарттары. Ч.Дарвин табиғи сұрыпталу принципін сипаттауда оның негізгі екі алғы шартын атап көрсеткен. Олар біріншіден, барлық тірі ағзаларға тән қасиет – даралардың тұқым қуалайтын гетерогендігі, екіншіден, көбею қарқындылығының жоғары болуы. Барлық популяцияларда даралар бір-бірінен тұқым қуалау ерекшеліктерімен ажыратылатыны белгілі. Ол ерекшеліктер мутациялық өзгерістердің пайда болуымен және генотипте гендердің жаңа үйлесімдер түзілуімен түсіндіріледі. Осы себептерге байланысты популяция дараларында тұқым қуалайтын гетерогенді қасиет қалыптасады. Бұл қасиет табиғи сұрыпталудың ең алғашқы аса маңызды алғы шарттары болып табылады. Табиғи сұрыпталудың келесі алғы шарты ағзалардың көбею қарқындылығының өте жоғары болуы, соған байланысты түр ішіндегі даралар санының шамадан тыс артуы. Кез-келген ағза жұбы өте көп ұрпақ қалдыруға қабілетті келеді. Мысалы, бір аналық майшабақ жыл сайын 40 мыңға жуық уылдырық шашса, жасыл бақа – 10 жылдың ішінде 2000 млрд-қа жетіп ұрпақ бере алады. Бірақ, табиғатта дәл осылай көбею байқалмайды. Демек, ағзалардың шамадан тыс көбейіп кетуін реттеп отыратын белгілі бір табиғи күш бар деген сөз. Ч.Дарвин ол күшті тіршілік үшін күрес деп аталады.

Тіршілік үшін күрес. Ч.Дарвин тіршілік үшін күрес өзара бірін-бірі ығыстыратын екі себеп деп есептеді, ол себептер: 1) тірі ағзалардың көбеюге шексіз бейімділігі; 2) табиғи ресурстардың шектеулілігі.Күрес ұғымы бірін-бірі ығыстыратын дарақтардың тікелей соқтығысуы ғана емес. Мұны тірі ағзалардың өзара жәрдемдесуі, енжар бәсекелестік және селбестік қатынастардың жиынтығы деп қарауға болады. Тіршілік үшін күрес даралардың айналадағы орта жағдайларымен, яғни оның абиотикалық және биотикалық жағдайларымен қарым-қатынасы болып табылады. Ч.Дарвин тіршілік үшін күрестің үш формасын атап көрсеткен, олар: түрішілік, түраралық, бейорганикалық табиғаттың қолайсыз жағдайларымен тіршілік үшін күрес. Тіршілік үшін түрішілік күрес бір популяциядағы даралар арасында жүреді. Оларға біркелкі қорек заттары, жалпы мекен ету ортасы және басқа да тіршілік жағдайлары (су, жарық, қорек, жылу) қажет болғандықтан, популяция даралары бір-бірімен жарысып қана қоймай, шиеленісе күреске түседі.

Түрішілік күрес негізгі 3 бағытта іске асады, олар:



  1. Қорек үшін

  2. Жыныстас әріптес үшін

  3. Аумақ үшін

Тіршілік үшін түраралық күрес әр түрге жататын даралар арасында байқалады. Мысалы, жыртқыштар мен шөпқоректі жануарлар, қоян-қасқыр немесе мысық-тышқан, балықтар мен планктон арасындағы тіршілік үшін күрес.

Бұдан басқа бүкіл түрішілік және түраралық күресті тура және жанама деп бөлуге болады. Тура күрес кезінде дарақтар ашық соғысады. Мысалы, көптеген түрлердің аталықтары ( әтештер, иттер) аналықты иелену үшін қақтығыс жарысқа түседі. Жануарлардың көпшілігі (қоңыр аю, арыстандар) аумақ үшін жұлқысады. Қорек жетіспесе (шортандар) ересек дарақтар өз түріне жататын шабақтарды жейді. Жанама күресте ашық соғыс болмайды. Аталықтары аналықтарын қақтығыссыз-ақ сайрау арқылы шақыратын құстар тобы осылай бәсеелеседі. Кездейсоқ жағдайда орман өртінің дәл ортасында қалған жануарлар қашып үлгере алмағандықтан, міндетті түрде өледі.

Тіршілік үшін өлі табиғатпен күрес бүкіл сан алуан ағзалардың өзін қоршаған өлі ортамен өзара қарым-қатынасын қамтиды. Ылғалы мол немесе ауа райы құрғақ аудандарда, сол сияқты жазы ыстық немесе қысы аса суық жерлерде айқын көрінеді. Мысалы, табиғи апатта (тасқын, ерте үсік жүру, қар жауудың ұзаққа созылуы т.б) тірі қалу үшін күрес; таулы аудандарда тәуліктік температураның шұғыл алмасуына бейімделу; маусымдық өзгерістерге және көптеген өзге өзгерістерге бейімделу.

Сонымен ағзалардың өз арасындағы қарым-қатынастардың барлық формалары тіршілік үшін күрес табиғи сұрыпталудың экологиялық алғы шарты болып табылады.


Табиғи сұрыпталу әрекетінің жүру жайы. Табиғи сұрыпталу-эволюциялық әрекеттің ең негізгі бағытаушы жағдайы. Табиғи сұрыпталуға қажетті материал жеке ағзалардағы тұқым қуалайтын өзгерістер. Ол өзгерістердің кейбіреулері ағза үшін пайдалы, ал екіншілері зиянды болуы да мүмкін. Ч. Дарвин, табиғи сұрыпталу деп сол түр үшін пайдалы белгілері мен қасиеттері бар даралардың нақтылы тіршілік жағдайларында тірі қалып қрпақ беру мүмкіндігін айтты. Табиғи сұрыпталу әрекетіндегі түбегейлі мәселе даралардың тірі қалуы және олардың әр түрлі жолдармен көбеюге қабілеттілігі болып есептеледі. Өйткені, көбеюге қабілетті дара ғана популяция генофондысына нақтылы үлес қоса алады. Көбейіп ұрпақ қалдыруға қабілеті жоқ даралардың эволюциялық мәні де болмайды. Ендеше, ағзаның бұл қасиеті табиғи сұрыпталудың генетикалық эволюциялық критерийі болып табылады. Табиғи сұрыпталу әрекетінің жүру жайына айқын мысалдардың бірі индустриялық құбылыс. Бұл құбылыс бірқатар Еуропалық елдерде байқалды. Әсіресе Англия территориясында XVIII ғ ортасынан бастап елеулі экологиялық өзгерістер жүрді. Фабрика және заводтардан шығатын түтіндер мен ауаның ластануына байланысты ағаштар мен жапырақтарды күйе басты. Ағаш діңдері қоңырқайланып, олардың қабықтарын жауып жатқан қыналар біртіндеп тіршілігін жойды. Ең қызығы осы ағаш діндерінде жабысып отыратын ақ көбелектер реңін өзгертіп қошқылдана бастады.Қазіргі кезде сол еуропа елдерінде көбелектің 70-тен артық түрінің реңі қошқылданып, ақшыл көбелектерді ығыстырып шығарды. Солардың бірі қайыңның мүр көбелегі. Бұл көбелектің алғашқы түрі қайыңның ақ қабығынан байқалмайтын боз реңді болатын. Мұндай бастапқы қалыпты түрінің популяциялары қазіде де Англияның шығыс жағындағы ауасы таза, ауылшаруашылығымен айналысатын аудандарда көп таралған. Генетиктер мен экологтардың осы құбылыстың сырын ашуға бағытталған зерттеулері бұл түрдің популяцияларындағы негізгі сұрыптаушы фактор – құстар деп тапты. Өйткені түтіні мол, лас өнеркәсіпті аудандарда қошқыл реңді көбелектерді құстар аса байқамайды, ал ақшыл көбелектер бірден көзге түсетіндіктен, оларды жеп қояды.

Табиғи сұрыпталудың шығармашылық рөлі. Табиғи сұрыпталу – табиғатта үздіксіз жүріп жататын әрекет. Соның нәтижесінде популяциялар айналадағы орта жағдайларымен үнемі тепе-теңдікте болады. Табиғи сұрыпталудың шығармашылық рөлі бейімделе алмағандарының жойылып кетуі ғана емес, сонымен қатар пайда болған жаңа бейімділік белгілердің одан әрі дамуына негізделеді. Қандай болса да тұқым қуалайтын белгі, орта жағдайларына және сұрыптау бағытына байланысты түрліше болып өзгереді. Бұл жерде табиғи сұрыпталуды кәдімгі мүсіншінің іс әрекетімен салыстыруға болады. Ол жай ғана пішінсіз тастан, қажетсіз жерін қашап немесе шағып тастап, асқан шеберлікпен бір мүсінді жасап шығарады. Сол сияқты табиғи сұрыпталу да орасан зор уақыт аралығында шексіз көп материалдардың алуан түрлі өзгеріс, ауытқуларынан тіршілік ортасына сай түрлерін ғана қалдырып, қалғандарын жоя отырып, анағұрлым жетілдірілген жаңа бейімділіктер мен қасиеттерді жарыққа шығарады. Сондықтан кез-келген жаңа генотиптің түзілуі және соған сәйкес фенотиптің өзгеруі табиғи сұрыпталудың нәтижесі болып табылады.

Жаңа білімді бекіту

1-тапсырма



Биологиялық диктант

  1. ________бір түрге жататын даралар арасындағы күрес.

  2. Тура күрес кезінде ________

  3. Аталықтары аналығын қақтығыссыз-ақ сайрау арқылы шақыратын құстар тобы осылай бәсекелеседі.Бұл күрес ________ деп аталады.

  4. Әртүрлі түрге жататын даралар арасында жүретін күресті ________

  5. Абиоздық фактормен – өлі табиғатпен күрес- ________

2-тапсырма




3-тапсырма. «Миға шабуыл» әдісі. 4 суреттен 1 сөз шығару

Жауабы: күрес


Жауабы: паразит


4-тапсырма. Полиглот ойыны. Ұяшықтар ішіндегі сұрақтарға жауап беру


Жауабы: табиғат

Қорытындылау:

Үйге берілген тапсырма мен сабаққа белсенді қатысқан студенттерді бағалау.



Үйге тапсырма беру: Тақырыбы: Табиғи сұрыпталу – эволюцияның қозғаушы және бағыттаушы күші. Тіршілік үшін күрес туралы қосымша материалдар ізденіп келу.

Әдебиеттер тізімі:

  1. Биология: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген / М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. — Алматы: «Атамұра» баспасы, 2009 жыл. ISBN 9965-34-927-4

  2. Сартаев А., Гильманов М. С22 Жалпы биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-634-2

  3. Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009 жыл. ISBN 9965-822-54-9

  4. Әлімқұлова Р., Сәтімбеков Р. Ә 55 Биология: Жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбына арналған оқулық. - 2-басылымы, өңделген, толықтырылған. — Алматы: «Атамұра» баспасы, 2008. - 320 бет. ISBN 9965-34-812-Х

Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет