Сабақ тақырыбы: Абай «Қыс» Сілтеме Әдебиеттік оқу 115-116 бет Жалпы мақсаттары



Дата21.03.2020
өлшемі154,32 Kb.
#60618
түріСабақ
Күні: 23.12.2016ж

Әдебиеттікоқу 3 «Е»сынып

Мұғалімі: Кембаева Ләззат

Сабақ тақырыбы:

Абай «Қыс»

Сілтеме

Әдебиеттік оқу 115-116 бет



Жалпы мақсаттары:

Қазақ халқының ұлы ақыны Абай шығармаларын оқып үйренуге баулу. Бұрынғы білімін жаңа ақпаратпен толықтырып, кеңейтуге көмектесу. Оқушыларға бағыт- бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс істеу, іздену, білім, іскерлік дағдыларын қалыптастыру, ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.

Туған жер табиғатын сүюге және қорғауға, ұқыптылыққа, тапқырлық пен ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Оқу нәтижесі

Автор жайлы біледі.

Қыс мезгілінің ерекшеліктері жайлы түсінеді..

Өлеңді мәнерлеп оқып, өз ойларын еркін айта алады.



Негізгі идеялар

Сабақ барысында өзара әрекеттесу арқылы оқушы өзіндік танымдық қабілетін көрсетеді. Осы қабілеттерін дамыта отырып, сабаққа белсенділікпен араласады



Тапсырма көздері

  • Қосымша дерек бойынша ізденіс жұмыстары

  • Сыни тұрғыда мәтінді талдау

  • Ашық сұрақтар беру

Сабақтың көрнекілігі

Суреттер,жұмбақтар,оқулық, смайликтер



Сабақтың түрі

Аралас сабақ



Әдіс - тәсілі

баяндау, сұрақ- жауап, тіл дамыту, шығармашылық жұмыс, ой қозғау.


Мотивациялық кезең

Сәлемдесу, түгендеу

Оқушыларды 4 топқа бөліп отырғызу.

Құрал –жабдықтарын түгендеп сабаққа әзірліктерін байқау.



ІІ. Психологиялық дайындық.

Барлығымыз көзімізді жұмып:

Мен сабақта мектептемін

Менің зейінім тұрақты

Мен жақсы ойлап отырмын- дейміз.

Үй тапсырмасын сұрау

«Ол ақын болар ма еді?» Мәтінді түсініп оқу

Ер есімі-ел есінде әңгіме жазу

«Кім біледі?» ойыны

Мәтінде кім туралы әңгімелейді?

Ел басынан қандай кезең өтті? Бұл қашан болған? Неге автор Қайратты тірі қалса ақын болар ма еді деп ойлайды?



Жаңа сабақ

. «Ой қозғау» стратегиясы. Сөзжұмбақ шешу.














қ

а

р

т

а

м

ш

ы













с

у
1.Қыста ғана болады

Ұстасаң , қолың тоңады.


2.Мұрны жоқ шымшық мұз тесер.
3.Жылт –жылт еткен,

Жырадан өткен.


Балалар, бүгін қазақтың жазба әдебиетінің негізін салушы, дана, кемеңгер, ұлық ақынымыз Абай Құнанбаевтың табиғат жайында жазған «қыс» атты өлеңімен танысамыз.

V. Мен сендерге үй тапсырмасы ретінде Абай туралы ізденіп, мәлімет жинап келуді тапсырған едім.

І топ. Ақынның өмірбаяны

ІІ топ. Ақынның өлеңдері, шығармалары.

ІІІтоп. Абайдың сазгерлігі.

ІV топ. Абайдың қара сөздері.

Әр топтан бір–бір топтан тұрып, өз жазғандарын оқиды.

VІ. Поэзия минуты.

Әр топтан бір оқушыға өлең оқытып, соған байланысты топтың атын қою. «Жаз», «Күз», «Қыс», «Жазғытұры».



Олай болса, балалар, біз Абай атамыз туралы білетінімізді байқадық.. Абай атамызды бүкіл әлем таныды дедік, енді Абай атамызды бүкіл әлемге танытқан жазушы туралы кім біледі? Абай атамызды танытқан жазушы Мұхтар Әуезов. Қандай шығармасы арқылы? «Абай жолы» романы арқылы.

VІІ. Сұрақ жауап әдісімен.

1.Жауып тұрған қарды бақыладыңдар ма?

2.Қар жауған соң айнала қалай өзгереді?

3.Қыста дала қандай болады?

4.Жатқан қарды неге ұқсатар едіңдер?

Балалар сендер өз ізденістеріңді сабақ барысында көрсете білдіңдер.

Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер?

Дұрыс, балалар,енді сабағымызды әрі қарай Абайдың «Қыс » өлеңімен сабақтастырайық. Бұл өлең жазылған екен. Қазір осы өлеңді мәнерлеп оқып беремін, сендер мұқият тыңдап отырыңдар.



VІІІ. Өлеңді оқу.

ІХ. Сөздік жұмысы.

Соқыр- мылқау -түк көрмейтін.

Оқшырайтып – бір шекесіне сәндеп қию.

Шидем – жұқа тоқылған сырт киім.

Ұмпа –жеңіл, жұқа қар.

Бұрқ -сарқ-қатты дауыл, боран.

Алты қанат ақ орда-алты керегелі үлкен үй.

Х.Өлеңмен жұмыс.

Әр топ бір-бір шумақтан оқиды.

І шумақ- І топ, ІІ шумақ –ІІ топ, ІІІ шумақ –ІІІ топ, ІV шумақ- ІV топ,

ХІ. Сергіту сәті.

Мынау менің- жүрегім,

Бәрі осыдан басталған.

Мынау – басым ақылды,

Бәрін осы басқарған

Мынау менің- оң қолым.

Мынау менің- сол қолым

Барлық істі атқарған.



ХІІ. Өлеңнің ішкі мәнін сұрақ- жауап арқылы ашу.

1.Автор қысты кімге теңеп тұр? (Қысты адамға,кәрі шалға)

2.Шалдың киімдері қандай? (ақ киімді, үстін ақ қырау басқан)

3.Киім деп отырғаны не? (Ол жауған қар,қатқан мұз)

4.Автор суреттеп отырған шалды кімге ұқсатуға болады? (Аяз атаға)

5.Өлеңдегі шалдың мінезі қандай? (Ол қатал, соқыр,мылқау адам сияқты)

6.Соқыр мылқау дейтін себебі не ? (Ол ештеңені көрмейді,аямайды,бәрін тоңдырады)

7.Түрі, түсі қандай? (Түсі ақ қырау сияқты, түсі суық болады)

8.Түсі суық дегенді қалай түсінесіңдер ? (Қатал, ашулы адамның түсі суық болады).

Толықтыру .

Ақын қысты жанды адам бейнесіндей с уреттеген. Бұл Абайдың жаңалығы, себебі Абайға дейін ешбір ақын табиғатты жанды нәрсеге теңемеген.Абай атамыз қыстың қатты болатынын, үскірік аязды қорқыныш әкелген қатал бейнеде көрсеткен.Мал баққан қазақ даласының тіршілігі мен бейнесін суреттеген.

ХІІІ. Шығармашылық жұмыс.

1-топ. «Қыс қызығы» тақырыбына эссе жазу



2- топ. Қыс мезгіліне байланысты мақал- мәтелдер, таным- сенімдер айту.

3- топ. Өлеңді аяқтап жазу.

...............................даламыз

............................... баламыз

................................ шанамыз

................................. боламыз.

4- топ. «Қыс келбеті» сурет салу.

Қорытынды

ХІV. «Топтастыру» стратегиясы.

Ақын


Ойшыл

данышпан сазгер



Абай

сыншы табиғат

суретшісі аудармашы

кемеңгер


әкесі Құнанбай анасы Ұлжан


Абай

әжесі Зере азан шақырып

қойған аты Ибрагим
Балалар , ұлы адамдардың көбі ата-әжелерінің тәрбиесінде болған. Мыс: Аьай әжесі Зеренің тәрбиесінде болған. Әжесі оған «абай бол, балам »деп кішкентай кезінде көп айтқан екен, содан Абай аталып кеткен. Оның шын аты Ибрагим.
Бағалау

Бүгінгі сабақта үйренгеніміз...

Маған өте қиын болғаны...

Маған ұнағаны... (ауызша рефлексия)



Үйге тапсырма

«Қыс» жаттау Суретін салып көр.
Каталог: uploads -> doc -> 0702
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0702 -> Сабақтың тақырыбы: 1919ж ұлт азаттық көтеріліс. Сабақтың мақсаты
0702 -> Инструкция по планированию учебных занятий
0702 -> Сабақ өтілетін уақыт: Орны: Барлық оқушы саны: Қатысқаны: Сілтеме
0702 -> Сабақтың әдісі : сұрақ-жауап,топпен жұмыс пікірлесу,талдау,әңгімелесу,ынталандыру
0702 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушыларды қазақ халқының ұлттық тағам түрлерімен таныстыру


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет