Сабақ тақырыбы: «Абайды оқы таңырқа!»



Дата17.02.2017
өлшемі74,69 Kb.
#9734
түріСабақ
«Жаңа Ғасыр» № 175 гимназияның қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Камзина Марпуга Слямкановнаның әдістемелік күнге арналған қысқа мерзімдік сабақ жоспары



«Абайтану» сабағы

6 «Б» сынып,


Сабақ тақырыбы:

«Абайды оқы таңырқа!..»


Сабақтың мақсаты :

1. Білімділік

2.Тәрбиелік 3.Дамытушылық


  1. Білімділік:. Ақынның шығармаларын талдай отырып,білімдерін жүйелеу, жинақтау, шығармашылық жұмыстар арқылы Абайды жан-жақты таныту.

  2. Тәрбиелік: Ұлттық тәрбие беру, білім мен ғылымды насихаттау, өзінің ішкі әлеміне үңілуіне және сол арқылы адами қасиеттерді жетілдіруге тәрбиелеу. Бірін-бірі түсінуге, силауға, өз-өзіне сын көзбен қарауға тәрбиелеу, толық адамның қасиеттерін ұғындыру, үлгі алу

  3. Дамытушылық: Адам туралы түсініктерін қалыптастыру. Абай мұрасына деген қызығушылығын арттыру. Өзін тұлға дәрежесінде сезіне білуіне мүмкіндік беру, шығармашылық ізденісін дамыту.




Сілтеме:
Пәнаралық байланыс: Сабақтың эпиграфы:

Сабақтың түрі: сайыс сабағы

Сабақтың типі: білімді жүйелеу, жинақтау сабағы.

Әдіс-тәсілдері: топтық жұмыс, сахналық қойылым, топтастыру, жобалау стратегиясы, перфокарта, шығармашылық жұмыс, проблемалық сайыс, сұрақ-жауап.

тарих, әдебиет, музыка

«Абайдан артық, Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс» Н. Назарбаев



Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

1. Топпен жұмыс жасау және саханалық көрініске қатысып, өз үлесін тигізу .

2. Сыни тұрғадан ойлау стратегиялар арқылы ақын туралы, өлеңі жайлы ойы мен пікірін білу .

3 . Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы тереңірек танысу.

4. Шығармашылық ізденісін дамыту



Негізгі идеялар:

Абайды білу арқылы өзінің ішкі әлеміне үңіледі, өз-өзіне сын көзбен қарауға тәрбиеленеді.

Сабақта қолданылатын материалдар:

  1. Абай. І,ІІтом ш.ж.

  2. Слайдтар

  3. Перфокарта

5. көрініске қажетті ұлттық киімдер

6. дәптер, газет, журнал, қосымша материалдар.



Оқыту әдістері:

Жаңа әдіс-тәсілдер: топтық жұмыс, сахналық қойылым, топтастыру, салыстыру, ВЕНН диаграммасы, жобалау стратегиясы, перфокарта,шығармашылық жұмыс, проблемалық сайыс, сұрақ-жауап.

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

3.Жұптық жұмыс

4. Топтық жұмыс



Дерек көздері:

1. «Абай бұрышы»

2.Интернет желісінен алынған материалдар

3. «Абай» журналы





Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Кезеңдері , уақыт

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (1 мин) 8.50-8.51

1. Кезекшімен сұхбат. 2. Бүгінгі сабақта бір- біріне жақсы сөздер айтқызу..«Абай жолы» романынан «Қайтқанда» да бөлімінен көрініс көрсетіледі. Сұрақ – жауап:

  • Абайдың шын аты кім? Ибраһим.

  • Кім Абай деп атап кеткен? Абай деп әжесі Зере еркелетіп қойған.

  • Тағы қалай еркелетеді? Бала кезінде екі анасының Ұлжан мен Айғыздың арасында тел өскендіктен Абайды жеңгелері Телғара деп еркелетіп қойған. Олай болса, біз үш топқа бөлінеміз.




1. Жақсы тілектер мен сөздер айтады . Психологиялық дайындық:

Бәрі: Абай рухы – туған жердің тірегі,

Абай рухы – қазағымның жүрегі.

Мұғ: Жыр маржаны жүрегіңді толқытып,

Намысыңды қамшыласын үнемі, – дей келе, Абайға арналған қайталау сабағымызды бастаймыз.


ІІІ. Үй тапсырмасы

1. Үй тапсырмасына Абай туралы толық біліп келу

2. Шығармашылық жұмыс. Абай мұрасынан өзің қандай ғибрат алдың? Ойтолғау жазу.

Абай іздеген толық адам кім? 3. Толық Адамның моделін жасау және қорғау. Адамзаттың бәрін сүйетін, ғылым-білімге құштар, халық үшін жаралған тұлғатуралы айту,мысалы, Президентіміз – осындай адам.


Оқушылардың табуы бойынша топтарға бөлінеді .

І топ – Ибраһим тобы,

ІІ топ – Телғара тобы,

ІІІ топ – Абай тобы.


Оқушылар үйдегі дайындық тарын осы топтық жұмыста көрсетеді


ІІІ. Жаңа тақырып (20 мин) 9.00-9.20

І. Қызығушылығын арттыру. Өткенді қайталау.




Абай рөлінде актер Болат Әбдіманов ойнап, «Ең үздік актер» номинациясының жеңімпазы атанды. Абайдың өмірінің соңғы сәтіндегі көріністі көрейік. Қара сөздің шебері Абайдың 45-қарасөзін осы актер ғана оқып, үнтаспаға түсірілген.

Ән «Желсіз түнде жарық ай» бәріміз бірге шырқайық.



ІІ. Мағынаны ашу.

Топтық тапсырма

І. І кезең: «Абай әлеміне» шолу жасау

Ақынның ата-қоныс жері қандай?

Ата-баба, әулеті, тегі қандай?

Ақынды тебіренткен, күңіренткен,

Ұшқан ұя ортасы, елі қандай?

ІІ кезең.Абай айтқан асылдар.

Абайдың сөзінде,

Ұлылық ұйып тұр.

Ойлы, ақыл сезімге,

Бар қазақ сыйып тұр.

Абай өлеңдерін жатқа айту.



ІІІ кезең. Алған білімдерін жинақтау мақсатында «Кім білгіш?» деген 7 сұраққа бірден жауап беру.

ІV кезең. «Жақсы сөз жалынды оттан шығады» Абай афоризмдерін жатқа айту, мағынасын ашу. (перфокартамен жұмыс)

V кезең Шығармашылық жұмыс. Абай мұрасынан өзің қандай ғибрат алдың? Ойтолғау жаз.

Абай іздеген толық адам кім? Абайдың толық адамының моделін жаса, қорға.

VІ кезең Проблемалық сұрақ:

1.Өз бойыңда жаман қасиеттерден арылу үшін не істер едің?

2.Өзіңе-өзің сын көзбен қарайсың ба?

3.Достарыңның бойында үлгі аларлық жақсы қасиеттерін ата.



Әр топ өздеріне тиісті сұраққа жауап беруге арнайы уақыт беріледі . Топ мүшелері өз ойларын ортаға сала отырып, сыни тұрғыда жауап беруге тырысады . Диалог-айтыс әдісі көрсетіледі.

«Толық адамның бойында 8 қасиет болады»,- дейді Абай.Олар: ғылым, құдірет, ақыл, жүрек, мейірім, рақым, әділет, адамгершілік. Абай осындай барлық жақсы қасиеттібойына жинаған адам, қазақ елінің моральдық кодекісін жасаған адам.. Абай: «Толық адам болу үшін адам бойындағы негізгі қасиеттер – қайрат, ақыл, жүрек тең болу қажет»,-дейді, оны 13-қарасөзінде талдап көрсетеді. (диалог-айтыс әдісін көрсету) «Толық адам» туралы 1889ж «Әуелде бір сұмдық мұз – ақыл зерек» өлеңі – ойшылдың көп жылғы ой қорытындысынан туған. ВЕНН диагрммасын құра отырып, дәлелдейді. Жинақтау

Абай іздеген толық адам кім? Мен іздеген адам кім? Мен кіммін?

ІV. Қорытындылау

(5 мин) 9.20-9.25

Ұжым болып, «Менің ел алдындағы парызым мен қарызым» атты тұжырымдама жасайық


қорытындысы бойынша схемалық таблицамен көрсетеді.қорытынды жасайды.

Мұғ.қорытынды сөзі:

Абай әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер М. Әуезов « Абай – терең теңіз, алып мұхит...Ал мен оның бетін ғана қалқыдым» деген екен. Біз де сол тереңнен дәм таттық. Абайды оқудан жалықпайық.

Дәптерлеріне ұлы ғұламаның сөзін жазып, жаттап алады.

V. Үйге тапсырмасын беру (2 мин) 9.25-9.27

Ақыл, қайрат, жүрек – үшеуінің диалог сөзінен қойылым көрсетуге дайындалу, Жүрекке қатысты өлеңдерін мәнерлеп оқу, қалаған біреуін жаттау. «Жүрегім менің – қырық жамау», «Жүрегім, ойбай, соқпа енді», «Жүрек – теңіз, қызықтың бәрі асыл тас», «Жүректе қайрат болмаса»

Оқушылар үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады.

VI . Бағалау (5 мин) 9.27-9.32


Топтық және оқушылардың өздері жинаған балдары бойынша бағалау жүргізу.

Бір оқушы сабақта не ұққандығы туралы айтады. Ал қалған оқушылар сұрақ қояды.

VIІ. Рефлексия

(3 мин) 9.32-9. 35

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазу

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет