Сабақ тақырыбы Ауылға барамын Оқу мақсаттары



Дата12.03.2018
өлшемі46,41 Kb.
#39093
түріСабақ

2 «Б»сынып

Қазақ тілі.

Сабақ тақырыбы

Ауылға барамын

Оқу мақсаттары

2.1.2.1.Күнделікті өмірде қолданылатын таныс сөздерден құралған қарапайым сөздердің мағынасын түсіну.

2.2.1.1.Сөйлеу барысында алған ақпарат бойынша сөйлем құрастыру үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолдану.

2.2.5.1.Фильмдер мен тыңдалым материалындағы сөйлемдерді қолданып,сюжетті суреттеу.


Сабаққтың мақсаттары

Барлығы: қарапайым сөздердің мағынасын түсінеді

Көбі: сұраулы сөйлем құрастыру үшін сөздер мен сөз тіркестерін қолданады

Кейбірі: фильмдер мен тыңдалым материалындағы сөйлемдерді қолданып,сюжетті суреттейді

Күтілетін нәтиже

Ауыл жайлы қазақша қарапайым хабарлама жасайды,диалогті толықтырады

Жаңа сөздер

Шарбақ,аялдама,шарбақ

Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақта,слайдтар,суреттер,смайликтер,кеспелер

Оқыту әдістері:

Түсіндіру,сұрақ-жауап,топтық жұмыс,сергіту жаттығулары,талдау,диалог

Дереккөздері

Әдістемелік құрал,дидактикалық материалдар,сөздік.




Тапсырма

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалім оқушылармен сәлемдеседі,жоқ оқушыларды түгендейді.

- Қазір қай жыл мезгілі?қыс мезгілі

- Қыс айларын атаңдар? (желтоқсан,қаңтар,ақпан)

- Бүгін нешесі?12желтоқсан

- Бүгін аптаның қай күні? Сейсенбі

-16желтоқсан қандай мереке?



Оқушылар мұғаліммен сәлемдеседі. Бір-біріне сәттілік,тілектер айтады.

І.Қызығушылықты ояту

Жаңа сөздермен жұмыс

Мұғалім «Ойлан,тап!»стратегиясы бойынша экраннан мультфильм үзіндісін көрсетеді. Онда Әли мен Айя қайда жүргендерін сұрайды.Оқушылар бейнеге қарап жаңа сабақтың тақырыбын ашқаннан кейін бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстырылады.

–Балалар, бүгінгі сабағымыз жай сабақ емес, саяхат сабақ. Біз сендермен ауылға саяхатқа шығамыз, ауылға дейін автобуспен барамыз. Ауылға дейін әр аялдаманың тапсырмаларын орындағанда ғана жетеміз.

Ауыл-деревня(Village)

Шарбақ-забор(Fence)

Тұрады-живут

Демалыста-на каникулах

Көмектесемін-помогаю

Ұнайды-нравится

Қайда?-где?

Қандай?-какой?

Не істеймін?- что делать?

Мұғалім аудиодыбыс естіртеді.Оқушылар тізбектеп оқып шығады.

1.Айтылым. Үй тапсырмасын тексереміз.Үйге:120б.тақпақ жаттау.Бағалау.

Оқушылар ойланып,дұрыс жауап береді.

ІІ.Мағынаны тану

Сергіту сәті.



2-аялдама.Мәтінмен жұмыс. Тыңдалым(оқушылар мәтінді аудиотыңдалымнан тыңдайды)

1-2топ.Мәтінді оқып,аударады.4сөй.

1-2топ.Мәтінге сұрақтар қояды.4сөй.


Тыңдалым.Оқылым.

Айтылым



«Мен ауылға барамын»қимылмын сергіту жаттығуларын жасау.

қимылмын сергіту жаттығуларын жасайды

3-аялдама.Жазылым.3-4тапсырма бойынша кеспе қағаздар таратылады.

1-топ.Көпнүктенің орнына тиісті қосымшаларды қойып жаз.

2-топ.Диалогқа жауап жаз.

Екі топтан бір оқушыдан шығып,постерлерін қорғайды.



Жазылым.Кеспе қағаздарда берілген тапсырмаларды постерге жазып,тақтаға шығып қорғайды.

4-аялдама.Айтылым.2-тапсырма.

1-топ.Суреттерден сөйлем құра.

2-топ. «Кім жылдам»ойыны.Сөздермен сөйлем құра.


Оқушылар берілген суреттерден сөйлем құрайды. Сөздерден сөйлем құрап жазады.

ІІІ.Ойтолғаныс

Оқулықтағы Қадыр Мырза –Әлі өлеңін мұғалім мәнерлеп оқып береді.

Оқушылар орындарында өлеңді мәнерлеп бірнеше рет оқиды.

ІV.Бекіту.

Жаңа тақырыпты бекіту үшін мұғалім оқушыларға бекіту сұрақтарын қояды.

1.Қандай жаңа сөздермен таныстық?

2.Ауылда кімдер тұрады?

3.Сен ата әжеңе көмектесесің бе?



4.Ауыл саған ұнай ма?

Айтылым.Суреттерді сәйкестендіреді.Сол бойынша айтады.

V.Бағалау.

Формативті бағалау.Мұғалім оқушылардың бағалауы бойынша өз ойларын айтып,қорытынды бағаны өзі қояды.




VІ.Үйге тапсырма

Оқулықтағы Қадыр Мырза –Әлі өлеңін мәнерлеп оқып келу.




VІІ.Рефлексия

Ауыл макеті.Күн мен бұлт бейнесіндегі фишкаларды мұғалім оқушыларға таратады. Сабақ ұнаса күнді жапсырады.Сабақ ұнамаса бұлтты жапсырады.

Оқушылар сабақ ұнаса күнді жапсырады.Сабақ ұнамаса бұлтты жапсырады.

Каталог: doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> 6 Хромтау гимназиясы тәрбие жұмысының жылдық жұмыс жоспары Азаматтық-патриоттық, құқықтық және полимәдениеттік тәрбие
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
doc -> Қазақстанның театр режиссурасы: сабақтастық және жаңашылдық
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет