Сабақ Тақырыбы: «Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуы»



Дата13.05.2017
өлшемі86,07 Kb.
#16217
түріСабақ
7 орта мектеп

Ашық сабақ

Тақырыбы:

«Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуы»

Өткізген: Бозаева С.М.

Жаңаөзен қаласы

2015/2016 оқу жылы

Сыныбы: 8 «А» Күні: 5.12.2015

Сабақтың тақырыбы: Қазақстан аумағында ауа температурасының таралуы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік - Қазақстан аумағында ауа температурасының таралу ерекшеліктерін түсіндіру. Маусым және биіктік бойынша температураның таралу заңдылықтары туралы білімдерін тереңдету.

Дамытушылық - Оқушылардың креативті (шығармашылық) ойлау дағдыларын, топтық жұмыстар кезінде ой-пікірін еркін жеткізіп, жүйелі сөйлеу, талдау, дәлелдеу, ұсыныс жасау дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік – Өз отаны туралы білімдерін тереңдете келе, отансүйгіштік қасиеттерін артыру, географиялық мәдениетке тарту.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, тесттер.

Сабақтың құрал-жабдықтары: Интерактивті тақта, электронды оқулық, Қазақстанның физикалық картасы.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру. Оқушылармен амандасу. Түгендеу.

ІІ. Үй тапсырмасын қайталау.

...... - оңтүстік-шығыстан Жоңғар қақпасы арқылы соғады, жылдамдығы 60-80 м/с, жылына 70-100 күн және қара дауылды болып соғады.

...... – солтүстік-батыстан Жоңғар қақпасы арқылы соғады, жылдамдығы 50-60 м/с, жел жылдамдығы борандарды құрайды.

...... - Шелек өзенінен Іле алқабына дейін соғады, жылдамдығы 8-10 м/с; күндіз солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа, түнде оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа соғады, қыстыгүні күшейіп, көктайғақ қалыптастырады.

...... – Қаратау жотасы арқылы солтүстік батыстан оңтүстік батысқа Арыстанды өзенін бойлай соғады; жел күші 35 м/с; қыста температураның төмендеуіне, ал жазда құмды дауыл мен құрғақшылыққа әкеледі.

...... – Қордай асуында Кіндіктас тауы мен Жетіжол жотасы арасында соғады, жел күші 40 м/с, ұзақтығы жылына 55 күн.

...... – Батыстан немесе солтүстік-батыстан Мұғалжардың оңтүстігіне соғады; жел күші 50 м/с; дауыл болып соғады.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Қазақстан аумағының созылып жатуына, сондай-ақ жер бедерінің әртүрлілігіне байланысты температураның таралуы да әркелкі. Ауа температурасының тәулік ішінде, сондай-ақ жыл ішінде ауытқып тұруы бүкіл республикаға тән. Сонымен бірге жазық, аласа таулы бөлікте жылдық және айлық орта температура солтүстіктен оңтүстік бағытқа қарай өзгерсе, биік таулы аймақтарда биікке көтерілген сайын өзгереді. Ауаның орташа жылдық температурасы республиканың жазық және аласа таулы бөліктерінде жылы, солтүстікте температура 0,4сС-тан, қиыр оңтүстікте 13,70С-қа дейін көтеріледі. Қазақстандағы ең суық ай – қаңтар. Қаңтардағы орташа температура Солтүстікте (Петропавлда) –190С, ал оңтүстікте (Дарбаза) -1,50С. Республиканың солтүстік-шығысы төмен температурасымен ерекше, кейбір күндері аяз -540С-қа дейін барады, ал оңтүстігінде -300С-тан төмен болуы сирек кездеседі. Қазақстанның ең суық жері – Атбасар өңірі. Мұнда ауа температурасы бір жылдары -570С-қа дейін жеткен.

Биік таулы аймақтарда қаңтар айының орташа температурасының таралуы, жазықтарға қарағанда өзгеше. Қыста Қазақстан ауық әрі құрғақ континентті арктикалық және қоңыржай ендік ауалары мен Сібір антициклоны басым болады. Ауаның төменгі қабатында теріс температуралы жоғары қысым орнайды.Тау алдында, тау аралық қазаншұңқырлар мен өзен аңғарларында құрғақ және ашық ауа райы қалыптасады. Ал салқын төменгі ауаның әсері тимеген тау беткейлерінде биіктеген сайын қыста температура жоғарылайды. Оны температура инверсиясы деп атайды. Биіктеген сайын температураның төмендеу заңдылығының орнына керісінше жоғарылауы төменде жер бетінде ауаның өте суынуымен байланысты. Мысалы, Қапшағайда(430м) қаңтардың орташа температурасы -11,40С, ал Алматыда (848м) – 80С шамасында болады. Медеуде (1529м) -4,90С, Үлкен Алматы көлінде (2511м) -9,50С-қа дейін қайта төмендейді.

Қазақстанның ең жылы айы – шілде. Шілденің орташа температурасы республиканың солтүстікте (Петропавлда) +190С, ал оңтүстігінде (Дарбаза) +28+300С.Жазда жылудың таралуына күн сәулесінің түсу бұрышы мен жер бетін қыздыру қарқыны әсерін тигізеді. Сондықтан оңтүстікке барған сайын ыстық арта түседі. Ең жоғарғы температура солтүстікте +410С, ал оңтүстікте +470С-тан аспайды.Биік таулы аймақтарда жоғары көтерілген сайын шілденің ориаша температурасы төмендейді. Мысалы, Алматыда ол 22,3 С, Медеуде 18,5 С, Күйгенсайда 14,6 С, Үлкен Алматы көлі ауданында 11,4 С болады. Тауларда орташа айлық температураның қоршаған ортаның жылы болатындығына қарамастан, кейбір кездері температура 0 С-тан төмендеп, салқын түсіп, үсік жүретін күндер де кездеседі.

Жылдық орташа температуралық ауытқуы (амплитуда) республиканың солтүстігінде 38-40 болса, оңтүстікте ол 30-35. Қазақстанның солтүстігінде температураның тәуліктік ауытқуы едәуір. Қаңтар айының орташа тәуліктік ауытқуы -9 С, ал жазда ол +13 С-қа дейін көтеріледі. Қазақстанның оңтүстігінде орташа ткәуліктік ауытқу қаңтар айында -9 С, шілде айында +19 С. Жаздағы ең үлкен тәуліктік ауытқу шөлдерде байқалады, онда 30 С-қа дейін жетеді.

Қазақстанның жылы маусымдағы температуралық режимі оның мезгіл-мезгіл ауытқып отыратынына қарамастан егін шаруашылығына қолайлы.



ІV. Жаңа тақырып бойынша тапсырмалар.

1-тапсырма. Бүгінгі тақырып бойынша 6-шы сыныпта өтілген географиялық есептер шешейік

1есеп. Жер бетінде ауа температурасы +200С. Ал 3 км биіктіктегі температура қанша болады?



Ескеру керек: Әрбір 100м сайын ауа температурасы 0,60С төмендейді.

Жауабы:

1) 60С * 3 км=180C

2) 200С -180С =20С

Жауабы: 3км биіктікте t=20С болады.

2есеп. Егер таудың етегінде температура +200С, ал төбесінде -33,0880С болса, таудың биіктігін табыңдар және бұл тау қалай аталады?



Ескеру керек: Әрбір 100м сайын ауа температурасы 0,60С төмендейді.

Шешуі:


1) 200С –(-33,0880С)=53,0880С

2) 53,0880С/60С=8848м

Жауабы: Таудың аты – Гималай.

3есеп. Әуедегі ұшақтың сыртындағы ауа температурасы (-320С). Егер жердің беткі қабатындағы ауа температурасы +160С болса, ұшақ қандай биіктікте ұшып бара жатыр?



Ескеру керек: Әрбір 100м сайын ауа температурасы 0,60С төмендейді.

Шешуі:


t1 = +160С t2 = -320 С tт =60 С

Табу керек: Һ=?

Формуласы: Һ=(t1 – t2) / tт

(160С - (-320С)) /60=8км

Жауабы: Ұшақ 8км биіктікте ұшып бара жатыр.



2-тапсырма. Оқушыларға кескін картаны Қазақстан бойынша қаңтар айының орташа температурасын оқулықты пайдалана отырып бояту.

Қазақстандағы ең суық өңір Атбасарды физикалық картадан тауып,қолыңыздағы кескін картаға түсіру.



3-тапсырма. Тест тапсырмалары.

1)Жердің ауа қабаты:

А) гидросфера

В) атмосфера

С) литосфера

Д) биосфера

Е) ноосфера



2)Қазақстанға ауа массаларының неше типі әсер етеді?

А)2


В)3

С)4


Д)5

Е)6


3)Қазақстан жеріншығыстан-батысқа қарай шамамен 500с.е. бойымен жоғары қысымда кесіп өтетін белдеу

А)Азия антициклоны

В)Азор антициклоны

С)Воейков белдеуі

Д)Тропиктік белдеу

Е)Пассат


4)Қазақстанның ең суық жері

А)Петропавл

В)Медеу

С)Дарбаза



Д)Арқалық

Е)Атбасар



5)Жылдамдығы 15-20 м/с немесе сағатына 72 км/сағ асатын қатты соққан жел қалай аталады?

А)Дауыл


В)Тау аңғарлық жел

С)Боран


Д)Пассат

Е)Муссон


6)Қазақстандағы ең жылы ай қалай аталады?

А)мамыр


В)маусым

С)шілде


Д)тамыз

Е)қыркүйек



7)Ауаның температурасын өлшейтін құрал

А)анемометр

В)барометр

С)термометр

Д)гигрометр

Е)тонометр



8)Қазақстандағы ең суық ай қалай аталады?

А)қараша


В)желтоқсан

С)қаңтар


Д)ақпан

Е)наурыз


9)Бұлттар түзіліп, қар жауатын атмосфераның төменгі қабаты қалай аталады?

А)Тропосфера

В)Стратосфера

С)Мезосфера

Д)Экзосфера

Е)Ионосфера



10)Күннен келетін радиацияның қанша пайызын жаңа жауған қар шағылыстырады?

А)50%


В)60%

С)70%


Д)80%

Е)90%


Жауаптары:

1)В


2)В

3)С


4)Е

5)А


6)С

7)С


8)С

9)А


10)Е

V. Жаңа тақырыпты бекіту.

Электронды оқулықпен жұмыс.

1) Солтүстік Қазақстанның орташа жылдық температурасы – ............................................

2) Оңтүстік Қазақстанның орташа жылдық температурасы - ..............................................

3) Солтүстік Қазақстанның қаңтар айының орташа температурасы - .................................

4) Оңтүстік Қазақстанның қаңтар айының орташа температурасы - ...................................

5) Солтүстік Қазақстанның шілде айының орташа температурасы - ..................................



6) Оңтүстік Қазақстанның шілде айының орташа температурасы - ...................................

VI. Бағалау. Оқушыларды сабаққа қатысы, тапсырмаларға жауап беруі мен кескін картаны дұрыс бояуына қарай бағалау.

VII. Үйге тапсырма.

Қазақстанның климатына әсер ететін экологиялық жағдайлар туралы эссе жазып келу
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет