Сабақ Тақырыбы: Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары



Дата29.03.2017
өлшемі484,18 Kb.
#12703
ҚАЗАЛЫ АГРАРЛЫ – ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

АШЫҚ САБАҚ

Тақырыбы:


ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ АПАТ АЙМАҚТАРЫ


ПӘН ОҚЫТУШЫСЫ: ҚҰРМАШЕВА САЛТАНАТ НИЯЗҚЫЗЫ

2016-2017 ОҚУ ЖЫЛЫ

«Бекітемін»

Директордың оқу

жұмыстары жөніндегі орынбасары: _____________ Ж.Кибекбаева
Топ: №162 «Пісіру ісі»

Курс: І

Өткізілген күні: 10.02.2017ж.
Сабақтың тақырыбы: §56. Қазақстандағы экологиялық апат аймақтары.
Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Студенттерді Қазақстан аумағының апат аймақтарымен таныстыру. Экологиялық апат туралы түсінік беру. Дамытушылық:  студенттердің өзара белсенділігін, ой- өрісін, зейінін дамыта отырып, бірін-бірін тыңдай білуге, өзара ауызбіршілікке тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, сөз тізбегі, таратпа материалдары, маркер тақтасы, стикерлер.

Сабақтың типі: жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі: дәріс сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жеке, топтық жұмыстар.

Пән аралық байланыс: география, физика, химия, экология.
Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру

Студенттермен сәлемдесіп, оларды түгелдеу. Топқа бөлу. Білім алуға деген құштарлығын арттырып, назар­ларын сабаққа аударту.


ІІ. Кіріспе бөлім:

«Ой шақыру» кезеңі:



  • Топтау стратегиясы. «Арал», «Байқоңыр», «Семей» топтары.

Мұнда студенттің не білетінін анықтау мақсатында төмендегі жұмыс ұсынылады.

  • «Ойлан, жұптас, талда» әдісі

Мұнда топтарға тапсырмалар беріледі. Олар оны жеке, жұптасып, топтасып орындайды.

І – топ. Арал теңізіне сипаттама

ІІ – топ. Байқоңыр ғарыш айлағына сипаттама.

ІІІ – топ. Семей ядролық полигонына сипаттама.
ІІІ. Негізгі бөлім:

«Мағынаны ашу» (жаңа ақпаратпен таныстыру)

Табиғатта болып жататын экологиялық апаттардың ішінде төтенше жағдайларды білу өте маңызды. Өйткені бұл апаттар кенеттен пайда болады да жергілікті экожүйелер, елді мекендер аяқ астынан сұрапыл апатқа ұшырайды. Мұны біз төтенше жағдайларға жатқызамыз. Төтенше жағдайлар шығу тегіне қарай табиғи және техногенді деп бөлінеді.

Табиғи төтенше жағдайлар – табиғи құбылыстар. Оларға жер сілкінісі (зілзала), цунами, жанартау атқылау, су тасқыны, дауыл т.б. жатады.

Жер сілкіну – жер қойнауындағы энергетикалық күштердің кенеттен жер бетіне шығуы. Ол өзімен бірге сейсмикалық күшті толқындар, сілкіністер ала келеді. Жер сілкіну кезіндегі ауыр соққылар эпицентрдегі ғимараттарға, тұрғындарға үлкен апат әкеледі. Үйлер қирап, жер жарылып, адамдар опат болады. ХХ ғасырда едәуір апатты жер сілкіну Ашғабатта (1948 ж), Арменияда (1988 ж), Сахалинде ( 1995 ж), Туркияда (2000 ж), т.б. жерлерде болды. Кейбір жер сілкіністері адамның іс әрекетінен де болады, мысалы, атом бомбасын сынау, т.б.

Цунамилер – теңіздер мен мұхиттардың айдынында судың гравитациялық күштерінен пайда болатын толқындар. Бұл құбылыстар көбіне су астындағы жер сілкіну жанартаулар атқылау кезінде болса, ал техногенді жағдайда су астында ядролық қаруды сынаған кезде болады. Цунамилер кезінде теңіз кемелері мұнай таситын танкерлер апатқа ұшырап, мұнай өнімдері төгіліп, бүкіл балықтар мен құстарды улап, жаппай қырып жояды.

Жанартаулар атқылау. Жер қабаттарында магмалық жыныстардың жер бетіне қарай жылжуы, өзімен бірге газ бен су буларын сыртқа шығарады. Табиғат құбылысы жолындағы биоценозды, шарушылықтарды қиратып, ауаға зиянды газдарды шығарады.жанартаулар атқылау кезінде өрт, топырақ көшкіндері, су тасқындары болуы мүмкін.

Су тасу апаты. Су тасу — теңіз, көл және өзен жағалауларында болатын табиғат құбылысы. Су тасудан мұхиттар мен теңіз жағалауларындағы елді мекендер жиі зардап шегеді. Біздің республикамызда су тасу жағдайлары Іле, Жайық , Сырдария, Нұра, Тобыл, т.б. өзендер бойында көктемде жиі байқалады. Оның себебі, көктемде қар сулары қосылып, жағаны су басып кетеді. Су басқан жерлер бұзылып, ластанып, жарамсыз жерлерге айналады.

Дауылдар ауа қысымының әсерінен пайда болып, жер бетіне күшті желдер тудырады. Ал борандар қарлы, шаңды, жауын-шашынды болып ауыл шаруашылығына ( бау-бақшаға, егістікке), ғимараттарға, табиғи биоценоздарға көп шығын келтіреді. Дауылдар мен борандар қазақстанның оңтүстік , оңтүстік – шығыс, орталық аймақтарында жиі болып тұрады.

Құйындар – ауа ағысының үйіріліп, күшті соғуы. Құйындар соққан кезде жолындағы заттарды ұшырып, қиратып, бір жерден екінші жерге апарып тастайды. Тарихта аспаннан балық, бақа жауған деген деректер бар. Ол-құйынның әрекеті.

Өрттер. Жер шарында қуаңшылық жылдары Африка, Аустралия, Орта Азия, т.б. жерлерде жиі болып тұратын өрт — өте қауіпті табиғат апаты. Ол көбінесе адамның әрекетінен болады. Табиғи өрттердің көзі – найзағай.

Орманда болатын өрттер өте қауіпті. Соңғы жылдары Қазақстан аумағында таулы ормандарда өрт жиі болуда оның себебі, демалушылардың жауапсыздығы. Сондықтан әрбір азамат, туристер тобы орман – тоғайларда демалғанда «Өрт қауіпсіздігі» ережесін бұлжытпай орындауға міндетті. Арнай өрт қоюшылар біздің елімізде және басқа елдерде де қатаң жауапқа тартылады.

Қазақстан аумағының табиғи ресурстары түгел дерліктей әр түрлі деңгейде барынша пайдаланылған. Әсіресе қазба байлықтарды өндіру мен өңдеу және тасымалдау барысында ысырапшылдыққа жол берілген. Ашық кен өндірісі көмірді игеру барысында табиғат орасан зор зардап шекті. Оның үстіне сынақ палигондары, тың игеру, ірі құрылыстарды салу, т.б экологиялық тұрғыда ерекше зардаптарын тигізді. Мысалы, Семей өңірінің радиоактивті заттармен ластануы өте жоғары. Осы жерде шоғырланған 154 өнеркәсіп орындарынан жылына 294 мың тонна улы химиялық заттар қоршаған ортаға таралады.

Қазіргі кезде Қазақстан аумағының шамамен 33,6 млн га жері сынақ полигондарының салдарынан бұзылғаны анықталды. Сол сияқты республика аумағында барлығы 16 млрд-тай радиоактивті қалдықтар жинақталған. Қазақстанның құрғақ климатты жағдайында радионуклидтер топырақта баяу қозғалып, ұзақ сақталып, экожүйелерді бұзады. Осылайша топырақ негізгі ластану көзі ретінде радионуклидтерді өсімдіктерге, одан жан-жануарларға, адамға жеткізіп отырады. Ал адам баласы өз кезегінде генетикалық, соматикалық, онкологиялық ауруларға ұшырап, зардап шегеді. Қазірдің өзінде Қазақстанда шамамен 2,6 млн адам мутагенез ауруымен есепте тұрады.

Экологиялық апатты аймақтағы тұрғындарды әлеуметтік және материалдық жағынан қорғау барынша жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бастылары – тұрғындарға тікелей дәрігерлік көмек көрсету және көптеген әлеуметтік жеңілдіктер беру. Экологиялық апат аймақтарына өкімет тарапынан қаржы бөлініп, оның зардаптарын жою, өңдеу, техникалық жағынан қауіпсіздендіру жұмыстарын жоғары ғылыми-техникалық прогресс деңгейінде іске асырылу көзделуде. Ең бастысы өндіріске аз қалдықты немесе қалдықсыз технологияны енгізу бүгінгі күннің талабы.



Арал теңізі. Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақтакүріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмесқорығы жойылды. Бұл өзгерістер өз кезегінде сол аймақ тұрғындарының денсаулығына кері әсерін тигізді. Аралды сақтап қалуға арналған Халықаралық қордың құрылғанына 15 жыл толды. Осы жылдар аралығында аткарылған жұмыстар аз емес. Аралды қалпына келтіру үшін көптеген іс-шаралар қаралып, жобалар жасалды. Кіші аралдың оңтүстігіне ұзындығы 12 км болатын Көкарал бөгені салынды. Соның салдарынан Кіші Аралдың (Солтүстік) деңгейі 42 метрге, аумағы 800 шаршы километрге ұлғайды. Суы тартылып қалған тұзды көлдің табанын жауып, көлге тіршіліктің нышаны енді.

Байқоңыр - ғарыш алаңы. Іргесі 1955 ж. қаланған. Ғарышалаңын салу үшін Байқоңырды таңдап алу кезінде бұл жердің елді мекендерден қашық болуы, экватор жазықтығына жақындығы, ракета ұшырудың қауіпсіздігі, қайтып оралатын ғарыштық объектілер үшін қолайлы қону аймақтарының болуы, т.б. факторлар ескерілді. Байқоңырдың басты және көмекші объектілері мен қызмет ету орындары кең аймаққа орналасқан, олар бір-бірімен автомобиль жолдары және теміржол аркылы байланысқан.

Байқоңырдың негізгі объектілеріне: техникалық тұғырлар, старттық кешендер мен ұшу трассасының бойындағы өлшеу бекеттері (олардың әрқайсысы жалпы техника және арнаулы технология кұрал-жабдықтары бар ірі құрылыстар), ғарыш алаңына әр түрлі жүктерді жеткізетін кірме жолдар, т.б.; көмекші және қызмет көрсету объектілеріне: отын (жанармай) сақтайтын алаң, сұйық оттегі мен азот өндіретін заттар, энергия және сумен қамтамасыз ететін жүйелер, байланыс жүйесі, телевизия, т.б. жатады. Байқоңырда ракета тасығыштың (РТ) әрбір түріне сәйкес бір не бірнеше техникалық тұғырлар және олардың әрқайсысына арналып бір не бірнеше старттық кешендер салынған.



ІV. Сабақты бекіту:

 1. Үш топтың алдына конверт беріледі.

1 топ: «Арал» 

1.Сендердің үйлерің өзен немесе көл жағасында орналасқан болса, онда көктемде су тасқыны болды делік, сендердің іс-әрекеттерің?

2 топ:

       1. көлікте кетіп бара жатқаныңда егістік алқабы өртеніп жатыр, сендердің іс-әрекеттерің?



3 топ

  1.Кешкі жаңалықтардан таңғы сағат 4.00 де жер сілкінісі 6 баллға болатынын хабарлады.Үйіңде өзіңнен ересек ешкім жоқ, 4 кішкентай бауырың бар , сендердің іс-әрекеттерің?

    2. “Менен – саған, сенен – маған”\сұрақ-жауап\

1.Байқоңыр ғарыш алаңы қай жылы қаланды?

\1955 ж.\

2.Адамның іс-әрекетінің табиғатқа әсерін өзіміз тұратын өлкемізден нақты мысал келтіріп , түсіндіріңдер?. \Бау-бақшалардың кесілуі, ағаштардың кесілуі, сулардың тартылуы.\

3. Табиғи төтенше жағдайлар? \ жер сілкінісі (зілзала), цунами, жанартау атқылау, су тасқыны, дауыл

4. Бұл өңірде экологиялық ахуал барған сайын ұшығуда. Мұнда қоршаған ортаны бұлдіретін 2000-ға жуық кәсіп орын бар, облыс бойынша жылына ауаға 112 млн 5 мың тонна зиянды қалдық таратады. Оның 2 млн 275 мың тоннасы радиоактивті екені анық. Бұл қала шығыста орналасқан. Бұл қай қала? (Семей)

5. Айтыңдаршы, жасыл бақтан не көркем!


Көз тойғандай көркейіпті кең өлкем,
Отанымның өрлей түскен өркені,
Сол ғана тек көркемдердің көркемі!
Орманды шабу минутына 20 га жылдамдықпен жүріп жатыр. Сұрақ: осы жағдайды қолға алатын бағдарламаны атаңыз.(Жасыл ел)

6. Су бармайтын жөнді
Көлге қауіп төнді
Ластанудан тағы
Қорғау керек көлді.
Сұрақ: Қазақстан суларының бүйрегі мен жүрегі болып табылатын екі көлді атаңыз. (Арал мен Балқаш)

Рефлексия. 1-2 мин.

1.Келесі сабақта істейтін

әрекетіңіз немесе сұрағыңыз

2.Сізге әсер еткен екі сөз

3.Бүгінгі сабақтың маңызды



үш сөзі

Берілген парақтарға студенттер сабақтан алған әсерін жазады


V. Бағалау:




Арал тобы

Байқоңыр тобы

Семей тобы

1) Топты бағалау.











2) Жеке студентті бағалау.











VІ. Үйге тапсырма

«Қоршаған ортаны қорғау» ,Эссе жазу.

Биология пәнінің оқытушысы: С. Құрмашева
Каталог: uploads -> doc -> 01aa
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
01aa -> Сабақ № Сабақтың тақырыбы : С. Сейфуллин «Аққудың айырылуы» поэмасы Жалпы мақсаттар
01aa -> Сабақ талдауға ғылыми көзқарас психологиялық-педагогикалық ғылым мен озық педагогикалық тәжірибеге сүйенеді
01aa -> Сабақтың мақсаты: Сабақты және салт етістіктер туралы ұғым беру
01aa -> Тақырыбы: Менің тұңғыш Президентім Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет