Сабақ тақырыбы Б. Майлин «Түйебай» әңгімесі Сабақтың мақсаты



Дата28.06.2017
өлшемі132,28 Kb.
#20243
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пән

Қазақ әдебиеті





Мұғалім

Солтанова Анар



Мектеп, сынып

Павлодар облысы, Май ауданы, Көктөбе орта мектебі, 6-сынып

Сабақ тақырыбы

Б. Майлин «Түйебай» әңгімесі




Сабақтың мақсаты


Білімділік: Б. Майлин өмірінен, шығармашылығынан мағлұмат бере отырып, «Түйебай» әңгімесінің мазмұнын талдай отырып, идеясын ашу жазушының кейіпкер бейнесін ашудағы шеберлігін таныту; кейіпкерге талдау жасау.

Дамытушылық: Әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы шығармадағы қажетті үзінділерді таңдап, ой түйінін қорытындылап шығаруға машықтандыру, өзінше ой қорытуға, ой түюге баулу; шығармашылық жұмысқа жұмылдыру арқылы таным–түсініктерін дамыту, іздену, зерттеу жұмыстарына баулу; өзіндік пікір қалыптастыруға жетелеу.

Тәрбиелік: Жазушы көтерген проблемалар тағылымынан өнеге алып, оқушылардың азаматтық бейнесін қалыптастыру; кейіпкер тағдырына ортақтастыра білу, сезімді, төзімді, қайырымды болуға, бауырмалдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі

Баяндау, талдау, сұрақ-жауап, түсіндірмелі, проблемалық, іздестіру, оқулықпен жұмыс, топпен және жеке жұмыс жасау.

Көрнекілігі

Б. Майлиннің кітаптары, видеолар.


Ресурстар




http://bilimland.kz/kk#lesson=15398


Пәнаралық байланысы

Орыс әдебиеті, тарих

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасып, сабаққа қатыстарын тексеру. Оқушылардың зейіндерін сабаққа аудару.


ІІ.     Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақта оқушыларға үй тапсырмасына алдыңғы сабақтарда танысқан ақын, жазушылардың өмірі мен шығармашылықтарын қайталап келуге берілген. Оқушылардың үй тапсырмасына дайындықтарын тексеру үшін слайд пайдаланамын. Слайдтағы «Ғажайып жұлдызшаларда» жасырылған сұрақтарға оқушылар жауап береді. 




ІІІ. Жаңа сабақ

Әңгіменің өзіне тоқталмастан бұрын Б. Майлинның өмірі мен шығармашылығы жайлы видео көрсету арқылы мәлімет беру. Оқушылар назарын интерактивті тақтаға аудару. «BilimLand.kz» cайтының ресурсын қосу. Аудиохрестоматияны тыңдату. «Б. Майлинның өмірбаяны» http://bilimland.kz/kk#lesson=15398



Б. Майлиннің «Түйебай» әңгімесінің видеосын көрсету. Оқушылар назарын интерактивті тақтаға аудару. «BilimLand.kz» cайтының ресурсын қосу. Аудиохрестоматияны тыңдату. Б. Майлин «Түйебай» әңгімесі http://bilimland.kz/kk#lesson=15398

1. Жоспар бойынша әңгімені түсіндіру.
1. Қоржынтомар жайлауы.
2. Түйебайдың ауыл молдасында оқуы.
3. Түйебайдың молдадан таяқ жеуі.
4. Молдамен қоштасуы.
5. Қойшы Түйебай.
6. Кездесу.

2. Әңгімені композициялық құрылысына қарай талдау.
Әңгіменің басталуы - Қоржынтомар жайлауы.
Әңгіменің байланысы - Молдадағы оқу.
Әңгіменің шиеленісуі - Молданың Түйебайды жиі сабауы.
Әңгіменің шарықтау шегі - Түйебайдың оқуды тастауы.
Әңгіменің шешімі - Түйебайдың қой бағуы.
Әңгіменің тақырыбы - оқушыларды оқу-білімге шақыру.
Идеясы - Түйебай образы арқылы сол дәуірдегі кедей балаларының тағдыры.
Мәтіннен көркемдегіш құралдарды табу (Портрет, пейзаж).
3. Сөздікпен жұмыс.

Суат - өзеннің, бұлақтың мал суаратын жері.

Томар – түп-түп боп, үсті-үстіне шөп өскен шалшықты, қопалы жер.

Құрақ - көл не су жиегіне жайқалып өсетін балғын шөп.

Саңылтыр (диалект) - малдың жегенінен қалған шөптің қалдығы, кәшек

Тәугі оқыған жылым - (диалект) ең алғашқы, бастапқы, тұңғыш оқуға барған жылы.

Жат сабақ - бұл жерде адамның жады деген мағынада айтылған. Жаттау арқылы есте сақталатын сабақ.

Мұқау - жасу, қажалу, беті қайту.

Әлі келетін үйлер қостап шықты - шөп басына тігетін қосқа арналған үй алып шығу.

Шүрегей үйректер - ең кішкентай жабайы үйрек.
Сүрме - кірпік, қасты бояйтын, қынадан жасалған бояу.
Бақыр - бұл жерде мыстан жасалған ұсақ тиын.
Екінді - бесін мен ақшам арасындағы мезгіл.
Бесін - түс ауып күн еңкейген кез.
Имандық - адамгершілік және адамгершілік ережелері.
Доңыз – шошқа.
4. Оқулықпен жұмыс. «Түйебай» әңгімесі бойынша кейіпкер бейнесін талдау.

1-топ: Түйебайға мінездеме. 
2- топ: Аңқау елге – арамза молда (молдаға сипаттама беру).
3- топ: Түйебай заманындағы білім алу мен қазіргі білім алу. Топтық жұмыс жасай отырып өз ойларын постер бетіне топтастырады.
5. Жоспарға сүйене отырып, сұрақтар қою.

Нарды тасын лақтыру арқылы сұрақтарға жауап беру.
1. Б. Майлин әңгімесі неге «Түйебай» деп аталған, қалай ойлайсыңдар?

2. Осы әңгіме арқылы жазушының айтайын деген ойы не?
3. Түйебайдың молдадан білім алған жағдайы қандай еді?
4. Неге «Шоқынып кетсем де, молданың алдын көрмеймін» деп айтты?
5. Түйебайдың ата-анасының тұрмыс тіршілігі қандай болды?
6. «Аштан өлсем де, байдың қойын бақпаймын деп» деп неге айта алмады?
7. Досымен кездескенде досы «Сен бақыттысың ғой» деген сөзді айтпаса да, көзқарасынан қалай байқады?


VI. Топтарға тапсырма. Түйебай өз бақытын, орнын өмірде таба ала ма?
1. Түйебайдың болашағын қалай елестетесің (Модулін жаса)?
2. Әңгімеге ойтүйме (Резюме) жаз.
3. Әңгімені қалай жалғастырар едің (әңгімені аяқтау)?
1-тапсырма ( І топқа) http://bilimland.kz/kk#lesson=15398

Дұрыс жауабын таңдаңыз.

«Өзі жаяу, жалаң аяқ, ерні кезерген, тілінген. Үстінде шоқпыт-шоқпыт қима шапанның жұрнағы бар». Түйебайдың қай кездегі портреті екенін көрсетіңіз.



  1. Көл жағасындағы кезі

  2. Молда алдындағы кезі

  3. Бұзау қарай шыққандағы кейпі

  4. Жалшылықта қой жайып жүргендегі кезі

2-тапсырма ( ІІ топқа) http://bilimland.kz/kk#lesson=15398

Бос орынға қажетті сөзді қойыңыз.

« ....  кетсем де, енді молданың алдын көре алман»  



Қажетті сөздер: Сиынып, шоқынып, табынып.


3-тапсырма ( ІІІ топқа) http://bilimland.kz/kk#lesson=15398

Бос орынға қажетті сөзді қойыңыз.

«Жазды күні молдадан таяқ жеп, күн бата екеуміз қайтқанда Түйебай маған осы көзқараспен қарап еді. Онда да ... деген сөзді аузымен айтпаса да, көзқарасы еріксіз білдірерлік еді». 


Қажетті сөздер: «Сен бақыттысың ғой», «Сен қуаныштысың ғой», «Сен қайғылысың ғой».
V. Сабақты бекіту

Тест

1. Мәтінде шүрегей үйректің ұя салу ерекшелігі туралы не айтылғанын анықтаңыз. http://bilimland.kz/kk#lesson=15398

А) томардың қуысына салып, бетін шөппен бүркейді

B) саңылтырларды жинап тоқып салады

C) ағаш бұталарын біріктіріп салады

D) қамыстың ұйысқан жеріне салады



2. «Мұртын тайқита қырып, көзіне сүрме сүртіп төрт көзденіп жүретін» кім екенін белгілеңіз.

А) Түйебай



B) молда

C) атасы


D) шәкірт

3. Жаз жайлауда суға түскен балалардың ермегі не екенін белгілеңіз.

А) жұмыртқа іздеу

B) құс ату

C) балық аулау

D) тереңге сүңгу



4. Түйебайды молдаға оқуға апарғанда әжесі не деп тапсырғанын белгілеңіз.

А) «Еті сенікі, сүйегі менікі»

B) «Бар ынтаңызбен оқытыңыз»

C) «Өзі өте қорқақ, тым ұра бермессіз»

D) «Көп тапсырма бермеңіз»



5. Түйебайдың үйі неліктен молданы қонаққа шақырмайтын болғанын анықтаңыз.

А) жаман әдеттенеді деген оймен

B) өз жақындары болғандықтан

C) қонақ етуге шама-шарықтары келмегендіктен

D) ауылдан алыс тұрғандықтан



6. Молда неліктен Түйебайды жиі жазалайтынын түсіндіріңіз.

А) Түйебайдың зеректігі басқа балалардан кем болғандықтан

B) Түйебайдың сотқарлығы басым болғандықтан

C) ата-анасы малайлықта жүрген Түйебайдың берері жоқ болғандықтан

D) Түйебайдың дін оқуына тілі тигендіктен



7. Молданың Түйебайды жазалағанда айтатын сөзі қандай екенін жазыңыз.

А) «Пәтшағар!»



B) «Ақымақ, хайуан!»

C) «Бар болғыр»

D) «Мың болғыр»

8. Молданың оқуына шәкірттер неліктен беттегісі келмейтінін түсіндіріңіз.

А) қатал тәртіп пен мағынасыз оқу болғандықтан

B) оқуды қажетсінбегендіктен

C) басқа оқуға қызыққандықтан

D) көл жағасындағы қызықтан құр қалатын болғандықтан



9. Молданың оқуынан бас тартқан Түйебайдың кейінгі тағдыры қандай болғанын белгілеңіз.

А) малайлықта қой соңында күні өтеді

B) басқа мектепке оқуға барады

C) шөп шабысқа кетеді

D) молдаға қайта апарады



10. Автордың шығарма бойынша білдірмек ойы қандай екенін белгілеңіз.

А) молда оқуы мен тәртібінің жауапкершілікке шақыратынын көрсету



B) ескі оқудың мағынасыздығын, жоқшылықтың адам құқығын шектейтіндігін көрсету

C) оқуға ықыласы болмаған баланың малай болып кететінін байқату



D) қатал тәртіп пен қиын өмірдің адамды шынықтыратынын көрсету
VI. Рефлексия

Оқушылардың сабақ соңындағы қорытынды сөзін ауызша және жазбаша түрде орындату.
Сабақтың саған ұнаған сәттері:
Осы сабақтан алған әсерің?
Сабақтан саған ұнамаған сәттері:
Сабақта нені өзгертер едің?
VII. Бағалау
VIIІ. Үй тапсырмасы
Әңгімеден күрделі сөздер мен тұрақты тіркестерді жазып келу; «Адам болатын бала алысқа қарайды» тақырыбына ойтолғау жазу.





Каталог: upload -> content -> lesson -> 19557 -> media -> 3193234ba67c69ba0ce359845a454e45
lesson -> Сабақ тақырыбы Оқушылардың жолда жүру ережесі
lesson -> Сабақ тақырыбы М. Мақатаев "Аққулар ұйықтағанда" поэмасын талдау (2-сағаты)
lesson -> Сабақ тақырыбы Тазалық Мақсаты
lesson -> Сабақ тақырыбы Инфекциялық аурулар Мақсат
lesson -> Сабақ тақырыбы Қазыбек бидің шешендігі Сабақтың мақсаты
lesson -> Сабақ тақырыбы Иммунитет түрлері. Житс-тің алдын алу шаралары Сабақтың мақсаты
lesson -> Сабақ тақырыбы Киім адам көркі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет