Сабақ Тақырыбы: Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады. Мақсаты: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру,дарынды оқушыны анықтау



Дата28.01.2018
өлшемі74,95 Kb.
#35359
түріСабақ
Сайыс сабақ

Тақырыбы: Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады.

Мақсаты:

1.Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру,дарынды оқушыны анықтау.

2.Оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру,еркін сөйлеу,тереңнен ойлау қабілетін дамыту.

3.Шапшаңдыққа тәрбиелеу

Өткізілу түрі:интеллектуалдық сайыс

Көрнекіліктер:қанатты сөздер,проектор,ноутбук,слайдтар.

Сайыстың барысы: Мұғалім:

Уа,халайық,халайық!

Бәріне жар салайық.

Бүгінгі кеш төрінде

Математика елінде

Есеп шешіп жарысып

Жұмбақ шешіп аңдысып

Шабыттасып шалқысып

Көңілді кеш жасайық

Ал,сайыскер балалар

Білімдеріңді сынайық!

-Құрметті ұстаздар,оқушылар бүгін 4 сынып оқушылары арасында өткізгелі отырған «Білекті бірді жығады,Білімді мыңды жығады»атты сайысымызға қош келіпсіздер!

Сайысымызды бастамас бұрын эксперттік топ мүшелерімен таныстырып өтейін:

1......................................................................................................................

2......................................................................................................................

3.......................................................................................................................

Біреуінің жүрегінің түгі бар,

Біреуінің арқалап жүрген қоғамдық жүгі бар.

Бәрінен де ең бастысы –барлығының,

Қатты істейтін миы бар-дей келе сайыскер топтардың өздерін таныстыруын сұраймыз!

1-топ


2-топ

3-топ


4-топ

5-топ


6-топ

Бүгінгі сайысымыз 4 кезеңнен тұрады.

І.Зерде

ІІ. «Тіл-өнер»



ІІІ.Бәйге

IV.Көкпар

Ал,енді ойынымызды бастау үшін әр топ басшылары келіп өздеріңіздің реттік нөмірлеріңізді таңдап алыңыздар.Әр сайысқа осы реттік нөмірі бойынша қатысасыздар.

Ой ойласаң,көп ойла

Алдын артын кең ойла

Шат-шалағай болмасын

Асықсаңда кең ойла-деп сайысымызды бастайық!!!

І.кезең:Зерде кезеңі

Ойын ережесімен таныстырып өтейін:Бұл кезеңде барлығы 20-сұрақ қойылады.Сайыскерлер 1 минутта жауап беруі қажет.



1. Құрамында мәнін табу қажет болатын әрпі бар теңдік?

Теңдеу

2. Көбейту амалының компенеттерін ата?

Көбейткіш,көбейткіш,көбейтіндінің мәні.



3.Қосу амалындағы компенеттерін ата?

қосылғыш,қосылғыш,қосынды

  4. 400-ге 500-ді қос?

900

5. Санды нөлге көбейтсе не шығады?

нөл

6. Тік төртбұрышытың ауданын қалай табамыз?

ұзындығымен енін көбейтеміз

7.Ең үлкен натурал санды ата?

шексіз

8. Бұрыштары жоқ фигура?

Шеңбер

9.Ең кіші үш таңбалы сан?

100

10.Үш таяқтың неше ұшы бар?

6

11.Бөлу амалының компоненттерін ата?

Бөлінгіш,бөлгіш,бөліндінің мәні

12.Ең үлкен үш таңбалы сан?

999

13.Ең кіші натурал санды ата?

1

14.Шаршының периметрін қалай табамыз?

4 қабырғасын қосу арқылы

15.Кесіндіні өлшейтін құрал?

сызғыш

16.Шектелген түзу?

Кесінді

17.1000-нан 300-ді азайт

700

18.Азайтудың компоненттерін ата?

Азайғыш,азайтқыш,айырманың мәні

19.Санауға қолданылатын сандар?

Натурал

20.Ең кіші төрт таңбал санды ата?

1000

І-кезең бойынша эксперттік топ жалпы ұпай санын айтып өтсе,сөз эксперттік топқа беріледі

Ана тілім жүрекке нәр береді,
Ана тілім көмейге жыр береді.
Ана тілім көкірекке шуақ береді,
Ана тілім бойыма қуат береді-дей келе келесі кезеңіміз : «Тіл-өнер» кезеңі

ІІ-кезең: «Тіл-өнер» кезеңі

Бұл кезеңде әр топқа 3 сұрақтан беріледі.Қатысушылар сұрақтардың жауабын тауып оны 3 тілде айту керек.Яғни, қазақша-орысша-ағылшынша

1.Жұт........ ағайынды.

Жеті-семь-seven

2. Өзі сөйлей білмейді,

Салған ізі сөйлейді

Қалам-ручка-pen

3. Ел құлағы нешеу?

Елу-пятьдесят-fivty

Келесі топ:

1.Ердің ......сөйлегені өлгені?

(екі-два-two)

2.Қабат-қабат қаттама,

Ақылың болса аттама

(кітап-книга-book)

3. Жүз теңгең болғанша,

Жүз ........ болсын

(дос-друг-friend)

Келесі топ:

1.Балаға өмірде жақсылықпен жамандықты үйретіп,білім нәрімен сусындататын ұлы тұлға?

(мұғалім-учитель-teacher)

2. Ұшымен қазық

Тор көздi жазық.

Үстiне өттiм,

Асыл сөз жазып

(дәптер-тетрадь-coopy book)

3. Бiлiмнен мол сый-асы,

Балғындардың ұясы.  
(мектеп-школа-school)

Келесі топ:

1.Әрі қызыл,әрі тәтті



Татқан жанды таңырқатты

(алма-яблоко-apple)

2. Адамға серік,

Күзетке берік?

(ит-собака-dog)

3.Жаны жоқ ізі бар,

Өзің жетектеп жүресің

(қарындаш-карандаш-pencil)

Келесі топ:

.1Өнер алды- ........... тіл

(қызыл-красный-red)

2.Сырт-сырт соғады,

Уақыт озады

(сағат-часы-clock)

3. ....... саусақ бірдей емес

(Бес-пять-five)

Келесі топ:

1.Төртеу түгел болса,төбедегі келер

........ ала болса,ауыздағы кетер

(алты-шесть-six)

2.Сабыр түбі ..... алтын

(сары-желтый-yellow

3.Қыз өссе елдің көркі

....... өссе жердің көркі

(гүл-цветок-flower)

ІІ-кезең бойынша эксперттік топ жалпы ұпай санын айтып өтсе,сөз эксперттік топқа беріледі

ІІІ-кезең: «Бәйге» кезеңі

Ойын ережесі:Әр топқа 2 сұрақ қойылады.1-сұрақ логикалық есеп,2-ші математикалық жұмбақ жасырамыз.

1-топ


2-топ

3-топ


4-топ

5-топ


6-топ

ІІІ-кезең бойынша эксперттік топ жалпы ұпай санын айтып өтсе,сөз эксперттік топқа беріледі.

Білген сайын келеді біле бергім

Біле беру емес пе тілегі елдің

Белден ассаң алдыңда бел көрінсе

Қызыққаннан келмей ме жүре бергің

Сондықтан да келеді біле бергім

Білімдіні сүйерін білім елдің –дей отырып келесі кезеңді бастайық!

Бұл кезең «Көкпар» деп аталады.Ойын ережесі:қатысушы топтарға 20 мақал дайындалды.Бұл кезеңде мақалдың жалғасын табу керек.



1.7рет өлшеп

1рет кес

2.1 тал ексең

10 тал ек



3.1 жылы сөз

Көп күнге азық

4.Досыңды 3 күн сынама

3 жыл сына

5.Білгенің бір 9

Білмегенің 99

6.Жігіт 1 сырлы

8 қырлы

7.Ұлға 30 үйден тыю

Қызға 40 үйден тию

8.Жерді 2 рет жыртқан

Өнімді 2 есе көп алады

9.Дос егіз болса

Дұшпан 8

10.7 жұрттың тілін біл

7 түрлі ілім біл

11.100 теңгең болғанша

100 досың болсын

12.30 тістен шыққан сөз

30 рулы елге тарайды

13.1 кісі қазған құдықтан

1000 кісі су ішеді

14.1 күндік жолға шықсаң

3 күндік азық ал

15.100-ден біреу шешен

1000-нан біреу көсем

16.30 күн оразаның

1 күн айты бар

17.Білекті бірді жығады

Білімді 1000-ды жығады

18.40 кісі 1 жақ

Қыңыр кісі 1жақ

19.Ер жігіт 1 рет өледі

Қорқақ 1000рет өледі

20.Алдыңа 1рет қарасаң

Артыңа 10 рет қара

Осымен біздің қатысушы топтар мінекей 4 кезеңді аяқтап шықты.Енді қай топ жеңіске жетті оны эксперттік топ жалпы ұпай сандарын есептеп шығады.

Жарыстың соңғы сәті таяп қалды

Демеңіздер біз өнерді аяп қалды

Эксперттік топ сіздерге сөз береміз

Жеңімпаздар кім болып сарапталды?

Сөз эксперттік топқа беріледі.

Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады.



Осымен «Білекті бірді жығады,білімді мыңды жығады» атты интелектуалды сайысымыз өз шегіне жетті,аман сау болыңыздар!
Каталог: uploads -> doc -> 06ef
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
06ef -> Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту сабағы. Сабақтың әдісі : Баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, талдау
06ef -> Сабақ: Қасым Аманжолов. Туған жер Мектеп: Ғали Орманов Күні: Мұғалім: А. Баткалова
06ef -> Сабақтың тақырыбы: Түйе. Мағынасы бір біріне жуық сөздер. Мақсаты
06ef -> «1 мамыр бірлік күні» Музыкалық тақырыптық сабақ мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет