Сабақ Тақырыбы: Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге есептер шығару



Дата18.03.2017
өлшемі281,86 Kb.
#11729
түріСабақ
А.Тайманов атындағы №34 мектеп –гимназия

Ашық сабақ

Тақырыбы:

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге есептер шығару.

6в сынып

Өткізген математика пәнінің мұғалімі: Г.С.Исмагулова


Сабақтың тақырыбы (2 сабақ)

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге есептер шығару


Мақсаты



Оқушылар бір айнымалысы бар сызықтық теңдеудің жазылуын, қандай теңдеулер мәндес теңдеулер болатынын, теңдеулердің қасиеттерін, ах=в теңдеулерінің шешудің үш түрлі жағдайын білу.

Міндеттері

  • Оқушылардың алған білімдерін жүйелеу;

  • Тақырып бойынша ой-қорытындылар жасау.

Күтілетін нәтижелер



Оқушылар тақырыпты толық меңгереді,жоғары деңгейде ойлай алады,топта бірлесіп жұмыс жасауға дағдыланады,өз пікірін айта алады,сыни ойлай білуге үйренеді, ақпаратты тиімді қолдана біледі.

Керекті жабдықтар



Презентация, топтарға арналған тапсырма парақтары, үлестірме тапсырмалар


Сабақ барысы:

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

 Оқушы әрекеті

Кіріспе

3 мин

Сынып пен амандасамын.

Психологиялық дайындық.

Қатар-қатар түзіліп

Қолымызды жіберіп

Оқушыға лайық,

Түп-түзу болып тұрайық

Сабақта белсенді болуға

Тырысып бағайық

Бар ынта жігерді,

Аянып қалмайық, деп бір-бірімен амандасады.жағымды көңіл күй орнатады.Амандасудың түрлерін көрсетеді

Оқушыларды 4 топқа бөлемін.

Үй тапсырмасын тексеру.№835-838(жұптары)

«Теңдеу» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру.


  1. Сынып топқа бөлінеді.

  2. Топ ережесін еске түсіреді.

  3. Өзара бағалау арқылы үй тапсырмасын тексереді. Топпен ақылдасып, сөзжұмбақтың жақсысын таңдап және қорғайды.

Әр топ 2жұлдыз, 1ұсыныс бойынша жұмыстарды бағалайды.



Тұсаукесер

10 мин

  1. Қызығушылығын ояту.

Ауызша тапсырмалар орындау Логикалық тапсырма: «Іріктеу» әдісімен теңдеудің натурал сан түбірін табу.



  1. х(х+3)=10; 2) х(х+7)=18;

3) х(х-1)=42; 4) (х-9)х =36;

Сиқырлы мозаика тапсырмасын орындау арқылы оқушылар топпен жұмыстанып, берілген сөзді табады.(Теңдеу) (слайд-3)



Бес жолды өлең (синквейн )

Кім? Не?-теңдеу

Қандай?-сызықтық,күрделі

Не істейді?- шешіледі.

Сөйлем-теңдеудің түбірлерін табамыз.

Синоним-теңдік



Оқушыларға ауызша тапсырмаларды орындайды.

Әр топ теңдеу сөзіне бес жолды өлең жазады.





Негізгі бөлім

25 мин


Дарындылықты дамыту мақсатында оқушыларға деңгейлік тапсырмаларды беру.

І топ- №839(6) Ж:х=-6

ІІ топ-№840(4) Ж: х=3

ІІІ топ-№853(1) Ж:х=-2

ІҮ топ-№853(3) Ж: х=9

Шығармашылық тапсырма.

Суреттер бойынша теңдеу құрып, оны шығару.


Білім таусылмайтын кен. Тест жұмысы АКТ қолдану арқылы

тест тапсырмасын орындау.



Әр топқа деңгейлік тапсырмалар берілді.Топта шешіп тақтаға шығып талдап түсіндіреді. Қалған топ оқушылары тыңдайды.

Топпен жұмыс жасайды.


Оқулықпен және тақтамен жұмыс қатар жүріп отырады.

Оқушылар тест жұмысы бойынша дәптерлеріне жауап береді, бірін-бірі тексереді.



Қорытынды

5 мин

Критериалды бағалауға бейімдеу

Топтардың бағаларын талдау

Қорытынды бағаны шығару

Бағдаршам арқылы бағалау

Түсінгенін білу үшін қолданыңыз.



Мысалы:

  • Қызыл түс – түсінген жоқпын;

  • Сары түс – әлі де практика қажет/сұрақтар бар;

  • Жасыл түс – барлығы түсінікті.

Өздеріне формативті баға береді, бірін-бірі критерийлер арқылы бағалайды.



Оқушылар бағдаршам түстері бойынша таңдаған түстерін көтеріп бағалайды.

Үйге тапсырма

2 мин

№840, №845, №848.

Оқушылар күнделіктерін ашып, үй тапсырмасын жазып алады.

Сабақтың өзіндік талдауы


Каталог: docs -> kopilka -> matem
matem -> Сабақ тақырыбы: Арифметикалық прогрессияның алқашқы n мүшесініңформуласы. Жалпы мақсат
kopilka -> Сабақтың тақырыбы Оттектің аллотропиясы. Озон және озонның жер бетіндегі тіршілік үшін маңызы. Мақсаты
kopilka -> Металдар және оның құймаларының жемірілуі қоршаған ортаның ластануының нәтижесі. Жемірілуді болдырмау шаралары
kopilka -> Пәні: Қазақстан тарихы Тақырыбы: Ұлы Жібек жолы және оның тарихи маңызы. Мақсаты
kopilka -> №37 жоббм бастауыш сынып мұғалімі
kopilka -> Сабақ № Сабақ тақырыбы «Жарық құбылыстары тарауын қайталау» сабағы. Жалпы мақсаты
matem -> Пән: математика, 5-сынып Күні: 29. 10. 13
matem -> Оқулық, дидактикалық материалдар Сабақ кезеңдері Мұғалімнің әрекеті Оқушының әрекеті бағалау


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет