Сабақ Тақырыбы: «Біратомды спирттер. Құрамы, құрылысы, қасиеттері»



Дата21.04.2017
өлшемі230,86 Kb.
#14322
түріСабақ
Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университеті

ЭКОНОМИКА, БИЗНЕС ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ КОЛЛЕДЖІ


БЕКІТЕМІН

оқу-әдістемелік ісі жөніндегі

директордың орынбасары

____________ А.К.Оспанова

«___»___________2015 жыл




Ашық сабақ

Тақырыбы: «Біратомды спирттер. Құрамы, құрылысы, қасиеттері»

Пән – химия

Курс – 1

Топ – П-12каз

Оқытушы – А.Б. Макжанова

Арнайы-технологиялық пәндер

циклдік комиссиясының

отырысында қаралды

П(Ц)К төрағасы

____________ Д.Ж.Айдаркожина

№ 7 хаттама

Қарағанды қ.



2014-2015 оқу жылы

Сабақ жоспары

Күні: 15 сәуір 2015 жыл.

Уақыты: 09.30.

Аудитория: 106.

Мамандық: 0201000 «Құқықтану»

Топ: П -12каз.

Сабақтың тақырыбы: Біратомды спирттер. Құрамы, құрылысы, қасиеттері.

Сабақтың мақсаты

Білімділік Оқушыларға оттекті органикалық қосылыстардың негізгі қасиеттерімен таныстыру, молекулалық байланыстың ерекшелігін түсіндіру, химияның өмірмен байланысын ұғындыру. Молекулалық құрылысын анықтау әдістері, белгілі функционалдық топпен анықталатын гомологтарының химиялық қасиеттерінің ұқсастықтары туралы білімді тереңдету.

Дамытушылық Заттардың қасиеттері олардың құрылысына тәуелді екендігіне көз жеткізу, құрылысындағы, қасиеттеріндегі негізгі ерекшеліктерін ажырата білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік Салауатты өмір салтын насихаттау. Спирттік ішімдіктің адам өміріне кері әсерін айта отырып жаман әдеттерден сақтандыру. Денсаулығын сақтай білуге, ел келешегі бүгіннен ойлауға жетелеу.
Сабақтың формасы дәріс

Сабақтағы тәсілдер мен әдістер: проблемалық-іздену, АКТ, түсіндіру, сұрақ-жауап, есеп шығару, әр түрлі дидактикалық тапсырмалар орындау

Құрал-жабдықтар: LCD-проектор, «Спирттер» презентация, слайд, видео-ролик.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесіп, зейінін сабаққа аудару.(2-мин)

Үй тапсырмасын тексеру: (7-10 мин)

1-тапсырма. 
Көмірсутектерді салыстырып, төмендегі кестені толтырыңыздар.



Көміртек класы

Жалпы формуласы

Гибридтену

С-С байланысының түрі

Байланыс ұзындығы

Валенттік бұрышы

Алкандар
















Алкендер
















Алкиндер
















Арендер
















2- тапсырма. 
Сөзжұмбақты шешу.
1. Табиғи газдың негізгі құрам бөлігі (метан)

2. Мұнайдан алынатын соңғы өнім (гудрон)

3. Мұнайға ілеспе газдағы бутаннан алынатын синтетикалық каучук (дивинил)

4. Мұнай фракциясынан алынған трактор жағар майы (керосин)

5. Мұнайдан алынбайтын зат (крахмал)

6. Көміртек пен сутектен тұратын органикалық заттар (көмірсутектер)

7. Бензолдың радикалы (фенил)

8. Май тәрізді сұйықтық, жанғыш зат (мұнай)







М































О

























Л










Е






















К








































У


































Л
















А








Қызығушылықты ояту: Ертегі жұмбақ шешу

Ертеде бір патшаның есігінің алдына лашын құсы дән тастап кетіпті. Патша сол дәнді алып, уәзірлеріне беріп еккізеді. Дән өсімдік болып жайқалып шығады. Келесі жылы одан да әдемі болып өседі. Үш-төрт жылдан кейін өсімдік жеміс береді. Елдің бәрі таң қалады. Күзге таман әдемі мөлдір жемісті жеп көруге жүрексінеді. Содан соң патшаның әмірімен жемісті ыдысқа салып қояды. Біраз күннен кейін ыдыстағы жеміс көпіреді. Одан мөлдір сұйық пайда болады. Уәзірлер сұйықтықты алып патшаға көрсетеді. Патша сұйықтықты бір тұтқынға ішкізуді бұйырады. Тұтқын бір кесе ішеді, ешнәрсе болмайды, екіншісін береді. Үшіншісін тұтқын өзі сұрап ішеді. Біраздан кейін ән салады, бей-жай күйге түседі. Ең соңында тұтқын патшаның тағын сұрап әлек салады. Шаршап қалжырап ұйықтап кетеді. Сонда бұл қандай зат болғаны?


Жаңа сабақты түсіндіру: (45 мин)

Біратомды спирттер. Құрамы, құрылысы, қасиеттері.
Тақырыптың жоспары:

  1. Спирттердің жіктелуі

  2. Физикалық қасиеттері және құрылысы.

  3. Химиялық қасиеттері.

Көмірсутектерден басқа, құрамында оттегі бар органикалық заттардың бар екендігін біз бұдан бұрынғы сабақтарда көргенбіз. Бұлардың көпшілігін көмірсутектердің R-H тотығу процесінің өнімі деп қарастыруға болады. Солардың ішіндегі ең бірінші қарастыратын класымыз бір атомды қаныққан спирттер.



Спирттер дегеніміз – молекуласындағы бір немесе бірнеше сутек атомдары гидроксил тобына алмасқан көмірсутектердің туындылары.

Спирттердің жіктелуі.

Спирттерді жіктеудің бірнеше түрі бар:

1. Спирттер құрамындағы гидроксил ОН тобының санына қарай біратомды және көп атомды болып бөлінеді. Біратомды спирттерге (метил спирті, этил спирті), көпатомды спирттерге (этиленгликоль, глицерин).

2. Гидроксил тобымен байланысқан көмірсутек атомының табиғатына байланысты спирттер қаныққан (этил C2H5–OH), қанықпаған (винил спирті СН2СН – ОН), ароматты ( С6H5 – CH2OH бензил спирті) болып бөлінеді.

Сонымен қаныққан біратомды спирттерді бір сутек атомы гидроксил тобына алмасқан алкандардың туындылары ретінде қарастыруға болады. Олардың жалпы формуласы: СnH2n+1OH немесе R - OH.



Спирттерді атағанда спирттерді сәйкес көмірсутек радикалы бойынша (мысалы, метил спирті, этил спирті, т.б.) және жүйелі  номенклатура бойынша көмірсутек атына “ол” жұрнағын жалғайды (мысалы, этанол, бутанол, диол, триол, т.б.) және ОН тобының орнын көрсетіп атайды (мысалы, пропанол-2, пропандиол-1,3), бұдан басқа спирттердің тарихи қалыптасқан атаулары да қолданылады (мысалы, этил спиртін – шарап спирті, метил спиртін – ағаш спирті деп атайды).

Спирттер класының бізге таныс өкілі - этил спирті. Оның молекулалық формуласын 1883 жылы Йоганн Берцелиус ашқан C2H6O. Енді осы заттың құрылысын (құрылымдық формуласы) қалай анықтауға болатынын сіздер айтып көріңіздер (1 мәселе). Яғни сіздер осы спиртті этанның құрамы және құрылысымен салыстыра отырып, оттегі атомының спирт молекуласында қалай орналасатынын ойластырыңыздар. Олар молекуласы бір атом оттегін екі әдіспен ғана енгізуге болатынын көрсетеді:


Н Н H H

│ │ │ │


Н – C – O – C – H H – C – C – O – H

│ │ │ │


H H H H
Бұл жорамал заңды сұрақ тудырады:

1.Ұсынылған формулалардың қайсысы этил спирті молекуласының құрылысына сай келеді?

Физикалық қасиеттері және құрылысы (видео-ролик№1)

Көмірсутектердің гомологтік қатарындағы жалпы заңдылықтар спирттер қатарында да байқалады. Қалыпты температурада С10-ға дейінгі спирттер сұйық заттар, С11-ден бастап қатты заттар. Алғашқы үшеуі сумен кез келген мөлшерде араласады, молекулалық массасының артуына қарай сұйық спирттердің суда ерігіштігі төмендейді. Сұйық спирттердің өздеріне тән иісі болады. Спирттердің қайнау және балқу температурасы молекулалық массасының артуына байланысты өседі және сәйкес алкандардың қайнау температурасынан жоғары болады. Енді осыны қалай түсіндіруге болады, сіздер қалай ойлайсыздар (2 мәселе). Гидроксил тобындағы оттек атомының ЭТ-гі сутек атомынан жоғары болғандықтан сутектің электрондарын өзіне тартып, оларда ішінара теріс және оң зарядтар пайда болады:

δ- δ+

R – O ← H

Осы зарядтардың әсерінен оттек атомы мен спирттің екінші молекуласындағы гидроксилдің сутек атомының арасында сутектік байланыс түзіледі: ... H – O ... H – O ... H – O …

| | |


R R R
Сутектік байланысты үзуге 5 ккал/моль энергия жұмсалады. Энергиясы аз болғанымен, оны үзу үшін температураны көтеру керек, сондықтан спирттердің қайнау температуралары жоғарылайды.

Ендеше, сутектік байланыс су молекулаларының және су мен спирт молекулалырының арасында да болады:

... H – O ... H – O … H – O … H – O ...

| | | |


H R H R

Сәйкес алкандар мен спирттердің физикалық қасиеттерін салыстыратын кесте


Молекулалық формулалары

Атаулары

Температурасы, 0С

балқу

қайнау

CH4

CH3OH

метан

метил спирті

-184

-97,8

-162

64,7

C2H6

C2H5OH

этан

этил спирті

-172

-117,3

- 88

78,4

1.Тапсырама: этил спирті - C2H5OH сұйық зат,

глицерин - C3H5 (OH)3 қоймалжың зат,

фенол – C6H5OH қатты зат

Берілген заттардың балқу және қайнау температуралары қалай өзгереді? Дәлелді жауап беріңіздір.



Химиялық қасиеттері.

Ендігі туатын мәселе:



1. Оттегі атомы, зат молекуласындағы сутегі атомдарының қасиеттеріне қалай әсер етеді?

Спирттердің химиялық қасиеттерін анықтайтын гидроксил тобы және ол байланысқан радикалдардың құрылысы. Гидроксил тобы қатысында өтетін реакциялар О—Н немесе С—ОН байланыстарын үзу арқылы жүреді. Спирттер (алканолдар) полюсті косылыстар, көміртек пен оттек және оттек пен сутек

δ+ δ- δ- δ+

атомдарының арасында екі полюсті байланысы бар: СО жәнө О Н. Бұларды салыстырсақ, ОН байланысының полюстігі СО байланысының полюстігіне қарағанда жоғары. Оттектің жұп электрондары спирттерге электрондонорлық қасиет береді.

Гидроксил тобындағы сутек арқылы жүретін реакциялар. Спирттер индикаторға әсер етпейді. Гидроксил тобындағы сутек атомы әлсіз қышқылдық қасиет көрсетеді, қозғалғыш келеді, орынбасу реакциясына түседі. Сутектің қозғалғыш болу себебі, жоғарыда айтып кеткендей оттектің ЭТ-гі жоғары, сол себепті ол электрон тығыздығын өзіне қарай тартады, осыдан О – H байланысы

δ- δ+


полюстенеді: R – O ← H.


  1. Спирттің гидроксил тобындағы сутек атомының орнын белсенді металдар баса алады:

Спирттер сілтілік металдармен әрекеттесіп, өзіне сәйкес алкоголяттар түзеді.

2CnH2n+1ОН + 2Nа →2CnH2n+1ОNа + Н2
2.Тапсырма. Этил спиртіне осы реакцияны жазыңыз және түзілген затты атаңыз.
Гидроксил тобында жүретін реакциялар. Спирт молекуласындағы

С—ОН байланысының үзілуі арқылы жүреді.


  1. Спирттер галогенсутектермен әрекеттеседі.

Бұл гидроксил тобының орнын галоген басу арқылы өтетін қайтымды реакция. Реакция нәтижесінде сәйкес галогеналкандар түзіледі:

H2SO4

CnH2n+1ОН + HBr CnH2n+1Br + H2O
Реакцияны сутартқыш заттардың қатысында өткізеді, сонда реакция галогеналкандардың түзілу жағына қарай бағытталады.

3.Тапсырма. Метил спиртіне осы реакцияны жазып, түзілген затты атаңыз.



  1. Дегидраттау реакциялары.

Спирттерге сутартқыш заттар (концентрлі күкірт қышқылы, фосфор қышқылы, т.б.) қосып қыздырса, су бөлініп шығады, реакцияның жүруі температураға және жағдайға байланысты болады:

а) егер дегидраттау реакциясын төменгі температурада жүргізсе (100-140 0С), онда реакция молекулааралық өтеді де, жай эфирлер түзіледі:

H+, t0

С2Н5О Н + НО С2Н5 → С2Н5 – О – С2Н5 + Н2О

диэтил эфирі

Диэтил эфирі – ұшқыш, оңай тұтанатын сұйықтық, еріткіш ретінде және медецинада ауырған жерді басу үшін қолданылады.


ә) жоғарырақ температурада ( t0 > 140 0С) дегидраттағанда, реакция молекула ішінде өтеді, нәтижесінде алкен түзіледі:

H+, t0

CH3 – CH2 – OH → CH2 = CH2 + H2O

этанол этилен





  1. Тотығу реакциялары.

Мыс (II) оксидімен тотығып, альдегид түзуі спирттердің сапалық реакциясы (видео-ролик№2):


\


этанол этаналь

Реакция барысында қара түсті мыс (II) оксиді тотықсызданып, қызғылт түсті мыс түзіледі және альдегидтің өткір иісі сезіледі.




  1. Спирттер жағанда энергия бөлінеді.

Спирттер басқа органикалық қосылыстар сияқты, көміртегі мен сутегіге бай болғандықтан, тұтатқанда жылу бөліп жанады, мысалы этил спирті жанғанда 1374 кДж энергия бөлінеді.

4.Тапсырма. Этил спиртінің жану реакциясының теңдеуін жазып, теңестіріңіздер:

Алайда жанған кезде олардан айырмашылықтар байқалады. Бірінші мүшелері оңай тұтанып, жарығы әзер байқалатын көгілдір жалынмен, ал малекулалық массасы үлкен спирттердің жарқыраған жалынмен жанады.


Білімді бекіту: (20 мин)

5. Тапсырма. Деңгейлік тапсырмалар

І деңгей

1) Спирттер … және … агрегаттық күйде болады.

2) С110 аралығындағы спирттер …, ал С11 бастап …. заттар

3) Спирттердің молекулалық массалары өсуіне қарай суда ерігіштігі …, ал балқу, қайнау температуралары …, себеп спирттерде молекулааралық … байланыс болады.


ІІ деңгей

1) Спирттер полюсті қосылыстар, себебі О-Н пен С-ОН арасындағы байланыстар:

а) полюсті

б) полюссіз

в) сутекті

2) О – Н байланысының полюстілігі С – О байланысына қарағанда:

а) кем

б) жоғары



в) тең

3) Спирттер белсенді металдармен қышқыл түрінде әрекеттеседі, себеп:

а) «ОН» тобындағы «Н» қозғалғыш

б) көмірсутек радикалындағы «Н» қозғалғыш

в) «Н» атомына байланысты емес.
ІІІ деңгей

1) Пропил спиртінің бромсутекпен әрекеттесуінің реакция теңдеуін жазып , түзілген затты атау.

2) диметил эфирін алудың реакция теңдеуін жазыңыз.

3) 4 г этил спирті жанғанда қанша көлем (қ.ж) СО2 түзіледі?


6 тапсырма. Бірінші қатарда әрекеттесетін заттар орналасқан, сіздер екінші қатардан осы әрекеттесу реакцияларынан түзілетін заттардың сәйкес келетін қатарын табыңыздар және кестеге белгілеңіздер:

  1. қатар 2 қатар

  1. 2C3H7OH + 9O2А) калий бутилаты және сутек газы

  2. 2C4H9OH + 2K → Ә) хлорэтан және су

  3. C2H5OH + HCI → Б) метилэтил эфирі және су

  4. C2H5OH + OHCH3 → В) көмірқышқыл газы және су




1 қатар

2 қатар

1.




2.




3.




4.





7 тапсырма. Берілген айналуларды жүзеге асыратын реакция теңдеулерін жазыңыздар (көп нүктенің орында болатын заттарды тауып, атаңыздар):

+H2 +CI2 +HOH +HBr



  1. C2H4 …… .......... …….. C2H5Br

+H2 +CI2 +HOH +O2



  1. C2H4 …… ......... …….. CO2



Үйге тапсырма: (2 мин)

Оқулықтан §15 78-79б. оқу. Спирттердегі изомерияның түрлері (гидроксил тобының орны бойынша, көміртегі қаңқасы және класаралық изомерия) мен номенклатурасын қарастыру және гексил спиртінің мүмкін болатын изомерлерін жазып, жүйелі номенклатурамен атаңыздар. Спирттердің пайдасы мен зияны жайлы хабарлама жазып келу.


Сабақты қорытындылау: (3 мин)

  1. Балалар бүгінгі сабақтан қандай мәліметтер алдыңдар?

  2. Қандай қорытынды жасай аласыңдар?

  3. Осы сабақ сіздерге қандай көңіл-күй сыйлады?

Оқушылардың жұмысын тиісінше бағалау.


Оқытушы: А.Б.Макжанова
Каталог: uploads -> doc -> 0c2f
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0c2f -> Сабақтың тақырыбы: Толқындық қозғалыс
0c2f -> Сабақ конспектісі «Денсаулық еліне саяхат»
0c2f -> Cабақтың тақырыбы: «Абай Құнанбаев қазақ халқының ұлы ақыны,жазба әдебиетінің негізін салушы» Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет