Сабақ Тақырыбы: Бисерден алқа тоқу «Сәндік-қолданбалы қолөнер» үйірмесінің мұғалімі: Джелдикбаева Г. С



бет1/2
Дата05.06.2017
өлшемі0,53 Mb.
#18205
түріСабақ
  1   2
Мойынқұм ауданы әкімдігі білім бөлімінің

Балалар мен жасөспірімдер орталығы

Коммуналдық мемлекеттік мекмесі


Ашық сабақ



Тақырыбы: Бисерден алқа тоқу


«Сәндік-қолданбалы қолөнер» үйірмесінің мұғалімі: Джелдикбаева Г.С.


Сабақтың тақырыбы: Бисерден алқа тоқу.



Білімділік мақсаты: оқушыларың бисерден алқа тоқудағы білімін жүйелендіру, шеберлік деңгейін арттыру арқылы әсемдік пен сұлулықты бағалай білуге үйрету.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың жұмысты орындаудағы ептілігін, алған білімін өз бетінше қолдана білуін дамыту.
Тәрбиелік мақсаты: оқушылардың эстетикалық талғамын тәрбиелеу, тиянақтылық деңгейін көтеруге баулу.


Сабақтың түрі: аралас сабақ
Сабақтың әдісі: сарамандық.
Пәнаралық байланыс:
Математика, тарих, химия, сызу, геометрия, ағылшын тілі.

Көрнекіліктер: бисерден жасалған бұйымдар, үлгілер, схема, кітаптар.
Құрал – жабдықтар: бисер түрлері, жіп, түйреуіш, қайшы, леска.

Сабақ барысы:


І. Ұйымдастыру кезеңі.


Амандасу, оқу құралдарын алып отырған орнын ретке келтіруді ұйымдастыру.Оқушылардың сабаққа келген, келмегені түгенделеді.



ІІ. Үй тапсырмасы:

1. Бисер деген не?
2. Бисерді қандай бұйымдарға қолдануға болады?
3. Бисермен тоқу нені талап етеді?
4. Бисер қай кезден бастап пайда болды?
ІІІ. Білімдерін тексеру немесе ой толғау.

Тиістісін тап.

Әр Бас киім

Әшекей Өрнек күміс

Кимешек Әшекей түр,көрік

Зүбіжат Ылғи тас

Үлде бүлде Асыл тас

ІV. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
V. Жаңа сабақ.
Бисер тоқу ертеден кеңінен таралып, танылып келе жатқан халық шығармаларының әшекей бұйымдар дайындаудың бір түрі. Бисермен жай суреттерден бастап өте күрделі түрлі - түсті жұмыстар жасауға (тоқуға), алқа, тұмарша, шаш буғыш, сырға, білезік, белдік, сөмкелер мен әшекейлер тоқуға болады. Қолдан жасалатын бисер моншақтары Ресейде, шет елдерде өте жоғары бағаланады. Халық шығармаларының осы түрі жаңа өрлеу үстінде, дамудың сатысында.
Бисер тоқу өнері өте нәзіктікті, әдемілікті, шыдамдылықты және фантазия мен шеберлікті талап етеді. Әр адам бисер тоқумен айналысуына болады. Схемамен жұмыс істегенде есте сақтау қабілеті жоғары болып, түстерді айыра білу керек. Барлық қолөнер сияқты, бисер тоқудың да тарихы бар. Бисердің шығу тарихы әйнектің пайда болуымен тікелей байланысты. Ал әйнектің қашан пайда болғанына әлі күнге дейін нақты деректер жоқ. Дегенмен, әйнекті пайдаланудың ең алғаш құпиясы Финикия елі ашқан деген аңыз бар. Бұл аңызда финикиялық көпестер әлемді жүзіп жүріп Сирияға тоқталады. Өздеріне азық дайындау мақсатымен отқа қазан қою үшін аралдан үлкен тас іздейді. Ешнәрсе таппаған олар кемедегі селитраның ( натрий қосындыларының) үлкен бөлігін пайдаланады. Жалынның ыстық температурасынан селитра еріп, өзен құмына араласып, сұйық әйнек болып аққан екен. Осылай ма, жоқ әлде басқа тәсілмен бе әйнек дүниеге келген. Бірақ финикиялық көпестер бүкіл Жерорта теңізінің халқына әйнектен жасалған бұйымдарды сатқан екен.
Кейбір деректер бойынша әйнектің отаны Ежелгі Египет болған. Әйнектен жасалған моншақтар, амулет, ыдыс - аяқтар біздің заманымызға дейін VI ғасыр ескерткіштерінен табылған. Әйнекті массаға кобальт, мыс, марганец қосу арқылы египеттіктер көгілдір, жасыл, алқызыл түсті әйнек алған. Мұндай әшекейлерді еркектер де, әйелдер де, әсіресе ақ түсті киімдермен таққан деседі.
Ең алғашқы «Бисер» атауы Египет елімен байланысты. Оның атауы арабтың «Бусра» немесе «Бусер» деген сөзінен шыққан, мағынасы «жалған маржан». Рим империясы Египет елін басып алғанда әйнек өндіру Рим еліне өтіп, империя құлағаннан кейін Византияға өтеді. Ал Константинопольды түрік жауынгерлері жаулап алған соң әйнек өндіруші шеберлер жан - жаққа тарап әлемге «Бисер» атауы мәлім бола бастады. Бисерден тоқылған бұйымдар жастар мен орта жастағы әйелдерге арналған сәндік киімдерге жапсырылған немесе түрлі оюлармен әшекейленген киімдер, аяқ киімдері, сөмкелер, т. б жиі кездестіруге болады. «Өмір жасы» ұзақ болу үшін мықты болып келетін жібек жіппен, лескімен орындалады. Бисермен қазақтың ою - өрнектерін, тұмарша, өңіржиек, алқа, бойтұмар, сондай - ақ шашбау, сәнді әшекейлер; сырғалар, мойынға тағатын алқалар, брошка, ожерелье жасауға болады.
Қазақ зергерлері көбінесе қыз - келіншектердің ажарын ашатын, сұлу етіп көрсететін зергерлік бұйымдар жасаған. Сол зергерлік бұйымдардың сәнін келтіруге моншақтарды кеңінен қолданған. Атап айтсақ, әйел бас киіміне тағатын үлкен моншақ маржанды - былқылдақ, сәукеленің екі жағынан кеудеге төгіліп тұратын моншақтарды - жырға деп атаған.
Алқаны бисерден, алтын, күмістен соғып домалақтап, асыл тастардан тізіп салпыншақ етіп жасайды.
Алқа бөлшектерінің атауы: алақан - алқаның ортаңғы негізгі бөлігі тақтасы, аяқ - алқаның салпыншағы, тойнақ - алқаның екі ұшын біріктіретін топса.
Алқаны қандай материалдан жасағанына байланысты: лағыл (рубин), маржан (коралл), меруерт (жемчуг), жарқылдауық тасты (самоцвет) алқалар деп атайды.
Соның ішінде біздің бүгінгі сабағымызда тоқитынымыз бисерден алқа тоқу.
Алқа мойынға тағылатын сәндік бұйым. Моншақ неолит дәуірінде тастан және сүйектен, қола дәуірінде металдан жасалған. Ежелгі Мысырда, орта ғасырларда Венецияда, Русьте, Орта Азияда шыныдан жасалған.
Моншақ сөзінің шығуы "Мойын - шақ" немесе "мойын - тақ" деген сөздерден құралады деген пікір бар.
Қазіргі кезде халық шығармашылығында бисермен әшекейлеу жаңа өрлеу үстінде. Халық қолөнерінің бай мұраларын жинап, сұрыптай отырып, заманымызға лайықты сапа, түр беру қазіргі ұрпақ біздердің алдымызға қойылған мақсат болып отыр.
Бисермен сәндік бұйымдар: алқа, сырға, білезік, тұмарша тоқуға болады.
Жұмыс орнын ұйымдастыру: бисермен тоқу жұмысы қызықты, әрі қарқынды өту үшін тек құрал - саймандардың түгел болуы ғана емес, жұмыс орынды ыңғайлап алу, әсіресе, ол жерде бисерді қалай орналастыруды ойластыру қажет. Ол үшін бедерлі фланель матаны төрт бүктеп, не болмаса жақтаулары өте биік емес қорапшалар пайдалануға болады.
Жұмыс істейтін орын жарықпен жақсы қамтамасыз етілу керек. Көзге демалыс беру үшін әр сағат сайын 10 - 15 минут үзіліс жасау керек.


Бисердің түрлері

Дөңгелек Таяқша




Сопақ

Бисермен тоқу нені талап етеді?

Бисермен тоқу көп уақытты, шыдамдылықты талап етеді.

Бисерді неден жасайды?
Шыны Керамика


Хрусталь Металл


VІ. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру
1.
Ең алғаш бисер қай елде пайда болды. (Египет)
2. Параллель тоқу әдісімен тоқылатын бұйым. (гүл)
3. Бисермен сәндік үшін қандай бұйымдар тоқылады. (әшекей)
4. Бисермен гүл, жапырақ тоқу үшін қандай материал қолданған жөн. (сым)
5. Тұңғыш рет бисер қандай өндіріспен байланысты болды. (әйнек өндіру)
6. Таяқша, сопақша қырлы бисердің формалары. (дөңгелек)
7. Алқа тоқуға қолданылатын материал. (леска)
8. Бисермен жұмыс істегенде қажетті құрал. ( қайшы).


Сергіту сәті. Полиглот

  1. Басы екеу, аяғыда екеу (қайшы)

  2. Әйнектен, інжу-маржаннан жасалатын түрлі түсті ұсақ

моншақты қалай атайды? (бисер)

  1. Әжеме өң берген,

Жиегін көмкерген

Етегі желкендей

Киім еді ол нендей. (кимешек)

  1. Жерге түссе таптырмас (ине)

  2. Ине өткен жерден - ......... өтер (жіп)


VІІ. Сарамандық жұмыс: бисерден алқа тоқу.
Кіріспе нұсқаулық: ТҚ ережелерін қайталау (инемен, қайшымен жұмыс қауіпсіздігі)
Ағымдағы нұсқаулық: Әр оқушының жұмыс істеу барысында көмек көрсету.
Бұйымның түйреуішін жіпке бекітіп алу қажет. Схема 1, 2, 3 бойынша бисерді қатар тізу керек. Ақырғы қатары алғашқы қатарға симметриялы болу керек. Жұмыс аяқталарда екінші түйреуішін бекітіп, артық жібін қи

Каталог: uploads -> doc -> 0fc1
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0fc1 -> Тақырыбы: «Бала тәрбиесіндегі ата – ананың рөлі»
0fc1 -> Сабақ№1 Сыныбы 7а Күні Мақсаты: Білімділік
0fc1 -> Сабақ жоспары мектеп: Өркен Мерзiмі: 24. 11 2015 жыл
0fc1 -> Біләлова Өрік Әшербекқызы кмм волошинка орта мектебінің Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Волошинка ауылы Сабақтың мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет