Сабақ тақырыбы Деформация. Серпімділік күші, Гук заңы



Дата13.12.2019
өлшемі134 Kb.
#53597
түріСабақ

Сынып: 7

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Күні: 14.12.17

Сабақ тақырыбы

Деформация. Серпімділік күші, Гук заңы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.11 пластикалық және серпімді дефморацияларды ажырату, мысалдар келтіру;


Сабақ мақсаттары

пластикалық және серпімді дефморацияларды ажырату, мысалдар келтіру;

Жетістік критерийлері

пластикалық және серпімді дефморацияларды ажырату, мысалдар келтіреді;

Тілдік мақсаттар


Пластикалық, серпімді, дефморация, серпімділік күші, қатандық коэффициенті, ұзаруға тәуелділік графигі

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Күш

Сила

Ғorce

Гук заңы

Закон Гука

Hooke'slaw

Деформация

Деформация

Deformation

Серпімді

Упругий

Elastic

Пластикалық (серпімсіз)

Пластичный

Plastic



Пәнаралық байланыстар

Математика

АКТ қолдану дағдылары

Ақпаратты жинақтау

Бастапқы білім

Күш, ауырлық күші

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру бөлімі.

Оқушылармен амандасу, түгендеу

Қағаз қиындылары арқылы топқа бөлу(қиындыларды таңдау арқылы оқушылар 3 топқа бөлінеді)

1топ-«масса»

2 топ-«көлем»

3 топ-«тығыздық»


Қағаз қиындылары

Сабақтың ортасы


Үй жұмысын тексеру

«Жуан-жіңішке сұрақтар» әдісі арқылы

100- Физика нені зерттейді?

200- Астрономиялықөлшеу құралы?

300-Тығыздықтың формуласы?

400-Марстағы ертін түсу үдеуі неге тең?

500-Табиғаттағы күштерді ата?

600- Күш дегеніміз не?

700-Күштің өлшем бірлігі?

800- Ауырлық күшінің бағыты

900-«Гравитация» сөзінің мағынасы

1000-«Күш» ұғымын физика ғылымына енгізген ғалым?
Мағынаны тану.

Көрсетілім. Штативке ілінген серіппенің пішінінің өзгеруін көрсету.



Жағымды ахуал орнату. «Мен ....»
Жаңа сабақ

Слайд арқылы оқушыларға жаңа тақырып бойынша мағлұмат беріледі.

Оқушыларға шаблон-карта таратылады. Шаблон картамен қалай жұмыс жасайтынын мұғалім түсіндіріп кетеді.

Шаблон карта үш бөліктен тұрады: «Біздің ойымыз», «Кітаптің ойы», «Қолдану».

Бірінші «Біздің ойымыз» бөлікте оқушылар өз ойларын, білімдерін көрсетеді. Екінші «Кітаптің ойы» бөлігінде оқулықты қолданып жаңа тақырыпты меңгереді. Соңғы үшінші «Қолдану» бөлігінде оқушылар алған білімдерін тапсырмаларды орындап қолданады.

Мұғалім сабақ бойы оқушыларға нұсқау беріп алға қарай жетелейді.



«Менің ойым» бағанасын толтыру.

  1. Күш анықтамасын өткен сабақтан еске салып, шаблонға жазу керек.

  2. Партада тұрған денелерді екі топқа бөліп кестені толтырады.




  1. Эксперимент жасандар.

Ермексазды қолдарыңа алып майыстырындар. Не байқағандарынды шаблонға жазып қойындар. Дәл солай сорғышты майыстырындар. Көрген құбылысты сипаттап шаблонға жазындар.

Оқушылар шаблондармен келесі топпен ауысып, бір-бірінің жазғанын тексеріп, толтырады. Бір-бірден шығып дұрыс жауаптарын презентацияға жазады.



Топтық жұмыс. Есептер шығару

1-топ


  1. Шиыршық серіппенің ұзындығы 3,5 см-ге қысқартқанда 1,4 Н серпімділік күш пайда болады. Оны 2,1 см ұзартқанда серпімділік күші қандай болады?

  2. Қатаңдығы 400 Н/м металл сымға ілінген, массасы 3 кг дене вертикаль жоғары 2 м/с2үдеумен қозғалады. Сымның созылуы неге тең?

2-топ

  1. 320Н күштің әсерінен амортизатордың серіппесі 9мм-ге сығылады. 1,6кН күштің әсерінен серіппе қаншаға сығылады?

  2. Қатаңдығы 0,3 кН/м трос массасы 2 кг денені тең үдеуімелі вертикаль жоғары көтерілгенде 4 см – ге созылады. Дененің үдеуі неге тең?

3- топ

  1. Болат серіппе 260Н күштің әсерінен 40мм-ге созылды. Серіппенің қатаңдығы неге тең?

2. Массасы 0,2 кг балықты тік жоғары көтергенде қатаңдығы 500 Н / м –ге тең қармақ бауы қаншаға созылады? (0,04 м)

«Ыстық орындық» әдісі арқылы сабақты қорытындылау

Әр топтан бір-бір оқушыны ортаға шақырып, жаңа сабақ бойынша сұрақтар қою арқылы сабақты бекіту.



Ұпайлары бар қағаздар

Штатив, серіппе, жүктер жиынтығы

Шаблон картасы

Үлестірме қағаздар



Сабақтың соңы

Екі жақты рефлексия. Сабақтың мақсаттарына оралу. Оқушылардың пікірлерін тындау






Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет