Сабақ тақырыбы: Ә. Марқабаев. «Ғарыштағы қымыз»



Дата02.07.2018
өлшемі19,21 Kb.
#45663
түріСабақ

Уақыты:

Қазақ әдебиеті


Мұғалім:

Сынып:

Сабақ тақырыбы:

Ә.Марқабаев. «Ғарыштағы қымыз» әңгімесі

Жалпы мақсат:

Әбділхамит Марқабаевтың өмірбаяны жайлы мәлімет беру. Фантастика жайлы мағлұмат беру. «Ғарыштағы қымыз» әңгімесін оқып түсіндіру.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

6-сыныпқа арналған оқулығы

Үлестірме материалдары



Оқу нәтижесі:

Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Тұлғаның жеке қабілетіне әсер ету арқылы іздену әрекетін дамыту.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Анимациялық слайдтар, суреттер, бейнежазбалар, қымыз

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.



І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Балалар, біз бүгін жұлдыздар әлеміне саяхат жасаймыз. Сондықтан бүгінгі сабағымызда белсенді жұмыс істесек жұлдызша алып, ол жұлдызшаларларды кім көп жинаса сабақ соңында ең үлкен жарқырағын жұлдызға  ие болады

Топқа бөлу.
І топ Ғарышкерлер
ІІ топДәрігерлер
ІІІ топ Бөгде ғаламшарлықтар
Әр топты өз атауларымен таныстырып, неге олай атағаным туралы өздерінен сұрау арқылы ой шақыру.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту.


Қызығушылықты ояту

«Ойлы болсаң озып көр»
– Фантастика дегеніміз не?
– Сіздер фантастикалық кинолар мен әдебиеттер оқисыздар ма?
– Қандай фантастикалық кітаптар оқыдыңыздар?
– Роботтардың қызметі, оларды не үшыін ойлап таптық?
– Жерден басқа күн жүйесінде неше планета бар?
– Ол планеталарда  адамдар тұрады ма?

ІІІ. Жаңа тақырып

Бейнебаян көрсету. Планеталар туралы. 3-мин. Қымыз туралы 3-мин.
Суреттер топтамасы арқылы оқушыларды сөйлету. Шығарма мазмұнымен қысқаша таныстыру, әр топқа шығарманы бөліп беру. Үзінді оқыту.
Сонымен, бұндай шығармаларды әлем әдебиетінде Фантастика деп атайды.
Фантастика – көркем бейнені ой елестерінен, қиялдан шығарып, шындықты табиғи қалыптан тыс әсерелеп көрсететін шығарма.
– Фантастиканы  жазатын адамдарды фантаст жазушы деп атаймыз.
Фантаст – шығармасын ой елестерінен қиялдан шығарып, шындықты табиғи қалыптан тыс әсірелеп жазатын жазушы.
– Фантастика жазушыларды білеміз бе?
Талап Сұлтанбеков, Шоқан Әлімбаев, Әбділхамит  Марқабаев.
Ия, солардың бірі Әбділхамит  Марқабаев ттуралы слайд арқылы таныстырам.
Арал теңізінің батыс жағалауына жақын орналасқан, аралшаның солтүстік кенересіндегі «Ауан» деп аталатын алақандай елді мекенде қарапайым наубайшы Файзулла шаңырағында 1938 жылы Абдул-Хамид Мархабаев дүниеге келеді.
Соғыстың орта шенінде наубайшы әкесін, өз қатарластарымен қоса, Арал қаласына әскерге алып кеткені Хамағаның еміс-еміс көз алдыда. Наубайшы боп әкесінің орнына шешесі қалады. Ананың мақсаты – үйдегі балаларының қарнын ашырмау. Хамағаның үлкен ағасы сол кезде оба індеті шыққанда осы ауыл-дан кішігірім кеңсе ашқан болатын. Сол кеңсеге екінші ағасы он үшке толмаған жасында аяқ киімсіз, жалаңаяқ барып келіп жүргені оның есінде.
(18.4.1938 жылы туған, Арал ауданы Ауан ауылы) – жазушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы (2001), профессор (1997). ҚазМУ-дың (ҚазҰУ) филология факультетін бітірген (1964). 1964 – 67 жылдары «Білім және еңбек» (қазіргі «Зерде») журналында әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі, 1967 – 76 жылдары ҚазМУ-дың журналистика факультетінің доценті, 1976 – 85 жылдары «Білім және еңбек» журналының бас редакторы, «Жаңа фильм» журналының аға редакторы, 1981 – 82 жылдары Қазақ КСР Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитеті бас редакциясының аға редакторы, 1985 – 87 жылдары Қазақ орталық мұражайының баспа-редакция секторының аға редакторы, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарған. Көп жылдан бері ҚазМУ-да ұстаздық қызметте. Тұңғыш жинағы 1972 жылы «Ғарыштағы қымыз» деген атпен жарық көрді. Мархабаевтың «Арал әуендері», «Балалардың аман қалғанын айт!» «Жарылқаушы…», «Тосын ғарышхат», т.б. ондаған көркем шығармалары жеке кітап болып шықты. Фантастика жанрының табиғаты мен теориялық ерекшеліктерін айқындайтын «Қолыңды әкел, Келешек. Қазақ фантастикасы: кеше, бүгін және…» (1978), «Қазақ фантастикалық әдебиеті» (1998) атты монографиясы, «Ислам – Ғылым – Журналистика» оқулығы жарық көрген.

IV.Шығармашылық жұмыс

1/ Суретшілер сайысы.
Әр топқа плакаттар, қарындаш беріп. Басқа планетаны, бөгдеғаламшарлықтарды қалай елестететінін бейнелеу.
 2/ Жазушылар сайысы. (эссе жазу)
І топҒарышкерлер «Кәріге құрмет – балаға міндет»
ІІ топДәрігерлер «Қымыз туралы сыр шертсем»
ІІІ топ Бөгде ғаламшарлықтар «Роботтар өндірісі»

V.Қорытындылау

 1 топ Ғарышкерлер  Әбділхамит Марқабаев туралы қосымша деректер
ІІ топ Дәрігерлер  Күн жүйесіндегі планеталардың ерекшелігі
ІІІ топ Бөгде ғаламшарлықтар  Қымызды дайындау әдісі.

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды

VI. Үйге тапсырмасын беру

Мазмұндау Қымыз туралы мәліметтер жинақтау

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

VII. Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

VIII. Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »

Каталог: uploads -> doc -> 0faf
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0faf -> Сабақ тақырыбы: «Сузбеден құрт дайындау»
0faf -> Сабақтың тақырыбы: дк сәулетінің заманауи даму бағыттары Сабақтың мақсаты: Білімділік
0faf -> 8 – сынып «Қыз Жібек» жыры ІІІ деңгей


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет