Сабақ тақырыбы Электромагниттік толқындар шкаласы Сілтеме



бет1/10
Дата28.01.2018
өлшемі1,91 Mb.
#35314
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пән

Физика



Мұғалім

Маженова Салтанат

Мектеп, сынып

Қостанай облысы, Жангелдин ауданы, Торғай ауылы, Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп, 9-сынып

Сабақ тақырыбы

Электромагниттік толқындар шкаласы



Сілтеме

Ұзақ мерзімді жоспар. Bilimland (http://bilimland.kz/en/#lesson=10618) және iTest сайттары (http://itest.kz/kurs_mekhanikalyq_terbelister_men_tolqyndar). Оқулық, 9 сынып.

Жалпы мақсаты

Электромагниттік толқындар шкаласы жайлы мәлімет беру.

Электромагниттік толқындар шкаласындағы толқындарды күнделікті тұрмыста қолдануға мысалдар келтіру.

Электромагниттік толқын диапазонын белгілеу

Белгілі бір диапазон толқындарының түрлі қасиеттерін көрсететін мысалдар келтіру

Үштілділікті енгізу жолында тақырыптағы түйінді сөздерді үш тілде таныстыру. Тапсырмаларды ағылшын тілінде орындауға дағдыландыру.


Күтілетін нәтиже

Электромагниттік толқындар шкаласы жайлы мәлімет алады

Электромагниттік толқындардың тұрмыста қай салада қалай қолданылатынын біледі және формулаларын есептер шығаруда қолдана білуге үйренеді

Оқушы тапсырмаларды орындау арқылы жаңа тақырыптың мағынасын түсінеді. Әртүрлі тақырыпқа тиісті мәселелерді талдай отырып, ойын қорыта алады.

Топтық, жұптық жұмыстарда белсенділік таныта отырып, берілген әрбір тапсырманы дер кезінде орындай алады. Тапсырмаларды орындауда ережелерді қолдана білу дағдысы қалыптасады, тақырыпты түсіндіруде физикалық терминдерді белсенді қолданады.

Жаңа терминдермен үштілде танысып, тапсырмаларды ағылшын тілінде орындап дағдыланады.


Негізгі идеялар

Максвеллдің электромагниттік өріс теориясының түйіні:

Өзгеріп отыратын магнит өрісі кеңістікте өзгеріп отыратын электр өрісін тудырады.

Өзгеріп отыратын электр өрісі кеңістікте өзгеріп отыратын магнит өрісін тудырады.

Өзгеріп отыратын электр және магнит өрістері әр уақытта да өзара байланыста болады, сондықтан олардың ажырамасы бірлігін электромагниттік өріс дейді.



Электромагниттік өрісті көрнекі түрде бейнелеу үшін оны, бір жағынан, электр өрісінің кернеулік векторы арқылы, екінші жағынан, магнит өрісінің индукция векторы арқылы сипаттап кескіндейді.

Айнымалы электромагниттік өрістің кеңістікте таралуы электромагниттік толқын деп аталады.

Электромагниттік толқындардың қасиеттері:

Электромагниттік толқын әртүрлі заттарда, вакуумда да тарала алады.

Электромагниттік толқындар – тек көлденең толқындар.

Вакуумдағы электромагниттік толқындардың жылдамдығы: 3∙108 ``м/с.

Вакуумға қарағанда заттағы электромагниттік толқынның таралу жылдамдығы аз болады және ол мына өрнекпен анықталады.

Электромагниттік толқындар энергия тасиды.



λ-вакуумдағы толқын ұзындығы;

λ/-заттағы толқын ұзындығы;

.

Электромагниттік толқындар шкаласы.

Радиотолқындар, микротолқындар, инфрақызыл толқындар, ақ жарық, ультракүлгін толқындар, рентген сәулелері, гамма-сәулелері


Тапсырмалар

Bilimland, iTest сайттарындағы бейнематериалдармен танысып оларға қатысты тапсырмаларды орындау, тест тапсыру.

Топтық жұмыс. Жұптық жұмыс.

Блум таксономиясының кезеңдері сабақ барысында орындалып отырады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет