Сабақ тақырыбы Энергияның сақталу және айналу заңы



Дата04.03.2020
өлшемі113,5 Kb.
#59532
түріСабақ
Байланысты:
Физика 9сынып Энергияның сақталу және айналу заңы Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

9.3 А Сақталу заңдары

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 9

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Энергияның сақталу және айналу заңы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

9.3.3.7 энергияның сақталу заңын тұжырымдау және есептер шығаруда қолдану

Сабақ мақсаттары

  • Механикалық энергияның сақталу заңын тұжырымдай алу;

  • Энергияның сақталу және айналу заңын сапалы және сандық есептерді шығаруда қолдана алу;

Бағалау критерийлері

  • механикалық энергия, потенциалдық және кинетикалық энергия ұғымдарының физикалық мағынасын тұжырымдай алады;

  • энергияның сақталу және бір түрден екінші түрге айналу заңын тұжырымдайды;

Тілдік мақсаттар



Пәндік лексика және терминология

Энергия, масса, кинетикалық және потенциалдық энергия, тұйық жүйе.



Бастапқы жылдамдық

начальная скорость

initial velocity

масса

масса

mass

жылдамдық

скорость

speed

тұйық жұйе

замкнутая система

closed system

Кинетикалық және потенциалалдық энергия

Кинетическая и потенциальная энергия

Kinetic and potential energy

Диалогқа /жазуға қажетті сөз тіркестері

Энергия дегеніміз.......

 Садақ  кермесінің ........энергиясы ұшқан жебенің  ....... энергиясына ........

...... жүйенің механикалық энергиясы өзгеріссіз толық күйінде сақталады. W=Ек+Еп = тұрақты (const)

Денелердің қозғалуы салдарынан туындайтын энергия ......энергия деп аталады.


Құндылықтарды дарыту



Оқушылар бірін бірі әділ әрі ашық бағалайды, бағалауларын негіздейді, кері байланыс береді; 

Жеке тапсырмаларды оқушылар өздігінен орындайды; 

Оқушылар өз ойларын еркін айтады

Оқушыларды ізденімпаздық қасиетке баулау; 

Оқушылар бірін бірі тыңдайды, сөздерін бөлмейді. 

Оқушылар бір-біріне   өзара көмек және қолдау көрсетеді. 



Пәнаралық байланыстар

Формулаларды түрлендіру және есептеулерде математика пәнімен байланыс

АКТ қолдану дағдылары

интерактивті тақта, интернет желісі

Бастапқы білім


7 сыныптан ктнетикалық және потенциалдық энергия;

9 сыныптан: масса дене инертілігі,жылдамдықтың мағынасы, импульс



Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

3 мин



Ұйымдастыру

Сәлемдесу Психологиялық жағымды жағдай туғызу 

Оқушылар «Атом-молекула» ойынын ойнайды (Көңілді әуен қосамыз. Оқушылар ортаға толықтай шығады, еркін тұрады. Молекула , молекула деген кезде жүріп жүреді де, атом саның айтқанда – сан бойынша топтасып тұра қалады). 




Әуен

Сабақтың ортасы

3 мин


2 мин

3 мин


22 мин

2+5 мин
5 мин


15 мин

5 мин


10 мин


Алдыңғы білімдерін жүйелеу

Өткен тақырыпты еске түсіру үшін «Атом-молекула» ойыны арқылы оқушыларды 3 топқа біріктіру.  

Оқушылар топпен ақылдаса отырып, «Жалған/ақиқат» сәйкестендіру тапсырмасын орындайды, кейін тақта арқылы өздерін өздері бағалайды. 

Жауаптарын талқылау, қателіктері болған жағдайда дұрыс орындаған оқушыларға тақтаға шығып жауап беруге мүмкіндік беру 


Жаңа тақырыпқа ену 

Оқушыларға үнсіз қысқа видео көрсетіп, көргендерін талқылау арқылы сабақ тақырыбына шығу

Сабақ мақсатын жұппен ақылдасып айқындауға жетелеу.  

(Жұппен ақылдасып оқушылар ойланып, сабақ тақырыбын, мақсатын, бағалау критерийін тұжырымдаған соң, мұғалім интербелсенді тақтада сабақ тақырыбының, мақсаттарының дұрыс  тұжырымдамаларын көрсетіледі).

Мағынаны тану

Жұппен жұмыс. Механикалық энергияның сақталу заңын зерттеу үшін жұппен жұмыс жасату (қауіпсіздік ережесіне назарларын аудару).

Тәжірибенің нәтижесін талқылау: арбаның кинетикалық энергиясын серіппенің созылуы, серіппенің потенциалдық энергиясымен салыстыру.



Бағалау критерийлері:

  • механикалық энергия, потенциалдық және кинетикалық энергия ұғымдарының физикалық мағынасын тұжырымдай алады;

  • энергияның түрленуін және энергияның сақталу заңын қолданады .

Презентация арқылы талдай отыра оқушыларға өздігінен энергияның сақталуын және бір түрден екінші түрге айналу заңын тұжырымдауға жетелеп, теориялық ақпаратпен толықтыру.


Бекіту.

Оқушыларға есептің шарты беріледі, өздігінен дәптерлеріне шығарады. Жауабы тақтада көрсетіледі, бірін- бірі бағалайды, даму аймақтарын белгілеп алады.


«Джигсо» әдісін қолданып деңгейлік есептреді шығару.

Алдымен оқушыларға білдіртпей орындықтарынын артына үш түсті 1,2,3 сандары жазылған стикерлерін жабыстыру (жасырынды саралау). Оқушыларды түс бойынша 3 топқа біріктіру, топта ақылдаса отырып әр оқушы өз дәптеріне есептердің шешу жолын жазып алады.



Бағалау критерийлері:

  • механикалық энергия, потенциалдық және кинетикалық энергия ұғымдарының физикалық мағынасын тұжырымдай алады;

  • энергияның түрленуін және энергияның сақталу заңын қолданады .

Дескрипторлар:

  • Энергия түрін ажырата алады;

  • Сынақ денесін анықтай алады;

  • Денелердің бастапқы және сонғы орналасуын анықтай алады;

  • Есептеуге қажет формуланы жазады;

  • Формуланы түрлендіре алады;

  • Сауаттылық (терминология, сөз тіркестері дұрыс пайдалана алады);

  • Есептеулерді дұрыс орындайды.

Жауаптарын мұғалім алдын ала дайындап қойған дұрыс жауаппен (әр топ үшін жеке) салыстырып, қателіктерін анықтап, түзетеді (өздерін –өздері бағалайды, қажет болған жағдайда мұғалім көмек көрсетеді).


Оқушылар сан бойынша бірігіп шығарған есептерін сыныптастарына түсіндіреді (әрбір жаңа құрылған топта алдыңғы топтын бір өкілі болады).

Слайд 1


Қосымша 1

http://www.youtube.com/watch?v=-dpBVtAbKJU

немесе http://www.youtube.com/watch?v=lp05xjEgcjw

Слайд 2, бор
Қосымша 2

Слайд 3,4


Слайд 5

Қосымша 3




Сабақтың соңы
5 мин

Рефлексия: «3*3» Бинго.

Оқушылар бүгінгі сабақ бойынша терминдерді, өлшем бірлікті, белгіленуін кестеге жазады



Үйге тапсырма беру: қайталау

Физика және астрономия 9 сынып

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы




  • Барлық оқушылар:
    энерия түрлерінің мағынасына сүйеніп ажырату тапсырмасын орындай алады, эксперимент нәтижелерін талқылауға, теориялық материалды зерттеуге, жалпы механикалық энергия формуласын қорытып шығаруға қатысады.

Оқушылардың көпшілігі өздігінен эксперимент жүргізе алады, дұрыс тұжырымдарды қалыптастыра алады.

  • Кейбір оқушылар: механикалық энергияны сақтау заңын өздігінен қорытып шығарып, есептерде сапалы қолдана алады.

Әрбір оқушы өзіндік қарқынмен жұмыс істейді, қажет болған жағдайда мұғалім тарапынан қолдау көрсетәледі

(1) Сабақтың басындағы қайталау

(2) Сабақ барысындаңы пікірталаста оз ойын қорғай алу;

(4) ЗЖ

(3)Есептер шығару.



Оқушы құрал-жабдықтар мен жұмыс жасағанда өздерінің және басқалардың денсаулығына, мектеп мүлкіне жауапкершілікпен қарау.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?



Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.




Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?




Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет