Сабақ тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат



Дата16.07.2017
өлшемі22,34 Kb.
#21220
түріСабақ
№59 С.Н.Шапағатов атындағы балабақша

Көркем әдебиет

Есеп беру сабағы

«Ертегілер еліне саяхат»

Естиярлар тобы

Тәрбиеші: Ибраева Р.

Ақтау қаласы 2016 ж.



Сабақ тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат.

Сабақ мақсаты: Ертегілер туралы түсініктерін бекіте отырып, ойлау қабілеттерін дамыту, ауыз әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.

Сабақ барысы: - Балалар, қазір қай жыл мезгілі?

  • Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

  • Балалар жауабы.

Ендеше апта күндерін атайық.

  • Бүгін қай күн?

  • Сәрсенбі.

  • Бүгін біз көркем әдебиет сабағынан алған білімдерімізді тиянақтап, қорытындылаймыз.

  • Қане,бәріміз орындыққа отырайық.

Сол кезде есіктен Ерден ата кіреді.

Балалар амандасады.



  • Қане балалар, мен сендерді сынап көрейін.

  • Ертегі көп білесіңдер ме?

  • Иә.

Ерден ата: Олай болса, ертегілер қалай басталады?

  • «Баяғы заманда», «Ерте, ерте, ертеде»

«Ерте, ерте, екен

Ешкі жүні бөрте екен» деп басталады.

Ерден ата: Дұрыс айтасыңдар, енді мен сендерге жұмбақ жасырмақпын.

Сендер ертегінің атын және мына тақпақтағы ертегінің суретін көрсетіңдер.

Ерден ата: Баяғы заманда шал мен кемпір өмір сүріпті. Олар көмекке итін, мысығын шақырыпты.


  • «Шалқан» ертегісі.

  • «Атамнан да қаштым, әжемнен де қаштым»

  • «Бауырсақ» ертегісі.

Енді мен сендерге ауыз әдебиетінен де сұрақтар қояйын.

  • Еңбек туралы қандай мақалдар білесіңдер?

  • «Еңбек түбі – береке»

  • «Еңбек етпеген ішіп жемейді»

  • «Еңбек етсең ерінбей,

Тояды қарның тіленбей»

Ал қандай жаңылтпаш білесіңдер?

Қандай тыйым сөздер білесіңдер?

«Жерге түкірме»

«Беліңді таянба»

«Көк шөпті таптама»

«Нанды жерге тастама»

«Үйге жүгіріп кірме»

Ерден ата: - Қандай өнерлі баласыңдар.

Енді балалар «Аю мен қояндарды» сахналап көрсетеді.



Тәрбиеші балаларды рольдерге бөледі.

Ерден ата: Рахмет,өркендерің өссін, бір демалып қалдым. Балалар, сендер бүгінгі сабақта өздеріңнің білімді де, білгір, тапқыр, талапты және өнерлі екендеріңді көрсеттіңдер, жарайсыңдар.
Каталог: docs
docs -> Рефераты қызылорда, 2013 ж
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет