Сабақ тақырыбы: Есімшенің септелуі Сабақ түрі: Сайыс сабақ Типі: Жаңа білім қалыптастыру



Дата06.07.2018
өлшемі34,2 Kb.
түріСабақ
Батыс Қазақстан облысы

Зеленов ауданы

Махамбет ауылы

Махамбет жалпы орта білім беретін мектебі

1 санатты қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Халенов.С.Ө.

Телефон № 8-775-723-11-13



Сабақ тақырыбы: Есімшенің септелуі

Сабақ түрі: Сайыс сабақ Типі: Жаңа білім қалыптастыру

Әдісі: түсіндіру, топтық жұмыс, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: Сызбалар, қалташалар, тапсырма жапсырылған сандар, перфокарта

Пайдаланылған әдебиеттер: «Асыл сөз», «Қазақтың салт-дәстүрлері», Халық даналығы», «Әдебиет оқулықтары», «Қазақ әдебиеті журналы

Мақсаты: 1.Білімділік) Есімше ұғымын еске түсіре отырып, оның түрленуі (септелуі) жөнінде білім қалыптастыру.

  1. Дамытушылық) Оқушылардың есімше жөніндегі білімдерін ойын элементтері арқылы есте сақтау ой-өрістерін дамыту.

  2. Тәрбиелік) Осы тақырыпты басшылыққа ала отырып, халқымыздың салт-дәстүрін, ауыз әдебиетін білуге, құрметтеуге, туған жерге деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы: Ұйымдастыру. Үй тапсырмасын сұрау.

Жаңа сабақ:

Есімше дегеніміз не? Есімше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

Есімше қалай түрленеді? «Көрген» есімшені түрлендіру (тәуелде, жікте)

Міне, балалар, біздер Есімшенің түрленуіне тоқталып жатырмыз. Соның ішінде жіктелуі мен тәуелденуіне тоқталдық. Енді бүгінгі сабақта есімшенің септелуіне тоқталамыз.



  • Қазақ тілінде неше септік бар?

  • 7

  • Атап шығайық

Ендеше, балалар, манағы «Көрген» сөзін септеп көрейікші. Мінекей, балалар, есімше түрленгенде тәуелденеді, жіктеледі, сонымен қатар септеледі. Әрі қарай сабағымызды жарыс түрінде өткіземіз. Яғни, есімше туралы білімдерімізді ортаға саламыз.

1-топ: «Сөнбес жұлдыздар» 2-топ: «Мұрагер» 3-топ: «Атамекен»

Қай топ бірінші бастауын білу үшін тақтадағы топтың атын таңдау. (Жасырын сөзді табады)

Енді, сайысымызды бастаймыз. Жарыс 6 бөлімнен тұрады



  1. Атадан қалған асыл сөз. Шарты: Сандардың артындағы ұлағатты сөздерден есімшелерді тауып септеу.

10 20 30 40 50 60

10 – «Еңбек етсең арта бермек мәртебең, аймағыңда асатын жан жоқ сенен»

20 – «Өнердің алды ынтымақ

Ынтымақты елдерге

Сыртқы дұшпан не қылмақ»

30 – «Тіл жүректің айтқанына көнсе жалған шықпайды»

40 – «Торға түскен бұлбұл сайрамайды»

50 – «Суалмайтын суат жоқ

Тартылмайтын бұлақ жоқ

Тамыры суда тұрса да

Қурамайтын құрақ жоқ»

60 – «Жалғанда мұратына кімдер жеткен,

Көп жақсы менен бұрын өтіп кеткен»


  1. Ауыз әдебиеті. Шарты: Ауыз әдебиетінің әр саласынан есімшесі бар мысал-сөйлемдер келтіріңдер.

10 – Ертегіден үзінді 20 – Мақал-мәтелден үзінді

30 – Жұмбақтан үзінді 40 – Аңыз әңгімеден үзінді



  1. Салт-дәстүр. Шарты: Қазақтың салт-дәстүрлеріне байланысты есімшесі бар сөйлем құрастыру.

10 – Тұсау кесер 20 – Арқан тарту 30 – Шілдехана

40 – Құда түсу 50 – Тоғызқұмалақ 60 – Асық ату



  1. Ілім-білім. шарты: Етістікттерге тиесілі жұрнақтың жалғануын қосу «+» белгісімен көрсет

10 – 5 етістік 20 – 7 етістік 30 – 10 етістік

  1. Кел, ойнайық. Шарты: Есімшеге мағыналық сәйкес келетін зат есімдерді тіркестір және «берер», «келетін», «айтқан» есімшелерді «жалғастыр» ойыны арқылы септеңдер

10 – орылған егін, ұшқан құс, шабылған шөп, жүгірген аң, айтатын сөз

20 – салынатын үй, жарқыраған күн, істейтін жұмыс, басар тау, айтар сөз

30 – оқыған адам, көрер көз, айтқан серт, піскен ас, шырқалған ән

40 – «берер» 50 – «келетін» 60 – «айтқан»



  1. Туған елім. Шарты: Туған жер туралы берілген өлең жолдарынан етістіктерін тауып, есімшеге айналдыр.

10 – Келдім бүгін, көрдім сені,

Сүйсең міне маңдайым.

Құшағыңда отырмын мен

Көріп көзбен ел жайын

20 – Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем

Көк кілемде көп ойнаймын көп күлем

30 – Қайтейін елім қимаймын

Қия алмай жанды қимаймын

40 – Шықшы тауға, қарашы кең далаға

Мәз боласың ұқсайсың жас балаға

Шығармашылық тапсырма: Әр топ туған жерге арналған жыр шумақтарын арнау.

Үйге тапсырма: 185 – жаттығу



Бағалау:
Каталог: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> М.Ә. Хасен төле би әлібекұлы
2014 -> «Қостанай таңының» кітапханасы Сәлім меңдібаев
2014 -> 3-деңгейлерге: а/берілген сөздерді аударыңдар


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

енгізу | тіркеу
    Басты бет


материалдарды жүктеу