Сабақ Тақырыбы: «Етістік және есімдік»



Дата19.07.2017
өлшемі95,13 Kb.
#21297
түріСабақ
Мақпал негізгі мектебі

Қазақ тілінен ашық сабақ

Тақырыбы:

«Етістік және есімдік»

Өткізген: Досымова Г.А.

2016-2017 оқу жылы
1.Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылар бүгінгі сабаққа дайынбыз ба?Дайынбыз.

Бүгінгі сабақ - ерекше сабақ. Бізге қонақтар келіп отыр. Сол кісілерге ілтипатымызды білдіріп қояйық.Отырамыз.



  1. Психологиялық дайындық:

Алыстан сермеп,

Жүректі тербеп,

Шымырлап бойға жайылған.

Қиуадан шауып,

Қисынын тауып,

Тағыны жетіп қайырған.

Толғау тоқсан қызыл тіл,

Сөйлеймін десең өзің біл,- дей келе көркем де, сұлу қазақ тілімізге арналған сабағымызды ұлы Абай Құнанбаевтың өлеңімен бастаймыз.


  1. Балалар барлығымыз шаттық неңберге келіп тұрамыз.

Балалар мынау не?/жүрек./Ендеше жүрегімізден шыққан жылы лебіз сөздерімізді бір-бірімізге тілек арқылы білдірейік.Өмірсерік мен саған бүгінгі күні сабағыңа сәттілік тілеймін,шығармашылық, көтеріңкі көңіл-күй,денсаулық,мейірімділік,сыйластық,бейбітшілік,өміріміздің тыныштығын тілеймін.

  1. Бәріміз бірге өлең шумағын айтайық.

Сәлем бердік сіздерге,

Сәлем бердік біздерге,

Мен саған,сен маған,

Біз бақытты баламыз.

Бестік баға аламыз.

Енді балалар мына жердегі гүлдер арқылы топқа бөлінеміз.Қызыл гүлділер 1-топ.қызыл гүлділер 2-топ көк гүлдерді алады.1-топ етістіктер, 2-топ есімдіктер тобы.

Әр топ топ басшысымен таныстырады.


  1. Әр топ басшысына бағалау парақшасын беремін,әр жеке тапсырма бойынша оқушыларды бағалап отырамыз.

 


  1. Бүгінгі сабағымыз топпен жұмыс,сайыс сабақ.Ендеше сайыс шарттарымен танысып қояйық.

  • Зерделі сұрақ, дәлелді жауап

  • Талдау - табыс кілті

  • Ойын ой-өрісті дамытады

  • Мақал - сөздің мәйегі

  • Шығармашылық жұмыс

  • Қорытынды




  1. Үйге берілген тапсырма: 3-сын. 6-жаттығу 46-бет.

4-сын 5-жаттығу 50-бет.Көп нүктенің орнына тиісті сандарды сандарды қойып,жұмбақтарды көшіріп жаз.Жұмбақтың шешуін тап.

Аласа ғана бойы бар,қырық қабат тоны бар./орамжапырақ/

Екі көрші қатар тұрса да,бірін-бірі көрмейді. /көз/



  1. 1 шарт- «Зерделі сұрақ, дәлелді жауап»



Эпиграф:

«Жүрегімнің түбіне терең бойла,

Мен бір жұмбақ адаммын,
оны да ойла».

Абай
деп Ұлы Абай айтқандай, сөзжұмбақ шешейік.


Әр топқа 5 сұрақтан беріледі:

1-топ: ЕТІСТІК

1.Заттың атын білдіретін сөзге мысал?/етік/

2.Мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер?/антоним/

3.Мектеп-кеме,.../білім-теңіз/

4.Мағынасы бір-біріне жақын сөздер?/ синоним/

5.Бірыңғай мүшелердің арасына қойылатын тыныс белгі./үтір/

6.Киім ілетін /ілгіш/

7.Заттың сынын білдіретін сөз?/көк/



2-топ: ЕСІМДІК

1.Етістіктің үш шағының бірі /өткен/

2.Тұрлаулы мүшені ата?/бастауыш/

3.кім? тату-тәтті доспыз./біз/

4.Жуас сөзіне мәндес сөз /момын//

5.Дене шынықтыруда қолданатын құрал?/доп/

6.Жеті септіктің бірі /ілік/

7.Сөз мағынасын зерттейтін сала?/лексика/


1шарттың қорытындысы.


  1. Жаңа сабақ: «Етістік» және «Есімдік.»

Слайд.Мысалдар


  1. 2 шарт «Ой қозғау»

Видео-ролик көрсетіледі.Осыдан көргенімізді Етістік және есімдік сөздерді қатыстыра отырып мәтін құрастырамыз.
2 шарттың қорытындысы:


  1. 3 шарт - «Талдау - табыс кілті»

Эпиграф:

«Білгенге маржан,

Білмеске арзан».

Абай


Оқулығымыздың 46-б.1-жаттығу.Өлеңді жатқа жаз.Өлеңнен етістіктерді тауып,олардың астын сыз.Етістіктің сұрақтарын есіңе түсір.

2 топ-

51-б.3-жаттығу.Мәтінді көшіріп жаз.Есімдіктерді тауып,астын сыз.Оның қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.Екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған есімдіктерді ата.Акула туралы тағы не білесің?

1-топ: 3-жаттығу Дара етістіктерді күрделі етістіктерге айналдырып,сөйлемдерді көшіріп жаз.Етістіктердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсет.

2-топ: 3-жаттығу Сөйлемдерді оқы.есімдіктердің орнына кісі атын қойып,сөйлемдерді өзгерт.Өзгертілген сөйлемдерді дәптеріңе жаз.Қай есімдікті кісі атымен ауыстыруға болмайды?Қай есімдіктің орнына қойылған кісі аты қаратпа сөз болады?
3 шарттың қорытындысы:


  1. Сергіту сәті: «Көңілді күн»




  1. 4 шарт - «Ойын - ой дамытады»

Тақтаға қоржын алып ілінеді . Қоржынға сыйлықтар салынған.Ол сыйлықтарға ие болу үшін сұрақтарға жауап беру керек:

1сыйлық- қаламсаптар .Сурет бойынша сөйлем құрастыру.Етістік пен есімдік қатыстыра отырып.
2 сыйлық - сызғыш .Етістіктерді тауып, сөз бен сөздің байланысын көрсету.

Суыққа төзеді.60 сантиметрге жетеді.Көбірек қонады.Бір рет гүлдейді.


3-сыйлық /дәптер/

Дыбыстық талдау.Самғайды.
4-сыйлық /блокнот/

Сөз құрамына талдау.

Ажар жазғы даланың көркін тамашалады.
4 шарттың қорытындысы:


  1. 5 шарт- «Мақал-сөз мәйегі»

Эпиграф:

«Арттағыға сөзің мен ісің қалсын».

Абай

2 топқа тапсырма беріледі: мақал мәтелдердің ішінде қалып қойған есімдік,етістік сөздерді орнына қойып ауызша айту. Мақал- мәтелдің жалғасын табу.



..../Өзім/ білем деген,өрге /баспас./

..../Сен/салар да /мен /салар,атқа шөпті .../кім/ салар.

/Біреу/ жаныңда жолдас,/біреу/малыңа жолдас.

/Әркім/ өз бойын қарап тон /пішер/.
5 шарттың қорытындысы:



  1. 6 шарт- «Шығармашылық жұмыс»

Эпиграф:

«Мақсатым тіл ұстартып

Өнер шашпақ».

Абай


  1. Әр топқа жеке тапсырма беріледі (өлең жолдары немесе қара сөз).Өз ойларын жазбаша немесе ауызша білдірулері керек.

1-топ :Абайдың бір өлеңін жатқа айту, ішінде етістік сөздер болу қажет. «Жүрегімнің түбіне терең бойла» Жүрегімнің түбіне терең бойла,
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім.
Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім.
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма,

«Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Әсемпаз болма әрнеге» ,

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба,

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол,

Адам болам десеңіз.

Тілеуің, өмірің алдыңда,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ –

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым, ойлап қой –

Бес асыл іс көнсеңіз.

2-топ: Абайдың қара сөздерінен мысал,ішінде есімдік сөздер қатысу керек.



Сегізінші сөзден

Осы ақылды кім үйренеді, насихатты кім тыңдайды?Біреу – болыс, біреу – би...

Өзінде жоқты малыменен сатып алады. Көңілдері көкте, көздері аспанда, адалдық, адамдық, ақыл, ғылым, білім – ешнәрсе малдан қымбат демейді. Мал болса, Құдай тағаланы да паралап алса болады дейді. Оның діні, Құдайы, халқы, жұрты, білімі, ұяты, ары, жақыны – бәрі мал. Сөзді қайтіп ұқсын, ұғайын десе де, қолы тие ме?
Отыз екінші сөзден

Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға...

Әуелі – білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек.

Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. 


6 шарттың қорытындысы:


  1. 7 шарт- «Қорытынды»

Эпиграф:

«Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегін кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас

Үйретуден балаға».

Абай
Сонымен балалар, бүгінгі өткен тақырыбымыз.Етістік пен есімдік.Содан алған түсінігімізді флепчат бетіне түсіріп, қорғап ,айтамыз.



  1. Вен диаграммасы: етістік пен есімдіктің айырмашылықтары.




етістік

Ортақ белгілері

есімдік

Заттың іс-әрекетін,қимылын білдіреді.Сұрақтары:не істеді?не қылды?қайтті?Тұлғасына қарай:негізгі,туынды.Құрамына қарай.дара,күрделі.Мағынасына қарай:салт,сабақты.Іс-әрекеттің жүзеге асу-аспауына қарай:болымды,болымсыз етістік болып бөлінеді.

Екеуі де сөз табы.

Мағынасына,

Құрамына қарай бөлінеді.

Есімдік-зат есім,сын есім,сан есімдердің орнына жүретін сөз табы.Сондықтан ол орынбасар сөз табы деп те аталады.Мағынасына қарай 7 түргебөлінеді:жіктеу,сілтеу,

сұрау,өздік,жалпылау,

белгісіздік,болымсыздық.

Құрамына қарай дара,күрделі болып 2-ге бөлінеді.Сөйлемдегі қызметі:бастауыш,баяндауыш.


















  1. Үйге тапсырма.2-жаттығу 47,51 -беттер.3-сын.Мәтіннен етістіктерді тауып,астын сыз.Етістіктердің қай сөз табымен байланысып тұрғанын сызба арқылы көрсет.

4-сын.Әңгіме бойынша әңгіме құрастырып жаз. Есімдіктерді тауып,астын сыз.Оның қай сөзбен байланысып тұрғанын айт.Екі түбірдің бірігуі арқылы жасалған есімдіктерді ата.



  1. Білімді бағалау.Оқушыларды бағалау.Мадақтау.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет