Сабақ тақырыбы: Етістіктің шақтарын қайталау Сынып: 7



Дата10.06.2017
өлшемі109,69 Kb.
Қазақстан Республикасы, Білім және Ғылым министрлігі

42 орта мектеп



Ашық сабақ тақырыбы:

Етістіктің шақтарын қайталау

Сынып: 7 « »

Пән мұғалімі: Нұрхалықова Айгүл

Тараз – 2017 ж.

Сабақтың тақырыбы: Етістіктің шақтарын қайталау

Сабақтың мақсаты:

Етістіктің шақтарынан алған білімдерін жинақтау, тиянақтау;

Өз беттерінше салыстыру, ой қорыту, мысалдар арқылы көз жеткізу дағдысын арттыру;

Тіліміздегі етістіктің шақтарының табиғатын терең түсіне отырып, орынды қолдана білуге, достыққа тәрбиелеу;

Сабақтың түрі: Қайталау (ашық сабақ)

Сабақтың әдісі: Стикердегі диалог, «Кім шапшаң» әдісі, топтастыру, кітаппен жұмыс, тақтамен жұмыс, сәйкестендіру әдісі, семантикалық карта, мозаика.

Сабақтың көрнекілігі: сызба, кесте, плакаттар, маркерлер, бағалау парақшалары, қима қағаздар, интербелсенді тақта, т.б.

Пәнаралық байланыс: әдебиет

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, зейіндерін сабаққа аудару.

Армысыздар, балалар.

Дайынбыз ба сабаққа?

Қазақ тілі – ғажап тіл

Сай келейік талапқа.

Бар ма үйден дайындық,

Тапсырмаңыз дұрыс па?

Жазбасаңыз, уайым қып.

Тығылмаңыз қуысқа

Ойымызды айтайық.

Білімімізді байқайық.

Мына отырған ұстаздар,

Қалсын бір сәт марқайып.




ІІІ топ- Өткен шақ

ІІ топ- Келер шақ

І топ- Осы шақ
Оқушыларды топқа бөлу. Оқушылар тәттілердің суреттері бейнеленген қима қағаздар арқылы 3 топқа бөлінеді.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болғалы отыр. Өйткені етістіктің шақтарынан өткенді қайталап тақырып бойынша алған білімдерімізді көрсетеміз. Біздің сыныпқа көптеген қонақтар келіп отыр. «Қонақ аз отырып, көп сынайды» - деген мақал бар. Сабағымызды бөлімдер бойынша өз білімдеріңізді көрсетіп, білім шыңына шығуларыңызға тілектеспін.



  1. «Стикердегі диалог» әдісі

 

Сұрақ:

Етістік дегеніміз не?  

 Сұрақ: Етістіктің шағы дегеніміз не?

 

Сұрақ: Осы шақ дегеніміз не?

 

Сұрақ: Нақ осы шақ нені білдіреді?

 Жауап: Есімшенің – ар, -ер, -р болымсыз етістіктен кейін – с жұрнағы жалғану арқылы жасалады.

 Жауап: Заттың қимылын, іс- әрекетін білдіріп, не істеді?, не қылды?, қайтті? деген сұрақтарға жауап береді.

 Жауап: Сөйлеп тұрған сәтке байланысты қимылдың өту кезеңі.

 Жауап: Сөйлеп тұрған кездегі іс- әрекетті білдіреді және әрдайым болып тұрған кездегі дағдылы іс- әрекетті көрсетеді.

Сұрақ: Келер шақ дегеніміз не?

Сұрақ: Жедел өткен шақ нені білдіреді?

 


Сұрақ: -ған, -ген, -қан,- кен ненің жұрнақтары?

Сұрақ: Көсемшенің жұрнақтарын ата.

Жауап: есімшенің жұрнақтары 

Жауап: Қимылдың, іс- әрекеттің сөйлеп тұрған сәттен кейін болатынын білдіреді.

Жауап: Қимылдың, іс- әрекеттің таяу уақытта болғанын білдіреді.

  Жауап: -а, -е, -й, -ып, -іп, -п, ғалы, -гелі, - қалы,- келі

ІІІ. Жаңа сабақ

  1. «Топтастыру» әдісі

Әр топ шаққа байланысты плакатқа топтастыру жасайды. 3 топқа жеке-жеке мозаика таратылады. Оқушылар мозаиканы құрастырып, суретте бейнеленген көрініске қарап, шақ түрлеріне мысалдар және «Әр шақта болған оқиға» атты мәтін құрайды.. (Постер қорғау)

  1. Тақтамен жұмыс

171-жаттығу. Үш топқа бөлініп, «Әр шақта болған оқиға» атты әр топ даярлаған мәтінмен алмаса отырып, талдау жұмысын жасайды. (Морфологиялық талдау)

Семантикалық карта

Мысал-

Дар

нақ

осы

шақ

ауысп. келер ш

Жедел

өткен ш

мақс.

келер ш

бұрынғ.

өткен ш

ауысп.

өткен ш

болж.

келер ш

Жазды







+













Күлмес



















+

Жатыр

+



















Кетпекші










+










Келемін




+
















Алмадыңыз







+













Айтыпты













+







Қарайтын
















+




Оқып отыр

+



















Білген













+







Болып тұр


+



















Айтпақшы











+










Жазған














+







Күлді








+













Барамын




+

















  1. Кітаппен жұмыс

168- жаттығу. Өлең мәтініндегі етістіктерді көшіріп алып, «Өлең мәтіндерінде қай шақ көп кездеседі?» тақырыбында еркін пікір жазыңдар.

  1. Сәйкестендіру әдісі

І топқа

Мысалдар




Шақ түрлері

Автобус Бурабай көлінің жиегін жағалай, Шортанды қаласына қарай даңғыл жолмен зырлап келеді.




Бұрынғы өткен шақ

Екі боксшы рингтің қақ ортасында тұр.

Жедел өткен шақ

Осы екі ұзақ өлеңін де ел жаттап алып, айтып жүретін болған.

Мақсатты келер шақ

Біздің елімізде қазақ тілінде алғашқы газет 1870- 1882 жылдары тұрған «Түркістан уалаяты» газеті болды.

Нақ осы шақ

Қымызын анау басқа күтуші ел де жеткізіп тұрмақ.

Ауыспалы осы шақ

ІІ топқа

Мысалдар




Шақ түрлері

Бөжекеңнің асына ағайын боп атсалыспақ.



Болжалды келер шақ

Аяққа кісен салуға болар,

Ал тілге кісен салуға болмас.



Нақ осы шақ

Көл аумағы түгел көрініп, алақанның аясындай дөп- дөңгелек болып мөлдіреп жатыр.

Жедел өткен шақ

Таудың жота- жота, бел- белі, қолдың саласындай қара күрең беткейлері ал қызыл түрікмен кілеміндей жайнайды.

Ауыспалы осы шақ

Тақымымды қысып қалып ем, Торы құлағын жымырып ап, қос жиреннің жанынан зу етіп өте шықты.

Мақсатты келер шақ

ІІІ топқа

Мысалдар




Шақ түрлері

1916 жылғы маусым жарлығын естігеннен кейін ел іші қатты дүрліккен.


Мақсатты келер шақ

Қымызын анау басқа күтуші ел де жеткізіп тұрмақ.

Нақ осы шақ

Әншейінде айылын жимайтын

ардақ аталар арбаға мініп, тоғайдан жас шыбық тартып жүр.



Ауыспалы осы шақ

Сатайдың бойы тоңазып, кірпіктері қайта- қайта айқасып, жабысып қап келеді.

Болжалды келер шақ

Бақыты оянған елдердің әрбір ісі оң болар.

Бұрынғы өткен шақ

ІҮ. Бекіту «Кім шапшаң?»

Сандардың орнына әріпті қойып, мақал-мәтелді табу. Етістіктің қай шақта тұрғанын айту.

А1, Б2, Д3, Ж4, З5, Қ6, Л7, М8, Р9, С10, Т11, Ы12, Н13, Ң14, Ө15, Ұ16, І17.

  1. 6. 12. 7. 10. 12. 5. 3. 12. 4. 16. 8. 10. 1. 10. 1. 14. 1. 9. 11. 12. 13. 1. 13. 15. 5. 17. 14. 2. 1. 9. 1. 9. 10. 12. 14.

Жауабы: Ақылсызды жұмсасаң,

Артынан өзің барарсың

Ү. Сабақты қорытындылау

«Кім тапқыр?!» әдісі бойынша әр топтан бір оқушыдан шығып, берілген сұрақтарға жылдам жауап береді. Мәреге бірінші жеткен оқушы жеңімпаз атанып, тиісті ұпайға ие болады.

ҮІІ. Үйге тапсырма

ҮІ. Бағалау

«Өзін-өзі бағалау» парақшалары таратылады. Оқушылар өздерін сабаққа қалай қатысып отырғандықтарын назарға алып бағалайды.



Оқушының аты-жөні: _________________________сыныбы: _____

Үй тапсырмасы

Жаңа тақырып

Топтық жұмыс

Жаттығу жұмысы

Белсенділік

Қорытынды баға



















Рефлекция: Оқушылар сабақтан алған әсерлерін стикерлерге жазып, тақтаға қыстырады.
Каталог: uploads -> doc -> 122f
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
122f -> Сабақтың тақырыбы: Кесте ішіндегілерін енгізу және пішімдеу. Сабақтың мақсаты
122f -> Сабақ тақырыбы: тема А.Құнанбайұлы Қара сөздері Жалпы мақсат
122f -> Ашық сабақ «Нұршуақ» даярлық тобы
122f -> Сабақтың тақырыбы: Біз отбасы бюджет жоспарлаймыз


Достарыңызбен бөлісу:


©www.engime.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет