Мұнайлы ауданы
«№4 жалпы білім беру орта мектебі» ММ
Сайыс сабақ
Тақырыбы: «Ғылым көкжиегі – информатика»
Орындаған: Қ.Жазықбаева
Пәні: информатика
Сыныбы: 10
Жаңа Дәулет 2015
Тақырыбы: «Ғылым көкжиегі – информатика»
Сабақтың мақсаты:
Бағдарламалау тілдері туралы білімдерін нығайту, өз ойларын тиянақты жете айта біліп, қарсыластарын тыңдай білуге тәрбиелеу. Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін, өз бетімен жұмыс істеуге, шығармашылыққа баулу, пәнге қызығушылығын арттыру.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, проектор, слайдтар, карточка, компьютер
Шараның барысы:
І. «Таныса біл, тани жүр» (әр топ өздерін таныстырады). 2 мин
ІІ. «Жүйрік болсаң, озып көр» 10 мин
ІІІ. «Тапқыр болсаң,тауып көр» 5 имн
IV. «Жеті жұрттың тілін біл» ( полиглот) 7 мин
V. «Білім құмарлар» 7 мин
VI. «Сиқырлы есеп» 5 мин
VII. «Кім жылдам» 10 мин
VIIІ. Қорытынды, марапаттау.
Құрметті ұстаздар, оқушылар! Бүгінгі «Бағдарламалау тілдерінің мүмкіндіктері» атты облыстық семинарға 10 сыныптар арасында өткелі отырған «Ғылым көкжиегі - информатика» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Бақ пен бап сыналар бұл сайысқа қатысып отырған қатысушыларға сәт сапар тілей отырып, командаларды ортаға шақырамыз.
«Pascal» тобы – 10 «Ә» сынып оқушылары
«Visual» тобы – 10 «Ә» сынып оқушылары
Сайысымыздың әділ қазылар алқасымен таныстырып өтейін:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
І- тур. «Таныса біл, тани жүр». Топтарды таныстыру: топ басшысын тағайындау:
1 топ – «Pascal»
Ұраны: Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Сайыста көрсетпекпіз мектепте алған білімді.
2 топ - «Visual»
Ұраны: Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз.
ІІ – тур. Жүйрік болсаң, озып көр:
Білімдіден шыққан сөз,
Талаптыға болсын кез.
- Тор көздегі сұрақтарға балдық жүйеде таңдап, жауап беру, ұпай алу.
40 – Форма дегеніміз не? / Visual Basic қосымшаларын жасауда қолданылатын
компоненттердің орналасуы және оның дизайнын жасау үшін қызмет
атқаратын басты терезені Форма деп атайды./
40 – Image компонентінің атқаратын қызметі? /формаға әртүрлі типті бейнелік
файлдардан суреттер шығаратын компонент/
40 – «Адамның даңқы – оның ойлау қабілетінде». Бұл кімнің сөзі?/Блез Паскаль/
30 - Алгоритм дегеніміз не? /Белгілі мақсатқа жетуге бағытталған әрекеттер
тізбегін орындап шығуға берілген түсінікті де анық ұйғарым
30 - Line компонентінің атқаратын қызметі қандай? / формаға сызық салу үшін
қолданылатын компонент/
30 – Label компонентінің атқаратын қызметі қандай? / текстік және сандық
шамаларды шығару үшін қолданылатын компонент/
20 – Компьютердің атасы /Чарлз Бэббидж/
20 – Алгоритм қасиеттерін атаңыз? /Дискреттілігі, үздіктілігі, анықтылығы,
жалпылығы, нәтижелігі/
20 – Сыйлық
ІІІ. Тапқыр болсаң,тауып көр
Конвертте жасырылған батырмалар мен құрал-саймандардың қолданылуын атау. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан. (Visual Basic бағдарламасынан)
- Label – текстік және сандық шамаларды шығару үшін қолданылатын компонент
-
Достарыңызбен бөлісу: |