Сабақ тақырыбы: Ғұндардың шаруашылығы



Дата07.05.2017
өлшемі192,11 Kb.
#15941
түріСабақ
Күні:16.03.2016 ж.

Сыныбы:6 «ә»

Пәні:Қазақстан тарихы

Сабақ тақырыбы: Ғұндардың шаруашылығы

Сабақтың мақсаты: Ғұндардың тарихы, шаруашылығы және оның ерекшеліктеріне түсінік бере отырып, тапсырмаларды топпен бірге жұмыс жасауға баулу.

Сабақтың міндеті:

Білімділік: Ғұн атауы, “халықтардың ұлы қоныс аударуындағы” ғұндардың рөлі, ғұн мемлекеттік бірлестігінің қалыптасу тарихы, шаруашылық өмірі мен тұрмысы туралы білім беру.

Дамытушылық: Мемлекеттердің қалыптасуының алғышартын, оның белгілерін анықтай білу, карталарды сабақта тиімді пайдалана білуге дағдыландыру.

Тәрбиелік: Тарихи аңыз деректер негізінде балаларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу, Орталық Азия тарихының жалғастығын көрсету, ірі саяси тұлғаны үлгі қылу.

Сабақтың типі: Жаңа материалды игерту

Оқытудың әдіс-тәсілдері: топпен жұмыс,түсіндірмелі,сұрақ- жауап,тапсырмалар,бейнеролик,кестелер

Көрнекілігі: Интерактивті тақта ,бетшелер,суреттер

Сабақ барысы

І.Ұйымдастыру 3 мин

-амандасу;

-сабаққа қатысымын тексеру ;

-топқа бөлу , яғни «Мөде»және «Аттила» деген атаумен 2 топқа бөлемін.



ІІ.Үй тапсырмасын тексеру

1 тапсырма

«Иә - жоқ»ойыны «Зымыран» сұрақтар
1. Қытайлар ғұндардың басшысын «Шаньюй» деп атады ма?
А) Иә; Ә). Жоқ
2.Рим тарихшысы Аммиан Марцеллин ғұндар туралы айтты ма?
А) Иә; Ә) Жоқ
3. Шығыс ғұн ұлысы ғұндардың Еуропада құрған мемлекеті ме?
А) Иә; Ә) Жоқ
4. Аттила қайтыс болған соң Ғұндар гүлденді ме?
А) Иә; Ә) Жоқ
5. Шаньюйден кейінгі басты тұлғалары «Түменбасы » ма?
А) Иә; Ә) Жоқ
6. Ғұндардың негізін қалаушы Аттила ма?
А) Иә; Ә) Жоқ
7.Түменбасы мыңбасын,жүзбасын және онбасын тағайындаған ба?
А) Иә; Ә) Жоқ
8.Ғұндар мен Қытай арасындағы соғыс 300 жылдан астам уақытқа созылды ма?
А) Иә; Ә) Жоқ
9. Ғұндардың шығыстан батысқа жылжуы б.з.б 2-4 ғасырды қамтыды ма?
А) Иә; Ә) Жоқ
10. Ғұндар соғыс кезінде тек садақ пен жебені пайдаланды ма?
А) Иә; Ә) Жоқ

2- тапсырма

Сұрақтарға жауап беру арқылы бейнені табу. «Тұлғаны таны»






1.
Ғұндардың шығыстан батысқа жылжуы қандай кезең деп аталды?

2.Аттила деген кім? Сипаттап беріңіз

3.Ғұндар соғыс кезінде қандай техника түрін қолданды?

4.Қазақстан аумағын мекендеген тайпаларда қандай белгілер қалыптаса бастады?

1. «Аттила » операсын кім жазды?

2. Марцеллин ғұндардың жауынгерлері жайында қалай баяндаған?

3.Ғұндарды бейбіт халық ретінде сипаттаған кім?

4.Ғұн мемлекетінің негізін қалаған тұлға

Екі тұлғаның бейнесі бойынша топқа бөлемін.

Акталдау.

Қазақ тілі мен Әдебиет пәні мұғалімі: Қоңыратбаева Бекзат оқушыларға М.Жұмабаевтың «Пайғамбар » өлеңінен үзінді оқиды.

Ерте күнде отты Күннен Гун туған,

Отты Гуннен от боп ойнап мен туғам.

Жүзімді де қысық қара көзімді,

Туа сала жалынменен мен жуғам.

Қайғыланба,соқыр сорлы,шекпе зар,

Мен- Күн ұлы, Көзімде Күн нұры бар

Мен келемін ,мен келемін,мен келем

Күннен туған,Гуннен туған пайғамбар.

Бейнеролик Ерден атаның ертегісі «Ғұндар»

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жоспар:

1. Мал шаруашылығы



2.Егіншілік кәсібі,қоныстары

1- топ: Мөде

2 –топ: Аттила

Оз бетінше оқиды.



Дамытушылық кезеңі:

1 тапсырма: Постер қорғау



2 тапсырма: «Заттай дерек»

Тақтай деген сөз беріледі

« Өнім» деген сөз беріледі.

3- тапсырма:

Экологиялық проблема орын алды ма ? Ортақ сұрақ

«Жеті Жұт» жайында анықтама жүргізу.



ЖҰТ  ауа райының аса қолайсыз құбылыстары (қуаңшылық, жерді көк мұз басуы, тағы да басқа) салдарынан белгілі бір аймақ тұрғындарының экономикалық күйзеліске ұшырауы.

Жеті жұт:
1. Құрғақшылық
2. Жұт /мал қырылу/
3. Өрт
4. Оба /ауру/
5. Соғыс
6. Топан су
7. Зілзала

Бекіту кезеңі.

Мына тарихи даталардың оқиғаларын естеріңе түсіріп, жазыңдар.

Хронологиялық есеп.

400+(25*2)+3 = 453 --- Аттиланың қайтыс болған уақыты

400+(70-20)+1 = 451 -----Аттила жауынгері Каталаун даласында римдіктер мен франктермен шайқасты

(8000-6000)+1000 = 5000 Ұлы Қытай Қорғанының ұзындығы

(5*5)-1 = 24--------- руға бөлінді

(10/2)-3 = 2 Б.з.б 2 ғасыр шығыстан батысқа қарай жылжу басталған уақыт

2 тапсырма:

Тарихи диктант.Сөйлемдерді толықтырыңдар. 2 минут

1. ....... ішінде отырықшылық тұрмыс кешіп,....... егіншілікпен шұғылданғандары да болған.............. жақсы дамығанын білдіретін......,......,.........,....... сияқты егін салуға және оны жинап алуға қажетті құрал –саймандар табылған.

2- топ.

...... өмірінде ....... ерекше маңызды рөл атқарды......асыл тұқымдарын өсіріп,....ат баптауды жетік меңгерген. ........... ат сайысы ойындарының негізін салған.



Қорытындылау. Рефлексия

Нені уйренгің,білгің келеді?

Сабақта не қиын болды?

Бүгінгі сабаққа көңілін тола ма?



Бүгінгі сабақта нені үйрендік?

Үйге тапсырма.

Осы тақырыпты оқу. Мәлімет жинақтау «Ғұндар »

Бағалау. Өзіндік бағалау
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет