Сабақ тақырыбы: Іс қағаздар стилі Жалпы мақсат



Дата09.06.2018
өлшемі171,5 Kb.
#42210
түріСабақ

Уақыты:

Сынып

Тексерілді:

Сабақ тақырыбы:

Іс қағаздар стилі

Жалпы мақсат:

  • Білімділік — оқушыларға ресми іс қағаздары стилі, іс қағаздарының түрлері мен тілдік құрылымдық ерекшеліктерін меңгерту;

  • Дамытушылық — оқушылардың іскерлік дағдысын қалыптастыру, ой — өрісін дамыту, ізденімпаздыққа баулу, танымдық қабілетін жетілдіру;

  • Тәрбиелік — оқушыларды сыйластыққа, бір-бірінің пікірін тыңдауға тәрбиелеу.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

Қазақ тілі мен әдебиеті оқыту әдістемесі

7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы

Үлестірме материалдары



Оқу нәтижесі:

Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып,

оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау




Сабақта қолданылатын материалдар:

Интерактивті тақтамен жұмыс, үнтаспа

Оқыту әдістері:

Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер, оқытуда АКТ-ны пай-далану, сыни тұрғыдан ойлауға үйрету, оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау.




Сабақ барысындағы мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар назарына «Жылы жүрек » видеоролигін ұсынады.


Шарлар арқылы топтарға бөлу.



Қызығушылықты ояту

«Кім жылдам?» тапсырмасы арқылы оқушыларға ұяшықтардың біреуін таңдатады. Осы тапсырмада өткен тақырыптар бойынша жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтарын береді.

Талдау,жинақтау,қорыту


Жаңа тақырып



Қатынас қағаздары құрылымы

  1.  Қатынас қағаз жіберілген мекеменің (фирманың), мекеме басшысының аты-жөні.

  2. Қатынас қағазды жіберуші.

  3. Тақырыбы

  4. Мазмұны.

  5. Жіберушінің қолы

  6. Жіберілген мерзімі(күні,айы,жылы).

БҰЙРЫҚТАН ҮЗІНДІ

00.00.00


Алматы

Мереке кундерінде өрт қауіпсіздігі

Қамтамасыз ету_______________

туралы


жылғы желтоқсан және жылғы қаңтар

мереке кундерінде өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кузетті күшейту мақсатында.



БҰЙЫРАМЫН

Мекеменің барлық қызметкерлері 30.12.93ж. жұмыс аяакталганнан кейін бөлмелердегі электр жүйелері мен нүктелерінің, компьютерлерді тексерсін және бөлмелерді директордың шаруашылық жөніндегі орынбасарна сағат 17.00 ге дейін тегіс өткізсін.

Мекеме директоры _________
                               (қолы)

Түйіндеме

Аты-жөні: Сұлтанова Райхан Айханқызы

Туған күні, айы, жылы: 1974ж.4 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келдім.

Мекен жайым: Ақтөбе қаласы, Қ.Жұбанов көшесі, 21 үй, 3 пәтер.

Үй телефоны: 41–00−53

Мамандығым: заңгер, тарихшы.

Бағыт: Жоғары оқу орнының оқытушысы, мемлекеттік аппарт қызметкері.

Білімі мен қызметі туралы мәлемет: _________ атындағы____университеті тарих және құқық факультетінің оқытушысы

Негізгі мәлеметтер: Қазақстан тарихы,құқықтану мәселелерімен айналысып, зеріттеу жұмыстарын жүргіздім

Қосымша мәліметтер: Орыс тілі және ағылшын тілін жақсы білемін.

4 наурыз 2000 жыл _______ _________
                               (қолы)

Арыз.

 

Қандыағаш қаласы нр. 4 қазақ орта мектебінің директоры Е.Ә.Шымқаев мырзаға Сұлтанова Райхан Айханқызынан

Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде сессия тапсыру үшін 2000 жылдың 15 мамырынан бастап 1 ай көлемінде ақысы төленетін демалыс беруіңізді сұраймын.

2000 жылдың 15 сәуірінде университеттен жіберілген № 204 шақыру-анықтама қосымша беріліп отыр.

Орта мектептің қазақ тілі пәнінің оқытушысы _______________


(қолы)

2000 жыл сәуірдің 22-сі




Шығармашылық жұмыс

Түйіндеме. М. Мақатаевтың « Менің анкетам» өлеңі бойынша толтырылады.
Аты - жөні _______________________
Мекенжайы.______________________
Телефон_________________________
Жалпы ақпарат___________________
Жұмыс тәжірбиесі_________________
Мекеме атауы, жылы, қаласы_______
Білімі____________________________
Тілді білуі________________________
Компьютерді игеру________________
Әсери міндеті_____________________
Жеке қасиеттері___________________
Қосымша ақпараттар_______________
Құштарлығы______________________
Ұсыным хаты______________________
М. Мақатаев Менің анкетам атты өлеңі
Туған жерің?
– Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.
– Туған жылың?
– 1931. Құрдасымын Шәмілдің.
– Жынысың кім?
– Еркекпін ғой, еркекпін!
Және - дағы тәуірмін...
– Партияда барсың ба?
– Жоқпын.
Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын.
– Шыққан тегің?
– Шаруамын.
Бар тірліктен бағалы оны санаймын.
– Білімің ше?
– Орташа ғой.
Алайда өзім жоғарыға балаймын.
– Ана тілің?
– Қазақша.
Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.
– Қайда істедің?
– Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.
Оқымаған, дипломсыз демесең,
Бір басымнан бар мамандық табылар.
– Міндеттісің бе әскерге?
– Міндеттімін.
Біздің әлі жас кеуде.
Жауынгердің ұлымын ғой,
Жанын қиған Мәскеуге.
– Сөгіс алып көрдің бе?
– Ол жағынан періште едім дей алмаймын
Мен мүлде.
Ойлы - қырлы бұл өмірде болады ғой мүлт кету,
Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...
– Шетелдерде болдың ба?
– Болғаным жоқ.
Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.
Қалсам болды, өлсем болды жәйіммен,
Осы отырған орнымда - ақ.
– Мекен - жәйің?
– Мекен - жәйім – жер менің.
Жерде жүрген ақын деген пендемін.
Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,
Мен өмірді жырлау үшін келгенмін!
М. Мақатаев өлеңі компьютерден оқылады, біз тыңдаймыз. Сондай - ақ қолдарына басылған сөздері беріледі.
Болған соң бірнеше оқушының жауабы тыңдалады.( Жұмыс уақыты 5 минут)
Шығармашылық жұмыс.
Қ. Аманжоловтың “Өзім туралы” өлеңін аламыз. Оны оқушылар бұрынғы өткен стиль түрлеріне топтастыра келтіре жазу керек.
Үзінді: Аманжол Рақымжанның Қасымымын,
Мен қалған бір атанын ғасырымын.
Біреуге жұртта қалған жасығымын,
Біреуге аспандағы асылымын.
1. Көркем әдебиет стилі.
2. Ресми стиль – Мен, Аманжолов Қасым Рақымжанұлы,...
3. Ғылыми стиль – Өлең авторы – Аманжолов Қасым Рақымжанұлы. Поэзия жанрында өзіндік ерекше жазу стилі қалыптасқан, әдеби – теориялық терминдерді ұтымды пайдалана білетін дарынды ақын. Бұл үзіндіде анафораны, антонимдік тәсілді билете білгенін көріп тұрмыз.
4. Публицистикалық стиль. Бұл жолдарды естіген сайын ойыма бір естелік оралады “Өзім туралы” өлеңін Қасым ағамыз поэма етіп бермек еді. Әттең. Қысқа өмір, ауыр сырқат бізден айырды.

Оқушылар сұрақтарға жауап береді

Білу, түсіну, қолдану. Әр топ- тың спикері шығып қорғайды



Үйге тапсырмасын беру




Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

Бағалау

Формативті бағалау

Топтардың бірін-бірі бағалауы

Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жаздыру

«Екі жұлдыз, бір тілек »

Каталог: uploads -> doc -> 0345
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0345 -> Қолбашы қоғам қайраткері
0345 -> Сабақ атауы 1 Д. И. Менделеев жасаған химикалық элементтердің периодтық жүйесінің құрылысы Сілтеме
0345 -> Блум таксономиясын химия пәнінде қолданудың тиімділігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет