Сабақ Тақырыбы: «Үй жануарлары»



бет1/8
Дата25.08.2017
өлшемі1,8 Mb.
#26575
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
Айқын Нұрқатов атындағы Шұқыркөл орта мектебінің

«Балбөбек» шағын орталығы


Ашық сабақ

Тақырыбы: «Үй жануарлары»

(Ортаңғы топ)

Тәрбиеші: Д.А.Кусаинова

2014-2015 оқу жылы.
Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімдері: Тіл дамыту

Сабақтың тақырыбы: Үй жануарлары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:Балалардың үй жануарлары туралы білімдерін толықтыру, ойындар арқылы балалардың үй жануарлары туралы білімдерін бекіту,жүйеге келтіру.

Дамытушылық: Байланыстырып сөйлуін және сөздік қорларын дамыту. Тәрбиелік:Үй жануарларына қамқорлық сезімдерін тәрбиелеу.

Құрал-жабдығы: үй жануарларының суреттері, ойыншықтар, көрме


Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Баланың іс-әрекеті

Мотивациялық қозғаушы



Тәрбиеші балалармен амандасады.
Жылулық шеңбері. «Қуыр-қуыр қуырмаш» ойыны

Тәрбиеші балаларды бір-біріне қарама –қарсы тұрғызып, саусақ ойынын ойнатады.

Қуыр-қуыр, қуырмаш,

Балапанға бидай шаш,

Бас бармақ,

Балалы үйрек,

Ортан терек,

Шүлдір шүмек,

Кішкене бөбек.

Сен тұр-қозыңа бар!

Сен тұр-лағыңа бар!

Сен тұр-құлыныңа бар!

Сен тұр-бұзауыңа бар!

Сен тұр-ботаңа бар!

Ал, сен алаңдамай

Қазан түбін жалап,

Үйде жат.


Балалар тәрбиешімен амандасады.
Балалар жылулық шеңберін құрып, саусақ ойынын ойнайды.

Іздену-ұйымдастырушылық

-Балалар, сендер үй жануарларын білесіңдер ме?

-Неге оларды үй жануарлары деп атаймыз?

- Үй жануарларын атаңдаршы? Суретпен жұмыс.

Тапсырма.Үй жануарларының төлдерін атау.

Сиырдың баласы-бұзау

Қойдың баласы-қозы

Ешкінің баласы-лақ

Түйенің баласы-бота

Жылқының баласы-құлын

Сергіту сәті.

Балалар сендердің ата-аналарың сендерді еркелеткенде қандай сөздер айтады?

Мысалы: ботам, құлыным

«Қора» ойыны.

Балаларды 3-4 топқа бөліп, үй жануарларының суреттерін таратып, тәрбиеші кезекпен әрбір топқа тарсылдатып сұрайды мына қорада қандай жануар тұрады? Дегенде балалар суретке байланысты дауыстайды.
«Үй жануарларының таласы» көрініс қою

Бірде үй жануары таласыпты.

Қой тұрып: Мен қоймын!

Адамға көп пайда әкелемін. Жүнімнен жылы киімдер тоқиды, тон тігеді. Мен ең пайдалы жануармын.

Сиыр айтады: Мен сиырмын!

Мен адамға көп пайда әкелемін. Сүт беремін. Сүтімнен дәмді айран, ірімшік, құрт жасайды. Мен ең пайдалы жануармын!

Жылқы тұрып: Мен жылқымын!

Мінсең көлікпін, пайдалы сүтім бар –қымыз деген. Мен ең пайдалы жануармын!

Мұны естіп қалған адам: Жануарларым, таласпаңдар!

Пайдаларың мол, сендер бізге керексіңдер, тату болыңдар!



Балалар тәрбиешінің сұрақтарына жауап береді.

Тапсырманы орындайды.

Балалар ойынға қатысып, сабаққа деген қызығушылығы артады.

Балалар көрініске қатысып, жануарлар кейпін көрсетеді.
Қой жануары-Алдияр

Сиыр жануары-Махаббат

Жылқы жануары-Аружан

Адам-Самат



Рефлексифті-түзетуші


Балалар сонымен үй жануарларының пайдасы да, маңызы да мол екен. Үй жануарлары немен қоректенеді? Сиырға, қойға, түйеге шөп береміз. Жылқыға шөп және сұлы, жем, су береміз. Оларды қоректендіріп, күту керекпіз. Сонда олардың пайдалары арта түседі.

Ендеше мына үстелдерге жақындап түліктердің пайдасын көруге болады. Онда сүттен жасалған тағамдар, жүннен тоқылған киімдер т. б заттар.



Балалар өз ойларын білдіреді.


Күтілетін нәтижелер:

Білуі немесе хабардар болуы тиіс: Балалар үй жануарларын танып, төлдерін, тигізетін пайдасын білуі тиіс.

Болуы тиіс: балаларда ынтасы, қызығушылығы, қоршаған орта туралы білімі болуы тиіс.

Істей білуі тиіс: Балалар сұрақтарға жауап бере білуі тиіс және өз ойын дұрыс жеткізе білуі тиіс.

Өздік талдау.


Сабақ 4-5 жастағы балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты құрылды. Бұл сабақта балалар үй жануарлары туралы білімдерін көрсетеді және толықтырады. Сабағымды жылулық шеңберден бастадым, балалар «Қыр-қуыр-қуырмаш» саусақ ойынынан ойнады. Балаларға үй жануарлары туралы сұрақтар қойып, дұрыс жауап беруге үйрету, дағдыландыру. Тапсырмаларда түрлі суреттер қолдандым, өйткені мектеп жасына дейінгі балалар сабақты көзбен қабылдайды, тез ұғады. Сергіту сәті міндетті түрде өткізіледі.

Сабақта ойындар қолданған да тиімді. Балалар ойнаса жалықпайды. Менің сабағымда «Қора» ойыны ойналды балалардың көңілдері көтеріліп, қызығушылықтары арта түсті. Сабақтың тақырыбына байланысты көрініс қойылды. Балалар өз рөлдерін жақсы жауапкершілікпен ойнады деп есептеймін. Сабақты қорытындылау үшін үй жануарларының пайдасы жайлы және олардың күтімі жайлы ой қозғалды. Балалар сұрақтарға, тапсырмаларға жас ерекшеліктеріне сай жауап беріп отырды. Тәрбиеленушілердің көбі сабаққа қатысып отырды. Жақсы қатысқандары: Сүлейменова Махаббат, Жеңіс Серікжан, Қажнаби Аружан, Еркін Айша.



Сабағымды жақсы, қызықты етіп өткізуге тырыстым. Мен сабағымда көзделген мақсатқа жеттім деп ойлаймын.











Каталог: 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Сабақтың тақырыбы: Реактивті қозғалыс Сабақтың мақсаты: Білімділік: Реактивті қозғалыс туралы түсінік беру
2015 -> Сабақың мақсаты: Білімділік
2015 -> БАҒдарламасы қазақ филологиясы кафедрасы Орал-2014
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> «Бәріде Жеңіс үшін!!! Шығыстың қос шынары» Сыныбы: 7 Мақсаты
2015 -> Сабақтың атауы Құлын мінген бала Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет