Сабақ тақырыбы: Жаңғыш пайдалы қазбалар



бет4/4
Дата01.04.2017
өлшемі0,59 Mb.
#13034
түріСабақ
1   2   3   4

Мұнай деген не? Что такое нефть?

Теплотехник «Жоғары сапалы отын» деп жауап берер еді.

Географ: «Құнды пайдалы қазба».

Химик: «Жоқ! Бұл көптеген химиялық өнім алатын шикізат» деп айтар еді.

- Бүгінгі сабақта біз мұнай деген не? Оны неліктен «қара алтын» деп айтады? Оны қалай өндіреді? Қалай қолданады? деген сұрақтарды қарастырамыз.
Слайд

Мұнай адамзатқа ежелгі заманнан таныс. Оның дәрі-дәрмек жасауға қолданғандығы туралы Геродот пен Плутарх айтқан болатын. 19 ғасырда алғашқы ойлап шығарылған май шам мұнайдың дамуына ынталандырды. 20 ғасырда мұнай адамзаттың экономикалық және әлеуметтік дамуына үлкен ықпал етті.

Мұнай – кез келген мемлекеттің отын энергикалық комлексінің негізін қалайды. Мұнайдың әрбір тамшысының құрамында 900 химиялық қоспа бар, ол Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің периодты жүйесінің жартысы. Мұнайдың 90% жанармай ретінде пайдаланылады. Сондықтан оны «қара алтын» деп айтады.

Бүгінгі күні мұнай – электр қуат көзі.

Мұнай және газ теңіз түбінен алынады. Мұнай мен газды өндіру үшін скважина бұрғылайды, құбыр өткізеді, сол бойынша мұнай жоғарыға өндеу орнына қотарылып шығады.

Мұнай қорлары Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында. Ең бірінші мұнай 1899 жылы Эмбі кен орнында Қарашұнғыл скважинасынан фонтан секілді шықты.

Қазақстандағы мұнай өндіруші компаниялар – Қазмұнайгаз, Тенгизшевройл, CNPC-Актобемунайгаз, Карачаганак Петролиум Оперейтинг, Роснефть және тағы басқалар.

-Мұнайдан не өндіріледі?......................................................

Мотор майы – моторное масло

Керосин

Жарылғыш заттар – взрывчатые вещества

Парфюмерияға арналған май

Еріткіш заттар - растворители

Бензин

Көксағыз - каучук
Әңгімелесу

- Біз мұнай электр қуатының негізі деп айттық. Айтындаршы бүгінгі күні қуат көзінің баламасы бар ма? Болса, айтындаршы қандай?


- Мұнайдың геологиялық көршісі не? Табиғи газ 

Слайд

Табиғи газды жанармай ретінде алғаш рет Қытайда қолданған екен. Табиғи газдың түсі мен иісі болмайды. Табиғи газдың негізгі бөлігін метан (CH4) құрайды. Метаннан басқа оның құрамына оның гомологтары: этан, пропан, бутан кіреді.

Қазақстандағы газ барлаушы негізгі компаниялар — Карачаганак Петролиум Оперейтинг, Казмунайгаз, CNPC-Актюбемунайгаз.

Қазақстандағы басты кен орындары— Карашыганак, Жанажол, Кызылой тағы басқалар.


– Адамның түрлі қажеттіліктеріне отын қажет.

– Қалай ойласындар, бұрын үйлер қандай отынмен жылытылған?

– Неліктен ағашқа сенуге болмайды?

- Ағашты не ауыстырды? Көмір



Слайд

            Көмір 350 миллион жыл бұрын пайда болды. Ұзақ уақыт бойына өсімдіктің  заттары тығыз сығылғаны соншалықты, жұмсақ қара – қоңыр жынысқа айналды. Көмірді басқа жыныстардың арасынан қабатталып жатқан жерінен табады. Оны терең шахталар мен туннелдерді бұрғылау арқылы немесе ашық әдіспен өндіру деп алатын, жер бетіне жақын жатқан көмір қабаттарын ашу арқылы өндіреді. Көмір өсімдік қалдықтарынан түзілген жанғыш қатты шөгінді кен жынысы. Көмір құрамында әр түрлі мөлшерде минералдық қоспалар (50%-дан аспайды) бар, ол басқа шөгінді кен жыныстарының арасында қабаттар түрінде кездеседі. Көмірдің түрлері: қоңыр көмір, тас көмір, антрациттер.

Тас көмір кен орны - Қарағанды, Екібастұз.

Көмірдің пайдаланылуы: металлургияда (домна және энергетикалық кокс), химия өнеркәсібінде (сия, газ, ацетилен, спирт, қышқылтым, пластмасса, бояулар, дәрі-дәрмектер және т.б.), энергетикада (отын)


Сөздік жұмыс (дауыстап оқу, сөз тіркес құрау)

Жаңғыш пайдалы қазбалар - горючие полезные ископаемые

Мұнай – нефть

Әрбір құрамының тамшысында - в составе каждой капли

Үлкен ықпал - большое влияние

Химиялық элементтердің периодты жүйесінің - периодическая система химических элементов

Жанармай - топливо

Табиғи – природный

Түрі мен иісі болмайды – без цвета и запаха

Тас көмір - каменный уголь

Өнеркәсіп - промышленность
Мәтінді оқып, орыс тіліне аударыңыз
Жаңғыш пайдалы қазбалар
Мұнай адамзатқа ежелгі заманнан таныс. Оның дәрі-дәрмек жасауға қолданғандығы туралы Геродот пен Плутарх айтқан болатын. 20 ғасырда мұнай адамзаттың экономикалық және әлеуметтік дамуына үлкен ықпал етті.

Мұнай – кез келген мемлекеттің отын энергетикалық комлексінің негізін қалайды. Мұнайдың әрбір тамшысының құрамында 900 химиялық қоспа бар, ол Д.И.Менделеевтің химиялық элементтердің периодты жүйесінің жартысы. Мұнайдың 90% жанармай ретінде пайдаланылады. Сондықтан оны «қара алтын» деп айтады.

Бүгінгі күні мұнай – электр қуат көзі. Мұнай және газ теңіз түбінен алынады.

Мұнай қорлары Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарында. Ең бірінші мұнай 1899 жылы Эмбі кен орнында Қарашұнғыл скважинасынан шықты. Қазақстандағы мұнай өндіруші компаниялар – Қазмұнайгаз, Тенгизшевройл, CNPC-Актобемунайгаз, Карачаганак Петролиум Оперейтинг, Роснефть және тағы басқалар.

Табиғи газды жанармай ретінде алғаш рет Қытайда қолданған екен. Табиғи газдың түсі мен иісі болмайды. Табиғи газдың негізгі бөлігін метан (CH4) құрайды. Метаннан басқа оның құрамына оның гомологтары: этан, пропан, бутан кіреді.

Қазақстандағы газ барлаушы негізгі компаниялар — Карачаганак Петролиум Оперейтинг, Казмунайгаз, CNPC-Актюбемунайгаз. Қазақстандағы басты кен орындары— Карашыганак, Жанажол, Кызылой тағы басқалар.

Көмір 350 миллион жыл бұрын пайда болды. Қазақстанда Қарағанды көмірін алғаш тапқан адам – Аппақ Байжанұлы. Жылқышы Аппақ тышқан аулап жүріп, іннің қасынан жылтыраған қара тасты тауып алады. Ол бұл тасты қара бояу деп ойлайды. Отқа лақтырса, ол тас лапылдап жанып, жұртты таң қалдырады. 1856 жылы керемет тастың хабары Қызылжар саудагері Ушаковқа жетеді. Ол тас табылған жерді Игілік байдан сатып алады. Сөйтіп, оның көмірін қазуға кіріседі. Қарағандының дәуірлеу кезі 1930 жылдары басталды. Көмірдің түрлері: қоңыр көмір, тас көмір, антрациттер.

Тас көмір кен орны - Қарағанды, Екібастұз.

Көмірдің пайдаланылуы: металлургияда (домна және энергетикалық кокс), химия өнеркәсібінде (сия, газ, ацетилен, спирт, қышқылтым, пластмасса, бояулар, дәрі-дәрмектер және т.б.), энергетикада (отын).

5.Жаңа сабақты пысықтау кезеңі.

Тапсырма 2 (топты үшке бөлу)

1 топ Мұнай деген не ? Мұнай - ...............................

Мұнай Қазақстанның қай жерінде өндіріледі? Мұнай - ..........................

Мұнай қай салада қолданылады? Мұнайды ............................... қолданады.

2 топ Газ алғаш рет қайда қолданылған? Газ - .................

Табиғи газдың негізгі бөлігін не құрайды?

Газ қай салада қолданылады?

3 топ Көмірдің анықтамасын жаз? Көмір - ............................

Қазақстанный қай жерінде көмір барланады? Көмір - ...........................

Көмір қай салада қолданылады? ...............................
Тапсырма 3

1 топ Мына сөздерді септеңіз: мұнай, газ, көмір

2 топ Мына сөйлемдерді сөз таптарына қарай талдаңыз.

Мұнай және газ теңіз түбінен алынады. Табиғи газдың түсі мен иісі болмайды. Табиғи газдың негізгі бөлігін метан (CH4) құрайды.



3 топ Мына сөйлемдерді сөйлем мүшелеріне қарай талдаңыз

Мұнай адамзатқа ежелгі заманнан таныс. Көмір 350 миллион жыл бұрын пайда болды.

Мұнай – кез келген мемлекеттің отын энергетикалық комлексінің негізін қалайды.
6. Жаңа сабақты бекіту кезеңі

Тапсырма 4 Тас көмір, мұнай және газдың қасиеттері, түрі, иісі туралы кесте сызыңыз. Ұқсастығы және айырмашылығы туралы айтыңыз.

Қасиеті: қатты, сұйық, газ тәріздес

Түсі: қара, түсі жоқ

Иісі: иісі жоқ, аңқыған иіс

Пайдалы қазбалар

Тас көмір

Мұнай

Табиғи газ

Қасиеті










Түсі










Иісі









- Ал енді өздерің пайдалы қазбалар туралы айтып бере аласыздар деп ойлаймын.

- Пайдалы қазбалар көп жылға жету үшін адам не істеу керек деп ойлайсыздар?
Слайд

Адамзат пайдалы қазбаларды қалайша қорғай алады?

1. Үнемдеп пайдалану - Экономно использовать.

2. Өрттен сақтау - Оберегать от пожаров.

3. Тасымалдау тәртібін сақтау - Соблюдать правила перевозки.

4. Мүмкіндігінше жасанды заттармен ауыстыру - Заменять по возможности искусственными материалами.

5.Металл сынықтары мен макулатура жинау - Собирать металлолом и макулатуру.

1 тонна металл сынығы 2 тонна темір рудасын сақтап қалады - 1 тонна металлолома сберегает 2 тонны железной руды.

1 тонна пластмасса 6 тонна болатты ауыстырады - 1 тонна пластмассы заменяет 6 тонн стали!


- Біздің еліміздің бағасы жетпес байлығын сақтап қалуға қалай көмектесе аласыздар? (мысалы жарықты үнемдеу, үйде, мектепте, колледжде; бізді қоршаған барлық затқа ұқыпты қарау)
7. Рефлексия
- Бүгінгі сабақ Сіздер үшін қалай өтті? – Өздерің үшін не білдіңдер? - Не білгілерің келеді?
Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңіз көңіл күйлеріңіз туралы білсем деймін


8. Қорытынды кезеңі

- Бүгінгі сабағымыз аяқталып келеді. Бүгінгі сабақта жасаған жұмысымызға қорытынды жасайық. Сабақта жаңғыш пайдалы қазбалар туралы соның ішінде мұнай, газ, көмір туралы, олардың қашан пайда болғандығы, қай салада қолданатыны туралы әңгімеледік.


9. Үй тапсырмасын беру кезеңі Жаңғыш пайдалы қазбалар тақырыбына реферат жазып келу.

Бағалау кезеңі баға қою, қойылған бағаларды айту.
Каталог: uploads -> doc -> 0785
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0785 -> Пәні: Биология Сыныбы: 9«А» С/тақырыбы: Жасушалардың көбеюі (митоз)
0785 -> Наймантайұлы байғозы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет