Сабақ тақырыбы Жай бөлшектерді қосу және азайту (4 сабақ) Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



бет1/6
Дата12.11.2019
өлшемі177,01 Kb.
#51654
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
19matem201821
user file 5a830bc94e2a1, user file 5a830bc94e2a1, Отбасы

Ұзақ мерзімді жоспар тарауы:

5.2A Жай бөлшектерге амалдар қолдану



Мектеп: Д.Нұрпейісова ЖББОМ

Күні: 14.11.19

Мұғалімнің аты-жөні: Султанова Жанилсин Максутовна

Сынып: 5 «А»

Қатысқан оқушы саны: 15

Қатыспаған оқушы саны: 0

Сабақ тақырыбы

Жай бөлшектерді қосу және азайту (4 сабақ)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.2.18 бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайтуды орындау



Сабақтың мақсаты

Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайтудың ережесін біледі, мысалдар арқылы түсінеді.

Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту амалын қолданып, теңдеулерді шеше алады; мәтін есептерді орындайды және шығару жолдарын талдай алады.



Бөлімдері өзара жай сандар болатын бөлшектердің қосындысын табуға қиындығы жоғары есептерді шығара алады.

Бағалау критерийі

  • Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайтуды, натурал саннан дұрыс бөлшекті азайтуды алгоритм арқылы орындайды.

  • Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту ережесін теңдеулерді шешуде, мәтін есептерді шығаруда қолданады және шығару жолдарын талдайды.

  • Бөлімдері өзара жай сандар болатын бөлшектердің қосындысын табуға қиындығы жоғары есептерді шығарады.

Тілдік мақсат

Оқушылар қажетті ережелер мен терминдерді қолданып тұжырымдар жасайды, талдайды

Пәнге тән лексика мен терминология: Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сан, ең кіші ортақ еселік, ең кіші ортақ бөлім .

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

  • Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сан деген не?

  • Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге қалай келтіреміз?

  • Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай қосылады?

  • Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай азайтылады?

  • Бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу және азайту қалай орындалады?

  • Қосудың қасиеттері не үшін қолданылады?

  • Жай бөлшек пен аралас санның жазылуында қандай ұқсастық және айырмашылық бар?

  • Өмірде жай бөлшектер қолданыла ма?

Құндылықтарды дамыту

«Мəңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының «Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана» құндылықтарының негізінде оқушылардың бойында жоғары патриоттық сезім, жоғары белсенділік, жоғары деңгейлі зият және бəсекеге қабілетті тұлғаға тəн қасиет - сапаларды жетілдіру.

Пәнаралық байланыс

қазақ тілі, әдебиеті, геометрия

Бастапқы білім

Жай бөлшектің негізгі қасиеті. Жай бөлшектерді қысқарту. Дұрыс бөлшектер, бұрыс бөлшектер, аралас сан. Жай бөлшектерді, аралас сандарды ортақ бөлімге келтіру.



Сабақ барысы

Сабақтың кезеңдері

Сабақта орындалатын іс-әрекеттер

Оқыту ресурстары

Сабақтың басы
7 минут

Ұйымдастыру сәті.

Сыныппен амандасып,түгендеу.



Саралау тәсілі "Жіктеу"арқылы 3 топқа бөлу (аралас гендерлік топ).

Қағаз қиындыларын суырып, ондағы мысалды ауызша есептеп, шыққан нәтижеге байланысты «Дұрыс бөлшек», «Бұрыс бөлшек», «Аралас сан» топтарын өздері құрып, топтың атын қорғайды.

Өткен сабаққа шолу мақсатында деңгейлік сұрақтар қойылады.

«Ашық микрофон» белсенді оқу әдісімен

«Сенен сұрақ, менен жауап» арқылы оқушылар мен мұғалім тиімді диалогқа түседі.



  • Дұрыс бөлшек, бұрыс бөлшек, аралас сан деген не?

  • Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай қосылады?

  • Бөлімдері бірдей бөлшектер қалай азайтылады?

  • Бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге қалай келтіреміз?

  • Жай бөлшек пен аралас санның жазылуында қандай ұқсастық және айырмашылық бар?

  • Өмірде жай бөлшектер қолданыла ма?

Қалыптастырушы бағалау : Қошемет

Үй тапсырмасын тексеру: «Өзара тексеріс» әдісі. Оқушылар дәптерлерін сағат тілі бағытымен алмастырып, үй тапсырмасын интербелсенді тақтада көрсетілген жауаптар арқылы тексереді.

Қ. Б : Бірін-бірі бағалау. (оқушыларға геометриялық үшбұрыш, төртбұрыш,бесбұрыш фигураларын беремін, бір - бірін бағалайды. )

1.Тапсырма сауатты орындалды, жауабы дұрыс;

2. Тапсырма орындауда кемшіліктер бар, жауабы дұрыс;

3. Тапсырмада қателер орын алған, жауабы жартылай дұрыс.

Төртбұрыш, үшбұрыш алған оқушылар топтың белсенді оқушыларынан көмек алады.



Мұғалімнің мадақтамасы : «Жарайсыңдар!»

«Мен не білемін, не білгім келеді, не білдім» кестесі ұсынылып, алдыңғы екі графасын толтырады.

Тақтаға ілініп, топтардың жай бөлшектермен амал орындағысы келетіні, соның ішінде бөлімдері әртүрлі бөлшектерді қосу, азайтуды білгісі келетіні анықталып, жаңа сабақ басталады. Анықтау барысында қосымша жетекші сұрақтар қоюға болады.


  • Қандай бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіреміз?

  • Ендеше, олармен арифметикалық амал орындауға бола ма?


«Дұрыс бөлшек», «Бұрыс бөлшек», «Аралас сан» мысалдары жазылған қағаздар.



Фигураларды, кестені үлестіру

Интербелсен ді тақта


Тақтада кесте



Сабақтың ортасы
20 мин

5 мин


6 мин



Топтық жұмыс: «Жигсо» әдісі.

- оқушылардың «жақын арадағы даму аймағын» анықтау мақсатында

Топ мүшелері санау арқылы 1-ден 5-ке дейін нөмерленіп, өз нөмерлеріне сай мысал есептерді алып танысады, алгоритм көмегімен өздігінен орындайды. 2 минуттан соң, 5 кіші топша құрып, топшада талдайды, түсінеді, шығарады. Өзіңді өзің тексер арқылы шығару жолын, жауабын тексереді.Топқа қайта оралып, топта түсіндіреді.



Алгоритм: 1.Берілген бөлшектерді ең кіші ортақ бөлімге келтіріңдер.

2. Бөлімдері бірдей бөлшектің қосындысын (айырмасын) табыңдар.

№1. +; №2. -

№3 . +; №4. -;

№5 3--.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет