Сабақ Тақырыбы: «Жыртық кітап жылады»



Дата24.04.2017
өлшемі53,64 Kb.
#14864
түріСабақ


Солтүстік Қазақстан облысы

Жамбыл ауданы

Үлгі ауылы

Ульгоның орта мектебі

Ашық сабақ

Тақырыбы:

«Жыртық кітап жылады»

Әдебиеттік оқу

4-сынып

Өткізген: бастауыш сынып мұғалімі

Мунайдарова Аяужан Балтабаевна

21.05.2013

2.30-3.15

Әдебиеттік оқу


4- сынып


Сабақ тақырыбы:

Жыртық кітап жылады

Жалпы мақсат:

Кітап және оның адам өміріндегі маңызы туралы білімдерін кеңейту. Өлеңді оқып, мазмұны мен идеясын ашуға көмек беру. Өз бетімен талдауға, зерттеуге, шығармашылық жұмысқа мүмкіндік жасау.

Сілтеме:

1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 48-54б

2. Әдебиеттік оқу оқыту әдістемесі 179-181б

3. 4-сыныпқа арналған әдебиеттік оқу оқулығы З.Муфтибекова, П.Қ.Жаманқұл 198-199б

4. Портал материалдары



Оқу нәтижесі:

Кітаптың шын мәнінде сарқылмас қазына екенін түсінеді.

Негізгі идеялар:

Кітаптың басқа ғылым салаларына әсері

Сабақта қолданылатын материалдар:

Үлестірмелі материалдар, флипчарт, маркер, стикер


Оқыту әдістері:

Сын тұрғысынан ойлау технологиясының элементтері: «Бұрыштар», «5 жол өлең құрастыру». Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер: постер жасау.

Жұмыс формалары: жеке жұмыс, топпен жұмыс.

Дерек көздері:

Кітап тақырыбына арналған материалдар:
1. Тіршіліктану жұмыс дәптері 54-55б

2. www. .mail.ru




Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин) 2.30-2.33


Мұғалімнің іс-әрекет

Оқушының іс-әрекеті




«Әр елдің амандасу салты» арқылы сыныпта жағымды психологиялық ахуалды қалыптастыруды ұйымдастыру

Әр елдің амандасу салтын көрсетеді. Құшақтасып, төс қағысып, қол беріп, күліп, қол шапалақтап, секіріп амандасады.

Топқа бөлу (2мин) 2.33-2.35

Әр оқушыдан қаламын не қарындашын жинап алу. Қалам иелерін бір топқа, қарындаш иелерін екінші топқа отырғызу.


Қалам не қарындашын береді. Қалам иелері бір топқа жиналады, ал қарындаш иелері екінші топқа жиналады.

ІІ. Қызығушылықты ояту.

(5 мин) 2.35-2.40




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті





Марокко жазушысы Жарак Ахмадтың «Бір дирхам» әңгімесін оқып беру.

«Бұрыштар» әдісі. Пікірталас үшін:

а) Дұрыс. Бала кітапты еріксізден, анасы үшін сатып жіберді.

б) Баланың кітапты сатқаны дұрыс емес.

в) Екі ойдамын.


Баланың кітапты сатып жібергені дұрыс деп ойлайтындары бір бұрышқа, дұрыс емес деп ойлайтындары екінші бұрышқа, ал кім екі ойда үшінші бұрышқа тұрады. Сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын айтып, талқылайды.



ІІ.Мағынаны тану (15мин) 2.40-2.55


Мұғалімнің іс-әрекеті


Оқушының іс-әрекеті




-Әңгіме кітап туралы болған соң, бүгін біз Ө.Тұрманжановтың «Жыртық кітап жылады» деген мысал өлеңін оқиық.

Мысал өлеңді іштей оқу, дауыстап оқу.

Топтық жұмысты ұйымдастыру. 1-топ «Жедел жәрдем» сәтін ұйымдастыру. –Кітапқа қандай көмек көрсетуге болады? Постер жасап қорғау. 2-топ –Қуанған кітап қандай болады? Постер жасап қорғау.

.


Өлеңнің авторы және атымен танысады.

Алдымен іштей оқиды. Бірнеше оқушы дауыстап оқиды.

Топпен жұмыс. 1-топ «Жедел жәрдем» сәтін ұйымдастырады. Кітапқа қандай көмек жасауға болатынын ойластырып, постер жасап қорғайды. 2-топ қуанған кітап қандай болатынын ойластырып, постер жасап қорғайды.


ІІІ. Ой толғаныс (5мин) 2.55-3.00


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Кітап туралы «5 жол өлең» құрастыру

Кітап туралы «5жол өлең» құрастырып, жазғандарын оқып шығады.

ІV. Үйге тапсырмасын беру (2 мин) 3.00-3.02


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Өлеңді мәнерлеп оқу, «Кітап – досым, ақылшым» тақырыбына әңгіме жазу.

Үй тапсырмасын білу, түртіп алу

V. Бағалау (8 мин) 3.02-3.10


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Формативті бағалау

Формативті бағалау: Топ басшысының әр топ мүшесіне және топ жұмысына баға беру

VI. Рефлексия

(5мин ) 3.10-3.15




Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті




Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын жазу үшін стикерлер тарату

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстарын стикерлерге жазады.

Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет