Сабақ Тақырыбы: Жұмбақтар күні Ұйымдастырылған іс-әрекеттің технологиялық картасы



Дата25.08.2017
өлшемі49,11 Kb.
#26545
Шымкент қаласы

12 «Арман» бөбекжайы-балабақшасы



Тәрбиеші: Орынбекова Ұлбосын Сапарқызы

Қызметі: тәрбиеші

Стажы: 8 жыл
Ашық сабақ
Тақырыбы: Жұмбақтар күні

Ұйымдастырылған іс-әрекеттің технологиялық картасы
Білім беру саласы: «Қатынас», «Әлеумет»

Білім беру бөлімі: Тіл дамыту, айналамен таныстыру.

Мақсаты: балалардың өй-өрісін кеңейтіп, тіл байлықтарын, білімдерін кеңейту, сөздік қорларын байыту. Балаларға жұмбақ айтқызу, оны шеше білуге жаттықтыру, ертегі арқылы әңгімелеу, балалардың тілін жаттықтыру.

Көрнекіліктер: орман перісі, ойын түрлері, руль, фурашка.
Тәрбиеші: Балалар далаға шыққанда жоғарыдан және айналамыздан не көреміз

Балалар: Жоғарыдан аспан, күн, бұлт, айналадан жер, ағаштар және адамдар көреміз.

Тәрбиеші: Енді біз аспанға, жерге, күнге, апайларға сәлем берейік.

Балалар: Армысыз қарымды, Аспан ата!

Армысыз мейірімді жер ана!

Армысыз шұғылалы Алтын күн!

Сәлеметсіздер ме апайлар!



Тәрбиеші: Өте жақсы балалар сендер жазда ертемен тұрып далаға шыққанда айналаға қарағанда не көресіңдер?

Балалар: Жарқырап шыққан күнді, жайқалған ағаштарды көреміз.

Тәрбиеші: Бұл жылдың қай мезгіліндей? Көрініс

Балалар: Жаз мезгілі

Тәрбиеші: Балалар біз бүгін бәріміз автобусқа мініп саяхатқа шығайық.

Балалар: Паровоз болып жүреді.

Тәрбиеші: Балалар біз қайда тап болдық

Балалар: Орманға.

Тәрбиеші: Балалар қараңдаршы мына жерге біреу қоржын тастап кетіпті, ішінде не бар көрейікші.

Балалар мына қоржын ашылмайды екен.

Балалар мына жерден бір дыбыс естігендей болдым.

Орман перісі: Саламатсыздарма балалар!

Балалар: Саламатсыз ба?

Орман перісі: Мен «Орман перісімін»

Қош келдіңдер мен қоржынымды жоғалтып алдым сендер тауып алыпсыңдар ғой.



Тәрбиеші: - Ия, «Орман перісі» біз сіздің қоржыныңызды тауып алдық, бірақ оның ішінде не барын таппадық.

Орман перісі: - Ия, бұл сиқырлы қоржын. Бұны ашу үшін менің жұмбағымды шешулерің қажет.

Тәрбиеші: Ал, балалар біз жұмбақ шеше білеміз. Қандай жұмбақ болса да бірігіп шешуін табамыз.

Балалар: Өлең

Орман перісі: Қане менің жұмбағымды шешуге дайын екенсіңдер.

Орманда тұрады өзі бір қу,

Жүрген жері айқай мен шу.
Жазда қыдырады,

Қыста тынығады.


Бұтадан, бұтаға

Секіретін шапшаң аң.



Балалар: Шешуін табуда.

Орман перісі: - Жарайсыңдар, балалар. Енді міне жұмбақтың шешуін тауып едіңдер, қоржынның аузы ашылды.

  • Мына қоржынның ішінде қызықты зат бар екен. Сендер ойынды жақсы көресіңдер ме?

Балалар: Иә. Ойын ойнауда.

Ойын: «Жер, су»

Балалар шеңбер болып жүреді. Шеңбер екіге блінеді су және жер.

Шарты: Суда қалған балаларды жұмбақ шешу арқылы құтқарып алу қажет.

Тәрбиеші: Қалың киім ұнатады,

Шешіндірсең жылатады.


Тараш-тараш тісі бар

Тап-тұйнақтай ісі бар.

Мұны шешкен баланың

Таудай талап күші бар.

Балалар: Шешуін табуда.

Тәрбиеші: Балалар қане кім жұмбақ айтады?



Рысбек: Тәтті,

Тәттінің іші қатты

Қаттының іші тәтті.

Талшын: Сырты қатты

Іші тәтті



Тәрбиеші: Орман перісі біздің балалардың тапқырлығын байқаған боларсыз, өте ақылды балалар.

Орман перісі: Жарайсыңдар балалар. Сендердің тапқырлықтарыңды тағы да сынап көрейік. Мына қоржынымның ішіне жабайы аңдар бар. Сендер жабайы аңдарды білесіңдер.

Балалар: қоян, түлкі, аю, қасқыр.

Тәрбиеші: Орман перісі біздің балалар жабайы аңдарды біліп қана қоймай олар туралы жұмбақтарды да шеше біледі.

Құстай ұшады Апан апан

Құландай жортады Ескі шапан

Қойдан да қорқад ы Иір қобыз

Жарық жұлдыз.

Орман перісі: Жарайсыңдар балалар!

Енді шаршаған боларсыңдар

Бойларыңды сергітіп алайық.

Балалар: Ормандағы аюдың

Құлпынайы көп екен

Теріп теріп алайық

Қалтамызға салайық.



Орман перісі: Жарайсыңдар балалар!

Ал, мынау сендердің тапқырлықтарың үшін сыйлық.



Тәрбиеші: Рахмет. «Орман перісі». Ал, біздің қайтатын уақытымыз болады.

Орман перісі: Иә, менің орманымдағы гүлдерім, ағаштарым, аңдарым күтіп қалған болар. Сау болыңдар балалар! Менің орманыма келіп тұрыңдар.

Балалар: Паровоз болып жүреді.

Тәрбиеші: Балалар біз бүгін қайда бардық?

Балалар: Орманға

Тәрбиеші: Онда біз кімді жолықтырдық?

Балалар: Орман перісін

Тәрбиеші: Иә, дұрыс балалар. Біз бүгін орманға саяхатқа бардық. Орманда қоржын аша алмай тұрған едік. Орман перісінің көптеген жұмбақтарының шешуін шешіп едіңдер «Қоржынның» аузы ашылды. Жарайсыңдар, бүгін көптеген жұмбақтардың шешуін тауып сыйлықтарды да алдыңдар. Сендерге саяхат ұнады ма?

Балалар: Иә

Тәрбиеші: Олай болса тобымызға оралайық.
Каталог: materialy -> balabaksha
materialy -> Ғылыми жоба Жоба тақырыбы: Мырқы Исаевтың шығармашылық мұрасы
materialy -> Сабақтың тақырыбы: Қ. Жұмағалиев «Туған өлкем»
materialy -> Сабақтың тақырыбы : Нысанбай жыраудың «Кенесары Наурызбай» дастаны Сабақтың мақсаты
balabaksha -> Әрекеті Тақырыбы
balabaksha -> Сабақтыңтақырыбы: Күз мезгіліне саяхат. Сабақтың мақсаты
balabaksha -> Сабақ Тақырыбы: «Отбасы бақыт мекені» Білім беру саласы: «Қатынас», «Шығармашылық»
balabaksha -> Сабақтың көрнекілігі: Суреттер,плакаттар, түрлі-түсті шарлар. Әрекет кезеңдері
balabaksha -> Сабақ Тақырыбы: «Менің сүйікті қуыршағым»
balabaksha -> Бекітемін Әдіскер: Г. Көбекова Білім беру саласы


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет