Сабақ тақырыбы: Кесінділерді өлшеу. Фигураларды салу



Дата08.09.2017
өлшемі56.64 Kb.
түріСабақ

Сабақ тақырыбы:

Кесінділерді өлшеу. Фигураларды салу

Мектеп:

Күні :




Мұғалімнің есімі:

СЫНЫП: 1-сынып

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу мақсаты:

Берілген ұзындық бойынша кесінді сызады.

Нүктелі қағазда жазықтықтағы қарапайым жазық фигураларды (үшбұрыш, тіктөртбұрыш) сызады.




Барлық оқушылар:

Оқушылардың басым бөлігі:

Кейбір оқушылар:

Ресурстар:

сызғыш;
қарындаш;
альбом парағы;
геометриялық фигуралар қалыптары;
GeoGebra бағдарламасы.

Тірек сөздер

Кесінділерді өлшеу. Фигураларды салу

Сабақтың мақсаты:

Оқушылардың геометриялық фигураларды және торкөзді беттерге кесінділерді сала білу дағдыларын қалыптастыру. Кесіндінің ұзындығын өлшей білу дағдысын бекіту.

Сабаққа байланысты деректі материалдар


Сабаққа қатысты ескертпелер


Сабаққа қатысты деректі материалдар
Оқушылар торкөзді бетте бағдарлай білуге үйренеді және жазық геометриялық фигураларды салады. Бұл сабақ қағазға фигураларды салуға алдын ала дайындық болып табылады.

Кіріспе тапсырма. Сызықтар және жазық геометриялық фигуралар туралы білімдерін жаңғырту үшін мынадай жұмыс жүргізіңіз. Сыныпты топтарға бөліңіз. Әрбір топқа жіптің бір бөлігін таратып беріңіз. Оқушыларға оның көмегімен қисық және сынық сызықтарды көрсетуді сұраңыз. Біз түзу және қисық сызықтардың ұзындықтарын өлшей аламыз ба? Жауаптарын түсіндіруді сұраңыз. Содан кейін жіпте екі түйіншек түйіңіз де, жіпті әр жаққа тартуды ұсыныңыз. Мынадай сұрақтар қойыңыз:

— Қандай фигура алдыңдар? (Кесінді.)

Сендер қалай ойлайсыңдар, неге оны кесінді деп атайды?
Оқушылардың жауаптарын тыңдаңыз және тап­ сырманы жалғастырыңыз. Осы түйіншектері бар жіптің көмегімен қисық сызықты көрсетуді сұраңыз.
Түйіншектер арасындағы жіптің бөлігін нұсқап, мына сұрақты қойыңыз:
— Сендер бұл фигураны қалай атар едіңдер? (Қисықтың кесіндісі.) Неліктен?

— Біз түзудің кесіндісінің және қисық сызықтың кесіндісінің ұзындығын өлшей аламыз ба? Сендер қалай ойлайсыңдар? Неліктен?


Кесіндінің ұштары болғандықтан өлшеуге болады деген қорытындыға келтіріңіз. Содан кейін тапсырманы жалғастырыңыз. Жіптен тіктөртбұрыш құрастыруды сұраңыз. Төрт оқушы жіптің ұштарын байлап және оны төрт жерден ұстап тұра алады. Сосын оларға мына сұрақты қойыңыз: Неліктен сендер тіктөртбұрыш құрастырдық деп ойладыңдар?
Оқушылар тіктөрбұрыштың қабырғаларының қасиеттері туралы білімдерін жаңғыртып, тіктөрт­ бұрыштың қарама-қарсы қабырғалары тең деген шартты орындағандарына көздерін жеткізе алады.
Осы сияқты жұмыстарды шаршы мен үшбұрышты құрастыру үшін де орындаңыз. Оқушылар тік төртбұрыштың бұрыштары тік бұрыш екенін білмейтін болғандықтан (“тік бұрыш” ұғымы әлі енгізілген жоқ), олар параллелограмм немесе ромб құрастырып қоюлары мүмкін. Ондай жағдайда түзету жұмыстарын өткізіңіз. Қатырма қағаздан жасалған бірдей шаршыларға бөлінген тіктөртбұрыштың үлгісін көрсетіңіз.
Торкөздер фигураның қисайып кетпеуін бақылауға мүмкіндік беретіндіктен, торкөзді қағазға тіктөртбұрышты салу ыңғайлы екенін айтыңыз. Тіктөртбұрыштың үлгісін тіктөртбұрыштың, шаршының үстіне салып фигуралардың қисаюын тексеріп көруге болады. Оқушыларды орындары бойынша қозғап, фигураны түзетіңіз.
Егер тапсырманы деңгейлік тапсырма үшін қиындату керек болса, үшбұрышты құрастыру кезінде:

тіктөртбұрыштың жартысын;



шаршының жартысын, яғни үшбұрышты сызуды­ ұсыныңыз.
Тапсырманың дұрыс орындалғанын қатты қағаздан­ жасалған үлгіні тік бұрышқа қойып тексеріп көріңіз.
Оқушыларға сабақта кесіндінің ұзындығын өл­ шейтінін және жазық фигураларды құрастыратынын хабарлаңыз.
Сызып көр. Тапсырманы орындату кезіндедәптердің торкөздерін пайдаланып берілген фигураларға тең фигуралар сызуды тапсырыңыз. Әр оқушы жеке орындауы тиіс. Себебі әр оқушы фигу­ раны сызып үйренуі тиіс. Оқушыларға геометриялық фигураларды сызуды дәптер торкөздерін санау арқылы немесе үлгіні басшылыққа алып орындауды ұсыныңыз. Өзіңіз интерактивті тақтада салып көрсетіңіз. (Интерактивті тақта болмаған жағдайда тақтаға торкөздерді алдын ала сызып дайындап қойып, сонда көрсетуіңізге болады.)

Тышқанның іні. Берілген тапсырмада тышқанның ініне баратын барлық жолдардың ұзындығын өлшеп, олардың ішінен ең қысқасын анықтау керек. Бұл тапсырманы орындау үшін жұптық жұмыс ұйымдастырыңыз. Оқушылар ұзындықты өлшейді де, оларға қандай ұзындықтағы кесінді сызу қажеттігін бірлесе шешеді. Дұрыс не қате сызғанын өзара тексеру арқылы анықтайды.

Орындап көр айдарымен берілген тапсырмада әр екі нүктені кесіндімен қосу арқылы неше үшбұрыш алуға болатынын тапқызыңыз. Тапсырманы жұппен орындатыңыз. Оқушылардың әр жұбына тіктөртбұрыштар сызылған бірдей парақтар таратып беріңіз. Тапсырмаларды нұсқаулық бойынша тізбектеп орындауды сұраңыз. Орындап болған соң әр жұпқа өз парақтарын тақтаға ілуді сұраңыз. Бұдан олар бірдей фигуралардан жаңадан әртүрлі фигуралар құрастыруға болатынын көреді. Деңгейлік тапсырма ретінде оқушыларға торкөзді қағаздан қиып алынған үшбұрыштардан құрастырылған жаңа фигураларды салуды ұсынуға болады. Бұл тапсырма қабілеті жоғары оқушыларға беріледі.
Фигураларды сыз. Оқушыларға фигураларсалуды торкөздерге бөлінген бөліктерде орындату арқылы жаттықтырыңыз. Егер фигураларды салуды а)-дан ғ)-ға дейін орындаса, онда бұл қарапайымнан күрделіге қарай орындау болып саналады. Сондықтан тапсырманы жеке немесе жұппен орындау кезінде фигураны оқушылардың дайындықтарына­ қарай бөлуіңізге болады. Егер бұл тапсырманы топпен орындаса, онда жұмысты жарыс түрінде ұйымдастыруға болады: топтар фигураны сызады, оны қиып алады. Оларға топтың атын жазады және дұрыстығын тексереді. Тексеру үшін тақтаға оқушылардың қолындағыдай фигураның үлгісін бекітіңіз. Оқушылар тақтаға келіп, қиып алынған фигураны үлгіге қойып тексереді. Егер дәл келсе, жасағандары дұрыс деп есептеліп, топ ұпай алады. Қиып алынған фигураға топтың аты жазылып, тақтаға ілінеді. Осы сияқты жұмысты әр фигурамен жасатыңыз. Жарыстың нәтижесін тақтаға ілінген фигуралар санына және әрбір топтың тапсырманы орындау жылдамдығына қарай қорытындылауға болады.


Тілдік құзыреттілікті қалыптастыру


Қосымша тапсырмалар


Оқушылардың математикалық тілін дамыту мақсатында сабақ үстінде математикалық тірек сөздерді дұрыс қолданған оқушыларды ынталандырыңыз, олардан өз әрекеттерін түсіндіріп, жауап­ тарын дәлелдеп беруді сұраңыз.




Бағалау

Оқушылар сабақтың соңында:

геометриялық фигуралар сызады, торкөздерді санау арқылы олардың орналасуы, бағыты және қоршаған орта заттарына дейінгі қашықтықты анықтауды біледі.

Оқушылардың тақырыпты меңгеру деңгейін тексеру мақсатында сұрақтар қойыңыз:

— үшбұрышты қалай салуға болады?

— Үшбұрыштың шаршы мен тіктөртбұрыштан қандай айырмашылығы бар?

— Мына пікірлердің қайсысы дұрыс пікір деп ойлайсың?

1. Кез келген тіктөртбұрыш — бұл шаршы. Неліктен?

2. Кез келген шаршы — бұл тіктөртбұрыш. Неліктен?



Жұмыс дәптеріндегі “Жетістік баспалдағы” бойынша оқушылар өзін-өзі бағалайды.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет