Сабақ тақырыбы: Компьютерлік графика және оның түрлері



Дата01.10.2024
өлшемі3,41 Mb.
#205460
түріСабақ
Байланысты:
Компьютерлік графика және оның түрлері

  • Сабақ тақырыбы: Компьютерлік графика және оның түрлері
  • Сабақтың мақсаты:
  • оқушыларды компьютерлік графика ұғымымен таныстыра отырып, графиканың түрлері туралы білімдерін қалыптастыру, сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамыту.
  • Компьютерлік графика – әр түрлі кескіндерді (суреттерді, сызбаларды, мультипликацияларды) компьютердің көмегімен алуды қарастыратын информатиканың маңызды саласы.
  • Растрлық графика
  • ЕКІ ӨЛШЕМДІ ГРАФИКА
  • Компьютерлік графика
  • ҮШ ӨЛШЕМДІ ГРАФИКА
  • Векторлық графика
  • Фракталдық графика
  • Компьютерлік графика қолданылу әдісі бойынша мынадай негізгі салаларға бөлінеді:
  • Ғылыми
  • графика
  • Іскерлік
  • графика
  • Көркемдік
  • графика
  • Конструк-торлық
  • графика
  • Иллюст-ративтік
  • графика
  • Жарна-малық
  • графика
  •  Компьютерлік графиканың негізгі салалары:
  • Растрлық кескін дегеніміз – түрлі түсті нүктелердің (пиксельдердің) жиынтығы. Олардың саны бейненің өлшемі мен шешімі арқылы анықталады.
  • Растрлық графикада кескіндер түрлі-түсті нүктелердің жиынтығынан тұрады. Растрлық кескінді құрайтын әрбір пиксельдің өз орны мен түсі болады және әр пиксельге компьютер жадында бір ұяшық қажет.
  • Растрлық кескіннің сапасы сол кескіннің өлшеміне (тігінен және көлденең орналасқан пиксельдердің саны) және әр пиксельді бояуға қажетті түстердің санына тәуелді болады.
  • Өңдеу редакторлары: Adobe Photoshop, Corel PhotoPaint
  • растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, яғни оның кез-келген бөлігін өзгертуге болады;
  • нүктелерді қажет болмаса ішінара алып тастауға немесе қоюлатуға;
  • кескіннің әр нүктесін ақ-қара немесе басқа кез келген түске өзгертуге болады.
  • Растрлық кескіннің артықшылығы
  • - растрлық кескін өлшемінің масштабын өзгерткенде (бір немесе бірнеше бағытта созу немесе сығу) кескіннің сапасын жоғалтатыны.
  • Мысалы, кескінді үлкейткенде, оның көрінісі дөрекіленіп кетсе, кішірейткенде – кескін сапасы өте нашарлап кетеді (нүктелерін жоғалтқандықтан). Файлдар өлшемдерінің өте үлкендігінде (түстері неғұрлым көп және сапасы жоғары болған сайын, олар соғұрлым үлкен болады).
  • Растрлық кескіннің кемшілігі:
  • Векторлық графика
  • Векторлық кескіндер, бұл - сызық, доға, шеңбер және тікбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер. Бұл жерде вектор дегеніміз - осы объектілерді сипаттайтын мәліметтер жиынтығы.
  • Векторлық графиканың басты артықшылығы оған кескін сапасын жоғалтпай өзгеріс енгізуге, оңай кішірейтуге және үлкейтуге болатындығы. Векторлық кескіндер СorelDRAW, Adobe illustrator секілді
  • векторлық графикалық редакторларда жасалады.
  • Векторлық графикамен жұмыс істеуге арналған программалық құралдар бірінші кезекте кескіндерді өңдеу үшін емес, оларды жаңадан салу үшін қолданылады.
  • Бұндай құралдар жарнама агенттіктерінде, дизайнерлік бюроларда, редакциялар мен баспаханаларда кеңінен қолданылады.
  • Қолданылу саласы: - физикалық объектілерді компьютерлік модельдеуде;
  • - машина жасаудағы бұйымдарда; - ғылыми есептеулерде; - инженерлік жобалауда;
  • - видеороликтерде;
  • - архитектурада.
  • Үш өлшемді графика (3D Graphics) — көлемді объектілерді бейнелеуге арналған тәсілдер мен құралдардың жиынтығынан тұратын компьютерлік графиканың бөлімі.
  • Үш өлшемді графикамен жұмыс істеуге арналған бағдарламалар:
  • - 3D Studio MAX 5; - AutoCAD; - Компас;
  • Үшөлшемді графика
  • Графика түрі
  • айырмашылықтары
  • Өңдеу редакторлары
  • Растрлық графика
  • Векторлық графика
  • Фракталдық графика
  • ҮЙ ТАПСЫРМАСЫ
  • 1. Компьютерлік графика – бұл
  • А) ақпаратты өңдейтін ғылым
  • Б) геометриялық кескіндер қасиеттерін зерттейтін
  • В) сурет салу барысында компьютер ресурстарын басқаратын ғылым
  • С) математикалық формулаларға негізделген ғылым
  • Д) суреттерді өңдеу, салу тәсілдері мен әдістерін оқытатын ғылым
  • 2. Компьютерлік графиканың негізгі бағыттары
  • А) іскерлік, ғылыми, көркемдік және жарнамалық, инженерлік
  • Б) ғылыми, инженерлік, web
  • В) ) іскерлік, ғылыми, тұрмыстық
  • С көркемдік және жарнамалық, инженерлік, нүктелік
  • Д) тұрмыстық, инженерлік, іскерлік
  • 3. Компьютерлік графиканың бейнелеу тәсіліне байланысты бөлінуі
  • А) растрлық және фракталдық
  • Б) үш өлшемдік және векторлық
  • В) растрлық, фракталдық және векторлық
  • С) растрлық және үш өлшемді
  • Д) растрлық, векторлық, фракталдық және үш өлшемді
  • 4. Растрлық графиканың негізгі элементі
  • А) сызық
  • Б) нүкте
  • В) Сызық, доға, шеңбер
  • С) математикалық формула
  • Д) символ
  • 5. Фракталдық графиканың базалық элементі
  • А) Математикалық формула
  • Б) Нүкте
  • В) Сызық
  • С) Кесінді
  • Д) Қисық
  • 6. Векторлық кескіндер
  • А) сурет, иллюстрациялық кескіндер
  • Б) Сызық, доға, шеңбер және төртбұрыш сияқты геометриялық объектілер жинағынан тұратын кескіндер
  • В) Доға, ұзындық, фрагменттер
  • С) Кесінді, қисық, канал, штамп
  • Д) Кескін, графика, үшінші тәртіпті қисықтар
  • ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
  • 7. Векторлық кескіндермен жұмыс жасаудағы кемшілікті көрсетіңіз
  • А) Кескінді жай ғана өзгерте салуға болмайтындығы
  • Б) Берілгендер көлемінің аздығы
  • В) Кескін масштабын өзгерткенде кескін сапасын жоғалтатыны
  • С) Растрлеу әдістерін қолданбау
  • Д) Дұрыс жауап берілмеген
  • 8. Растрлық кескіндеудің артықшылықтарын атаңыз
  • А) Геометриялық кескіндерді салуға арналған
  • Б) Векторлық кескіндерді бейнелеуге арналған
  • В) Растрлық кескіндерді масштабтауға арналған
  • С) Растрлеу әдістерін қолдану
  • Д) Растрлық кескінді түзетуге, әдемілей түсуге, нүктелерді, қажет болмаса ішінара алып тастауға не қоюлатуға арналған
  • ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
  • ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
  • 9. Растрлық кескіндеудің кемшілігін көрсетіңіз
  • А) Геометриялық кескіндерді өзгерте алмайтындығы
  • Б) Кескін масштабын өзгерткенде кескін сапасын жоғалтатыны
  • В) Растрлық бейнелердің өңделмеуі
  • Г) Объектілердің растрленбеуі
  • Д) Барлық жауап дұрыс
  • 10. Графикалық ақпараттың нүктелер түрінде ұсынылуын көрсетіңіз
  • А) Векторлық түрде
  • Б) Фракталды түрде
  • В) Растрлық түрде
  • С) Сызық түрде
  • Д) Геометриялық кескіндер түрінде

Назарларынызға рахмет!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет