Сабақ тақырыбы М. Қабанбай «Бауыр» әңгімесі Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары



Дата25.08.2017
өлшемі73,51 Kb.
#27003
түріСабақ

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы

«С.Сейфуллин атындағы

№7 мектеп-гимназиясы» КММ

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі



Тлеубекова Молдира Манатбековна

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІК ЖОСПАР

Сабақ тақырыбы

М. Қабанбай «Бауыр» әңгімесі

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.Т/Ж3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу

Сабақ мақсаты

Манап пен Қалидің образын портреті мен іс-әрекеттері арқылы ашу

Бағалау критерийі

Тілдік мақсаттар

Диалог пен жазу үшін қолданылатын тіркестер: «Біздің топ ... шешімге келді»

Құндылықтарға баулу

  • қарым-қатынас жасау;

  • өзгелердің көзқарасына құрметпен қарау;

  • достық, жауапкершілік;

  • кейіпкер бойындағы үлгі болатын қасиеттерді насихаттау;

Пәнаралық байланыс

Сабақта АКТ пайдалану арқылы информатика, тарих, қазақ тілі

Алдыңғы білім

Оқушылардың бұған дейін шығарманың сюжеттік дамуын, тақырыбы мен идеясы туралы түсінік алды. Шығарма фабуласын, ондағы әрекеттер жүйесін білу кейіпкер образын ашуға көмектесе алады

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы – 15мин.

ҰЖ. «Маңызды деректерді еске түсір» әдісімен өткен сабаққа кері байланыс жасалады. Аға, іні, бауыр, әке сөздері жазылған стикерлер оқушылардың орындығының артына жабыстырылады. Жапсырма қағаздағы «аға» сөзі бар оқушы «іні» сөзі бар оқушыға, «бауыр» сөзі бар оқушы «аға» сөзі бар оқушыға сұрақ қояды. Егер сұраққа жауап беру кезінде қиналған жағдайда, қолдарында «әке» сөзі бар оқушылар көмекке келеді.

Топқа бөлу. Тиісті сөздерімен 4 топқа жайғасады (әке, аға, іні, бауыр сөздері)

Қима қағаздарға жазылған сөздер


Сабақтың ортасы – 20мин.

ТЖ. «Кубизм» стратегиясы арқылы жұмыс

Топтар кубикті лақтыра отырып, тиісті қызмет түрін таңдайды және сол функцияларына сай келесідей жұмыс жасайды.


Кубиктің «Зерттеңіз» беті: «Портретті таны»

Берілген суреттер ішінен Манап пен Қали портретіне сәйкес келетін суретті таңдап, шығарма ішінен портертті суреттеуді табады.



Кубиктің «Дәлелдеңіз» беті: «Визуалды айғақ»

Кейіпкер бейнесіне қатысты суреттерді таңдап алып дәлелдейді (Қали: боксер қолғабы, балалар үйінің суреті, костюм т.б. суреттер)



Кубиктің «Талқылаңыз» беті: «Пирамидалық талқылау»

Шарты: Манаптың әрекеттерін пирамида түрінде жазып шығу керек. Қадамдары:

1. Негізгі кейіпкер, тақырыпқа қатысты 1 сөз не сөз тіркесі;

2. Тақырыпты ашу (жасы, мінезі, қасиеттері, сырт тұлғасы) үшін 2 сөз не сөз тіркесі;

3. Оқиға орны (қоғамдық ортасы, оқиғалар қайда өтеді?);

4. Мәселе тарихы (мысалы: қаржы, жоқшылық, кездейсоқтық);

5. Бірінші оқиға (көтерілген мәселелер);

6. Екінші оқиға (кейіпкерге не болды? Қоршаған орта ықпалы);

7. Үшінші оқиға (мәселені шешу үшін жасалған әрекеттер туралы);

8. Шешімі - 8 сөз не сөз тіркесі.



Кубиктің «Қолданыңыз» беті: «Сатылы кесте»

Қали бейнесін сын есімдерді қолдана отырып ашады.



9 сөз

6 сөз

3 сөз

1 сөз



















































































Дескриптор

- тиісті кейіпкердің портреті мен іс-әрекетіне шығармадан дәлелдер келтіреді;

- анықталған әрекет немесе портрет арқылы кейіпкер бейнесіне өзіндік пікір білдіреді;
ҚБ. Оқушы жұмыстарына дескрипторларға сүйеніп ауызша кері байланыс беріледі.


Кубик, суреттер, флипчарт, маркер, «Сатылы кесте»



Сабақтың соңы – 10мин.

ТЖ. «Ренішті сөйлемдер» әдісімен оқушыларға орындары ауысқан, не болмаса төңкерілген әріп, сөздермен шығармадағы кейіпкерлердің образын түйіндейтін мақал-мәтелдер, афоризмдер ұсынылады. Олар оны тез ретімен орналастырып, оқулары керек.
Оқушылар рефлексиясы: «Эмоция аралы» арқылы сәйкес жауаптарын стикерлерге жазып, аралдарға жабыстырады

Интербелсенді тақта

стикерлер







Саралау: Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырма бересіз?

Бағалау: Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Барынша қолдау: сыныптағы С деңгейлі оқушылардың топтық жұмысқа қатысу кезінде оларға ьасқа сыныптастарының қолдау көрсетіп отыруы жиі айтылады, мұғалім бұл оқушылардың әрекетін ерекше бақылауға алып, қиналған түстарына жетекшілік етеді

Оқушылардың түрлі жұмыс формалары ауызша мадақтау үлгісіне жүргізіледі, мақсатқа жету/жетпеудегі әрекеттері дескрипторға сүйеніп сараланады

Сабақта 3 түрлі жұмыс формасы қамтылады: ұжымдық, топтық, жұптық. Сабақтағы тапсырмалар «Маңызды деректі еске түсір», «Кубизм» стратегиясы, «Ренішті сөйлемдер» сияқты белсенді оқу әдістеріне негізделіп беріледі.

Сабақ бойынша рефлексия

Бұл тарауды сабақ туралы рефлексия жасау үшін пайдаланаңыз. Төменде өзіңіз маңызды деп санайтын сұрақтарға жауап беріңіз

Сабақ мақсаты қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме?
Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба?
Сабақ жоспарынан ауытқу болды ма және неліктен?


Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен 2 нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?



1.

2.

Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым,келесі сабақта не нәрсеге назар аудару керек?





Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет