Сабақ Тақырыбы: «Мұқағали мәңгілік жыр»



Дата23.08.2017
өлшемі37,83 Kb.
#24875
түріСабақ
«Шамалған станциясындағы қазақ орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталықпен мемлекеттік мекемесі»



Ашық сабақ жоспары

сайыс сабақ

Тақырыбы: «Мұқағали – мәңгілік жыр»

Қазақ тілі мен әдебиеті

пәні мұғалімі:

Камалова З.Қ.



2015-2016 оқу жылы

«Мұқағали – мәңгілік жыр»

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік:Оқушыларды ақын өлеңдерін сүйе білуге, өлеңдерінің мазмұнын терең ұғына білуге, поэзияда өзіндік із қалдырған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың өмірі және шығармаларын тани білу.

2.Дамытушылық:Сөйлеу тілдерін жетілдіру, өлеңдерін нақышына келтіріп жатқа оқу, өлеңге, өнерге деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

3.Тәрбиелілік:Оқушыларды талғампаздыққа баулу, эстетикалық тәрбие беру, өз ұлтын, елін, жерін, отбасын сүюге, шындықты, сұлулықты қадірлей білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: Дәстүрлі емес.

Сабақ түрі: Сайыс сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілі: сұрақ-жауап, мәнерлеп айту, талдау, іздендіру.

Көрнекілігі:Қанатты сөздер, интерактивті тақта, шарлар, плакаттар.

Сабақ барысы:

1.Кіріспе.

Ұлы тұлға, қазақ поэзиясының асқар тауы, ізіне өшпес мол мұра қалдырған, ақиық ақынмыз Мұқағали Мақатаевтың өмірі және шығармаларын оқып –үйрену, танып-білу мақсатында өткізгелі отырған Мұқағалидың өмірі және шығармашылығына арналған арналған жарыс сабағымызды бастағалы отырмыз.Сынға түсетін екі топ Қарасаздықтар және Шалкөделіктер.



1.кезең..Таныстыру. Өлеңмен өздерін таныстыру және бүгінгі сабаққа қатысу мақсатын жеткізу.

2.кезең.«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» Мұқағали өмірі және шығармаларына арналған сұрақ- жауаптар.

1-топқа:


1.Мұқағалидың туған жылы және туған жерін атаңыз!

2.Ақынның анасының есімі кім?

3.Мұқағали тұңғыш өлеңін кімге арнаған?

4.«Қарлығашым, келдің бе?» атты жыр жинағы қашан жарық көрген?

5.Ақынның көзі тірісінде қандай жыр жинақтары жарық көрді?

6.1991 жылы ақын қандай атақ алды?

7.Ақын дүниеден озған соңжазушылар одағыақын-жазушыларға қандай сыйлық тағайындады?

8.Ақын қай тілдерді жақсы меңгерген?

2-топқа:

1.Мұқағалидың толық есімі қандай?

2.Ақынның жұбайының есімі кім?

3.Болашақ ақын алғаш неше жасында өлең жаза бастады?

4.«Аққулар ұйықтағанда» поэмасы нешінші жылы жарық көрді?

5.Мұқағали қандай қызметтерде жұмыс жасаған?

6.Қай жерде Мақатаевтың мемлекеттік әдеби мұражай үйі, ескерткіші ашылды?

7.Ақынның «Атамұра» баспасы шығарған қай жыр жинағына 2000 жылы Қ.Р.Мемлекеттік сыйлығы берілді?

8.Мұқағали ақын, жазушы және кім?

3.кезең.«Поэзия, менімен егіз бе едің?» Ақын өлеңдерін мәнерлеп жатқа оқу.

4.кезең.«Жырлайды жүрек» Поэмадан үзіндіні жатқа оқу.(Кемінде он шумақ.)

5.кезең.«Ақындық шеберлік» Ақынның өлең жолының екі қатарына оқушы өз бетінше ұйқас құрастыру.

6.кезең.«Талдау» Мақатаев өлеңінен берілген бір шумақ өлеңді құрылысына қарай талдау.

1-топқа:


«Туады, туады әлі нағыз ақын,

Нағыз ақын бал мен у тамызатын.

Жесірдің айырылмас сырласы боп,

Жендеттің көзінен жас ағызатын.

Туады, туады әлі нағыз ақын!»

2-топқа:


«Жапырақ – жүрек, жас қайың!

Жанымды айырбастайын.

Сен адам бола бастасаң.

Мен қайың бола бастайын,

Келісесің бе, жас қайың? »

7.кезең.«Әнім шырқалсын» Мұқағали сөзіне жазылған бір әнді әдемілеп орындап беру.

Қорытынды. Топтарды бағалау.

Қуат алып, Абайдың тіл-күшінен,

Жыр жазамын Абайдың үлгісімен.

Абай болып табынсам бір кісіге

Абай болып түңілем бір кісіден.

Өлмеу үшін-құлқынды жемдеу үшін.

Мен дағы өлең жазбаймын ермек үшін.

«Жаздым үлгі жастарға бермек үшін»



Абай жаққан бір сәуле сөнбеу үшін-деп ақын өзі айтқандай «Жыр жазамын Абайдың үлгісімен» деп ұлы Абайдан көп нәрсе үйреніп, сөз құдіретін, сөз сарасын ақындық сезіммен қабылдап, әрі өзі қазақ поэзиясында Абай салған соны соқпақ жолды, әдеби ұлттық дәстүрдіодан әрі жалғастырған ұлы ақынымыздың өмірі және шығармашылығына арналған сабағымызды аяқтаймыз!
Каталог: uploads -> doc -> 077e
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
077e -> Сценарий праздника


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет