Сабақ тақырыбы Массаны өлшеу. Масса бірліктерінің арақатынасы Мақсаты



Дата06.07.2018
өлшемі169,76 Kb.
#47519
түріСабақ
САБАҚ ЖОСПАРЫ


Пән

Математика



Мұғалім

Роза Қашқынбаева

Мектеп, сынып

Алматы облысы, Іле ауданы, Междуреченск ауылы, Ю.А.Гагарин атындағы №16 орта мектеп, 3-сынып

Сабақ тақырыбы

Массаны өлшеу. Масса бірліктерінің арақатынасы


Мақсаты

Білімділік: масса өлшем бірліктері грамм, килограмм, центнер, тонна және масса бірліктерінің арасындағы байланысын анықтау.

Дамытушылық: оқушылармен жаттығу жұмыстарын жүргізе отырып, шапшаң ойлау қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту.

Тәрбиелік: оқушыларды ұқыптылыққа, зеректікке, ұйымшылдыққа және бір-бірін сыйлауға тәрбиелеу

Әдіс-тәсілі

түсіндіру, талдау, жұптық жұмыс.

Сабақ типі

аралас

Сабақ түрі

саяхат

Сабақ ресурстары

оқулық, кестелер, үлестірмелі материалдар,



(http://bilimland.kz/kk/content/structure/2bastapqy_matematika#lesson=585, http://bilimland.kz/kk/content/structure/2-bastapqy_matematika#lesson=584- түсінгендерін тексеруге арналған тапсырмалар).

(http://imektep.kz/figuralar, http://imektep.kz/uzindik-olshem-birlikteri, http://imektep.kz/iw_1014- тест), (http://imektep.kz/massa-birlikteri- бейнефильм), (http://imektep.kz/massa-birlikteri, http://imektep.kz/iw_1015- сұрыптау ойыны).




Сабақ барысы


І. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушыларды түгелдеу.

  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару.

  • Психологиялық дайындық.

1. Жақсы оқып сабақты

Әдеп сақтау сәніміз

Сәлем бердік сіздерге,

Басты иіп бәріміз.

2. Балалар бүгін біздің сабағымыз ерекше болмақ. Өйткені біз сендермен Каспий теңізіне саяхат жасауға барамыз. Бірақ теңіз қарапайым емес, ол математикалық. Саяхат кезінде біз массасын өлшеу, масса бірліктерінің арақатынасын табуды, массаны өлшеуді, оның өлшем бірліктерін әртүрлі тапсырмалар орындау арқылы үйренеміз. Сондай-ақ теңіз өмірі жайлы білеміз.




  • Ал балалар біз сапарға немен шығамыз?

  • Кемемен (балалардың жауабы)

  • Дұрыс балалар кемемен

  • Капитансыз кеме бола ма?

  • Жоқ болмайды (балалардың жауабы)

  • Олай болса бүгін мен сендердің капитандарың боламын.

  • Ал сендер матроссыңдар, яғни теңізшісіңдер! (кеменің суреті шығады)

  • Балалар мен сендердің қолдарыңа «Құтқарушы сақинасын» беремін. Сендер сабақ барысында қиындықтар, түсініксіз тапсырмалар туындаса осы құтқарушы сақинаны көтеріп көмек сұрайсыңдар. Ал мен сендерге көмек беремін.

3. Бүгінгі сабақ барысында сендердің дәптерлерің борттық журналға айналады. Ондағы жазбалар мұқият жүргізілуі тиіс.

4. Жолға шығатын уақыт болды, бірақ кеменің якорын көтеру керек.

Ол үшін үй тапсырмасын тексеріледі.


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

16-Бет, №7 тапсырманы тексеріледі. Оқушылар бір-бір теңдеуден тақтада орындап көрсетеді.

Оқушылардың іс-әрекеті: әр қатардан бір-бір оқушыдан шығып орындайды, қалғандары тексереді.

ІІІ. Білімді тексеру


Оқушылардан көбейту кестесін сұрау.

Ұзындық өлшем бірліктерін ата.

Ұзындық өлшем бірліктеріне тест орындату.

Оқушылардың іс-әрекеті: бұл тест тапсырманы дұрыс орындайды. Орындау барысында қызығушылық танытты.


ІV. Жаңа сабаққа дайындық


Жақсы балалар сендер зәкірді көруге көмектестіңдер.

Енді Каспий теңізіне аттанайық. Осы саяхатта сендерге толық сенім артамын.

Сендердің ой-өрістеріңді, білімдеріңді, тәртіптеріңді саяхат барысында байқалады.

Олай болса, сендерге сәттілік!!!



V. Жаңа сабақ


Біздің кеме ашық теңізде, ал мұнда қауіпті. Қауіптің алдын алу үшін біз сендермен http://imektep.kz/-тен бейнефильмінен мағлұматтарды біліп алайық. http://imektep.kz/massa-birlikteri (4 мин, 8 сек) көрсетіледі.
Оқушылардың іс-әрекеті: http://imektep.kz/-тен бейнефильмді көру барысында оқушылар жаңа, қызықты мағлұматтарды өздерінің «Білгім келеді» деген дәптерлеріне түртіп отырады.
- Бейнефильмнен не түсіндіңдер?

- Ең кіші масса бірлігі не?

- Ең үлкені ше?

- 1 кг қанша грамм бар?


Оқушыларға таразы туралы түсінік беру. Таразылардың түрлерімен таныстыру (мұғалімнің түсіндірмесі).

Біз Каспий теңізінің Солтүстік бөлігіне жеттік, Солтүстіктің бөлігі қалың 2 метрге жететін мұз басып жатыр. Сол мұздан өтуіміз үшін тапсырмаларды орындау.


1

а) Масса бірліктерін таңда.

Ә) Пілдің, сырғаның, бірнеше кәмпиттің, сақинаның, ұшақтың, бір жәшік алманың, машинаның, асқабақтың массасын өлшеу үшін қандай өлшем бірліктері қажет болды? (топтастыру)

Оқушылардың іс-әрекеті: Оқушылар масса бірліктерін таңдап, содан соң тақтада ілулі тұрған суреттерді топтастырды.

Сендердің алғырлықтарыңның арқасында бұл мұздан да аман-есен өттік.


Жұмбақ

Асты тас, үсті тас.

Ортасында жанды бас. (тасбақа)

Балалар дұрыс таптыңдар теңіз тасбақасы алдымыздан шықты. (Теңіз тасбақасы туралы мағлұматтар беріледі)

Теңіз тасбақасына азығын тауып көмектесейік (тақтамен жұмыс).
2

ә) Қалып қойған сандарды орнына қой:

2кг=….г 4т= ...кг

3ц=...кг 6т=....ц

50ц=...т 700кг=....ц

Оқушылардың іс-әрекеті: оқушылар масса өлшем бірліктерін теңестірді.
3

(ауызша орындау)



Сарамандық жұмыс

Оқушылардың іс-әрекеті: оқулықтағы №3 тапсырманы оқушылар ауызша салыстырмалы түрде орындады.

Балалар жарайсыңдар сендердің ақылдылықтарыңа тасбақа тәнті болды. Біз оған азығын табуға көмектестік. Ал енді біз сендермен сергіп алайық.


Сергіту сәті.

Балалар біз сендермен кәзір «Сұрыптау» ойынын ойнайық.

Ойынның шарты: салыстырмалы түрде салмағы жеңілдерін көк, салмағы ауырларын қызыл қорапқа салу керек.


Оқушылардың іс-әрекеті:
бұл ойында балалар қызыға ойнап, бүгінгі масса бірліктерінде ауыр және жеңіл ұғымды да ұқты.

VІ. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру кезеңі

Мұғалім дүрбімен қарайды. Балалар мына жақтан бір балық жүзіп келеді. Мәссаған, ол Каспий теңізінде өмір сүретін Итбалық қой. Олай болса, осы итбалықтың тапсырмасын орындап көрейік қане: http://bilimland.kz/kk/content/structure/2-bastapqy_matematika#lesson=585, http://bilimland.kz/kk/content/structure/2-bastapqy_matematika#lesson=584.
Оқушылардың іс-әрекеті: Бұл тапсырмада 10-12 оқушы орындайды, тапсырмалар өте қызық, салмақтары бойынша қораптарға салу. Бұл тапсырмада балалар әр-бір заттың массасын шамамен білетін болады. Гір тастары бойынша қосу амалымен орындап жемістердің салмақтарын біледі. Оқушыларға бұл тапсырмалар қатты ұнады.

Балалар біз сендермен итбалықтың да тапсырмаларын орындадық. Өте жақсы бүгінгі сабақтағы білімдеріңе тәнті болдым, өте қуаныштымын.



VІІ. Бекіту кезеңі

4

Кенеттен сұрау:

(ауызша)


- Не артық: 99кг ба, әлде 1ц ме?

- Не кем: 11ц ме, әлде 11 кг ба?

- Үлкен шаманы ата: 7кг, 800г

- Үлкен шаманы таңда: 80ц, 80кг, 80г

- Кіші шаманы таңда: 10ц, 2т, 1000кг
1. Бүгін сендермен Каспий теңізіне саяхат жасадық. Саяхатымыз қызықты, пайдалы болды деп ойлаймын.

- Масса өлшем бірліктеріне не жатады?

- Ең кіші массаны ата

- Ең үлкені ше?

- 1 кг неше грамм бар?
2. Балалар сендерге сабақ түсінікті әрі қызықты болса, сендерге берілген құтқарушы сақинаны капитанның қолына яғни менің қолыма бересіздер. Ал, сендерге сабақ түсініксіз, қызықсыз болса, онда құтқарушы сақинаны мына сандықшаға салыңдар.

Оқушылардың іс-әрекеті: оқушыларға бүгінгі сабағымыз қатты ұнады, өйткені олардың барлықтары құтқарушы сақинаны менің қолыма ізгі тілектерімен табыстады.
Мұғалімнің сөзі:

Мен сендерге күш, қайрат тілеймін, еңбекте сабырлы болыңдар, математика сендерді әр қашан биіктен көрінулеріңе көмектеседі.


Оқушылардың іс-әрекеті:

Математика керек әр күнге,

Математика қажет өмірде.

Математиканы оқимыз,



Миымызға тоқимыз.

VІІІ. Үйге тапсырма

18бет, №6,7. Бағалау. Алған бағаларына лайықты етіп оқушыларға желкен тарату.



Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет