Сабақ тақырыбы: Материяның кинетикалық теориясы. Броундық қозғалыс. Диффузия Мектеп: нзм көкшетау қ



Дата18.02.2017
өлшемі59,63 Kb.
#10402
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар

Сабақ тақырыбы: Материяның кинетикалық теориясы. Броундық қозғалыс. Диффузия

Мектеп: НЗМ Көкшетау қ.

Мерзімі:

Мұғалім: Шайзада Б., Оңғарбай Ж.

Сынып: 8

Оқушылар саны-

қатысушылар:

келмегендер:

Сабақ мақсаты

Қатты денелердің, сұйықтардың және газдардың тығыздықтары мен құрылымдарынын әртүрлілігін молекулалардың қозғалысы, орналасуы және таралуы сияқты қарапайым түсініктермен байланыстыру;

Құралдар:

слайд-презентация, видео бейне материал, суы бар ыдыстар, бояу,

Тілдік мақсаты

Молекулалар, бөлшектер, тығыздық

Броундық қозғалыс, үздіксіз, хаосты, жылдам, диффузия



Алдын-ала үйрету


«Диффузия – бұл жанасқан заттардың бөлшектерінің араласып бір-біріне өтуі» екенін еске түсіру (биология 7 сынып)

Жоспар

Жоспар ланған уақыт мерзімі

Жоспарланған іс-әрекет

Қорлар

Қайталау кезеңі

1-5 мин


Сәлемдесу

Техника қауіпсіздік ережесімен танысады



Слайдтар

Кіріспе

5-8


Молекула кинетикалық теорияның негіздері

Жылулық құбылыстарға дененің температурасының өзгеруімен, фазалық ауысуларына байланысты құбылыстар жатады. Молекулалық физикада жылу құбылыстарын зерттеуде екі әдіс айқын қолданылады: термодинамикалық және молекула кинетикалық.

Термодинамикалық дегеніміз заттың ішкі құрылымын ескермей, энергетикалық түрленулердің негізінде жылулық құбылыстарды зерттейтін физиканың бөлімі.


Слайдтар

Тәжірибе

8-20


  1. Ыстық су мен суық суға салынған марганецтің қайсысы тез ериді? Неге?

  2. Неге әтірдің иісін сеземіз?

  3. Қорғасын мен алтын суреті бойынша сұрақ.

Мәселе қою: оқушылар жауауп береді.

Құбылысты түсіндіру: Диффузия бір зат молекулаларының басқа зат молекулаларының арасына ену құбылысы. Диффузия латын тілінен аударғанда араласу, ену деген мағынаны білдіреді.




http://www.nuffieldfoundation.org/practical-physics/watching-crystals-form-quickly


Тапсырма

20-40


Молекулалар мен атомдар ойыны: оқушылар қатты, сұйық, газ құрылымдарының молекулалар мен атомдары сияқты қозғалады.

Оқушыларға кесте толтыру ұсынылады.



http://www.bbc.co.uk/schools/ks3bitesize/

science/chemical_material_behaviour/

particle_model/activity.shtml


Мәселе қою

40-50


Броундық қозғалысты көрсететін ролик көру.

Мәселе қою: оқушылар жауауп береді.

Құбылысты түсіндіру:

Броундық қозғалыс дегеніміз сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының әрекетінен бей берекет қозғалуы. Бұны ағылшын ботанигі Броун жылы тұңғыш рет 1827 ж. бақылады.






Тапсырма

50-65


Топтық жұмыс: Постер жасау.

  1. Броундық қозғалыстың ашылу тарихы (интернет желісін пайдалану)

  2. Броундық қозғалыс пен диффузияны айырмашылығ мен ұқсастығы. Венн диаграммасын сызу ұсынылады.

Әр топ өз жұмыстарын қорғайды.




Қорытынды

65-75


Қорытындылай келе МКТ қағидалары:

  1. Барлық денелер микробөлшектерден тұрады

  2. Денедегі бөлшектер үздіксіз және хаосты қозғалыста болады әрі бұл қозғалыстың жылдамдығы дененің температурасына тәуелді, сондықтан оны жылулық қозғалыс деп атайды.

  3. Денедегі микробөлшектер өзара әрекеттеседі әрі өзара әрекеттесу күшінің тегі электромагниттік болып табылады. Дене бөлшектерінің арасында тебілу күштері де, тартылу күштері де бар.







Үйге тапсырма

75-77


Тақырыпты оқу

Есеп шығару



  1. Күрделі заттардың молекуласының мөлшері 0,005мкм. Егерде молекуласының ара қашықтығы олардың молекулаларының өлшеміне тең болса, 1 см ұзындықта неше молекула сыйған болар еді?

  2. Көлемі 0,003 мм3 май тамшысы жұқа қабат болып су бетінің 300см2 жайылды. Қабаттың қалыңдығы май молекуласының диаметріне тең деп алып, осы диаметрді табыңдар.







Қорытындылау кезеңі

77-80


Рефлексия

  • Бүгінгі сабақта қандай жаңа, қызықты нәрселер білдіңдер?

  • Қандай түсініктерді есте сақтау қажет?

  • Сабақта не ұнады? неге?

  • Сабақтың несі ұнамады.?






Қосымша ақпарат

Барлық оқушылар міндетті түрде:
Оқушылардың көбі:

Кейбір оқушылар:







Ойлану

сабақтың мақсаты болды ма?/ оқыту мақсаты нақты м а? Бүгін оқушылар нені үйренді ? сабақтағы атмосфера қандай болды? Деңгейлеуді жоспарлау қалайй жүргізілді? Уақыт тиімді пайдаланылды ма? Жоспардан қандай ауытқулар болды? Не себептен?
















Қысқаша бағалау

Қандай екі оқиға жақсы болды? (оқыту мен үйренуді қарастыруға болады)?

1:

2:

Қандай екі оқиға сабақты жақсартты (оқыту мен үйренуді қарастыруға болады)?

1:

2:

Осы сабақта мен сыныпқа қатысты немесе жекелей оқушыларға қатысты келесі сабаққа әсер ететін қандай ақпарат қалыптастырдым және үйрендім?





ӘБ жетекшісі: Кабылов М. Б.

V1_2Y06

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет