Сабақ тақырыбы «Мен кәсіпкер боламын»



бет1/8
Дата18.02.2018
өлшемі0,78 Mb.
#37976
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8
«Мен кәсіпкер боламын». Бизнес –план жобасы.

Технология пәні бойынша: Тұрарова Ж.С.

Инфарматика пәні бойынша: Дайырбеков Жүрсін.

9-шы сынып.

90-минуттық кіріктірілген сабақ.

Кріктірілген сабақ тақырыбы

«Мен кәсіпкер боламын». Бизнес –план жобасы.

Сабақтың мақсаты

Оқушыларға болашақта нарықтық эканомика кезінде кәсіпкер болуы үшін бизнес-план жасау жолдарын үйрету. Алған білімдерін шынайы өмірде қолдануына ықпал жасау.

Табыс критериі

Оқушыларға болашақта кәсіпкерлік бизнесті ашудың мақсат-міндетін түсінуіне мүмкіндік жасау. Алған білімдерін шынайы өмірмен байланыстыру.

Сабақ нәтижесі:

* Түйінді ойларын тұжырымдап, ереже құрыстыру.

* Құрған жоспарларын талдау./анализ/

* Әр тұжырымдалған ойды талдау./синтездеу/

* Жан-жанжақты ақпараттар жинау.

* Жеке бизнес оспарын жасау.



* Нарықтық заманға лайық сұрақ қоя алады және жауап береді.

* Бизнес-жоспар жайлы тұжырымды ойларын айтады.

* Бизнес-план құра алады.

* Топтық жүйеде құрған пландарын талдайды.

* Жан-жақты алған/интернеттен/ ақпараттарын қолдана алады.

* Жеке бизнес жоспар құра алады.




Фермер шаруашылығын құру мысалы.

Арман пен Әлия жеке кәсіпкерлік қызыметпен айналасуды шешкен отбасы. Олар ас, белсенді және шешімді. Олар ауылда тұрады, ал онда ақшасы ақсы жұмысты табу оңай емес. Арман ауыл шаруашылығынан,Әлия бугалтерлік мамандықты бітірген және өсіп дамуды қалайды. Өз мүмкіндіктерін іс үзінде бағалаумен және өздерінің даяр екенін сезген олар ойлай келе былай деп шешті: «Неге байқап көрмеске»

Фермер шаруашылығын құру!



Осы мысал мағанасына қарай Арман мен Әлияның кәсіп ашуға мүмкіндіктері, артықшылықтары,кемшілігі және кәсіпкерлік жұмыс кезіндегі қауіп-қатер жайлы оқушылар ой тұжырымдарын тақтаға жазу.

Уақ




Мұғалім әрекеті.

Оқушы әрекеті.

5-мин

Бастау нүктесі.


Қызығушылықты арттыру

«Кәсіп түрлері» атты ойын түрімен сабақ тақырыбының мағанасын ашу.




Ойын ережесі бойынша оқушылар ыдыстағы конфеттерден біреулеп алады.

Конфеттерді қағазынан ашқанда қағаз ішінен басқа кәсіп түрлері жазылған қағаз шығады.

Әр оқушы кәсіп ұқсастығына қарай топ құрылады.


10-мин

Ойқозғау

«Қар лақтыру» әдісімен өткен сабақты еске түсіру.Екі топ бір –біріне сұрақтар қояды жіне жауап алады.

Кәсіпкер деген кім ?

Кәсіпкердің мақсат, міндеті.

Кәсіпкерге бағыт берер сипаттама.





Бұл әдіс бойынша сұрақ қояды да доп лақтырады, келесі топ допты тосып алып жауап береді де қайта сұрақ қояды. Осылайша әр топ бір-біріне 5-сұрақтан қояды. Сұрақ қойған оқушы мен жауап берген оқушылар 1 баллдан алады.

Кәсіпкер деген жеке бизнесі бар тұлға.

Кәсіпкердің мақсаты мен міндетін түсіну.

Болашаққа бағыт берер сипаттаманы талдайды.

Топ басшысы бағалау парақшасына белгілейді.


15-мин

«Кәсіпкер өмірінен»

мысал(миға шабул)

Арман мен Әлия ауылдакәсіпкер болуды шешкен отбасы. Осы әңгімені талдау арқылы жаңа тақырып мағанасын ашу. Сынып бойынша талқылау. Осы кәсіпкерліктің артықшылығы,кемшілігі, мүмкіндігі және қауіп-қатерді шешу. Праблеманы шешу.


«Кәсіпкерлік өмірінен» мысал талқыланады. Неге? неүшін? қандай кәсіп бастайды? қиын болмайды ма? олар ол кәсіп туралы біледі ма, жоқ па ? қауіп-қатер болмайды ма? Осы сұрақтарды туындатып, жауап беру.

Интерактивті тақтаға осы кәсіпкерліктің артықшылығы, мүмкіндігі, қауіп-қатерді және кедергілерді жазады.



5-мин

Бизнес-план құру. Праблеманы шешу және жоспарлау.


Информатика. Бастау нүктесі.

Өткен тақырыптарды еске түсіруге арналған әдіс








І топ сұрақтары
1) Алгоритм дегеніміз не ?
2) Алгоритм неше топқа бөлінеді?
3) Циклдік алгоритм дегеніміз не?
4) Модель дегеніміз не ?
5) Модельдеу дегеніміз не ?
6) Модельді уақыт факторына қарай неше топқа бөлеміз?
7) Динамикалық модель дегеніміз не ? Мысал келтіріңдер.
8) Ақпараттық модель дегеніміз не ? Нешеге бөлінеді? ( атаңдар)
9) Таңбалық модель дегеніміз не?

ІІ топ сұрақтары


1) Алгоритмдік тіл дегеніміз не?
 
2) Сызықтық алгоритм дегеніміз не?.
3) Циклдік алгоритм дегеніміз не ? Блок -схема дегеніміз не?
4) Модель қандай сөзден шыққан?
5) Статистикалық модель дегеніміз не? Мысалкелтіріңдер.
6) Материалдық модель дегеніміз не? Қандайзаттардыжатқызуғаболады?
7) Вербальдік модель дегеніміз не қандайтілдененген?
 
8) Таңбалықмодельдердеген не? мысалкелтіріңдер.
 
9)Құрылымдық , логикалық модель деген не?
 



15-мин

Информатика. Ой қозғау

* Бизнес –план таблицасын сызу.

Шығын- жұмыс күші- пайда.

*Интернеттен нақты жауап іздеуге уақытты үнемдеу әдісі.

*Компьютер арқылы жұмыс көзі, шығын ж/е пайданы есептеу амалдары.

Банктен жұмыстарын қорғап несие алады.

Тақтадағы дұрыс жауап үлгісіне қарай өзін-өзі бағалау жүреді.


Әр топ постер схемамен қоса компютерді пайдаланып өзінің кәсібінен көретін пайда мен шығын әне жұмыс күшіне кететін шығын жобасы туралы дакумент жасайды.

Барлығы даяр болған соң банк қызыметкерлер алдында өздерінің жұмысын пайдалы екнін дәлелдеп банктен шағын кәсіпкерлерге бөлінетін несиеден алады.





15-мин

Джигсо әдісі. Топтасып, ортақ ойға келіп постер схема сызады.

*Ашатын кәсібінің түрі./дизайыны/
*Еліміздің әләуметтік дамуына кәсібінің байланыстылығы.

*Ашудың амалдарын білуі.

*Кәсіпкерге тән қасиеттері.
*Кәсіпті өркендету амалдарын білуі.

Постер схемана талаптары:

*Ашатын кәсібінің түрі./көрінісін немесе дизайынын салу/

*Еліміздің әләуметтік дамуына кәсібінің байланыстылығы./тұрғылықты жердің халық санының жобасына қарай,қажеттілігіне қарай, сұранысқа қарай және жасайтын затының сапасы мен әдемілігіне қарай/

*Ашудың амалдарын білуі./кәсіптің өзі қыры-сырын білуі және кедергі,мүмкіндік,қауіп-қатер,артықшылық/

*Кәсіпкерге тән қасиеттері./Кәсіпкер азаматшаға тән мінездеме/

*Кәсіпті өркендету амалдарын білуі./жарнамалау,кәсіпті дамыту амалдары/


Әттопқа8-минуттан /16-мин

«Банктен несие алу» ойынын өткізу.

*Банк қызыметкерлері үшін: банк мақсаты мен міндеті білеу.



*несие берудің еліміздің эканомикасына және банкке тигізер пайдасы мен зиянын білу.

*Несие беру үшін кәсіпкердің бизнес-план және оның дұрыстығын тексеруге қарсы кедергі сұрақтары.

Кәсіпкерлер үшін : өздерінің бизнес-пландарын банкке дәлелдеу.



Бүкіл мүмкіндік пен артықшылықтарын пайдаланып, кемшіліктер мен қауіп-қатерлерді жеңу жолдарын дәлелдеу.

Өз жоспарының шығыны аз,пайдалы екенін дәлелдеу.

Ойын ережесі бойынша: Кәсіпкерлер өздерінің бизнес-пландарын құрады және пландарының дұрыстығын банкке дәлелдейді.

Бүкіл мүмкіндік пен артықшылықтарын пайдаланып, кемшіліктер мен қауіп-қатерлерді жеңу жолдарын дәлелдейді.

Өз жоспарының пайдалы екенін дәлелдейді.

Банк қызыметкерлері үшін: банк мақсаты мен міндеті біледі.



*несие берудің еліміздің эканомикасына және банкке тигізер пайдасы мен зиянын біледі.

*Несие беру үшін кәсіпкердің бизнес-планының дұрыстығын тексеруге қарсы кедергі сұрақтарыды қояды.

Постер схемаларын қорғап шығады.

Болашаққа идеялары бар және ашып айтады.

Постер схемадан алған баға, сол топтағыларға бірдей қойылады.

.


2




Топтық бағалау болады.

6-мин

қорытынды

Әр топтан оқушылар бүгінгі өткен тақырыпқа бойынша өз ойларын айтады және бұл сабаққа бүгінгі келген қонақтарымыз да оқушылар үшін, ой қосса болады.

Өткен тақырыптар мен бүгінгі тақырып бойынша нені үйрендік ?

Осы тақырыпта күмәнді ойларың бар ма ?

Өз мінез-құлықтырыңды қалыптастыруға сипаттаманың әсері бар ма ?

Осы сипаттамада күмәнді ойларың болса жазу ?

Бұл сабақ туралы оқушылар өз ойларын ауызша айтады.




3-мин

Рефлекция.

Сабақтан қандай әсер алдың ?

Саған ұнаған жерін жазып бер.

Саған қыйындық туғызған жерін жаз.

Осы тақырып жөнінде тағы не білесің ?

Оқушылар қағазға жазады.


Рефлекция:

Екі топ бір –біріне сұрақтар қояды және жауап алады.

Жоспарымыз бойынша келесі «Кәсіпкер өмірінен» деген мынандай мысалды

Талдау арқылы жаңа сабақты бастап кетеміз:



Фермер шаруашылығын құру мысалы.

Арман пен Әлия жеке кәсіпкерлік қызыметпен айналасуды шешкен отбасы. Олар ас, белсенді және шешімді. Олар ауылда тұрады, ал онда ақшасы ақсы жұмысты табу оңай емес. Арман ауыл шаруашылығынан,Әлия бугалтерлік мамандықты бітірген және өсіп дамуды қалайды. Өз мүмкіндіктерін іс үзінде бағалаумен және өздерінің даяр екенін сезген олар ойлай келе былай деп шешті: «Неге байқап көрмеске»

Фермер шаруашылығын құру!



Осы мысал мағанасына қарай Арман мен Әлияның кәсіп ашуға мүмкіндіктері, артықшылықтары,кемшілігі және кәсіпкерлік жұмыс кезіндегі қауіп-қатер жайлы оқушылар ой тұжырымдарын тақтаға жазу.

Екі топ тақтаға осы мысалдағы Арман мен Әлияның ферма ашу үшін құрған жоспарларындағы мүмкіндік, артықшылық, кемшілік және қауіп-қатердің не екенін талдап жазды.

Бұл талдауды қортындылай келе оқушылардың әр қайсысына өздерінің ойша кәсібін ашу жоспарын қысқаша құрдады. Олар Арман менӘлияның жоспары сияқты мүмкіндік, артықшылық, кемшілік және қауіп-қатердің не екенін көрсете білді .Жеке жұмыстарды қарсы топтар тексеріп бағалады.

Топтар бірлесіп үлкен кәсіпкерлік ашуы үшін олар әлі бизнес план құрулары керек еді. Міне осы жерде біз информатика сабағы бойынша жалғастырдық. Оқушылар ашатын кәсібіне шығын, жұмыс күші және пайданы есептей отырып, жылдық табыстарды шығару керек болатын. Бұндай есептер таблитцаларда жазылады. Сол себепті өтілген тақырып қайталау арқылы бизнес жоспарды құрып кететін шығым мен пайданы есептей отырып оқушылар өздерінің жоспарларын құрды. Енді осы жоспарды жоспарлау барысында бүгінгі өтетін «Компьютерлік модельдеу» тақырыбын қолдана отырып оқушылар өздерінің шығаратын өнемдерінің моделін модельдеп құрастырды. Осы құрған модель арқылы оқушылар банкке барғанда өз жұмыстарын қорғауға жұмыстарын дайындады. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жобалары да керек, өз істерінің дұрыстығын дәлелдеу үшін интернеттегі басқа кәсіпкерлер туралы мәліметтерге қарау керек және оны өз жұмыстарын қорғағанда дәләл ретінде айту керек. Тақырыпты тереңдетіп өту үшін информатика пәні технология пәнімен кріктіріп өттуді жөн көрдік. Яғни информатика пәні оқушыларға:

* Бизнес –план таблицасын сызу туралы .

Шығын- жұмыс күші- пайданы есептеу туралы.

*Интернеттен нақты жауап іздеуге уақытты үнемдеу әдісі.

*Компьютер арқылы жұмыс көзі, шығын ж/е пайданы есептеу амалдары туралы сұрақ –жауап түрінде «Интервью» ойынын пайдаланып өткен тақырыптарды пысықтады да жалғаса жаңа тақырып бойынша өз кәсіптеріне бизнес- план жасауды тапсырды.

Біздің ендігі жоспарымыз Джигсо әдісі бойынша оқушылар топтасып өз кәсіптерін ашу туралы постер схема сызу. Постер схема талаптары:

*Ашатын кәсібінің түрі./көрінісін немесе дизайынын салу/

*Еліміздің әләуметтік дамуына кәсібінің байланыстылығы./тұрғылықты жердің халық санының жобасына қарай,қажеттілігіне қарай, сұранысқа қарай және жасайтын затының сапасы мен әдемілігіне қарай/

*Ашудың амалдарын білуі./кәсіптің өзі қыры-сырын білуі және кедергі,мүмкіндік,қауіп-қатер,артықшылық/

*Кәсіпкерге тән қасиеттері./Кәсіпкер азаматшаға тән мінездеме/

*Кәсіпті өркендету амалдарын білуі./жарнамалау,кәсіпті дамыту амалдары/

Бұл жерде оқушылар өз артықшылықтарын пайдаланып, инфарматика пәнінен бизнес-план жасауға қабілеті бар бала, дизайын сызуға сурет салужағынан қабілеті бар бала болып ыңғайларымен топ жұмысын бөлісіп жатты. Джигсо әдісімен постер схема сызғаннан кейін, әр топ «Банктен несие алу» ойынына қатысып өз кәсіптерінің дұрыстығын дәлелдеу керек. Олар банк қызыметкерлеріні алдында өз жоспарларын дәләлдеп шықса, онда оларға жоғары баға қойылады. Біз оларды қызықтыру үшін әр ұтқан топтарға банктер несие беруге болады деп,- конфеттер дайындадық. Ал қарсы топ банк қызыметкерлері болады.. Банк қызыметкерлері, жаңа кәсәбін ашып жатқан кәсіпкерлерді сұрақ астына алады. Себебі егер банкротқа түсіп қалатын кәсіпкерлер болса, онда банк пайданың орнына шығынға ұшырайды.Сондықтан олар кәсіпкерлерді аямай сұрақтың астына алуға тиіс екенін біледі.Аружанның тобы қазақ ою-өрнектерін үй праектыларында пайдаланып, өздерін әлемге танытқысы келетін кәсіпкерлер боламыз- деді. Өздерінің сол кәсіпті ашуы үшін бизнес –пландарын жасады. Олар түсінікті болуы үшін 5 бөлмелі үйді соққанда қанша шығын және қаншалықты пайда көретінін тақтаға сызып көрсетті және үйді қазақша ою-өрнектер түрімен сызып постер схемаларын дайындаған. Ол топтағы Айда коомпютерде теріп бизнес –план жасаған.Ол өзінің бизнес планын түсіндіріп берді.Олардың мүмкіндіктері: банктен несие алу. Артықшылығы: идеямыз бар және артектура оқуын жақсылап бітіріп алуға болатынын айтты. Кемшілігі: ақшалары жоқ. Қауіп-қатер: конкурент болып қалуы, кездейсоқ мемлекеттік кризис, немесе жеке бас ағдайлары( ауырып қалу қаупә немесе басқалай жағдайлар). Ал банк қызыметкерлері мынадай сұрақтар қойды:

Банк қызыметкерлерінің сұрағы: Сендердің ашатын кәсіптерің қазақстан эканомикасына қандай пайдасы бар

Жауабы: Біздің арқамызда жұмыссыздар саны азаяды әрі шет елдерден сұраныстар келуі мүмкін, Сұраныс келуі үшін біз өз адамдарымыздың білімдерін тереңдетіп оқыту үшін, мемлекеттік шағын кәсіпкерлерді қолдау праграммасындағы шет елдерде шағын кәсіпкерлер жұмыскерлерін мемлекеттік қолдау арқылы оқыту бағдарламасын пайдаланамыз-деп тереңдетіп жауап берді.

Сендер өздеріңді таныту үшін қандай жарнама пайдаланасыңдар

Жауабы: Біз өзіміз соққан үйлерді интернет арқылы көрсеміз және өзіміздің эмблемамызды тартымды етіп шығарамыз. Өз ісімізді сапалы, мықты етіп салғаннан кейін біздің кленттеріміз көбейеді –деді.

Банк қызыметкерлері бұл топқа несие беруге болатынын шешіп біз дайындаған конфетті үлестірді.

Енді келесі топ жүннен және шолктен жасалған киім үлгілері мен кететін шыған мен пайданы есептеген.

Бұл топқа да банк қызыметкерлері сұрақ қойып тексерді. Олардың сқрақтар жобасы мынадай болды:

*Сендер сияқты дизайнерлер көп .Олар сендерге конкурент болса, сендер банкрот боласыңдар ғой.

*Жауабы: Оңтүстік қазақстан боынша жүннен киім шығарып жатқан адам жоқ екенін интернет арқылы дәлелдеп бере аламыз- деді.

*Сұрақ: Сендер шығарған киім брент бола алмс-деді Ақерке.

*Жауап: -Біз де жаңағы сендер айтқандай жұмыскерлерімізді шет елдердегі мықты оқуларға оқытып , білімдерін тереңдетеміз және жақсы тігетін жаңа шығып жатқан машиналармен жабдықталамыз.-деді Аружан.

*Сендердің болашақ мақсаттарың не-деді Сымбат.

* Жауабы: Біздің болашақ мақсатымыз,міздену, еңбектену және білімімізді тереңдету арқасында өнімдерімізді сапалы әрі әдемі етіп шығарып өзіміздің заттарымызды әлемдік сұраныста болатындай ету- деп жауапты тереңдете айтып берді Айдана.

Осыдан кейін Ақерке –Бізге берілген уақыт болды енді біз несиемізді береміз әне біз бұлардың ашатан кәсіптерінің жемісті болатынына сенеміз деді. Бұл топқа да несие есебінен конфеттер үлестірілді.

Сабағымыз соңынан оқушылар қағазға бұл тақырыптың өте ұнағанын және өздеріне болашақ туралы көп ой солғанын айтып бізге рахметтерін жазған. Біздің 90 минуттық сабағымыз қалай тез өтіп кеткенін де байқамадық. Біз үшін де оқушылар үшін де тіпті сабағымызға енген мұғалімдер үшін де қызық болды. Сабағымыз жжай сабақ емес, ойын сабақ болды. Тіпті сабақ деуге де келмейді, ойнағандай болдық. Енді бұл тақырып оқушылардың естерінен шықпайтынына сенімдімін.



Келесі сабақтарымда да осындай тәсілдерді пайдаланып ойынға айналдырғым келеді.Әрі маған ұнағаны басқа пән мұғалімдерімен бірлесу тақырыпты қызықтыра түседі екен.

Оқушылар кәсіпкер мәні мен мақсаты және болашаққа бағыт берер сипаттама жайлы өз ойларын айтуда.


Каталог: uploads -> doc -> 0cbb
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0cbb -> Әдістемелік бірлестіктің іс- қағаздары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет