Сабақ тақырыбы «Менің атым Қожа»



бет1/5
Дата11.03.2020
өлшемі0,57 Mb.
#59936
түріСабақ
  1   2   3   4   5
ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ


Қазақ тілі пәні


3-бөлім: Адамгершілік - асыл қасиет

7-сабақ


Сабақ тақырыбы

«Менің атым Қожа» хикаяты, "Түбінде адам болатын бала"

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Боранғали Б.О.

Сынып: 5-сынып

Қатысқандар:15

Қатыспағандар:

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

5.Т.Ж.3.Көркем шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекеті арқылы образын ашу.

5.А.И.Әдеби шығармадағы екі нәрсені салыстыра суреттеулер мен қарама-қарсы суреттеулерді табу.



Сабақ мақсаттары

(Бағалау критерийі)

Барлық оқушылар орындай алады: Шағын үзінділермен жұмыс жасай алады.Шығармадағы кейіпкерлерге қатысты суреттеулерді анықтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:Кейіпкерге хат жаза алады.

Кейбір оқушылар орындай алады: Шығармадағы кейіпкерлер портреті мен іс-әрекетіне талдау жасайды.Талдау негізінде кейіпкерді анықтап,образын сипаттайды.Суреттеулердің бейнелеу түрін ажыратады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады: Шығармадағы басты кейіпкер Қожаның іс-әрекеттері арқылы жағымды және жағымсыз іс-әрекеттер ажырата алады.Қоғамдық ортада жеке тұлға ретінде өз көзқарастарын қалыптастыра алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: мақтаншақтық,кызығушылық,бұзықтық,адамгершілік,уәдеге беріктік,т.б.

Диалог құруға / шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:Кикілжің,үлкенді тыңдайды, көмек, дос,ашық мінез,мақтаншақ, мақсат қою,бармағын тістеді ,адам болуға бет бұрды,т.б.

Талқылауға арналған сұрақтар:Сәйбек қарттың әңгімесі Қожаға қалай әсер етті?Неліктен?Қожа біз ойлағандай бұзық бала ма?

Құндылықтарға баулу

Балаларды шыншылдыққа,әдептілікке,отансүйгіштікке,еңбекқорлыққа тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Әдебиет, тарих

Ресурстар:

https:www.yotube.com/watch?v_JQzI_Zi3JO0, «Менің атым Қожа» / фильинен үзінді,суреттер,маркер,

Сабақ барысы

Сабақ басы

3 мин

1-әрекет. Ұжымдық жұмыс: Сыныптың жағымды ахуалын қалыптастыруда «Менің сүйікті кейіпкерім» ойсергегін жүргізу. Оқушылар өздері ұнатқан бір кейіпкердің суретін таңдайды.Таңдаған кейіпкерлерінің суреттері арқылы топқа бөлінеді. (Қожа,Жантас,Жанар)

3 мин

2-әрекет.Ұжымдық жұмыс. «Ой қозғау» әдісі бойынша сұрақтар беріледі.

- Қожа қандай бала?

- Неліктен оны" түбі адам болатын бала" деп айтты?

- Оған кімдер сенім артты?



10 мин.

Бағалау критерийі:Әр топ өздеріне бөлінген үзінділерін оқып,тілдік ерекшеліктеріне талдау жасайды.Олардың сөз саптауындағы ерекшелікті анықтау үшін тілдік бейнелеу құралдарына сүйенеді.

3-әрекет.Топтық жұмыс: «Талдау» әдісі

1-топ:

Сәйбек қарт: - Бұл кім?
Қожа: - Мен ғой, ата. Мен Қожамын.
Сәйбек қарт: - Мұнда неғып отырсың?
Қожа: - Педсоветке келдім.
Сәйбек қарт: - Онда сенің не шаруаң бар?
Қожа: - Мен жөнінде мәселе қарап жатыр.
Сәйбек қарт: - Мәселе. Қандай мәселе? Сені мұғалім етеміз дей ме?
Қожа: - Директор етеміз дейді.
Сәйбек қарт: - Онда тіпті жақсы. Жалақың көп болады.
2-топ:
Ахметов: - Қадыров, сені біз мұнда не үшін шақырып отырмыз, білесің бе?
Қожа: - Білемін
Ахметов: - Не үшін шақырып отырмыз?
Қожа: - Тәртіпсіздігім үшін шақырып отырсыздар.
Ахметов: Сені мектеп өмірі тойдырды ма? Бұдан былай оқығың келмей ме?
Қожа: - Жоқ, оқығым келеді.
3-топ

Анасы: - Ал, Қожатай, ақылың бар баласың. Бәрін өзің түсінуің керек. Егер сен тағы бір шу шығаратын болсаң, онда маған өкпелеме… Әкеңнен қалған мал - мүлікке ие бол, мен бұл үйден кетемін.
Қожа: - Жоқ, маматай, кетпеші, жаным, мама! Ендігәрі тәртіпсіздік істесем, оңбай, көгермей кетейін.
Анасы: - Мен үшін сенің адам болғаныңнан артық ешқандай бақыт жоқ.

Дескриптор:

- үзіндіні мұқият оқиды;

- тілдік ерекшеліктеріне талдау жасайды;



Сабақ ортасы

5мин

Бағалау критерийі:Топтық әрекетте кейіпкердің берілген портреті мен іс-әрекеті арқылы оның қай кейіпкер екенін анықтап,образын сипаттап жазады.

4-әрекет. Топтық жұмыс: «Ойлан,бөліс» әдісі

Кейіпкердің портреті мен іс-әрекеті

Бұл кім?

Кейіпкердің образын өз сөзіңмен суреттеп сипаттаңыз

Ох,менің шашым!Қаттылығы,қайраттылығы шошқаның қылшығынан бір кем емес.







Ал бойымды біреулер орта бойлы дейді.Әжем болса,әкең тәрізді сұңғақ боласың дейді.







Біреуді біреуге атыстырып,от тастап жүретін қу,сабақ үстінде сыбырлап-сыпсыңдағыш.







Дескриптор:

- үзінділердің қай кейіпкерге қатысты екенін анықтайды;

- кейіпкерлердің образын өз сөзімен сипаттайды.


5 мин

5-әрекет.Топтық жұмыс: Топта өздеріне тиісті кейіпкерлердің бойынан салыстыра суреттеу мен қарама-қарсы суреттеуді анықтайды.

1-топ.Қожа мен Жантас

2-топ.Қожа мен Сұлтан

3-топ.Оспанов пен Майқанова



Дескриптор:

-Кейіпкерлердің арасындағы суреттеулерге шығармадан 3 дәлел табады;

- дәлелдер бойынша салыстыра және қарама-қарсы суреттеулер екенін анықтайды.



10 мин

Бағалау критерийі:Фильм үзіндісін көріп,алған әсерлері мен хикаяттан кейінгі ойларын кейіпкерге хат арқылы жеткізеді.

6-әрекет. Жеке жұмыс: «Не ойландырды?» әдісі бойынша

"Қожа түбінде адам болатын бала"тақырыбына пікір жазу

Дескриптор:

-берілген пікірге қатысты өз пікірін анықтайды;

-ойын дәлелдеу мақсатында шығармадан дәлелдер келтіреді;

-дәлелдер арқылы Қожаның бойындағы адамгершілік қасиеттерінің бар-жоғын анықтайды.



Сабақтың соңы

4 мин

7-әрекет.Рефлексия: "Менің түйгенім" сауалнамасы

Сабақтан үйренгенім..........

Сабақтан алған әсерім......

Сабақтан түйгенім.....



Үйге тапсыр-ма

"Мен сенің түбінде адам болатыныңа сенгенмін,Қожа!"тақырыбына эссе жазып келу

Мұнайлы ауданы

«№2 Жалпы білім беру орта мектебі» ММ

Аудандық семинар


«Білім мазмұнын жаңарту аясында педагогтің кәсіби қалыптасу моделін жүзеге асыру»

Тақырыбы: Бердібек Соқпақбаев «Менің атым



Қожа» (хикаятынан үзінді)

«Түбінде адам болатын адам»

5 – сынып


Панорамалық сабақ

Өткізген: Боранғали Бақытгүл Оразғалиқызы


Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

2018 жыл


«Менің сүйікті кейіпкерім»






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет