Сабақ тақырыбы: Мұхтар Әуезовтің өмір жолы Сабақ мақсаты: Ұлы жазушы М.Әуезовтің өмір тарихы туралы хабардар ету, жазушы



Дата23.08.2017
өлшемі63,74 Kb.
#24973
түріСабақ
Қазақ әдебиеті 11-сынып
Сабақ тақырыбы: Мұхтар Әуезовтің өмір жолы
Сабақ мақсаты: 1. Ұлы жазушы М.Әуезовтің өмір тарихы туралы хабардар ету, жазушы

өмірінің оқулықта айтылмайтын кезеңдерінен сыр тарту.

2. Қызықты да қиын тағдырға толы жазушы өмірін келешек ұрпаққа үлгі ету,

эстетикалық тұрғыда тәрбие қалыптастыру.

3. Оқушылардың прозаға деген қызығушылығын арттыру, көркемдеп мәнерлеп

оқуға дағдыландыру.


Сабақтың түрі: Баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: - Жазушының суреттері;



  • Д.Досжанов «Абақты» кітабы;

  • Баспасөз материалдары;

  • Хронологиялық кесте;

  • Видеопроектор;

Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Үй тапсырмасын пысықтау.

Жаңа тақырып: М.Әуезовтің өмір жолы.
Жаңа сабаққа көшпестен бұрын оқушылардан жазушы туралы не білетіндігі сұралады.

Анықтау сұрақтары: 1. М.Әуезов туралы не білесіздер?

2. Жазушының төменгі сыныптарда қандай шығармасымен таныстыңыздар?

3. Қандай кейіпкерлерін білесіздер?

Жазушы туралы жалпы еске түсіргеннен соң жаңа сабаққа көшіп, оқушылар назарына сабақтың тақырыбы видеопроектормен көрсетіле отырып, таныстырылады.

Жоспары :



  1. Кіріспе: «Асқар тауға анадайдан қара»

  2. «Заманымыздың заңғар жазушысы»

  • «Бөрілі, қайда кеткен бөрілерің?» (Ф.Оңғарсынова)

  • «Әуезов абақтыға не үшін қамалды?» (Д.Досжанов)

  • «Сайыңнан сайғақ құрлы сая таппай!»(Мәди)

  1. «Әлемнің Әуезові»

Оқушылар назарына төмендегідей мәліметтер беріледі:



  • Жазушы 1897жылдың 28 қыркүйегінде Шығыс Қазақстандағы Шыңғыстау бөктеріндегі Қасқабұлақ деген жерде (Бөрілі деп те аталады) дүние есігін ашқан;

  • Атасы Әуез де, әкесі Омархан да заманына сай сауатты адамдар болған;

  • Мұхтар 11 жасында әкесі Омарханнан, 16 жасында анасы Нұржамалдан жетім қалып, атасы Әуездің тәрбиесінде болады. Әуез қолынан Абай өлеңдерін жаттап өседі. («Шыңғыстаудың бір бөктерінде ұлы Абай қаскөйлерден зорлық көріп жатса, екінші бір бөктерінде ұлы Әуезов дүниеге келіп жатты»)

  • 1908 жылы немере ағасы Қасымбек Мұхтарды Семей қаласына оқуға апарады. Онда болашақ жазушы 5 жыл училищеде, 4 жыл мұғалімдер семинариясында оқиды.(осы уақытта түскен суреті бар, сол көрсетіледі, бұл 1914 жыл еді) Бұл кезде орыс және батыс әдебиетімен танысады.

  • 1917 жылы «Еңлік-Кебек» пьесасы жазылады, бұл драма ең алғаш Абайдың әйелі Айгерімнің шаңырағында қойылады. Қазақ әдебиетінде бұл жанрға алғаш қалам сілтеген Мұхтар болды. Сол себепті С.Мұқанов: «Қазақ әдебиетінде драмматургия жанры тек М.Әуезов ашқан жаңалық» деп жазды. Бұл уақытта жазушының мақалалары «Алаш», «Сарыарқа» газеттерінде басылып тұрды. Ең алғашқы мақаласы – «Адамдық негізі – әйел» деп аталды.

  • 1918 жылы «Абай» журналында 20-ға тарта еңбегі жарияланды;

  • 1919жылы Коммунистік партияға мүше болды;

  • 1920 жылы Кеңес үкіметінің қызметіне араласты- Семей губерниясы билер кеңесінің төрағасы, Семей губерниясы атқару комитетінің төрағасы болды, оқу-ағарту бөлімінде жұмыстар істеді;

  • 1921-1922 жылдары Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынборда Қазақ Атқару Комитетінің президиум мүшесі болды, «Еңбекші қазақ» газетінде редактор қызметін атқарды. Осы кезеңде «Қорғансыздың күні», «Оқыған азамат», «Қыр суреттері» әңгімелері оқырманға жол тартты. (осы уақытта түскен суреті бар, сол көрсетіледі)

  • 1922-1923 жылдары үкімет жұмысынан қол үзіп, Ташкент Орта Азия университетінде 1 жыл білім алады. 1923 жылдың қыркүйегінде Ленинград(қазіргі Санкт –Петербург) университетіне оқуға түседі;

  • 1924 жылы Үкіметтің ұйғарымы бойынша Қазақ педагогика техникумында лекция оқиды, Орыс география қоғамының Семей бөлімшесінде төраға орынбасары болады, осы уақытта өлкетану, әдебиеттану саласында көптеген іс тындырады;

  • 1925-1928 жылдары оқуын жалғастырып, университетті алтын медалмен бітіріп шығады (осы кезеңдегі суреті бар, көрсетіледі). Осы жылдарда «Әдебиет тарихы», «Қаракөз» пьесасы, «Қараш-қараш оқиғасы», «Сұғанақ сұр» повесі, «Қилы заман» романы, «Көксерек» повестері жазылды;

  • 1928 жылы Ташкентте Орта Азия университетінің аспирантурасында білімін жетілдіреді;

  • 1930 жылдың 1 қазан күні Мұхтар қамауға алынады. «Байшыл, ұлтшыл, алашордашыл» деген айыппен 32 адамның қатарында түрмеге қамалады. (Д.Досжановтың «Әуезов абақтыға не үшін қамалды?» атты мақаласы)

  • 1932 жылы 7 мамыр күні А.Байтұрсыновтың ақыл-кеңесімен түрмеден босайды. Мұхтар өзіне таңылған 3 негізсіз айыпты амалсыздан мойнына алып, үкіметке кешірім хат жолдайды, сол «өтініш» негізінде бостандыққа шығады. Ол үш «айып» төмендегідей еді:




  • Елдегі жүргізіліп жатырған коллективтендіру саясатын сынаған еді;

  • «Шолпан» журналында Мағжан өлеңдеріне баға берген болатын;

  • «Алқа» ұйымының жұмысына араласқан еді;



  • 1932 жылы 14 қыркүйекте Қазақ малшаруашылық институтында оқытушы боп орналасады (осы кезеңде түскен суреті бар, көрсетіледі);

  • 1934-1936 жылдары «Тартыс», «Тас түлек», «Хан Кене», «Айман-Шолпан», «Ескілік көлеңкесінде» атты шығармаларын жазады, бірақ осылардың ішінен «Хан Кене», «Айман-Шолпан», «Ескілік көлеңкесінде», «Тартыс» туындылары үшін қуғындалып, Ә.Тәжібаев, Ғ.Мүсірепов, Б.Кенжебаев секілді інілерінің арқасында құтылады.

  • 1937 жылы «Ескілік көлеңкесінде», «Түнгі сарын», «Алма бағында», «Тас түлек» шығармаларымен қуғындалып, бұл жолы үкімет басшысы Мирзоянның Сталинге жазған өтініші негізінде аман қалады. ( М.Қаратаевтің естелігі осы жөнінде Д.Ысқақұлының мақаласында айтылады)

  • 1938 жылдан бастап Мұхтар «Абайды» жаза бастайды. Бұған дейін ол «Татьянаның қырдағы әнін»(1936) жазған болатын. 1940 жылы «Абай» трагедиясын, «Абай» кинодрамасын жазды. Мұның барлығы Абай эпопеясына дайындық болатын;

  • 1942 жылы «Абай» романының 1-томын жазып бітірді. Ол шығарма Б.Кенжебаевтың көмегімен басылып шықты;

  • 1942 жылы Мұхтардың «Әдебиет тарихы», «Абайдың ақындық айналасы» еңбектері сыналды;

  • 1942-1943 жылдары «Сын сағатта», «Қара қыпшақ Қобыланды» пьесалары жазылды;

  • 1947 жылы «Абай» романының 2-томын жазып бітірді (бұл кезеңде түскен суреті бар, көрсетіледі);

  • 1949 жылы 2 томдық «Абай»романына Мемлекеттік сыйлық берілді;

  • 1950 жылы «Ақын аға» деген Абайдың 3-томы жазылды;

  • 1953 жылы романда Кенесары көтерілісіне қарсы оқиға жоқ деген желеумен жазушыға жала жабылды. Бұл уақыттарда тарихшы Бекмаханов, сыншы Мұхамедқановтар сотталып кеткен болатын. Бұл жолы жазушы өзінің бір топ шәкірттері арқылы (Ә.Әлімжанов бастаған) 23 наурызда Мәскеуге қашып, сонда орыс достарын паналаған (бұл туралы Ғ.Қабышұлының «Сайыңнан сайғақ құрлы сая таппай» мақаласында айтылады);

  • 1955 жылы Алматыға келеді (суреті бар, көрсетіледі);

  • 1956 жылы «Индия очерктері», «Америка әсерлері», «Түркістан солай туған», «Абай жолының» 4-томы жазылады;

  • 1959 жылы «Абай жолы» романы үшін Лениндік сыйлық беріледі;

  • 1960 жылы «Өскен өркен» романын жазып бастайды, бірақ аяқталмаған;

  • 1961 жылы 27 маусымда Мұхтар Мәскеуде операция столы үстінде жан береді;

Сабақты қорытындылау:


1957 жылы М.Әуезовтің 60 жылдығы тойланды – Ленин орденімен марапатталды.

1967 жылы 70 жылдығы тойланды – Аса көрнекті жазушы деп баға берілді.

1977 жылы 80 жылдығы тойланды – «Абайдан кейінгі адам» деген атақ берілді.

1987 жылы 90 жылдығы төмен деңгейде тойланды, өйткені 1986 жылдың желтоқсан

оқиғасының ызғары басым болды.

1997 жылы 100 жылдығы тойланды – Әлемнің Әуезові атанды.

Сабақты төмендегі ақын Ж.Әбдіраштың өлең шумақтарымен аяқтаймыз:

Біреулер Шекспирмен шендестірді,

Біреулер Балзакпенен белдестірді.

Бір табан бізге жақын орыс қой деп,

Біреулер Толстоймен теңдестірді.
Кезеңнен қилы-қилы көрдің мәзір,

Аласың, алып тындың орныңды әзір.

«Шығыстың Шолоховы!» едің кеше,

«Әлемнің Әуезові!» болдың қазір.

Айса САҒЫНДЫҚ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Маңғыстау облысы

Бейнеу ауданы



Сарға ауылы

«Бейнеу мектеп-интернаты» КММ
Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет