Сабақ тақырыбы Моңғол империясының ыдырауы нәтижесінде саяси картада қандай өзгерістер болды?



бет1/2
Дата18.11.2019
өлшемі12,94 Mb.
#52024
түріСабақ
  1   2
Байланысты:
7 сынып Қ тарих қмж
Рухани жаңғыру
Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

7.3A XIII – XV ғғ. Қазақстан

Мектеп: №68 «Жібек жолы»ЖОМ

Күні:04.02.2019ж

Мұғалімнің аты-жөні: Өтегенова С

Сынып: 7 «Ә»

Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: -

Сабақ тақырыбы

Моңғол империясының ыдырауы нәтижесінде саяси картада қандай өзгерістер болды?

Осы сабақта қолжеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.3.1.6 XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру


Сабақ мақсаттары

7.1.1.2 XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау

7.3.1.7 ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және қосалқы себептерін анықтау



Жетістік критерийлері

  1. Картамен жұмыс жасай алады

  2. Деректермен жұмыс жасай алады..

  3. ортағасырлық мемлекеттердің ыдырауының негізгі және қосалқы себептерін анықтайды

Тілдік мақсаттар


Моңғол империясы құрылуының алғышарттары…

Аталған мемлекеттердің өзара қарым-қатынасы/көрші елдермен саясаты….

Менің ойымша Моңғол империясының ыдырауы…

Моңғолдардың түркіленуінің дәлелі ретінде....

Рубрук, Марко Поло, Плано Карпини, Петахья еңбегінде/айтуынша.....

Бұл қарама-қайшылықтардың себебі....

Негізгі себеп болған...

Келесі себептер/ факторлар қысқа мерзімді/ орта мерзімді/ ұзақ мерзімді болып келеді.

Бірқатар факторлар келесі факторларға әсер етті, мысалы...

Бұл оқиға /өзгеріс маңызды болды / айтарлықтай, өйткені

Біздің анықтағанымыз...

Қорытындысында...



Құндылықтарды дамыту

Отан тарихын ардақтау, патриотизм, рухани тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Дүние жүзі тарихы, Қазақ тілі

АКТ қолдану дағдылары

Интербелсенді тақта, бейнебаян, презентация

Бастапқы білім


Моңғолдардың мемлекетінің құрылуы, шапқыншылықтарын бастауы мен салдары

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

6 мин


5 мин

5 мин


5 мин

5 мин


Сәлемдесу. Өткен сабақтың тақырыбын қайталау: екі қатарға бөлінеді. «Мен қыпшақпын...», «Мен моңғолмын....»

Бейнебаян арқылы тақырыпқы шығу.

Жаңа тақырып. Сабақтың мақсатын анықтау. Жетістік критерийлерді анықтау.

«Орасан зор аумақты алып жатқан Моңғол империясы ыдырағаннан кейін картада қандай өзгерістер орын алуы мүмкін?» проблемалық сұрақ қойылады.

Моңғол империясы ыдырауы нәтижесінде орын алған өзгерістерді көрсету үшін оқушыларға карта арқылы түсіндіремін.

Алтын Орда, Ақ Орда, Ноғай Ордасы, Сібір, Қазан, Қырым, Астрахан хандықтары туралы қысқаша айтып кетіп, олардың жер-аумақтарын картадан көрсетемін.

CLIL бойынша тапсырма: «Сөйлейтин карта» екі топқа бөлінген оқушылар қай жерде қай мемлекет орналасқан еске сақтап өз тобына жүгіріп айтады, топ мұшелері мемлекеттердің шекарасын белгілеп карта жасайды.


2 слайд

https://www.youtube.com/watch?v=hIWFgO3aaUs

3-4 слайд

5 слайд

Lms.nci.history.kz.

6-9 слайд

Кескін карта

атлас


8 слайд

Сабақтың ортасы

10 мин


7 мин

3 мин


Жұптік жұмыс

1. Алтын Орданың құрылуына әсер еткен факторлар (соғыстар, географиялық, экономикалық, сыртқы, әлеуметтік-саяси факторлар).

2. Алтын Орданың күшеюі (билік үшін күрес, мемлекеттіліктің қалыптасуы).

3. Мемлекет қуаттылығының күшеюі (басқа территорияларын басып алу, экономикалық күштілік, мәдениеттің дамуы, қандай хандар болды).

4. Мемлекеттің әлсіреуі (ішкі алауыздық, әлеуметтік теңсіздік).

5. Қоғамдық құрылысы (кімдер басқарды, қандай лауазымдар болды, мемлекеттік басқару жүйесі)


Орындаған тапсырманы оқу.

Таратпа материал

10 слайд



Сабақтың соңы

10 мин


7 мин

5 мин


Т «Тұлғаны таны» ролдік ойынын өткізу. Мемлекеттер туралы қысқаша деректерді топтарға таратам. Топтар жеребе арқылы мемлекет атауларын таңдайды. «Мемлекет ханы» өз мемлекетінің атын атамай, сынып алдында оған қысқаша сипаттама береді. Басқа топтар бұл мемлекетке қатысты сұрақ қою арқылы қай мемлекет екендігін табуы қажет. Қай топ қаншалықты дұрыс жауаптарын тапса, сол топ жеңімпаз болады.

  • Рефлексия Ж «Екі жұлдыз, бір тілек» стратегиясымен қорытынды жасаймыз.

11 слайд

12 слайд


Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
Сабақ бойы интербелсенді тақта 10 минут көлемінде пайдаланылды. АКТ тек бейнебаян, презентация

Саралап оқытуды әр түрлі тапсырмалар арқылы еңгізу. Қабілеті жоғары оқушыларға бағалау критерийлерді құрастыру тапсырмасын беру.

Ауызша формативті бағалау.




Сабақбойыншарефлексия


Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Сабақтың мақсаты дұрыс қойылды. Оқушылар барлық мақсатқа жетті. Картамен жұмыс жақсы өтті.Берілген кезеңге шолу жақсы жасалды. Оқушылар тақырыпты түсініп қортында жасады.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Танысу арқылы колоборативті орта жасалынды. Тіл деңгейін көрдім

2: Дидактикалық материалды байыту

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқытутуралы да, оқутуралы да ойланыңыз)?

1: Үлкен мәтіндерді қысқартып оқышыларға беру.

2: Жаңа тансық сөздерді талдау

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Әр оқушыда атлас пен кескін картаның болуы, сөздіктің болуын талап ету. CLIL әдістер арқылы сабақ жүргізу.


Тексерген:

Сыныбы: 7 «Ә»

Мектеп : №68 «Жібек жолы»ЖОМ

Мерзімі:11.02.2019ж

Мұғалімнің аты-жөні: Өтегенова С




Тақырып: Ақ Орда

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

- XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттерді білу және картаны қолдану арқылы саяси үдерістерді түсіндіру;

- XIII-XV ғғ. Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттердің этноәлеуметтік құрылымын анықтау;

- Қазақстан аумағындағы мемлекеттердің билік жүйесінің ерекшеліктерін анықтау;

- Тарихи оқиғалардың өзара байланысын анықтап, Қазақстан аумағында

XIII – XV ғғ. құрылған мемлекеттердің сыртқы саясатын талдау.


Сабақтың мақсаты

Оқушылар XІІІ-XҮ ғасырларда Қазақстан аумағында құрылған мемлекеттердің саяси үдерістерін түсінеді және мемлекеттерді картадан көрсетеді. Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуындағы өзгерістерді және бұл өзгеріске әсер еткен факторларды қарастырады.


Тілдік міндеттер


Оқушылар :

Пәндік лексика мен терминология:

Консолидация, біліктілер, мәлік, даруғалар, уәзірлер, басқақтар...



Диалог пен жазуға пайдалы сөздер тізбегі:

Ақ Орда мемлекетінің құрылуының алғышарттары….

Негізгі себеп болған...


Құндылықтарды дарыту


- патриотизм

- батылдылық

- көшбасшылық

- төзімділік

- бостандық

байланыстарының маңызын анықтау дағдыларын дамытып, өз еліне деген мақтаныш сезім қалыптастыру.



Пәнаралық

байланыстар

География,дүниежүз тарихы.

АКТ қолдану дағдылары

Слайд, карта

Жетістік критерий:

Дағдылар

Бағалау критерийлері

Егер төмендегі бағалау критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді

Зерттеу мен талдау

- Монғол империясының ыдырау нәтижесінде пайда болған Ақ Орда мемлекетінің аумағын, орталығын және оған шекаралас мемлекеттерді кескін картаға түсіреді;

- Дереккөздерінен Ақ Орданың басқа мемлекетермен байланысын анықтап, саяси тарихын талдайды;



Сын тұрғысынан ойлау

- Тарихи тұлғалардың оқиғалармен өзара байланысын табады, олардың жүргізген саясатының нәтижелерін тұжырымдайды, себеп-салдарларын анықтайды (Мысалы, Ұрыс хан, Өзбек пен Ерзен, Тоқтамыс, Әмір Темір т.б).

Контекст

Бұл бөлімде алған білім мен дағдылар Ақ Орда мемлекетінің құрылу және ыдырау себеп-салдарын анықтауға көмектеседі, Қазақстан жеріндеXIII–XV ғасырларда болған мемлекеттердің тарихындағы заңдылықтар мен үрдістерді түсінуге мүмкіндік туғызады. Тақырыптарды игеру барысында келесі бөлімдерде қарастырылатын тарихи оқиғаларды түсінудің негізі қаланады.

Сабақ барысы

Сабақ құрылымы

Сабақтағыжоспарланғаніс-әрекет

Дерек көздері

Ресурстар


5 минут

Білу

және

түсіну

5 минут
10 минут


Синтез

10 минут

Қолдану

15 минут

Талдау

10 минут


Анализ

15 минут

Қорытынды

5 минут


Мұғалім: Өткен тақырыпқа байланысты бейнебаян сұрақтар арқылы шолу жасайды.

1. Миға шабуыл:



1.Алдын ала бейнефильмді көріп, содан соң аналитикалық жұмыс орындайды.

1. Кинофильм түрі:

2. Не сезіндің?

2. Не естідің?

3. Не көрдің?

4. Бейнебаян арқылы тақырыпты болжап көріңіз.



2.Оқушылар тақтадағы кілт сөздерін мәтіннен қарап, мағынасын ашады.

Консолидация – біріктіру, нығайту, шоғырланым, шоғырландыру,(адамдарды, әлеум. топтарды, қоғамдық ұйымдарды белгілі бір ортақ мақсат үшін біріктіру);

1.Біліктілер (хатшылар) –түрік жазуымен іс жүргізушілер;

2.Мәлік-түрік әулетінен шыққан жергілікті әкімдер

3.Даруғалар-салым жинаушылар

4.Уәзірлер-азаматтық билік жүргізушілер



5.Басқақтар-басқарушы жергілікті халыққа әскери бақылау жүргізеді,салық жинайды.
3. Т.Зерттеу жұмысы:

Мемлекет

Ақ Орда

Ақ Орданың құрылуы




Жер аумағы




Этникалық құрамы




Ішкі-сыртқы саяси жағдайы




 Шаруашылығы





4. Т. Картамен жұмыс




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©www.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет